жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баскетбол. Допты торға лақтыру техникалары мен қорғаныс ұйымдастыру 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: баскетбол: допты торға лақтыру техникаларын және шабуылда, қорғаныста ойнау әдістерін үйрету.
Сабақтың мақсаты:
1.
Шабуылда, қорғаныста ойнау тактикаларын
үйрету.
2. Икемділікті, жылдамдықты
дамыту.
3. Имандылыққа, қоғамдыққа
және жолдастыққа тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: Баскетбол добы, ысқырық және сағат.
Пән мұғалімі: Мирзалиев Нурахмед
Сыныбы 11 «Ә», «Б»
Күні: _______ ____________
№ |
Сабақтың мазмұны. |
Уақыты Мөлшері |
Ескертулер |
|
І |
Кіріспе бөлімі. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Кезекшіден мәлімет қабылдау. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сапта тұрып сап элементтерін қайталау (Оң-ға, Сол-ға, Ай-нал). |
3 мин |
Арнайы спорт киімдеріне, оның тазалығына және денсаулығына назар аудару керек. |
|
ІІ 1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9. |
Дайындық бөлімі. Жеңіл жүгіріспен жүгірту. Үлкен төрт бұрыш жасап әр түрлі жылдамдықтармен жүгірту: Спорттық жүріспен. (Қолды кеуде тұсына ұстап, табанды өкшеден аяқтың ұшына дейін тигізіп жылдам жүру). Жеңіл жүгіру. (Аяқтың ұшымен жеңіл және бір қалыпты жүгіру). Оң жақпен сол жақпен секіреміз. (Тіркелмелі адыммен биік секіру, қолды белге қойып немесе айналдыру). Артпен жүгіру. (Аяқтың ұшымен және сол жақпен қарап жүгіру).
Тізені жоғары көтеріп жүгіру. (Қолды алға созып, тізені алақанға тигізіп жүгіру). Өкшені артқа тигізіп жүгіру. (Қолды артқа қойып, өкшені алақанға тигізіп жүгіру). Аяқты алға сермеп (қайшылап) жүгіру. (Қолды желкеге қойып, аяқтың ұшымен және тізені бүкпей, алға сермеп жүгіру). Спорттық жүріспен. Жай жүріспен. |
10 мин
|
Оқушылардың залда дұрыс жүгіруін, шуламауын және қатты жүгірмеуін қадағалау. Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіруін. Денені түзу ұстап биік секіруін қадағалау. Бір-бірін қағып кетпеуін қадағалау. Тізені, өкшені ала-қанға тигізіп, жыл-дам және тез іс-теуін қадағалау. Аяқтың ұшымен, тізені бүкпей іс-теуін қадағалау. Сапты бұзбай жүруін қадағалау. |
|
а)
б)
в)
г) д) е)
ж) з) и) к) л)
|
Қолды белге қойып, басты: оңға, солға, алға, артқа қозғалтамыз. Қолды иыққа қойып, алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз. Оң қолды жоғары ұстап 1-2 дегенде артқа сермеп, 3-4 дегенде қолды ауыстырып артқа сермейміз. Адымды кеңірек ашып, әр адым сайын денені оңға, солға бұрып жүреміз және қолды кеуде тұсына ұстаймыз. Әр адым сайын, қолдың ұшын, аяқтың ұшына жеткіземіз. Қолды белге қойып, аяқтың ұшымен, өкше-мен, сыртымен, ішімен жүреміз. Қолды белге қойып, жартылай отырып жүреміз. Қолды тізеге қойып, толық отырып жүреміз. Қолды жанға созып, шынтақты айналдыра-мыз. Қолды бірге ұстап, кисті оңға, олға айналдырамыз. Етбетінен жатып қолды, бүгіп, жазу.10*2рет Қолды алға созып, отырып тұру. 15*2рет. |
|
Жаттығуларды дұрыс істеуін қад/у. Қолды түзу ұстауын қадағалау. Денені дұрыс бұруын қадағалау. Тізені бүкпеуін қадағалау. Дұрыс жүруін қадағалау. Денені түзу ұстауын қадағалау. Жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау. Сапты бұзбауын қадағалау. Денені түзу ұстауын қадағалау. |
|
ІІІ |
Негізгі бөлім. Оқушыларды екіге бөліп, допты торға лақтыру техникаларын және шабуылда, қорғаныста ойнау әдістерін үйрету.
Бір қолмен иықтан беру. Бастапқы жағдайда доп иық тұсында бір қолдың білезігінде болады. Екінші қолы оны демеп тұруы мүмкін. Кезену кезінде баскетболшы доп беретін жаққа қолы бұрылып дененің қарсы қимылмен қолды алдыға созып допты қажетті бағытқа жібереді. Бастапқы жағдайда доп беретін қолмен әр аттас аяқ алға қойылады.
Жоғарыдан бір қолмен беру. Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.
Баскетбол ойынындағы қорғаныс техникасы
Допты жоғарыдан қағып түсіру. Бұл тәсілде допты қағып алуға және иемденуге мүмкіндік жоқта қолданылады. Лақтырушының қолынан доп бөлінгенін аңдып тұрып, қолдың қысқа қозғалысымен, секіріп, допты ұшу траекториясынан қағып түсіру керек.
|
30 мин
3 мин 2 мин 5 мин 5 мин 15 мин |
Оқушылар допты дұрыс лақтыруын, жаттығуларды дұрыс істеуін және шуламауын қадағалау керек. |
|
ІV |
Қорытынды бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызып. Организмді бастапқы қалыпқа келтіруге арналған, жаттығулар жасату. Сабақты қорытындылау және бағалау. Үйге тапсырма. Денені көтеру, жүгіру, секіру және дене жаттығулары. |
2 мин |
Сапта дұрыс тұруын, тәртіп сақтауын қадағалау. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген