Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу балабақшадан басталады»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу балабақшадан басталады»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу балабақшадан басталады»

Мақсаты: оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау.Оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мәнін аша білу үйрену, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау, ой қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыу. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Философиялық көзқарастарын қалыптастыруға баулу. Адами қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру. Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуына ықпал жасау.


Кіріспе:
Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі ««Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу балабақшадан басталады» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі.
Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер. Сіздер-еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу, басты борыштарыңыз деп санаймыз. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, білім алушылар бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, ұлттық рухты сіңіру. Жсатарды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге тәрбиелеу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сіздердің алдарыңызда үлкен жауапкершілік тұр.
ХХI ғасырдың табалдырығын аттаған мемлекетіміздің жас ұрпағы қандай болу керек?

Осы орайда біз бүгін «Қазіргі жастардың бойында патриоттық сезім жеткілікті ме?» тақырыбында сынып оқушыларымен дебат өткізгелі отырмыз

Мақсаты:

  • Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатырған игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту;

  • Екі жақты позицияда оқушылардың сөз жарасымдарына қатыстыру барысында оларды обьективтілік, пікір алуындағы елжандылық, принципшідік қасиеттерге тәрбиелеу;

  • Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық-эвристикалық қабілеттерін арттыру.

  • Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.


БАРЫСЫ:



Мұғалім дебатты бастайды.

Қ. Кеменгеровтың бір шумақ өлеңі:

Маған керек емес ертегі,

Ертегіні өз басым да шертеді.

Тарих керек іргетасы халқымның,

Іргетассыз қаланбайтын ертеңі!

Армысыздар құрметті оқушылар, көрермендер! Бүгінгі жиналған қауым, жастарымыздың тіл байлығы мен тарихымыздың рухани құндылықтарына негізделген Қазіргі жастарымыздың бойында патриоттық сезім жеткілікті ме? «» атты тақырыпта дебатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Дебат екі қарсыласушы топ арасындағы пікірталас арқылы өтеді.

Дебатымызға қатысушы 9 «в»сынып арасынан құрылған 2 топты ортаға шақырамыз.

«Парасат» тобы «Ақиқат» тобы

1-спикер Шынұзақов Жандәулет Романұлы 1- спикер Жалғасбаева Мерей Нұрлыбекқызы

2- спикер Нағиева Ділназ Базарғалиқызы 2- спикер Маратов Нұрдәулет Нұрланұлы

3- спикер Бердалин Рахымжан Еркинович 3- спикер Оңайбекова Айзат Егізбекқызы

Тайм Киппер

Кеңшілік Д

Қауыммен сәлемдесіп, үрдістің көздеген мақсаты туралы баяндау жүзеге асырылады.

Жүргізілу барысы жарияланады.

Дебатымызға әділ төрелігін айтып, қай топ өзінің таңдаған бағытын қаншалықты дәлелдә түрде уақыттан аспай қорғағаны жайлы шешім қабылдап, қорытынды шешім қабылдап, қорытынды шешім айтып, бағалайтын әділқазылар мүшесімен таныс болайық

әділқазылар

1.Алимбекова Н.С.-

2.Құдайбергенов Б.С

3.Ақшолақова Т.Қ


Мұғалім: Дебатымыздың 1 кезеңі бойынша ортаға шыққан топтарымыздың өзара амандасуы, жеребе арқылы таңдаған позицияларымен танысу. Әр топқа 6 минуттан уақыт беріледі.

Мұғалім: Дебатымыздың 2 кезеңі бойынша топтың 2 спикерлерінің 5 минут уақыт ішінде ой-пікірлерін неғұрлым мәдениетті шешендік сөзбен, нақыл сөздермен, нақты дәлелдемелермен, ғұлама адамдардың айтқан пікірлерімен жеткізе білдіруіне аса көңіл бөледі. Уақыттан аспауын қадағалау.


Қатысушылар

DrawObject1

«Ақиқат» тобы «Парасат» тобы

DrawObject3 DrawObject2

Жақтаушы Даттаушы


Мақсаты: барлық фатілік дәлелдерді ұсыну арқылы өз позициясына сәйкес реебаттлл (конфликтілік) жағдайын тудыру.


Тайм Киппер


Міндеті: Әрбір спикердің сөйлеу уақытының шеңберден шықпауын, әдептілік этикасын сақтауын бақылауға алады.


«Парасат» тобы жақтаушы позицияны иеленді.

Бұл бағыт бойынша Қазақстан жастарына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттер тән деген пікірді ұстанды. БП Қазақ жастарының бойында патриоттық сезім жеткілікті деп есептейді



«Ақиқат» тобы даттаушы позицияны иеленді.

Дәл осы көзқарасқа сәйкес қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән емесдеген оппозициялық бағытты ұстаушылар. Біз оппозиция ретінде Қазақ жастарының бойында патриоттық сезімнің жеткізіліксіз екендігін дәлелдейміз!

DrawObject4


Қысқаша топтық резюме:


Екі топ та өздерінің ұстанған позицияларын айқын қорғап шығуға тиісті.

Жақтаушы топ өздерінің фактілерін ұсына отырып, нақты бір проблеманы көтеру арқылы оның:

  1. Шығу себептерін

  2. Шешу жолдарын

  3. Туындау нәтижелерін айқын көрсетуге міндетті.


Даттаушы топ әрбір спикерлері өздерінің алдында қорғап сөйлеп кеткен әр жақтаушы спикері сөзінен кейін, ең әуелі оның кейсіне тойтарыс беріп, содан кейін өз дәйектемелерін ұсынуға міндетті.

Әрбір спикер 4минут шегінде ой тарқатады.

Сөздерін түйіндейді.

Көрермен қауымның дауыстары саналады.

Комиссия төрағасы мен мүшелерінің пікірі тыңдалып, ойлары таразыланады.

Мұғалім: Сонымен құрметті оқушылар, көрермеңдер , әділқазылар алқасы өз позицияларын жақтаудағы ұстанымдарын қорытындылай келе,дебатымыздың қорытынды шешімін шығаруға сөз кезгін әділқазылар алқасына береміз

Марапаттау

«Үздік топ» және «Үздік спикер» номинациялары беріледі.


Қорытындылау

Әбу Насыр Әль-Фарабиден бір әмірші өз елінің болашағы туралы сұрағанда:«Сен ең алдымен жастарыңды көрсет,сонда мемлекеттің болашағын барлау қиынға соқпайды»,деген екен бабамыз.Расыменде қай кезеңде болмасын болашақтың қожасы жастар Мағжан Мұмабаев жырлағандай«Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты жігерлі қыз-жігіттер елдің ертеңі ,мемлекеттің тірегі.Бүгін мықты шығармыз,бірақ артыңнан ерген ізбасарларың сенен де мықты болған жөн.Сонда ғана жайнаған туыңның жығылмауына кепілдік бар.Бүгінгі сүрлеудің даңғылға айналуына сенуге болады. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік


БІЗ ЖАСТАРҒА СЕНЕМІЗ

Нұрсұлтан Әбжанов

9 «в» сынып оқушысы Құдайбергенов Б.С


Ашылды бүгін ашулы болған қара аспан,

Күн болды міне Қазаққа Құдай қарасқан.

Нықтап ал енді табаның тиер жеріңді,

Ұлына «Алаш» адалдық қана жарасқан.


Жаланың дерті жайлаған мынау тірлікте,

Жол қалай табам деп сірә бауыр дүрлікпе.

Бауырмал бол да өзіңнен баста барлығын,

Өмірдің мәні, өмірдің сәні бірлікте.


Кемелді кеме жүзетін алда ақ айдын,

Аманат іске қиянат жасар тағы ай кім?

Ұрпақтар бізбіз Хан Аблай аңсаған,

Артқыға қалған аманат сенсің Абайдың.


Жалыны өртеп жалғыз да шапқан мыңға да.

Жастыққой шіркін шыдайтын талай сынға да.

Ойратқа кеше ойран салғанда өзіңдей,

Арыны қатты, жау жүрек болған мың бала.


Жолбарыс жүрек, бойында намыс тасыған,

Көргенде дұшпан мысынан бірден жасыған.

Қайраты қатты қазақтың қайсар жастары,

Аяған емес адал ниетін досынан.


Келешек жастар келелі сөзден от алған,

Еңсесі биік, тұлғасы таудай от арман.

Мақамы басқа мақалға сөзі айналған,

Мағжан сынды марғасқалардан бата алған,


Махаңдар бастап Мұхаңдар қосқан үлесін,

Жалғастыр енді ақиқат жырдың күресін.

Бауырға жұмсақ кешегі бабам айтқандай,

Жастық дегенің, жастық дегенің ұлы есім!


Шыңына шығып ақиқат деген шатқалдың,

Сыйласын өмір сыры кетпейтін шақтар мың.

Бүгінгі ұрпақ қорғалған қанды табысы,

Қырық бірдегі атылған барлық оқтардың.


Аралай келіп ойымның қабат қатпарын,

Азаттық болды ар ожданыммен тапқаным.

Жаратқан өзі болашақ ісін жарқын ғып,

Бәйгеден келсін Алаштың ұлы аттарың.


Тарылған пиғыл табанмен таптап езілсін,

Әр түнде көңіл ертеңімді ойлап көз ілсін.

Көк бөрі сынды жол баста жастар ендеше,

Отанға деген адал бір ісің сезілсін.


Сұрамас сенен атақ пен мәнсап, күн, айды,

Білінбес тірлік білдіртпей ғана сынайды.

Өз елім деген өшпейтін өршіл рух пен,

Отаның сенен адалдық қана сұрайды.











БП Қазақ жастарының бойында патриоттық сезім жеткілікті деп есептейді

БП Қазақ жастарының бойында патриоттық сезім жеткілікті деп есептейді

Біз оппозиция ретінде Қазақ жастарының бойында патриоттық сезімнің жеткізіліксіз екендігін дәлелдейміз!

КІЛТ СӨЗДЕРІ:

П.М.

О.Л.

Жастар – Қазақстанның 14-29 жасындағы азаматтар.

Патриоттық сезім - (гр. отан, атамекен) өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын, атамекеніне деген сүйіспеншілік.

Жеткілікті – «тек сонда ғана» немесе «тек осы жағдайда ғана» деген мағына, яғни патриоттық сезім жеткілікті дегеніміз:

  • Отанын, жерін қорғау

  • Өз ұлтының ана тілін ардақтау

  • Ұлттық дәстүрді сақтау

  • Ұлтаралық интернационализмге адал болу.

"Қазақстандық патриотизм: өз Отаны мен жеріне деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген үлкен құрмет, әркімнің өз күшіне деген сенімі мен бүкіл қоғамның тұтастығы, бүгінгі таңда салынып жатқан өз елінің тарихына қатыстылығы мен болашағына деген жауапкершіліктің жоғары сезімі".

Декларация-мемлекеттің сыртқы немесе ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, халықаралық ұйымдар қызметінің негіздерін қамтитын немесе олардың қандай да бір мәселе бойынша ұстанымын білдіретін ресми мемлекеттік құжат.

Заңнама, заңдар – мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҒДАЙ:

ҚР 18,5 млн адам бар. Соның үштен бір бөлігі шамамен 4 млн құрайды.

Тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту жолында ҚР Конституциясында, ҚҰ Білім туралы заңында, ҚР Мемлекеттік Білім бағдарламасында, ҚР Президентінің республика халқына жолдауларында, ҚР тарихи сананы қалыптастыру, ҚР мәдени этникалық білім беру тұжырымдамаларында, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, Бала құқығы туралы декларацияда және үкіметтің құжаттарында, ғылыми зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерінде айқын аңғарылады.

Заңнамалар ол құқықтық нормалар жиынтығы, декларация ол ресми мемлекеттік құжат. Бұл құжаттар бар болғанымен, Жастардың бойындағы патриоттық сезімнің даму деңгейін көрсетпейді.


АРГУМЕНТ 1: Теория мен практиканың ұштасуы

Заңнамалар, декларациялар және Рухани жаңғыру «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» идеясы бұның бәрі теория. Бұл Қазақстан бойынша 5500 жуық мектептерде жалғасын табуда. Қалай? Яғни, мектеп қабырғасында ұйымдастырылатын: «Білім - күні», «1 желтоқсан, ҚР Тұңғыш Президенті күні», «Тәуелсіздік күні», «Екінші дүниежүзілік соғыс» күні, «Отан қорғаушылар күні», тәрбие сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар, тіпті бүгінгі ұйымдастырылып отырған семинар – осының бәрі теорияның практикада жалғасын тапқанының айғағы.

Яғни, теория мен практика ұштасқанда ол үлкен жеңістерге әкеледі. Бұл қазақ жастарының бойында патриоттық сезімнің жеткілікті деңгейде дамуының дәлелі.


АРГУМЕНТ 2: Үлгі

дәрігерлер, мұғалімдер, өрт сөндірушілер....

Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүреді

АРГУМЕНТ 1: Еліктеушілік

(Ақ қағазға қара нүктені салып, сұрақ қою: сіз нені көріп тұрсыз?)

Адам қара нүктені бірінші көреді. Жастар еліктеуші. Кей поп, гот, эмоларға еліктейді. Ер балалардың оңтүстік корей республикасына еліктеушілік қазіргі жастар арасында белең алған. Тіпті, өнерде 91, Дәрумендер т.б. топтар мен әншілер

АРГУМЕНТ 3: Азаматтық құқық.

Тарихқа үңілетін болсақ, 1986 жылғы көтеріліс – жастардың өзінің азаматтық позициясының көрсете алуы. ал қазір мысалы Президенттік сайлау кезіндегі жастардың белсенділігі. Жастардың арасынан тәуелсіз сарапшылардың көбеюі. Сайлауға 79% қатысқан. Бұл өзінің мемлекетінің болашағына бей жай қарамайтындығының дәлелі.

АРГУМЕНТ 2

Жалған патриот. Тек сөзбен айғайлауға құмар. Қазір елімізде көптеген әлеуметтік мәселелер бар, ол тұрғын үй, жалақы мөлшері, халықтың әл ауқаты... бұл мәселелер қарапайым халық арасында, екі бас қосыла қалса қызу талқыға түсетін тақырыптар десек те, қоғамның азаматтық құқығын дұрыс білмеуінен, өзінің құқығын қорғау жолдарынан бейхабарлығының арқасында олар мемлекет жасап отырған бар мүмкіндікті пайдалана алмай отыр. Тіпті көпбалалы аналарға беретін жәрдемақыны мысал келтірсек болады. Халықтың (сіздер айтып отырған үлгі тұтатын орта буын) патриоттық сезімінің жеткіліксіздігінен тіпті ажырасып жатқандар да бар! Міне осының бәрі патриоттық сезімнің халық санасында жеткіліксіз дәрежеде екенін көреміз!

АРГУМЕНТ 4: Жауапкершілік деңгей немесе заманауи батырлар

Заманауи батырлар! Жақсы 4 млн тек 20% осы батырлардың еншісінде болсын! Дей тұрғанмен, бұл жеткіліксіз деңгей!

АРГУМЕНТ 5: Ораза, намаз тоқтықта.

Маслоудың қажеттіліктер пирамидасына сәйкес адамның физиологиялық, биологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылған жағдайда ғана ол материалдық қажеттіліктен рухани дамуға келеді. Рухани даму ол патриоттық сезімнің жоғарғы деңгейі.

Мысалы, «Жұмыспен қамту 2020», «Дипломмен ауылға», «Жас отбасы», «7-20-25», «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағы осы сынды жастарды материалдық тұрғыдан қолдау бағдарламалары іске асып, жастарға қолдау көрсетуде. Сәйкесінше ослай біз жастарға қолдау көрсете тұрып, олардың бойында патриоттық сезімнің толық орнығып, жоғарғы деңгейіне шығуына мүмкіндіп жатап отырмыз. Бұл жеткілікті деңгейден де жоғары.


АРГУМЕНТ 6: Отанын, жерін қорғау.

АРГУМЕНТ 3: Жауапкершіліктен қашу!

2019 жылы егер торт деп алатын болсақ онда төрттен бір бөлігі денсаулығына байланысты бармаса, үштен екі бөлігі пара беру арқылы, немесе әскери кафедраға түсу арқылы немесе қырық күндік әскери борышын өтейді. Сонда максимум үштен бір бөлігі ғана шынайы әскери борышын өтеуге барады. Бұл да қазақ жастарының бойында патриоттық сезімнің жеткіліксіз деңгейде екендігінің дәлелі.

АРГУМЕНТ 7: Өз ұлтының ана тілін ардақтау.

АРГУМЕНТ 4: Өнер, мәдениет саласы. Бұқаралық ақпарат көздері

Қазақстан ТВ тек жалғыз канал таза қазақ тілінде.

Экономика заңдылығына сәйкес, сұраныс болған жерде ұсыныс болады. Қазақ тіліне сұраныс төмен екенін түсінеміз. Бұл қазақ жастарының патриоттық сезімінің жеткіліксіз екенін тағы бір көрінісі.


АРГУМЕНТ 5

Бір өлшемді адам

Мемлекетті қарусыз жаулау: салт дәстүрін, тілін, дінін, мәдениетін бұзу керек. Осының бәрі арзын күлкі, тек еке басының қамы, бүгінгі күнмен өмір сүруге әкеледі. Бұндай жастарда мемлекетіме пайдам тисе, дамысам, оқысам, өзд ісімнің маманы болсам деген ой болмайды.

























Сабақты өзіндік талдау

Сабақтың мақсаты етіп оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау.Оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мәнін аша білу үйрену, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау, ой қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыу. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Философиялық көзқарастарын қалыптастыруға баулу. Адами қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру. Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуына ықпал жасау деп алдым, себебі оның міндеттерін оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау.Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту деп анықтадым.Бұл сынып мектепте белсенді, алдыңғы қатарда, сондықтан мен пікірсайыс өткізуді таңдадым. Сабақтың түрі: дебат сабақ 2 кезеңнен тұрды, негізгі кезең ретінде пікірсайысты атаймын, оның міндеті орамды ой айтатын топтың жеңуі болды; Мақсатқа жету үшін , менің таңдауым пікірсайысқа түсті. Сабақ материалы оқушылар үшін қызықты болды. Тапсырмалар оқушылардың ой-өрісін дамытуға бағытталды.Менің тапсырмаларды орындау барысындағы ролім- бақылаушы.Оқушылардың таңдауына мүмкіндік берілді.Уақыт тапшылығын сезіндім , себебі әрбір оқушының пікір айту уақыты белгіленген , сабақ темпі жылдам.Мені таңдандырғаны оқушылардың сөз саптауы,себебі өз сөздерін үнемі дәлелдеп отырды.Мені қуанғаным көрермен оқушылар да ойынға кірісіп, өз пікірлерін білдіріп отырды.Көрнекіліктер толығымен пайдаланылды. Үй тапсырмасы орындалған, себебі оқушылар алдын ала жан –жақты ізденген. Жалпы алғанда , сабаққа өз бағам «өте жақсы»,себебі мен күткен деңгейден жоғары өтті деп есептеймін.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.10.2020
521
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12