Басқару психологиясындағы “бес факторлы” модель

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Басқару психологиясындағы “бес факторлы” модель

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқару психологиясына қажетті “бес факторлы” модельдің маңызы - адамдардың мінез-құлығын дұрыс бағыттан тану
Материалдың қысқаша нұсқасы


Басқару психологиясындағы «бесфакторлы» модель


Бүгінгі таңда Қазақстанның жетекші университеттерінің бірі, 90 жылдық тарихы бар – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті өз алдына жетекші мамандарды дайындауда. Сонымен қатар, оқытылатын пәндерге жете назар аударылып, дұрыс бағыт пен сапалы білім беруді алдына мақсат еткен. Үздік оқытушылардан пайдалы білім алып, жан-жақты дамудамыз. Аталмыш пәндердің бірі – магистранттарға арналған «Басқару психологиясы» пәні ұсынған өзекті де, пайдалы дәрістер магистранттар арасында кеңінен талқыланып жатады. Осы орайда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, филология факультетінің 1 курс магистранттары міндетті «Басқару психологиясы» дисциплинасы бойынша танымал «бесфакторлы» модель теориясының басқару саласында да маңызы бар екендігін анықтап, зерттеген болатын және осы модельдің маңыздылығын практика жүзінде түсініп, қолданылды.

Қазіргі заманғы басқару психологиясында жеке тұлғаның сипаттарын талдау қызметкерлердің мінез-құлқы, жұмысқа деген қатынасын және командалық нәтижелікті болжаудың маңызды құралы болып табылады. Осы факторларды байланыстырып отыратын диспозициялық тұлға моделінің бірі – «Бесфакторлы» модель теориясы.

«Бесфакторлы» модель теориясы – бұл адамның тұлғалық қасиеттерін, мінез-құлығын және адам бойындағы тұрақты сипаттамаларды зерттейтін модель болып табылады. Көптеген ғалымдардың зерттеуінде «бесфакторлы» модельдің даму тарихы мынадай хронологиялық ақпараттар бойынша қарастырылған: 1884 жылы «бесфакторлы» модель теорисының алғашқы лексикалық гипотезасын ағылшын психологы Френсис Гальтон ұсынды. Оның пайымдауынша, адамның мінезіндегі ерекшеліктерін тілді зерттей отырып, анықтауға болады деген ойға келді. Кейіннен, 1936 жылы американдық психологтар Г.Олпорт пен Г.Одберг сөздіктерден 4000-нан астам сын есімдерді таңдап алып және осы сипаттағыш құралдарды қолдана отырып, адамдардың мінез-құлығын сипаттауға болады деген пікір білдірді. Ал, 1940 жылы жоғарыда аталған психологтардың білдірген ой-пікірлерін зерттей отырып, сын есімдерді және сипаттауыш сөздердің терминдерін анықтап, тұлғаның 16 факторын жасап шығарды. Бірақ, 1949 жылы адам бойында кездесетін тұлғалық факторлардың санын қайта қарастырып, оның санын 5-ке дейін қысқартты. Көптеген шетелдік ғалымдар, соның ішінде Эрнест Тьюпс пен Рэймонд Кристал өз зерттеулерінің нәтижесінде адам бойында негізгі бес фактордың бар екенін дәлелді. Ал, 1980 жылдары Льютс Голдберг аталмыш модельді дамытып, оны «бесфакторлы» модель деп атады. Ол, осы модельдің белгілері күнделікті өмірде жиі кездесетін тұлғалық мінез-құлықтың бірі екендігін түсіндіндірді.

Бүгінде, атақты «бесфакторлы» модельдің негізгі 5 түрі бар. Олар: экстраверсия (ағылшын тілінде «extraversion») немесе «Е»-фактор, ынтымақтастық (ағылшын тілінде «agreebleness») немесе «А»-фактор, жауапкершілік (ағылшын тілінде «conscientiousness») немесе «С»-фактор, негативті эмоция (ағылшын тілінде «neuroticism») немесе «N»-фактор және жаңа тәжірибеге ашықтық (ағылшын тілінде «openness to experience») немесе «О»-фактор. Әр фактордың атқаратын қызметі мен адам бойында қалыптасқан тұлғалық мінез-құлығын көрсетеді. Мысалы:

Экстраверсия немесе «Е»-фактор адамның басқа адамдармен өзара достық қарым-қатынаста араласуы, позитивті энергияға және әлеуметтік белсенділікке тез бейімделетінін көрсететін фактор. Мұндай факторға жататын адамдар өз ойларын ашық айта алатын, позитивті энергиясымен басқа адамдарды өзіне тарта алатын қабілетке ие болады. Ал, екінші ынтықмақтастық немесе «А»-факторы – адам бойындағы гармониялық қабілетті көрсете отырып, кез келген адаммен ортақ мәмілеге келе алатын, белгілі бір іс-әрекетке басқа адамдардың көзқарасымен, олардың қалауларымен бағалайтын адамдар. Мұндай адамдар әрдайым басқа адамдардың талаптары мен сұрауларын бірінші орынға қояды. Жауапкершілік немесе «С»-факторы – мақсатқа жету, өзін-өзі бақылау және белгілі бір атқарылатын іске үлкен жауапкершілікпен қарау факторларын жатқызамыз. Мұндай топтағы адамдардың жауапкершілігі жоғары, алға қойған нақты жоспарлар мен мақсаттың жүзеге асуы, мотивация, ұқыптылық сияқты қасиеттері байқалады. Келесі «бесфакторлы» модельдің төртінші түрі: негативті эмоция немесе «N»-фактор. Мұндай топтағы адамдардың бойында негативті эмоцияның басымдығы, эмоцияға тез берілетін, тұрақтылықтың төмен екендігі анықталады. Ең соңғы модель түрі, ол жаңа тәжірибеге ашықтық немесе «О»-фактор. Аты айтып тұрғандай, осы модельге жататын адамдардың бойында жаңашылдыққа қызығушылық, идеялар мен тәжірибелерді бірден қабылдау, шығармашылық қабілеті жоғары және кез келген ортаға бейімделетін адамдардың тобы. Аталып өткен модельдердің барлығы өмірдің әрбір кезеңінде кездеседі. Біздің мақсатымыз – сол көрсетілген теориялар мен пайымдауларға сүйене отырып, адамдар жайлы дұрыс пікір қалыптастыру. «Бесфакторлы» модельдің басқару саласында алатын маңызы зор. Себебі, жоғарыда аталып өткен сипаттамаларды ескере отырып, басшы мен қызметші арасындағы дұрыс байланыстың қалыптасуы, қызметкерлер мен басшының мінез-құлқын дұрыс болжау, мотивацияны арттыру және топ ішіндегі тиімді қарым-қатынасты құру үшін кеңінен қолданылады. Әрбір фактордың деңгейі ұйымдағы тиімді басқару стратегияларын анықтауға көмектеседі және тұлғалық қасиеттерін бағалай отырып, басқару тиімділігінің сапасын арттырудың тиімді құралы болып табылады.



Н.С. Жубаназарова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

психология ғылымдарының кандидаты, профессор


А.Б. Кистаубаева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2024
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі