Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бәрін білгім келеді. 2-3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тексерілді: күні:

Тақырыбы: Бәрін білгім келеді

Мақсаты:  Оқушыларының білімі мен алғырлығын анықтау мақсатында қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша викториналық сұрақтарға жауап алу арқылы білімді, алғыр және үздік топты анықтау. Ой - пікірлерін ортаға салып, сөйлеу мәнерін дұрыс қалыптастыруды одан әрі дамыта түсу.

Түрі, типі: Дәстүрлі емес, топтық сайыс сабағы

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Өту барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, қонақтар. Бүгінгі бастауыш сыныптар арасындағы өтілетін онкүндігіне арналған «Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Сәлемдесуі: 1. Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

К. Э. Циолковскийдің сөзімен бастағым келеді,

«Мен адамға өзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді!...»

Ендеше "Бәрін білгім келеді" топтық сайсқа сынға түсіп, өз білімдерін көрсетуден жасқанбайтын сайыскерлерімізбен таныс болайық.

Оқушыларды топқа бөлу: 1-топ: «Тапқырлар» 2-топ: «Дарындылар»

Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер

Әділқазы алқасы – кемеңгерлер.

Беріңіздер әділ бидей әділ баға,

Шындықты ұрпақтарың сонда көрер – дей отырып, міне біздің сайыскеріміз алдарыңызда. Олай болса осы сайыста білімдерін тексеріп, шапшандылықтарына тандана қарап тамсанатын және де әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

Оқу ісінің меңгерушісі және директордың міндетін атқарушы  –  Уразова Р.Х

Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі – Нагиманова Ж.М

1.«Сәлем – сөздің анасы» ( сәлемдесу, топқа бөліну)

2. «Жорға сұрақтар». /Әдебиет оқу мен қазақ тілі пәндері бойынша сұрақтарға жауап беру/

3.«Бинго» (Берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру)

4.«Өнерпаз болсаң, арқалан»

(Анаграмма шешу. Бұл шартта оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек)
5-кезең: « Бірлігіміз жарасқан "
/Аударма жұмысы. Қазақ тілінде жазылған сөздердің орыс баламасын табу/

6-кезең: «Сандар сөйлейді»1,6,7,8,9,22, 25,16,30,31

/Қазақстандағы мерекелі күндерді айту, заттардың орналасу ретін есте сақтау/

7 - кезең. «Ойна да күл, оқы да біл!» (Тақырыптардың бірін таңдап, ұяшықтарға жауап беру)







Көп жиналған жамағат,

Атаның сөзі аманат.

Деген сөзді үлгі етіп,

Бой ұрдық ойға ғаламат.

Шапшаң ойын ойнайтын-деп 2-кезеңге бет бұрамыз.

2 - кезең. «Жорға сұрақтар»

/Әдебиет оқу мен қазақ тілі пәндері бойынша сұрақтарға жауап беру/

1-топ: «Тапқырлар»

1. Абай айтқан бес асыл іс./өтірік,өсек,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ/

2. Екі кісінің сөйлесуі( диалог)

3.Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы, қазақ хрестоматиясын жазған. ( Ыбырай Алтынсарин )

4. Қосарлы дауысты дыбыстар /ё (й+о), ю(й+у), я(й+а)/

5. Күй атасы кім? (Құрманғазы)

6. Сөз құрамы неден тұрады? /Түбір мен қосымшадан/

7. «Менің атым –Қожа» әңгімесінің кейіпкері /Қожа/

8. Мәтін түрлерін ата /Сипаттау, әңгімелеу, пайымдау/

2-топ: «Дарындылар»

1. Қандай құс бейбітшілік белгісі, хат тасушысы атанған? ( Көгершін )

2. Қосымша түрлерін қандай? /жұрнақ пен жалғау/

3.Конституция күні (30 тамыз*)

4. Сұраулы сөйлем тыныс белгісі /сұрақ белгісі/

5. Абайдың әжесі (Зере)

6. Сөйлем нені білдіреді ? (тиянақты ойды)

7. Суретші ата кім? (Әбілхан Қастеев ата)

8. Жылқы сөзіне жұрнақ жалғанса, кім болады? (жылқышы)


Ал енді шыдап бағайық,

Болмасы рас бұл оңай.

«Бинго» ойынынан бастайық!

Қызық болса халайық.


3 - кезең. «Бинго» «Берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру»

1-топ: «Тапқырлар» 1. Жыланды қалай інінен шығарамыз?

(Жылы - жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)

2. Инемен құдық қазуға бола ма?

(Білім инемен құдық қазғандай)

3. Аппақ қарға бола ма?

(Қарға баласын аппағым дейді)

4. Ең тәтті не?

(Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)

5. Қар жана ма?

(Қалауын тапса, қар жанады)

6. Не оттан да ыстық?

(Отан оттан да ыстық)




2-топ: «Дарындылар»

7. Тауық түс көре ме?

(Тауықтың түсіне тары кіреді)

8. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?

(Шашу оңай, жинау қиын)

9. Білгенің қанша, білмегенің қанша?

(Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)

10. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

(Көз қорқақ, қол батыр)

11. Отқа түсіп күймеуге бола ма?

(Отан үшін отқа түс, күймейсің)

12. Ер қаруы неше?

(Ер қаруы бес қару)


Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық – өшпес жарық, кетпес – байлық,

Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та! – деп  Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай келесі

4-кезең: «Өнерпаз болсаң, арқалан»

/Анаграмма шешу. Бұл шартта оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек /.
1-топ: «Тапқырлар»

Кесіб - бесік
Иот - той
Арыбмод - домбыра
Саж - жас
Анызақ - қазына

2-топ: «Дарындылар»

Екерем - мереке
Ысабот - отбасы
Сытай - айтыс
Келйокит - иткөйлек 
Зыбоқ – қобыз















Ана тілі қазағымның қаймағы,

Тілің сенің өміріңнің айғағы.

Бүгін міне, топтық сайысқа,

Білгір аудармашы шығады.

5-кезең: « Бірлігіміз жарасқан "
/Аударма жұмысы. Қазақ тілінде жазылған сөздердің орыс баламасын табу/

1. отбасы                                      д) береза

2. мемлекеттік тіл                         ә) сердце

3. өмір                                            в) семья                                       

4. қайың ғ) государственный язык

5. жүрек                                         а) книга

6. кітап                                    е) жизнь  

Жауабы: 1-в, 2-ғ, 3-е, 4-д, 5-ә, 6-а.

 



Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Беске бесті қосайық,

Болып шықты он саусақ.

6-кезең: «Сандар сөйлейді»1,6,7,8,9,22, 25,16,30,31/Қазақстандағы мерекелі күндерді айту, заттардың орналасуын есте сақтау /

Балалар күні 1-маусым

Астана күні 6-шілде

7 - кезең. «Ойна да күл, оқы да біл!» (Тақырыптардың бірін таңдап, ұяшықтарға жауап беру)


Осымен сайыс кезеңдері аяқталды. Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім, ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс жан болсаң сен ұғатын.

Барына риза болсын көрермендер,

Байқадық білгенді де, шапшаңды да.

Осымен бір ойында тамандадық,

Тағыда кездесерміз аман болсақ.


Құмсай негізгі орта мектебі









Тақырыбы: Бәрін білгім келеді

(сайыс 2-3 сынып)

Picture 2

Picture 1 Picture 3



Өткізген: Сырабаева.Б.Б



2018-2019 оқу жылы













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
983
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12