400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Баскетбол. Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ материалдарымен әріптестерімен бөлісіп, тәжірибе алмасу. Ашық сабақта мақсатты өзімнің тәжірибемен тарату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Баскетбол. Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену.

Мектеп: М.Абеулов атындағы жалпы білім беретін КММ орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Сыдыков Амантай Кулынтаевич

Сыныбы: 5

Қатысқаны: -

Қатыспағаны: -

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.3.4.4. Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік техникасынан хаббардар болу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: қауіпсіздік техниканы сақтай біледі

Көпшілігі орындай алады: допты алып жүру әдісін қолданады

Кейбір оқушылар орындай алады: ойын кезінде допқа ие бола алады

Бағалау критериі

Қауіпсіздік техникасын сақтап, жаттығуларды орындайды


Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: шабуыл, қорғаныс, ойын техникасы және тактикасы стратегия, композиция, тактика, идея


Талқылауға арналған сұрақтар: допқа қалай ие бола аламыз?


Алдыңғы оқу

Допты алып жүруді біледі, допты оң және сол қолға ауыстыра алады

Жоспарланған уақыт: 40

Жоспарланған жаттығу түрлері: жаттығу кезінде қауіпсіздік ережені сақтау, денсаулықты нығайтуға арналған эстафеталық ойын, допты қағып жіберу, қағып әкету, жұлып алу, ойын кезінде допқа ие болу.


Ресурстар


Сабақтың басы:10







Ұйымдастыру кезеңі, зейін шоғырландыру

Бой сергіту жаттығулары:

Сапқа тұрғызу, түгелдеу, спорт секторының рапорты. Саптық жаттығулар: түзел, тік тұр, оң-ға, сол-ға, ай-нал.

-оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын және оқу мақсатын анықтау;

- оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау;

-жалпы дамыту жаттығулары.

Спорт алаңы

ысқырық

Уақыт өлшегіш

Сабақтың ортасы: 25

Жаңа сабақ. Тапсырмалар оқушылардың қажеттілігін ескере отырып, үш тапсырманы саралап алдым.

Мұғалім түсіндірмесі

Жұптық жұмыс.

1-тапсырма. Тапсырма «Ойлан жұптас бөліс» әдісі арқылы жүзеге асады.

Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, қолдан допты қағып жіберу-қолдың қырымен допты жоғарыдан немесе төменнен ұрып жіберу арқылы жүзеге асыру. Допты қағу кезінде қолдан ұрмай, итермей ие болуға ұмтылу. Жұптарға бөлініп, жұппен жұмыс. Баскетбол ойынының ережесін (допты қағып алу, допты беру, қадам жасау)жұбымен талқылау, допты қағып жіберу әдісін орындау.


Дескриптор

- доптқа қарай іс-қимыл жасайды;

-қолдан допты қағып жіберуді орындай алады;

-қағып алу, беру әдістерін біледі.


Жаттығу орындау барысында, «басмармақ» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізеді


2-тапсырма. Тапсырма «Ойлан жұптас бөліс» әдісі арқылы орындалады.

Екі топқа бөлініп денсаулықты нығайту жаттығулары барысында эстафеталық ойын өткізу.

Екі топ арақашықтығы 2-3м-де тізбекке, лекке тұрады, белгі бойынша баскетбол добын жетелеу арқылы жарыса себетке лақтырады. Бір мүмкіндікті пайдалану керек. Екінші рет ойынды жалғастырады. Допты лақтыруға, себетке түсіруге үш мүмкіндік беріледі. Ойын қай топ бірінші аяқтаса жеңіске жетеді.

Дескриптор

- допты жетелеуді орындай алады;

- себетке лақтыра біледі;

- қимыл-қозғалыс қарқыны белсенді;


Жарыс нәтижесінде «Бағдаршам» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.


3-тапсырма. Ойынды жарыс арқылы өткізіп «Ойлан жұптас бөліс» әдіс қолдану.

Ойын кезінде екі топқа берілетін тапсырма, допты қағып әкету-допты алып жүру мен беруге қарсы әрекет есебінде қолдану. Допқа ие болу.

Ойында қорғаныс түрлерін көрсету арқылы, яғни рөлді дұрыс орындауына, әр оқушының қимыл-қозғалысына, командада жұмыс жасау қабілетіне мән беру.

Дескриптор

- қарсыласқа қарсы әрекет етеді;

- допты иеленуге тырысады;

- бірігіп жұмыс жасайды;

- ойын шартын орындайды;

- топта бірлесіп жұмыс жасауда шығармашылық қабілетін көрсетеді.


Ойын нәтижесінде «Күлегештер» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.




Сабақтың соңы: 5




Оқушыларды сапқа тұрғызу, қайта денені қалпына келтіру жаттығуларын жасау. Жаймен жүріп, қолды биікке көтеріп төмен түсіріп дем алып, дем шығару.

«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс аламын.





Саралау әдісі

Қарқын тәсілі

Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолданамын.

.

DrawObject1

Дескриптордың нәтижесінде «Бас бармақ», «Бағдаршам», «Күлегештер» әдістері арқылы оқушылар арасында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.





Негізгі тапсырма қауіпсіздік ережені сақтау,допты жетелеу қарқынын үдету,қозғалыс бағытын өзгерту, жеке қолмен іс-қмиыл жасау. Допты қалай алу,қағып жіберу, тартып алу





Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтар мен байланыс

(тәрбие элементі)

DrawObject2





АӘД, геометрия, физика.

Денсаулық және қауіпсіздік ережесі сақталады.

Тапсырма тәсілі

ОDrawObject3 қушылардың қажеттіліктеріне қарай(көмек керек пе, əлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.


Оқушыларды жекелей отырып әдіс тәсілдерін орындауына байланысты қателіктерін анықтап ,оны жетілдіруге және қатесін түзетуге арнап жаңа тапсырмалар береміз

1)қауіпсіздік ережені бұзбау, яғни долпқа ие болу үшін қолдан ұрмау.

2) допқа ие болысымен қозғалыстың бағытын өзгертіп, бұрылып, әріптесіне допты беру.

Рефлексия

  1. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

  2. Бүгін оқушылар не үиренді ?

  3. Уақытты қалай пайдаландым?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
1113
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі