БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДА ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН БІЛІМНІҢ РӨЛІ
Қазіргі кезеңде табиғи және әлеуметтік жүйелердің күрделенуі көпсалалы ғылыми даярлықты талап етеді. География мамандығы кеңістіктік, әлеуметтік және экологиялық процестердің өзара байланысын зерттеуге мүмкіндік береді, бұл мамандықты таңдау академиялық және кәсіби мақсаттарды жүзеге асырудың негізін құрайды. Мамандықты таңдау ғылыми тұрғыдан негізделген, себебі ол кешенді жүйелерді талдауға, әртүрлі саладағы білімді (басқару, психология, экология) біріктіріп, көпфакторлы үрдістерді модельдеуге және тиімді басқару тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл таңдау қазіргі заманғы ғылым мен басқару талаптарына сай кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
Білім алу процесі бірнеше ғылыми бағыттардың тоғысуына негізделеді. Географиялық және кеңістіктік ғылымдар шеңберінде Жер жүйелері теориясы, ландшафттану, антропогендік ландшафттар динамикасы, геоақпараттық жүйелер (ҒАЖ), қашықтықтан зондтау және кеңістіктік статистика бойынша білім беріледі. Басқару және ұйымдастыру теориялары аясында жүйелік менеджмент, стратегиялық басқару, ұйымдық мінез-құлық және мотивация теориялары (Маслоу, Герцберг, МакКлелланд) меңгеріледі. Сонымен қатар психология және коммуникация ғылымдарының негізгі компоненттері — тұлғааралық коммуникация, перцептивтік бұрмалаулар, топтық динамика теориялары интеграцияланған түрде оқытылады. Аталған білімдер аналитикалық, әдіснамалық және коммуникативтік құзыреттердің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Басқару іс-әрекетіндегі шешім қабылдау үдерісі көпфакторлы және көп деңгейлі сипатқа ие. Ол ақпараттық, ұйымдық, психологиялық және ситуациялық факторлардың өзара ықпалынан тұрады. Ақпараттық факторлар деректердің сапасын, статистикалық талдау нәтижелерін, модельдер мен болжамдардың дәлдігін қамтиды. Мұндай факторлар кеңістіктік, әлеуметтік немесе ұйымдастырушылық процестерді талдау кезінде қолданылып, дәлелді стратегиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Ұйымдық факторлар - басқару құрылымын анықтау, ресурстарды бөлу, уақыт пен коммуникацияны жоспарлау сияқты ұйымдастыру элементтері. Мәселен, жоба командасын қалыптастыру, рөлдер мен міндеттерді үйлестіру кезінде осы теориялық қағидаттар нақты тәсілдермен іске асады.
Психологиялық факторлар - тұлғааралық қабылдау, когнитивтік бұрмалауларды азайту, топтық динамиканы теңгерімдеу сияқты міндеттерді қамтиды. Бұл факторлар пікірталас, келіссөз, ұжымдық жұмыс жағдайында шешімнің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Ситуациялық факторлар тосын өзгерістерге бейімделуді, альтернативаларды салыстыруды және жедел әрекет стратегияларын жасауды қажет етеді. Мысалы, сыртқы ортада күтпеген өзгерістер болғанда жоспарды қайта құру, шектеулі уақыт жағдайында қолайлы нұсқаны таңдау немесе тәуекелді бағалау - ситуациялық тәсілдердің маңызды көріністері.
Шешім қабылдауда рационалды (аналитикалық) және интуитивтік әдістердің үйлесуі де маңызды. Практикалық міндеттерді орындау барысында кейде сандық талдау жеткіліксіз болған жағдайда тәжірибеге негізделген интуитивтік пайымдар қолданылады. Бұл тәсіл күрделі жағдайларда баламалы шешімдерді икемді таңдауға мүмкіндік береді.
Аталған факторлардың барлығы кәсіби іс-әрекетте нақты жағдайларда да іске асырылады. Мысалы, кеңістіктік модельдеу жүргізуде ақпараттық әдістер, топтық жобаларды ұйымдастыруда ұйымдық қағидаттар, коммуникациялық үдерістерде психологиялық білімдер, ал күтпеген өзгерістер туындағанда ситуациялық талдау амалдары қолданылады. Осылайша, теориялық және қолданбалы факторлар кешені әртүрлі міндеттерді орындауда жүйелі ойлау мен тиімді басқару стратегияларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, басқару іс-әрекетіндегі шешім қабылдау - күрделі, көпқұрамды және динамикалық процесс. Оқу барысында меңгерілетін интеграцияланған ғылыми білімдер басқарушылық процестерді түсіндіруге, ақпаратқа негізделген талдау жүргізуге, әлеуметтік және экологиялық жағдайларда оңтайлы стратегияларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кешенді дайындық қазіргі заман талаптарына сай кәсіби құзыреттердің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Оразхан Айгерім Болатбекқызы
1 курс магистранты,
Болтаева Алия Масакбаевна
психология ғылымдарының кандидаты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз