Материалдар / «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады»

«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады» деген тақырыпта тәрбие сағатына Қысқа мерзімді жоспар жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
35
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 9-11 сыныптар «Ғибрат» әжелер мектебі, «Мейірім» аналар мектебі, «Тұмар» қыздар клубы жобалар

Құндылық:

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

-Ұлттық мәдениетті дәріптеу;

АР-ҰЯТ

- Сөзіне берік, ісіне адал болу;

-Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;

ТАЛАП

  • Дұрыс қарым-қатынасты орната білу



Сынып сағатының тақырыбы

Мақсатты аудитория

Сынып сағатын жүргізу барысы


«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады»

Сынып:

10 сыныптар

Стратегиялар

Мерекелік кеш ретінде өткізуге болады. Ойын: «Аялы алақан», «Кімнің даусы?»

Дәйексөз:

«Ана –гүл, ана –жыр, ана –өмір шуағы», «Ана алақанының аясы –Ақ шынардың саясы»

Кіріспе:

Мұғалім:

- Құрметті ұстаздар, аналар, арулар! Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Әлемдегі ең асыл жан, ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл – аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, сыныбымыздың ер балаларының дайындаған «
Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады!» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

Кездесу кештің барысы:

1 - жүргізуші:

Уа, ағайын, ағайын.
Көктем келді жайнаған.
Бау - бақшада бүгін той.
Қош келдіңіз ағайын.
Раушан гүлдер жайнаңдар.
Гүлдей жайнап тұрыңдар.
Құттықтаймыз сіздерді.
Мерекеңмен бүгінгі.
2- жүргізуші:

Бүгін – наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз – Адамның
Анаға айтар лебізі

Ұл балалардың құттықтауы:

1-оқушы:

Ана біздің күніміз.
Аялаған анамыз.

Ана біздің күніміз.
Саялаған панамыз

Ананың біз гүліміз.
Шынар болып өсеміз

Ұланды ана қуантып
Шырағы боп жанамыз.

Ұзақ өмір сүріңіз.

2-оқушы:

Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.

Ән: «Апатайым-анашым»

1 - жүргізуші: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып, – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.
2-жүргізуші: Сіздер ер-азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Әжелеріміздің, аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекесі құтты болсын!
1- жүргізуші:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
2-жүргізуші:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы:

Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
1-жүргізуші:
Ойын: «Аялы алақан»
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын алақаны арқылы тапқызу.

2-жүргізуші: Ұл балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Олай болса балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. 4-оқушы: Аналарды ардақтаған бабалар Аруларды құрмет тұтқан даналар Құтты болсын мерекесі көктемнің Сіздер барда жүректерде жылу бар Көктемдегі күндей болып жайнаңдар Құтты болсын мерекеңіз арулар Құтты болсын тойларыңыз аналар! Дүниедегі ең ардақты асыл жан, 5-оқушы:
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам. Сүйіктім деп жүретін, қадіріңді білетін.

6-оқушы:

Өссем ұл боп жан ана, орындалар тілегің.

Сөзің шырақ секілді, сүйем соған жетуді.

Қанат қағып самғауға, балаң бекем бекінді.

7-оқушы:

Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
 

1 –жүргізуші: Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, қыздарымыз бен ұлдарымыздың орындауында «Су тасушы қыз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән шашу
2-жүргізуші: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ.

1-жүрг. Ендеше тағы бір ойын ойнап жіберейік. Ойын: «Кімнің даусы табайық» (қыздар мен аналары)
5 бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мысалы: «Еркем» – дейді.
7 баланың біреуі, менің анамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.

Ән шашу: «Ана»
2 - жүргізуші:
Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі - жаным деген, сая маған.

1 - жүргізуші:

Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі - әжем.

Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады
Бас жібермей әр күні
Ана жолын қуады.
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды
Әр бір қыз, әр бала.
Анасына ұқсайды.

1-ші жүргізуші:

 ІІ жүргізуші:Адам ең алдымен Ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды. Анаға осыдан басқа артық тартутаралығының керегі жоқ. Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.

 І жүргізуші:  -Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу – бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар!

2 - жүргізуші: Аналар мен оқушыларға арналған сұрақтар

  1. Ата – ананың ақысы немен өлшенеді?

  2. «Ата - анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?

1-жүргізуші: Келесі кезекте аналарымызға арналған шағын ғана сыйлықты қабыл алыңыздар. (Балалардың аналарына арнап жасаған видио көрсету). 2- жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
1 -жүргізуші:

Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

2 - жүргізуші:

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған сыйлықтары бар. Соны табыс етейік.
1 - жүргізуші:

Арулар – аяулылар, ардақтылар
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар
Арулар – тіршілікке күре тамыр
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар


Ұл балалардың қыз балаларға сыйлығы табысталады.

Қорытынды:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту –арманым.

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті аналар, оқушылар бүгінгі «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады» атты мерекелік шарамыз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рақмет.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ