400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баскетбол. Алаңда ойыншылардың қозғалуы

Материал туралы қысқаша түсінік
- Залды айналып жүру, залды айналып жүгіреміз; - Жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар; а) Қолды созып, тізені жоғары көтере ә) Қолды жамбасқа қойып, аяқты артқа серпе б) Оң жағымызға қарап жүгіремі в) Сол жағымызға қарап жүгіреміз г) Солиықтан алға қарап жүгіреміз - Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру - Әр бір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау - Жүгіруді бәсеңдетеміз, жәй жүреміз - Қозғалыстағы жаттығулар а) Сол қол жоғарыда, оң қол төменде, қолдарды серпи артқа. 1-2 сол қол жоғарыда, 3-4 оң қол ә) Б.Қ. қолиықта 1-2 қолды алдыға айналдырамыз, 3-4 қолды артқа айналдырамыз б) Б.Қ. саусақтарды айқастырамыз 1-2 алдыға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз. в) Б.Қ. қол кеудеде 1-2 бүгілген қол артта,3-4 ашылған қол артқа серпе қозғау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазахстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігі

(министрліктің немесе ведомствоның атауы)

Абай облысы Білім басқармасы «Көлік колледжі» коммуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

(білім беру ұйымының атауы)


Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқытушының сабақ жоспары №35


Баскетбол. Алаңда ойыншылардың қозғалуы.

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы: Дене шынықтыру.

Дайындаған оқытушы: Уакбаев М.Б.

Жалпы мәліметтер:

Курс, топ: 2 курс 22 ТЭМк

Сабақтың түрі: Аралас

Пәнаралық байланыс: АӘ және ТД.

Білім алушылар білу керек: Ойын ережесін, алаңдағы тұрысын.

Білім алушылар жасай білу керек. Дене тәрбиесінің әдістемелік бөлімін іс тәжірибелік сабақта қолдану.

Сабақтың мақсаты: Баскетболда қорғаныс әдістерін меңгеру және қолдану.


Білім берушілік –бұлшық еттің барлық топтарының секіргіштік икемділік және қозғалыс реттілігінің үйлесімді дамуына ықпал ету.

Дамытушылық - студенттердін төзімділігін дамытып жетілдіру.

Тәрбиелік - салауатты өмір салтына тәрбиелеу және жолдастық.ұжымдық сезімдерін.адамгершілік қасиеттерін нығайтуға ықпал жасау.

Сабақтың түрі: практикалық

Әдебиеттер. Төтенай. Дене тәрбиесі.2001., Қауіпсіздік ережесі нұсқауы.

Керекті құрал жабдықтар: Топ журналы, Баскетбол доптары, секундомер, ысқыруық.

Сабақтың құрылымы:

Сабақ құрылымының атауы

Сағат

I

Ұйымдастыру

5 мин

II

Сабақты таныстыру

3 мин

IV

Жаңа тақырыпты түсіндіру

30 мин

V

Сабақты бекіту

25 мин

VI

Үй жұмысын беру

2 мин

VIІ

Сабақты қорытындылау

5мин



Ұйымдастыру кезеңі

  • Студенттермен амандасу, түгендеу ;

  • Өткен сабақты еске түсіру;

Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау,техника қауіпсіздіқ ережесімен таныстыру.


  • Жалпы дамыту жаттығуларын жасату;

  • Залды айналып жүру, залды айналып жүгіреміз;

  • Жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар;

а) Қолды созып, тізені жоғары көтере

ә) Қолды жамбасқа қойып, аяқты артқа серпе

б) Оң жағымызға қарап жүгіремі

в) Сол жағымызға қарап жүгіреміз

г) Солиықтан алға қарап жүгіреміз

- Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру

- Әр бір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау

- Жүгіруді бәсеңдетеміз, жәй жүреміз

- Қозғалыстағы  жаттығулар

а) Сол қол жоғарыда, оң қол төменде, қолдарды серпи артқа. 1-2 сол қол жоғарыда, 3-4 оң қол

ә) Б.Қ. қолиықта 1-2 қолды алдыға айналдырамыз, 3-4 қолды артқа айналдырамыз

б) Б.Қ. саусақтарды айқастырамыз 1-2  алдыға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.

в) Б.Қ. қол кеудеде 1-2 бүгілген қол артта,3-4 ашылған қол артқа серпе қозғау

Техникалық қауіпсіздікке арналған негізгі бағыттар.









ЖДЖ

https://youtu.be/xpOQjp7wBIw



Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау










Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау


Жаңа білімді баяндау

Жаңа сабақ. Алаңда қозғалу техникасы

Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын.



1 . Жоғарыдан бір қолмен беру.

Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.

2 . Бір қолмен төменнен беру. Бастапқы жағдайда доп. жамбас тұсында, бір қолдың білезігінде болады, алақан жоғары қарап, саусақтар алға созылады. Аз ғана кезенуден соң алға айналуды бастайтын қозғалыспен орындалады. Білезік бірте-бірте ашылып, доп одан сырғанап түскендей болады. Ұшу биіктігі білезіктің қай мезетте ашылғанына байланысты болады. Қолды соза берген уақытта әр аттас аяқ алға адымдайды.

1- тапсырма. Оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер, жаттығулар барысында сақтаңдар.

Допты лақтыру әдістерін орындаңдар.

«Кім епті?» әдісі

Дескриптор : Білім алушы

-Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • -Бір қолмен иықтан беру әдісін дұрыс орындайды;

  • -Екі қолмен кеудеден лақтыру әдісін дұрыс орындайды;

  • -Жоғарыдан бір қолмен беру әдісін дұрыс орындайды;

  • -Бір қолмен төменнен беру әдісін дұрыс орындайды;


Сұрақ-жауап:

Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет пе?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

2- тапсырма. Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар жұпта жұмыс жасайды.

  • Баскетболшының тұрысын, допты алып жүру тәсілдерін орындаңдар.

а) Допты бір орында оң және сол қолмен алып жүру;
б) Бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып жүру;

в ) Қозғалыста допты оң және сол қолымен алып жүру.

Дескриптор Білім алушы

  • Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.

Сұрақ - жауап:Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?


Қауіпсіздік ережесі https://youtu.be/HXLSV9BK5y4















Баскетбол ойын ережесі https://www.youtube.com/watch?v




Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау.








Допты баскетбол ойынында дұрыс қолдану.

Фишка орталарымен допты алып жүру.



Жаңа материалды бекіту

Кері байланыс:

Бүгінгі сабақтан не алдыңыздар?

Бүгін үйренген жаттығулар күнделікті өмірде қажет болуы мүмкіншілігі қандай деп ойлайсыздар?

мен бүгінгі сабақта білдім .....

мен бүгінгі сабақта жасай алдым .....

маған түсініксіз болды .....

не қиын болды ......

Қорытынды бөлім

Үй тапсырмалары:

Блок №1 жаттығулар кешені

Секіртпемен жұмыс - 10 минут

Шалқадан жатып денені көтеру (прес). - 25 рет 4 қайталау

Қолмен жерге тіреліп тұрып жерден жоғары көтерілу (отжимание). - 20 рет 3 қайталау



Пән оқытушысының қолы: __________________ Уакбаев М.Б.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.05.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі