«Бақыттымыз бәріміз».
Педагог-психолог:
Сырлыбаева А.А.
Мақсаты:
-
Балалар және үлкендер ұжымында психологиялық жағымды климат қалыптастыру.
-
Үлкендердің бала өміріне қызығушылығын арттыру, оның жеке тұлғалық дамуына көмек көрсетуіне ықпаландыру.
Міндеті:
-
Психология ғылымына педагогтар мен ата – аналардың қызығушылығын арттыру.
-
Балабақшадағы психологиялық үрдістің нақты түрлерін көрсете білу.
-
Балабақша педагогтары мен ата – аналарының психологиялық құзыреттілігін жоғарлату.
Жұмыстың мазмұны:
Ойын «Көңіл – күй экраны»
Мақсаты: Өз эмоцияналдық көңіл –күй жағдайын бағалай білуге бағытталған.
Бір, екі, үш – ойынды бастаймыз!
Мен сіздерге бір құпияны айтамын. Біздің бойымыздағы көңіл – күйдің барлығы қандай да бір түстің түрін білдіреді екен. Көріп тұрсаңыздар алдарыңызда әртүрлі түрлі-түсті дөңгелектер жатыр. Әр адам өзіне ұнаған дөңгелек түсті алып, «Көңіл – күй экранына» жабыстырады. Ойын соңында әртүрлі түске боялған экран шығады.
Ендеше сәттілік қарап қалмаңыздар!
Ойын «Бақыт ағашы»
Мақсаты: Өз эмоцияналдық көңіл–күй жағдайын бағалай білуге бағытталған.
Бір, екі, үш – ойынды бастаймыз!
Мен сіздерге бір құпияны айтамын. Біздің бойымыздағы көңіл – күйдің барлығы қандай да бір түстің түрін білдіреді екен. Көріп тұрсаңыздар алдарыңызда әртүрлі түсті краскалар тұр. Сіз өзіңізге ұнаған түске баланың алақанын малып алып, «Бақыт ағашына» жабыстырасыз. Ойын соңында әртүрлі түске боялған «Бақыт ағашы» шығады.
Ендеше сәттілік қарап қалмаңыздар!
Әр түс қандай көңіл – күйді білдіреді екен:
Қызыл – қимылды ойын ойнап, секіргіңіз келетін–белседілік көңіл – күйі.
Сары – бәріне қуанғысы келетін - көңілді көңіл – күй.
Жасыл – барлығымен араласып, дос болғысы келетін – қарым – қатынас көңіл – күйі
Көк – жайбарақат отырып, қызықты кітап оқып, кино көретін – сабырлы көңііл - күй
Қызғылт (малиновый) – өз көңіл-күйімді түсіне алмайтын – аса жақсыда емес, аса жаман да емес көңілм-күй.
Сұр – немен айналысқысы келетінін білмейтін – жай көңіл - күй
Қоңыр – ренжіткіш, ызақорлықты білдіретін – ашушаңдық көңіл - күй
Қара – мұңды, абыржулы – көңілсіз көңіл – күй.
-Психологиялық ойын «Құпия дос»
Мақсаты: ұжым арасында психологиялық ахуалды қалыптастырып жалпы эмоционалдық көңіл – күйді жоғарлыту, өзара жылы қарым-қатынас пен толеранттілікті дамыту.
Ойын барысында тәрбиешіліерге үш конверттен беріледі. Әр тәрбиеші өз тарапынан үш адамға құпия түрде хат жазып конвертке салады. Барлығының хаттарын жинап алып психолог әр біреуін өз иелеріне таратып береді. Хат кімнен екені көрсетілмеуі керек.
Ойын «Сиқырлы жүрек»
Мақсаты: Балалардың топтағы және педагогпен өзара эмоцианалдық қарым – қатынасын нығайту, алдына қойған міндеттерді шеше білуге үйрету. Бала бойында мейірімділік, жанашырлық сезімді қалыптастыру.
Мазмұны: Топта тәрбиеші балалармен күнделікті оқу – қызметін жүргізіп жатады. Кенеттен «Қар ханшайымы» келіп:
«Ах, сендер, мында қызықты уақыт өткізіп отырған екенсіңдер, мен сендерге көрсетейін» дейді. Балалар шошып:
- Апай бұл кім- деп сұрайды?
Сонда тәрбиеші:
- Бұл зұлым Қар ханшайымы. Ол жер бетіндегі барлық тіршілікті қатырып тастай алады.
Қар ханшайымы: Ха,ха,ха дұрыс айтасың.
Тәрбиеші: Қар ханшайымы саған не керек, тиіспе менің балаларыма, жоғалт көзіңді.
Қар ханшайымы: Ха,ха,ха ендеше мен сені қатырып тасатаймын – деп, тәрбиешіні қатырып, жүрегін мұзға айналдырып, өзімен бірге алып кетеді.
Балалар абыржи бастайды, осы кезде жүргізуші (психолог) келеді.
Психолог: Балалар не болды сендерге?
Балалар: барлық оқиғаны айта бастайды.
Психлог тыңдап тұрып: Ал енді не істейміз? – деп сұрайды. Осы кезде балалар өз ойларымен бөлісуі қажет. Сөйтіп тұрғанда тәрбеиешінің көмекшісі бір хатты алып кіреді.
Психолог: Балалар, қараңдаршы, мына хатты мен топтың алдынан тауып алдым, мүмкін оқып көреміз.
Хатта: балалар сендердің тәрбиешілеріңді зұлым Қар ханшайымы «Ғажайыптар әлеміне» апарып тастапты.
Психолог: Ендеше балалар жүріңдер тәрбиешілеріңді құтқарайық. Балаларға жол көрсеткіш бағыттар арқылы жүріп отыруы керек. Осылайша, балалар залға келеді, онда қатып тұрған тәрбиешіні көреді.
Ойын «Жылулықты сезіну»
Психолог: Балалар, мұз боп қатып қалған тәрбиешімізді қалай жылытып, ерітіп аламыз.
Психолог: Қалай ойлайсыңдар ? – деп сұрайды.
Балалар: Әрине, жылулық арқылы апайымызды жібітіп көрейікші . Балалар барып тәрбиешінің қолын жылытады, үрлейді, фенмен жібітеді (әуен қойылады). Балалар барынша апайларын құшақтай бастайды. Ал, тәрбиеші әлі еріген, жібіген жоқ. (Апай бір рет қозғалып қояды)
Психолог: Балалар қараңдаршы, біздің еңбегіміз зая кеткен жоқ, сендер апайларыңды кішкене болсада жібіттіңдер. Бірақ, бұл аз болып тұр.Тағы не істесек екен?
Психолог: Балалар тәрбиеші нені жақсы көреді соны сыйласақ, мүмкін көмегі тиер. Ендеше гүл сыйлайық. Мен сендерге гүл бөлшектерін беремін сендер оны жинап тәрбиешіге беріңдер. (Балалар гүлді құрастырады).Балалар тәрбиешіге гүлдерін сыйлайды. Апайлары тағы бір-екі рет қозғалады.
Психолог: Бұл да аз болып тұр, апайымыз әлі толық ерімеген сияқты. Енді оған жылы сөздер айтып көрейікші. Балалар апайларына жылы – жылы сөздер айтады. Апайлары біртіндеп еріп, күлімсірей бастайды. Балаларды құшақтай бастайды.
Балалар: Балалар қатты қуанады.
Психолог: Балалар, көрдіңдерме, бәріміз бірігіп жүректен шыққан жылулығымыз арқылы апайымызды Қар ханшайымының зұлымдылығынан сақтап қалдық. Сендер өздеріңнің достықтарыңның, мейірімділіктеріңнің арқасында апайларыңды жақсы көретіндіктеріңді білдірдіңдер және Қар Ханшайымынан құтқардыңдар.
Топтық коллаж: «Біздің ұйымшыл тобымыз» (қабырға газеті)
Мақсаты: топ арасындағы өзара қарым – қатынасын нығайту.
Тренинг «Бөліссек тоқ боламыз, бөлінсек жоқ боламыз»
Мақсаты: оқу үрдісіне барлық қатысушылардың біріге қызмет жасай білуге баулу, жағымды қарым – қатынас және психологиялық эмоциялық жағымды көзқарас қалыптастыру.
Танысаңыз бұл – Мен!» (қабырға газеті)
Мазмұны: баланың фотографиясы және оның отбасы, сондай ақ отбасына байланысты суреттер.
Қабырға газетінде міндетті түрде көрсетілсін:
баланың аты – жөні және ол есім нені білдіреді, сонымен қатар неліктен сол есімді балаңызға қойғаныңыз жайында мағлұмат беріңіз.
Қосымша : «Мен жақсы көремін....», «Менің жақсы көретін ойыншығым....», «Немен айналысқанды ұнатамын....»...т.б.
«Күн нұрындағы менің бейнем» (қабырға газеті)
Мазмұны:
Ата – аналарға А-4 күннің форматтағы қағазға күннің суретін салу қажет. Оның ортасына балаңыздың суретін жабыстырып қоясыз. Ал күн шуақтарына баланың есімін, еркелетіп айтатын есімін, сонымен қатар балаға тән мінез - құлық ерекшеліктерін жазып көрсетуге болады. Сондай ақ, балаңызға қалай деп атаған ұнайтын есіміне көбелек немесе қанқыздың суретін салып қойыңыз.
Балалар кеңес береді!!!
Құрметті менің ата-анам!
М
ені қатты еркелетпеңіз,
өйткені мен жаман болып кетуім мүмкін. Менің қалағанымның бәрін
әпере беру міндетті емес екенін мен өте жақсы
білемін.
К
ейде менімен қатты, қатал
болуға қорықпаңыз. Мені жақсы көрген адамдар батыл болғанын қалар
едім. Ол менің нақты өмірдегі орынымды табуға
көмектеседі.
Қ
олыңыздан келмейтін істі «Істеймін» деп бекерге уәде бермеңіз, ол
менің Сізге деген сенімімді бұзуы мүмкін.
М
енің шыншылдығымды үнемі
тексеріп сынай бермеңіз, онымен сіз мені өтірік айтуға
итермелеуіңіз мүмкін.
Маған немесе мен үшін - деп,
мен атқара алатын жұмысты –өзіңіз жасамаңыз. С
ебебі, бұл жағдай маған
ұнап, сізді әрдайым қызметшім сияқты жұмсағым келіп тұратын болады,
ал сізге мұндай жағдай ұнайды деп
ойламаймын.
М
аған досыңа қарағандай-
қараңызшы. Сонда, мен де кең пейілді, ашық бола
аламын. Есте сақтаңыз, мен сізге қарап барлығына
үйренемін.
М
ен ашылып көп сұрақтар
қойған кезде, менен қашып құтыламын деп ойламаңыз. Егер сұрақтарыма
жауап бермесеңіз, мен сұрақтың жауабын басқа жақтан іздеп табамын,
осыдан кейін мен Сізге мүлдем сұрақ қоймайтынымды байқайтын
боласыз.
Б
із бірге аз уақыт
өткіземіз деп қапаланбаңыз. Өйткені, уақытты қанша емес, қалай
өткіземіз - осы маңыздырақ.
И
ә, мен сіздің
қолдауыңызсыз, сеніміңізсіз өздігімнен жетіле алмаймын, бірақ
мақтағанға тез үйреніп аласың. Ал,
қажет кезде сөгіс алуға үйрену қиын шығар...
Қалай болғанда да, мен Сізді жақсы көремін.
Өтінемін, маған да махаббатыңызды аямай беруге
тырысыңызшы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бақыттымыз бәріміз

шағым қалдыра аласыз