400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесі сөз етіледі. Қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың әртүрлі тиімді жолдары қаралады. Мен қазақ тілі сабағында қолданылатын жаңа технологиялардың ішінде кейс технологиясын қолданудың ұтымды жақтарын ұсынамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

К.Қ.Алпысбаева

№10 орта білім беретін мектеп, Семей қаласы

Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесі

Бұл мақалада басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесі сөз етіледі. Қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудыңәр түрлі тиімді жолары қаралады. Біз қазақ тілі сабағында қолданылатын жаңа технологиялардың ішінде кейс технологиясын қолданудың ұтымды жақтарын ұсынамыз.



Түйін сөздер: Әдіс, коммуникатив, технология, инновация.



Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан-жақты қарастырылып отырған проблема - орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі. Орыс дәрісханасында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков, Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік қазақ тілін үйретуде оның білімділік, қатысымдық қызметімен қатар тіл арқылы адамзат баласы жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды меңгерудің және өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден-бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін меңгерту міндеті тұр. Біздің ойымызша, қажеттілік болса, елтанымдық мәліметтерді кез-келген адам өзі қалаған тілінде меңгере алады.

Елтану дегеніміз – үйреніп жүрген тілді оқыту әдістемесінің зерттеу пәніне айналған сол тілде сөйлеуші елдің мәдениеті. Тіл үйретуде қолданылатын елтанымдық деректер тілін үйреніп отырған елдің қоғамдық және мәдени өмірі, дүниетанымы, басынан кешкен тарихы, географиясы, экономикасы, ішкі, сыртқы саясаты, мелекеттік құрылымы жайындағы мәліметтерді қамтиды.Бірақ көп жағдайларда елтану пәні үйреніп жүрген тілде емес, аралық бір тілде (біздің елде көбінесе орыс тілінде) жүргізіледі де, тіл үйренуге ешқандай көмегі тимейді. Соған байланысты елтану пәні мен тілді үйрету сабақтарының арасындағы байланыс алшақтай түсуде (мыалы, қытай тілін білмесе де, ол елдің спорттағы жетістіктерін өте жақсы біліп, өз ана тілінде осы тақырыпта өте жақсы қызу пікірталас жүргізуге болады).

Бірақ, солай екен деп, ұлттанымдық деректерден бас тартуымызға да болмайды. Себебі, тіл үйретудегі басты мақсат – тіл үйренушінің бойында сол тілді қолданушы халықтың жанын түсіну, ол халыққа, тілге деген сый-құрмет сезімдерін ояту болуы керек. Тіл үйрету әдістемесі ғылымының алдында тұрған көптеген мәселелердің ішіндегі бүгінгі күндегі өзектісі ең қажетті деп алынған лексикалық минимум арқылы елтану, мәдениеттану, этностануды қоса қамту болып табылады.Тіл үйретудің бастапқы деңгейінде сол тілді қолданушы ұлт жайындағы мәліметті күрделі мәтіндер түрінде емес, әрбір сабақта, біртіндеп, шамадан тыс көп, түсініксіз болып кетпейтіндей, үздіксіз беріп отыру керек, қысқасы, қазақ тілін үйретудің әрбір дәрісі ұлттық рухқа толы жүргізілуі керек.

Шет тілдерді оқытудың тиімді жолдарын іздестіру нәтижесінде соңғы жылдарда тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану мақсатында лексиканы оқыту мен ауызекі сөйлеу тілін меңгерту көп орын алып, соған байланысты грамматика екінші кезекте қалып қойды. Алайда үйренген лексиканың басын құрап,ауызекі сөйлеу тілі дәрежесінде болса да, тілдесе білу үшін грамматикалық формалар жайындағы қарапайым теориялық білімсіз бір нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес екендігі белгілі. Осы грамматикалық деректерді бір жүйеге келтіру зәрулігі қазіргі күнде де басты мәселелердің бірі болып тұр. Үйреніп жүрген тілдің грамматика немесе лексика саласына қатысты бір фактілері жақсы жатталып алынса да, егер олар бір-бірінен бөлек есте сақталса, сөйлеу тәжірибесінде қолданылмаса, тез ұмытылады. Сол себепті тіл үйретуде не таза грамматикалық, не арнайы лексикалық немесе т.б. сабақтың түрлері болмауы керек. Бұлар керекті мөлшерде қатар қолданылып жүруі керек.

Грамматикалық құрылымның ережесін білу екінші тілді практикалық жағынан меңгеруді тездетеді. Сондықтан, тіл үйретудегі басты шарт – грамматикалық ережелерді тиімді, қарапайым тәсілдер арқылы түсіндіру, қатысым әрекетінде қолдану жолдарынтмеңгерту болуы тиіс.

Грамматикалық білімді қатысым әрекетінде қолдана білу дегеніміз – теориялық талдау тұрғысынан меңгеру емес, қарапайым грамматикалық формаларды қолданудың жолдарын түсініп, оларды пайдалана отырып, өзі меңгерген сөздік қордан сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыра білуге дағдылану. Тіл үйретудегі түпкі мақсат біреу – тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету, бірақ оған таза формальді жолмен емес, сол форманың ішкі мағынасын түсініп, орынды қолдана білу арқылы сөйлеуге үйрету.

Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік ұстанымдар арқылы ажыратады. Олар:

1. Тіке байланыс

2. Адамның жеке қабілетін ескеру

3. Сөйлесуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау

4. Сатылап даму

5. Динамикалық өзгеру

6. Өзектілік

Қатысымдық әдісті пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен-адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес.

Қазақ әдістемесінде тың мәселені көтерген Ф.Ш.Оразбаева оқыту әдістерінің барлық түрлеріне қатысты ерекшеліктерді меңгерген қатысым әдісін ұсынды. Ғалым-әдіскерлердің әдіс-тәсілдері қазіргі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Олар қазіргі кездегі оқытудың жаңа талаптарына сай дамып, жалғасын тауып, жаңа мазмұндағы әдістердің тууына әсер етуде.

Қазақ тілін оқытуда атқарылатын қатысымдық тапсырмалардың кешенін

  1. Мәтіндермен жұмыс;

  2. Жаттығу жұмыстары;

  3. Шығармашылық жұмыстар;

  4. Рөлдік ойындар;

  5. Жағдаяттық тапсырмалар құрайды.

Басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алмай жүрміз. Бұл әлеуметтік мәні бар мәселенің өзіндік себептері бар екендігі белгілі. Көптеген мәселелер алдымен мемлекеттік дәрежеде шешілуі тиіс, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, шынайы жағдайлар жасалғаны жөн. Ең алдымен қазақ тілін көпдеңгейлік жүйе арқылы оқытуда қолданылатын оқу-әдістемелік кешендер бір жүйеге келтірілуі керек.

Оқыту жүйесінің ұзақ тарихында адамзат өзінің жинақталған бағалы білім, жасаған рухани-мәдени құндылықтары мен тәрбие, өнеге-үрдістерін оқып-үйренушілерге шама-шарқынша шақтап, сатылап жеткізудің, амалдап үйретудің оқулықтан қолайлы құралын ойлап шығарған жоқ. Білім берудің компьютерлік,иаудио-визуальдық және басқа жаңа құралдары кеңінен, тіпті жаппай іске қосылып отырған біздің дәуірде де оқулықтардың рөлі арта түсуде. Ақпарат тасқыны үдей түсіп, бірін-бірі тез алмастырып, ғылыми-технологиялық үрдіс қарқындап бара жатқан қазіргі заманда оларды қабылдау мен өмірге бейімдеп өңдеу мерзімінің шектеулілігі оқулықты жасау әдістемесі мен бұл істі ұйымдастыруды да соғұрлым қарқынды түрде жетідіре беруді талап етеді.

Тіл мәселесі аса маңызды саяси мәселе болғандықтан, тіл үйретуші мұғалімең алдымен үлкен патриот бола алуы қажет. Оқыту барысында тіл үйренушілердің бойына барлық ұлттарды сүйе білу сезімдерін дарытуы қажет. Жалпы адамзаттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші-ұстаз халық педагогикасын, сан ғалырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты,терең біліп, тебірене іс-қимыл жасауға, өркениетті өмірмен байланыстырып, тәлім-тәрбиеге пайдалана білуге халық алдында борышты.

Қазіргі кезде тілді коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Өзге тілді ұлт мектептеріне қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуникативтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді.

Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдістеме.Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп, пікірлесе алады. Оқушыларды белгілі-бір дәрежеде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиіс. Себебі, жеке атау тұлғалы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара бір-бірімен байланысып, сөйлем құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады. Өзге тілді ұлт мектептерінде қазақ тілін оқушыларға үйрету барысында коммуникативті оқыту технологиясын пайдалану өз жемісін береді деген ойдамын, себебі оқушыларға тілді үйреткенде жалаң сөзден гөрі сөйлем арқылы үйрету, оқушылардың тілді тез меңгеруіне септігін тигізеді.

Әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгертуге ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Осыған орай мемлекеттік тілді жеделдете оқытуда педагогикалық ізденістер мен жаңа әдістемелерді қолдануды мұғалімдерге талап қылу қажет. Қазақ тілін оқытқан адамның алдына алты шарт қойылуы тиіс:

  1. «Мемлекеттік тіл» деген не – соны нақты білу;

  2. «Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деген не сқз екенін түсіндіре білу;

  3. Қазақ тілін кәсіби біліктілік тұрғысынан мүлтіксіз еркін білу;

  4. Орыс тілді тыңдаушыларға сабақ беретін ұстаздың орыс тілінен хабардар болуы керек, категориясын, аса қажет бола қалған жағдайда орыс тілінің (оқыту тілінің) материалымен салыстырып түсіндіре білу мүмкіндігінің болуы;

  5. Тіл саясаты ұғымы, Қазақстанның тіл саясатының сипатын саясаттану мен әлеуметтік лингвистика тұрғысынан біліктілікпен түсіндіре алу;

  6. Оқыту әдістемесінің мән-жайын, дәстүрлі лингвистика мен қатар социолингвистика мен психолингвистика, когнитивті лингвистика ғылымдарынан жақсы хабардар болу.

Дидактикалық қабілеттерге ие оқытушы тілді кматериалдардың ауырын жеңіл жолмен, күрделісін қарапайым да түсінікті жолмен жеткізе біледі. Академиялық қабілеттердің иесі өз пәнін тек курста қолданылатын оқулық деңгейінде ғана емес, терең ғылыми-теориялық дәрежеде меңгерген білімді маман болуы керек. ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар легі заманы болмақшы. Жер-жердегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы минутында мағлұмат алып отырған жасөспірім балаларды тек қана білім берудің ақпараттық-инновациялық технологияларын қолдану арқылы қызықтыра алуға болады. Ұстаз осыған дайын болуы қажет.

Тіл үйрену барысында ең күрделі жұмыс түрі – оқылым, тыңдалы, айтылым әрекеттеріне негізделген мәтінмен жұмыс. Мәтін тілдік жүйенің ғана емес, қатысымдық жүйенің де тұлға-бірлігі. Мәтіндерде қатысымдық бағыт бойынша сұрыпталған тілдік құрылымдар кешенді түрде тілдік қолданысқа түсіруге негізделіп, топтастырылып беріледі. Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан тұрады.

1.Сөздермен жұмыс; 2.Сөздіктермен жұмыс; 3.Сөздік қорларын жетілдіру; 4.Тіл дамыту; 5.Ойын қорытындылай білуге дағдыландыру; 6.Тұжырымын айта білуге дағдыландыру.

Яғни, мәтінмен жұмыс жоғарыдағы айтылған сабақ кезеңдерін бір жүйеге келтіреді. Кітаптағы берілген мәтіндердің күрделілігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін тіл үйренушілердің білім деңгейіне сай болуы керек. Осыған байланысты мәтінмен жұмыс істеуді түрлі әдіс-тәсілдермен жүргізуге болады.

Жаттығу жұмыстары тіл үйренуде сөйлесім әрекетінің оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым әрекеттеріне негізделіп жүргізіледі.

Жаттығулардың негізгі міндеті – жаңа оқыған материалды коммуникативтік негізде автоматтандыру.

Тілді қатысымдық деңгейде мңгертуде жиі қолданылатын жазылым әрекетінің бірі - шығарма. Шағын шығарма жазу жұмысын тіл үйренушілер бастауыш деңгейдің үшінші сабағында-ақ бастайды да, үнемі орындап отырады. Шығарма жазу арқылы тіл үйренушілер ойларын өз сөздерімен жеткізуге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады, сондай-ақ, бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады, сөздерді қатесіз жазуға дағдыланады.

Сурет бойынша шығарма жаздыруда мақсат - тіл үйренушілерге ойды әрі қарай дамыта, жалғастыра отырып, сәтті шешім тауып,аяқтауға дағдыландыру. Өздері меңгерген сөздік қорларын пайдалана отырып, сурет мазмұнына лайықты сөйлемдер құрап, ойды қорытындылау. Алғаш рет тіл үйренушілерге ұсынылатын аяқталмаған әңгіменің оқиға желісі, сюжеті суреттер арқылы бағыт-бағдар беру негізінде жүргізіледі.

Тіл үйрету сабақтарында қолданылатын ойындарды түрлеріне қарай топтық және рөлдік орындар деп қарастырамыз. Фонетикалық және лексика-грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін топтық ойындар қолданылса, жаңа сөздер мен сөйлеу клишелерін бекіту және түрлі сөйлеу жағдаяттарында алдын-ала дайындықсыз тілдік қатынасқа түсе алу мүмкіндіктерін жетілдіру үшін рөлдік ойындар қолданылады. Жеделдете оқытудың талаптарына сәйкес мұғалім әрбір сабақта тіл үйренушінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойындарды өтілген жаңа тақырыпқа сай іріктеп ұсынып отырады. Ойындар аудиторияда жағымды көңіл-күй тудырып, жайлы тілдік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал жасайды.

Қазақ тілін жеделдетіп үйретуде жағдаяттық тапсырмаларды ұтымды қолдану барысында тыңдалым, айтылым әрекеттері белсенді іске қосылады. Жағдаяттық тапсырмалардың басқа қатысымдық тапсырмалардан ерекшелігі, бұнда сөйлесім әрекетінің ең соңғы күрделі сатысы – тілдесім әрекеті жүзеге асады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
1756
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі