БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТЫҢ ПЕРЦЕПТИВТІ МЕХАНИЗМДЕРІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы жетекші білім және ғылым ордасы, көпжылдық тарихымен, жоғары академиялық дәстүрімен және халықаралық деңгейде мойындалған зерттеу мектебімен ерекшеленеді. Университеттің негізгі мақсаты – қоғамның интеллектуалды әлеуетін арттыра алатын бәсекеге қабілетті, кәсіби әрі рухани кемел тұлғаларды даярлау.
Осы тұғырлы мақсаттарды жүзеге асыру барысында болашақ мамандардың кәсіби-психологиялық мәдениетін, басқару қабілеттерін және тиімді коммуникация құру дағдыларын дамытуға бағытталған «Басқару психологиясы» пәні маңызды рөл атқарады.
Аталған пән бойынша психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жұбаназарова Назираш Сүлейменқызы магистранттарға «Басқару іс-әрекетіндегі қарым-қатынастың перцептивті механизмдері» тақырыбында дәріс өткізді. Семинар барысында тұлғааралық қабылдау ерекшеліктері, әлеуметтік перцепцияның психологиялық негіздері, басшы мен қызметкерлер арасындағы танымдық өзара әрекет, сондай-ақ эмпатия, рефлексия, стереотип және идентификация механизмдерінің басқару үдерісіндегі маңызы талқыланды. Топтық талқылаулар аясында нақты басқару жағдайларына талдау жүргізіліп, кәсіби коммуникация дағдыларын жетілдіруге бағытталған тапсырмалар орындалды.
Қазіргі жаһандану дәуірінде ұйым қызметінің табыстылығы, ең алдымен, басқару процесіндегі тұлғааралық түсіністікке, өзара әрекеттестік мәдениетіне және ұжым мүшелерінің психологиялық үйлесіміне байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда, перцептивті механизмдерді меңгеру тиімді басшылықтың негізгі психологиялық шарты болып табылады. Әлеуметтік перцепция – басқа адамды қабылдау, түсіну және бағалау үдерісі. Басқару саласында ол қызметкерлердің мінез-құлқын болжауға, ұжымдық климатты тұрақтандыруға және кәсіби шешімдер қабылдауда дәлдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Психолог-ғалым А.А. Бодалев зерттеулерінде әлеуметтік қабылдаудың үш маңызды компонентін ерекшелейді: қабылданған тұлғаның бейнесі, сол бейнеге қатысты бағалау және сол бағалаудың негізінде мінез-құлық стратегиясын қалыптастыру. Басшы дәл осы механизмдерді тиімді қолдана отырып, адамдардың эмоционалды жай-күйін сезініп, конфликтілердің алдын алып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра алады.
Перцептивті механизмдер қатарына:
Идентификация – басқа адамды түсіну үшін өзін оның орнына қоя білу;
Эмпатия – өзгенің эмоциясын сезініп, оны түсіну қабілеті;
Рефлексия – өз мінез-құлқының басқаларға әсерін түсіну;
Стереотипизация – адамдарды белгілі топтарға телу арқылы қабылдау;
Каузалды атрибуция – адамның іс-әрекет себептерін түсіндіру жатады.
Бұл механизмдер дұрыс пайдаланылған жағдайда басқару іс-әрекетінің тиімділігін арттырып, ынтымақты және шығармашылыққа толы еңбек ортасын құруға ықпал етеді. Ал бұрмаланған қабылдау, жағымсыз стереотип және эмоционалдық қашықтық ұжымдағы сенімнің әлсіреуіне, конфликтілердің туындауына және мотивацияның төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Сондықтан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранттары аталған тақырыпты игеру барысында адам психологиясын терең түсініп, кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, әлеуметтік-перцептивті құзыреттілігін дамытуға және болашақта басқару үдерісінде тиімді көшбасшылық ұстанымдарды жүзеге асыруға бағытталған маңызды дағдыларды меңгерді.
Қорытындылай келгенде, перцептивті механизмдерді меңгеру – басқару іс-әрекетінде табысқа жетудің психологиялық негізі. Ол коммуникация сапасын арттырып қана қоймай, ұжымдық дамуды қамтамасыз етеді, ал тұлғааралық сенім мен өзара түсіністік – қазіргі заман менеджментінің басты құндылықтары.
Жұбаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Жалпы және қолданбалы психология
ғылымдарының кандидаты, профессор
Оразақын А.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз