БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Бүгінгі қоғамда тиімді басқарудың басты көрсеткіші – ұйым ішіндегі өзара түсіністік пен дұрыс коммуникация орнату. Қай салада болмасын, ақпараттың дәл және уақтылы берілуі, басшы мен қызметкерлер арасындағы сенімді қарым-қатынас ұйымның табысты дамуына тікелей ықпал етеді. Сондықтан да басқару психологиясы ғылымының маңызды салаларының бірі – коммуникация психологиясы болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – қазақ ғылымы мен мәдениетінің алтын бесігі. Бұл білім ордасында оқытылатын әр пәннің өзіндік маңызы мен терең мазмұны бар. Солардың ішінде «Басқару психологиясы» пәні ерекше орын алады. Себебі ол тек теориялық білім беріп қана қоймай, өмірлік тәжірибеде кездесетін түрлі басқарушылық жағдайларды талдауға, адам мінезін, эмоциясын, ойлау жүйесін түсінуге үйретеді. Бұл пәннің ең басты артықшылығы – басқарудың психологиялық механизмдерін практикамен ұштастыра отырып меңгертуінде.
Пәнді бізге психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Жұбаназарова Назираш Сүлейменовна жүргізеді. Ұстазымыздың жетекшілігімен біз әрбір тақырыпты терең талдап, ұйым ішіндегі коммуникацияның психологиялық ерекшеліктерін зерттейміз. Сабақ барысында тек теориямен шектелмей, нақты мысалдарға сүйенеміз, пікірталастар, тренингтер мен тәжірибелік тапсырмалар арқылы коммуникацияның рөлін тәжірибе жүзінде түсінеміз.
Оқыту барысында біз бірқатар ғылыми еңбектермен таныстық. Атап айтқанда, В.С. Кабаченконың «Психология управления», А.Д. Столяренконың «Психология делового общения и управления», М.А. Кременьнің «Психология и управление», сондай-ақ отандық авторлар Ахтаева Н.С., Абдижаппарова А.И., Бекбаева З.Н. еңбектерін талдадық. Бұл оқулықтарда басқару жүйесіндегі коммуникацияның құрылымы, түрлері және психологиялық аспектілері жан-жақты қарастырылған. Әсіресе, Кабаченко еңбегіндегі басқару процесіндегі кері байланыс пен ақпарат алмасудың тиімді тәсілдері бізге теориялық тұрғыда көп көмек берді.
Коммуникация – бұл тек ақпарат жеткізу емес, сонымен қатар адамдар арасындағы эмоциялық және танымдық байланыс орнату процесі. Басқару жүйесінде коммуникация дұрыс ұйымдастырылмаса, ұжымда түсініспеушілік, сенімсіздік және қақтығыстар туындайды. Ал тиімді коммуникация, керісінше, сенімге негізделген орта қалыптастырып, жұмыстың сапасын арттырады. Психология тұрғысынан алғанда, ұйымдағы қарым-қатынас тек кәсіби міндеттермен шектелмейді, ол әр адамның ішкі эмоционалды әлеміне әсер етеді.
Біз талдаған еңбектерде коммуникацияның үш негізгі деңгейі қарастырылады:
-
Тұлғааралық коммуникация – басшы мен қызметкер арасындағы жеке байланыс;
-
Ұжымдық коммуникация – әріптестер арасындағы өзара әрекеттестік;
-
Ұйымдық коммуникация – барлық құрылымдар мен бөлімдердің байланысы.
Мысалы, тұлғааралық коммуникация кезінде басшының дауыс ырғағы, тыңдау қабілеті мен вербалды емес белгілері қызметкердің мотивациясына зор әсер етеді. Ал ұжымдық деңгейде кері байланыстың болмауы немесе ақпараттың кешігуі өнімділікке кері ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, басшының эмпатия, эмоционалды интеллект және белсенді тыңдау қабілеттері аса маңызды.
Сонымен қатар қазіргі таңда ұйымдарда коммуникацияның цифрлық форматқа көшуі де маңызды рөл атқарады. Онлайн жиналыстар, корпоративтік чаттар, электронды хат алмасу – бәрі де басқару мәдениетінің жаңа қырын ашып отыр. Дегенмен, технологиялар қанша дамыса да, адамдық қатынастың жылуы мен сенімін алмастыра алмайды. Тиімді басқару әрқашан ашық диалогқа, түсіністік пен сыйластыққа негізделуі тиіс.
Қорыта келгенде, басқару жүйесіндегі коммуникация – ұйымның өмір сүру энергиясы іспетті. Ол ұжымдағы бірлік пен өзара қолдаудың кепілі. «Басқару психологиясы» пәні бізге тек теория емес, осы қатынастардың адам санасындағы, эмоциясындағы, мінезіндегі көріністерін түсінуге үйретті. Коммуникацияны тиімді ұйымдастыра білген басшы ғана өз ұжымын алға жетелей алады.
Болашақ мамаН ретінде біз бұл пәннен алған білімімізді тек жұмыс саласында емес, күнделікті өмірде де қолдана аламыз. Себебі дұрыс сөйлей білу, тыңдай білу және өз ойын нақты жеткізу – тек басқарушыға емес, әр адамға қажет өмірлік дағды. Сондықтан басқару психологиясы мен коммуникацияны қатар меңгеру – кәсіби жетістіктің және тұлғалық дамудың басты алғышарты деп білемін.
Жубаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.
Болтаева А.М.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
психология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.
Адаева Аида,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология факультетінің 1-курс магистранты
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз