Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Бәріде татулықтан басталады.
Мақсаты:Отбасы, сүйіспеншілік, татулық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы татулық туралы түсінік беру. Отбасындағы өзара сыйластық, өзара түсініктерінің қалыптасуына ықпал ету. Туған, өскен үйде тату болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: үнтаспа, ойынға қажетті құралдар.
Әдістері: рөлдік ойын, көрсету, ойын.
Сабақтың барысы:
Бүгін сендер құлпырып, әдемі тұрсыңдар. Шеңберге тұрып, бір-бірімізге мақтау сөздер айтып, таңымызды бастайық.
(бір-біріне гүл сыйлап, мақтау айтады).
1. Сен әдемісің.
2. Сен ақылдысың.
3. Сенің киімің әдемі.
4. Сен жақсы баласың.
5. Сен сымбатты екенсің.
6. Гүлдей жайнап жүрсің
7. Сен ақкөңіл қызсың.
8. Адал доссың.
Балалар, «отан отбасынан басталады». Отбасы кішкентай мемлекет. Олар бір шаңырақтың астында тұрады. Ол шаңырақты біз қалай айтамыз? (Үй).
Ал, балалар, балалар.
Қағазбен қалам ал,
Енді сурет салайық.
Қане қандай қамал бар. - деп, біз өзіміөдің тұрған үйіміздің суретін саламыз.
(әр бала бір үйдің бөлімдерін салады).
Енді біз осы үйге кіріп көрейік:
Үйге енді енейік.
Кім бар екен көрейік.
Атам, әжем, анам, әкем, мен
Болады екен қанша адам.
Міне мұнша болады.
Кереметтей, сәулетті үйдің ішінде ауыз біршілігі жарасқан отбасы тұрады.
Атаны - үйдің айбыны дейді.
Әжені - үйдің ажары дейді.
Әкені - үйдің тіреуі дейді.
Ананы - үйдің ұйытқысы дейді.
Баланы - үйдің базары дейді.
Бала ата-әженің, әке,анасының қуанышы.
Балалар, естеріңде болса Айнұр деген қызбен болған оқиғаны білеміз. Ол қандай әңгіме еді? (Балалардың жауабы). Дұрыс. Енді біз оны рөлге бөліп ойнап көрейік.
Мейірім.
Айнұр ауылда болған. Атасы мен әжесімен қоштасатын уақыт жетті.
Атасы :
-
Балам, қайда жүрсең де аман бол. Еліңді сүй, қорға.-деді.
Айнұр:
-
Ата, әже, әке, ана, бәріміз бірге тұрайық.-деді.
Әжесі:
-
Әкең жұмыста, ата - әженің ауылда. Олай болмайды.- деді Айнұрды кеудесіне құшақтап.
Айнұр:
-
Онда мен кетпеймін, ата - женің қасында қаламын. Кім қарайды оларға? - деп жылайды.
Анасы:
-
Ендігі жылы келеміз,-деді.
Айнұр:
-
Жоқ. Мен осы жерде қаламын.
Айнұрмен әке-шешесі қоштасып, Айнұрдың бұл қылығына таң қалды.
Ал атасы мен әжесінің қуаныштарында шек жоқ. Айнұрдың атасы мен әжесіне кішкентай бүйрегінің бұрып тұрғанына әбден риза болды.
Рөлде ойнағандар:
Анасы – Рамина (қолына сөмке)
Атасы – Рахат (тақия, зелетке)
Әжесі – Қымбат (орамал)
Айнұр - Сабина
*Айнұр атасы мен әжесінің қасында неге қалғысы келді?
*Атасы мен әжесі неге немересіне риза болды?
* Сендер Айнұрдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Дәйек сөз:
Елде жақсы сөз бар:"Ата-анаңа құрметпен қара, әдеппен сөйле".
Ата-анаң туғаннан өсіп, азамат болғанша қамқор болады. Сендерде оларға қамқор болуларың керек. Әрдайым көмектесіп, сыйлауға үйренулерің керек. Не сұрасаң да, айтсаң да әдеппен айту керек.
Сергіту сәті: Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Міне мен қандаймын.
Саусақ ойыны:
Қане, қане кім келді?
Біз, біз,біз.
Апа, апа, бұл сіз бе?
Иә, иә, иә!
Әке, әке, әке, бұл сіз бе?
Иә, иә, иә!
Ағатайым, бұл сіз бе?
Иә, иә, иә!
Қарындасым, бұл сіз бе?
Иә, иә, иә!
Біз тату жанұя!
Иә, иә, иә!
Ойын: "Ғажайып гүл".
Тақтада гүл орналасқан. Әр бала гүлдің жапырақтарын алып, артындағы суретке қарап не бейнеленген екенің айтады. Сұраққа жауап береді.
* Сен әжеңді қалай сыйлайсың?
* Сен атаңа қандай құрмет көрсетесің?
* Апаңмен тату тұрасың ба?
* Ағаңмен қандай ойындар ойнайсың?
* Әкең жаңа ойыншық сатып әперген кезде не деп айтасың?
Тыныштық сәті:Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,
ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Сендер үйде отырсыңдар, кей біреулерің ойнап жүрсіңдер. Үйдің қоңырауы шалынды. Сендер жүгіріп есікті аштыңдар. Қарасаңдар ата әжелерің келіпті. Сендерге жақсы деген сыйлықтар әкеліпті. Сендер қуанып, шаттанып жүріп, ата - әжелеріңнің беттерінен сүйіп, рахмет айттыңдар.
Енді көздеріңді ашыңдар. Қалай жақсардыңдар ма? (Балалардың жауабы). Нұралы мен Әділхан бізге мынадай сурет әкеліпті. Бұл суретпен олардың өздері таныстырсын. (Газеттерді талдау).
- Біз бүгін отбасында туыстардың, жақын адамдардың бірін-бірі жақсы көретіні, сыйласып, тату болатыны туралы білдік. Отбасы мүшелері бір-біріне түсіністікпен, сүйіспеншілікпен қараса, барлығы бақытты болып, отбасында татулық орнайды.
Жүректен жүрекке: Өлең сөзін қайталау:
Әкем, шешем және мен,
Бір шаңырақта тұрамыз.
Сыйластықпен, махаббатпен,
Татулықты құраймыз.
Осы отырған қонақтарымызға да татулық, достық тілейміз деп, мына гүлдерді сіздерге арнаймыз.(Гүлдерді суға салу). Қоштасу.
Білу: «Отбасы» деген сөздің мағынасын білу. Отбасы құрамындағы адамдарды сыйлай білу.
Болу: Адамгершілігі мол, үлкен азамат болу. Сөздің мағынасын түсіну.
Жасай білу: Отбасындағы әрбір адамдардың өз орнымен атауға және құрметтей білу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бәріде татулықтан басталады.

шағым қалдыра аласыз