400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Баскетбол сабағында доппен жүрудің әдістері мен тәсілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қажымұқан ауылы

№4 негізгі орта мектебі









Shape1





Тақырыбы: «Баскетбол сабағында доппен жүрудің әдіс-тәсілдері»

Дене шынықтыру пәнінің мұғалім: Замзин Асылбек Есенұлы















2017-2018 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: «Баскетбол сабағында доппен жүрудің әдіс-тәсілдері»

Сабақтың мақсаты:

  1. Баскетбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйрету.

  2. Оқушыларды адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулу.

  3. Денсаулықты нығайту, ағзаның барлық жүйесін дұрыс және өз уақытында дамыту.

Сыныбы: 5

Уақыты: 09:30

Айы, күні, жылы: 10.12.2017 ж

Сабақтың әдісі: Үйрету – жаттықтыру

Құрал – жабдықтар: Баскетбол доптары, секундомер, ысқырық.


№

Сабақтың мазмұны

Берілген уақыт

Методикалық нұсқау

І

Дайындық бөлімі

10-12 минут


1

Оқушыларды сапқа тұрғызу, бұйрық беру. Сәлемдесу.

Рапорт беру. «Сынып сап түзе!», «Тік тұр!», «Оңға бұрыл!».

Оқушыларды түгендеу, сабақ барысымен таныстыру.


Оқушыларды бой-бойымен сапқа тұруын қадағалау, формаларын тексеру. Саптық жаттығулар жасағанда аяқ алысын қадағалау.

2

Сыныпты оңға бұрып «Спорттық жүріске дайындал!» - деп бұйрық беру


Осы кезде қолдарын білектен бүгіп, спорттық жүріске дайындалады

3

Спорттық жүріспен жүру


Жылдам жүрулерін қадағалау

4

Жеңіл жүгіру


Ауызды жауып, мұрынмен дем алу керек.

5

Артпен жүгіру


Сол иық арқылы алдыға қарап жүгіру

6

Оң және сол жақ бүйірмен секіре жүгіру


Қолмен ауа қармап биік секірулерін айту

7

Тізені биік көтере жүгіру


Қол шынтақтан бүгулі, тізені биік көтере жүгіру

8

Аяқты артқа сермей жүгіру


Қол артта, аяқты қолға тигізе жүгіру

9

Оң және сол қырынмен аяқты крестеп жүгіру


Қол қатарда, аяқ алысын шатастырып алмай жүгірулерін қадағалау

10

Жеңіл жүгіру



11

Спорттық жүріс


Жылдам жүрулерін қадағалау

12

Демді қалыпқа келтіру, жай жүріс


1-аяқтың ұшымен тұрып, қолды жоғары көтере демді ішке тарту

2-Б.қ 3-4 алдындағыдай қайталаймыз

13

Жүру



14

Жүріп келе жатып саусақтарды айқастырып оңға солға айналдыру


Саусақтарын жақсылап қыздыруын қадағалау

15

Аяқтың ұшымен жүру


Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен арақашықтықты сақтап жүру

16

Өкшемен жүру


Қол белде, денені тік ұстап өкшемен жүру

17

Аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру


Қол қатарда, алдыға тіке қарап және денені тік ұстап жүру

18

Жартылай отырып жүру


Қол белде, денені тік ұстап адымдап, алдыға тіке қарап жүру

19

Толық отырып жүру


Қол желкеде, толық отырып жүру

20

Отырып екі жаққа кезек – кезек секіріп жүру


Қол тізеде, толық отырып, екі жаққа кезек – кезек секіру

І І

Орында жасалатын жаттығулар



1

Мойынымызды 1-4 оңға, 1-4 солға айналдырамыз


Қол белде, аяқ иық деңгейінде

2

Қолымызды иығымызға қоямыз 1-4 алдыға, 1-4 артқа айналдырамыз


Иықтың айналдыруын қадағалау

3

1-2 оң қол жоғары, 1-2 сол қол жоғары


Қолдың дұрыс қозғалуын қадағалау

4

Қолымыз белде, белімізді 1-4 оңға, 1-4 солға айналдырамыз


Белді толық айналдыру

5

Аяғымызды ашамыз, белімізді бүгеміз, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа тигіземіз


Жаттығуда тұруын қадағалау

6

Қолымыз тізеде, тіземізді 1-4 ішке, 1-4 сыртқа айналдырамыз


Тізесін толық айналдыру

7

1-4 оң аяқтың басын, 1-4 сол аяқтың басын айналдырып қыздырынамыз.


Қол белде, аяқ иық деңгейінде

І І І

Негізгі бөлім

25-30 минут


1

Екі оқушыдан шығып, бір-біріне доп беру


Оқушылар допты еденге соғып жоғарыдан дәлдеп доп беру. Допты кеуде тұсынан не болмаса жоғарыдан беру

2

Екі оқушы шығып бір-біріне төменнен доп беріп алдыға жүру


Оқушылар допты еденге соғып төменнен еден арқылы дәлдеп доп беру. Допты кеуде тұсынан не болмаса жоғарыдан беру

3

Допты бір қолмен соғып алып жүру


Сыныпты екі топқа бөліп, залдың екі жағында бір – біріне қарама – қарсы қойып, допты жүріп алып келіп қарсы тұрған әріптесіне беріп, өзі сол команданың соңына тұрады, сөйтіп жаттығу жалғаса береді

4

Допты екі қолмен алма кезек соғып алып жүру


Сыныпты екі топқа бөліп, залдың екі жағында бір – біріне қарама – қарсы қойып, допты жүріп алып келіп қарсы тұрған әріптесіне беріп, өзі сол команданың соңына тұрады, сөйтіп жаттығу жалғаса береді

5

Допты бір қолмен соғып барып, себетке лақтыру


Сыныпты екі топқа бөліп, залдың екі жағында бір – біріне қарама – қарсы қойып, допты жүріп алып келіп себетке дәлдеп лақтыру. Допты командаласына астынан беру.

6

Допты екі қолмен алма кезек соғып жүріп келіп себетке дәлдеп лақтыру


Сыныпты екі топқа бөліп, залдың екі жағында бір – біріне қарама – қарсы қойып, допты жүріп алып келіп себетке дәлдеп лақтыру. Допты командаласына жоғарыдан беру.

7

Осы жаттығуларды қамти отырып, эстафеталық жарыс


Оқушылар кезекпен допты соғып барып себетке дәлдеп салу. Оқушылардың әр салған добы ұпай санына айналады.


Қорытынды бөлім

2-3 минут



Оқушыларды сапқа тұрғызып, өтілген тақырыптың жетістіктері мен кемшіліктерін айтып бағалау. Жеңген команданы мадақтау және сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.


Мұғалімнің бұйрығын бұлжытпай орындау


Үйге тапсырма беру


  1. Баскетбол ойынының ережелерін жаттау

  2. Баскетбол ойынының әдіс – тәсілдерін қайталау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
645
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі