Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Бастаулардың бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі































Ашық сабақ

Тақырыбы: Бастаулардың бастауы

































Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Батанова Д.



















Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектебі

Мерзiмі: 30.11.2018ж

12сабақ

Тақырып: Бастаулардың бастауы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік

Мұғалiм: Батанова Динара

Сынып: 3 «ә»

Оқушылар саны: 10

Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі туған үйдің алатын орны туралы түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік:Оқушыларға туған үй туралы білім бере отырып, жауапкершілік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық:Оқушыларды туған үйге шынайы қарым-қатынасқа үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік:Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

1 Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру.

1.Татулық

2.Тыныштық

3.Талап

4.Тазалық

5Тәртіп

2.Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Ескерту








































2. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушыларды « тәтті кампиттер» әдісі арқылы екі топқа бөлу

Қасым Қайсеновтың «Үйді сағындым » әңгімесін оқып келу

Сұрақтар

-Адам туған үйін үнемі сағынып тұруының себебі неде?

-Туған үйдің жылылығын қалай сезінесің?

-Туған үйге сүйіспеншілігіңді қалайша білдіресің?

-Өзің туған үйіңді не үшін жақсы көресің?


3. Дәйексөз

Мұғалім өзі дауыстап оқып береді, сосын балаларға бірге хормен айтуға ұсынады. Бірінші ұл балалар қайталайды, содан соң қыз балалар қайталайды.Дәйексөзді дәптерге жазғызу.

«Отбасы - жылылық ұясы»

Сұрақтар:

Дәйексөзден не түсіндік?

Отбасы дегеніміз не?

Отбасы жылылық ұясы дегеніміз не?





4. Оқиғаларды әңгiмелеу. «Адам болып қалу»

В.Сухомлинский.

Үлкен қаланың кішкентай ауруханасында Қара шашты және

Ақ шашты екі ана жатты. Олар бір күнде ұлдары дүниеге келіп, өте бақытты еді. Олар балаларының болашағы туралы армандады.

Ақ шашты ана өз баласының әйілі сазгер немесе жазушы, мүсінші немесе инженер болғанын армандады.

Қара шашты ана өз баласының қайырымды адам болғанын, ешқашан анасын, өз үйін ұмытпағанын, Отанын, табиғатты, адамдарды сүйгенін қалайтынын айтты.

Отыз жыл өтті.

Қаланың шетіндегі кішкентай емханада Қара шашты және

Ақ шашты ана тағы кездесті.

Олардың шаштарына ақ түсіп, беттерін әжім басқан еді. Олар бір – бірін таныды. Олар бір палатаға түсіп, өз өмірлері туралы, қуанышы мен қайғысы туралы айтты. Қайғылары - екеуінің де күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, қуаныштары – ұлдары қастарында.

Қара шашты ана сұрады:

Сенің ұлың кім болды?

Атақты сазгер, - деп мақтанышпен айтты.

Ақ шашты ана:

Ол қазір оркестрді басқарады, дирижер, қаладағы ең үлкен театрда, шынымен менің ұлымды білмейсің бе? – деді.

Әрине, Қара шашты ана белгілі сазгерді жақсы білетін еді, үлкен табыстары жөнінде жақында ғана оқыған-ды.

Ал, сенің ұлың қайда, кім болды? - деп сұрады Ақ шашты ана.

Егінші. Колхозда тракторист, комбайнер, фирмада да жұмыс істейді дейді, - Қара шашты ана. Көктемнен күзге дейін, қар түскенше менің ұлым егін салады, егін жинайды, жер жыртады сөйтіп отбасын асырайды. Біз ауылда тұрамыз. Оның екі баласы бар, қызы және ұлы.

Сонда да сені бақыт айналып өткен екен, сенің ұлың ешкімге белгісіз, қарапайым адам болыпты,- дейді

Ақ шашты ана.

Қара шашты ана жауап қайтармады. Бір күн өтпей жатып Қара шашты ананың баласы алыстағы ауылдан келді. Анасымен сыбырласып ұзақ сөйлесті. Қара шашты ананың көзі қуаныштан нұр шашты. Ұлы кетіп бара жатып, үстелге жүзім, бал, алма қойып, «тез жазылыңыз», - деп анасының бетінен сүйіп қоштасты.

Ал Ақ шашты анаға ешкім келген жоқ.

Менің балам қазір концерт қойып жүр. Әйтпесе, келер еді, - деді ол. Қара шашты ананың баласы күн сайын бал, алма, қарбыз, өз қолымен өсірген бидайдан пісірілген хош иісті нан әкеліп, келіп тұрды.

Қара шашты ана баласы келген сайын қуаныштан жазылып келе жатқандай еді.

Ақ шашты анаға ақыры ешкім келген жоқ. Бір ай өтті. Дәрігерлер Қарашашты анаға: «Сіз толықтай сап – сау адамсыз, жүрегіңізде шу жоқ, соғысы таза», - деді.

Ақ шашты анаға «Сізге әлі де жату керек. Сіз де жазыласыз», - деді. Осыны айтып, дәрігер терезеге қарады (неге екені белгісіз).

Қара шашты ананы алып кетуге ұлы келді. Бірнеше қызыл раушан гүлдерін барлық дәрігерлерге үлестірді. Бәрінің жүзінде күлкі пайда болды.

Қара шашты анамен қоштасарда Ақ шашты ана:

Қымбаттым, сен өз ұлыңды қалай тәрбиелегеніңді айтшы? Сен бақытты екенсің, ал мен... – деп көз жасын төгіп жіберді.

Мен саған шындықты айтайын, - деді Қара шашты ана.

Сенің ұлыңмен бір күнде туған ұлым қайтыс болған, ал мына балам - асырап алған ұлым! Мен оны үш жасынан асырап алдым. Осы күндері менің қалай қиналғанымды білсең ғой, сен үшін тіпті ауруханадан кеткім келген еді, менің ұлымның әр келгені саған уайым, қобалжу әкелді ғой.

Мен адамды жүрегіммен сеземін, ұлыма осыны үйреттім.



Аңыз әңгіменің мәтіні бойынша сабақтың құндылығы мен қасиеттінің мәнін ашатын және өмірлік тәжірбиелерімен байланыстырып сұрақтар қою.

Сұрақтар:

1. Екі ананың арманы орындалды ма? Қалай?

2. «Қара шашты ананы бақыт айналып өтті» деуге бола ма? Неліктен?

3. Қара шашты ананың тәрбиесіндегі данышпандық неде|?

4. Ақ шашты анаға қалай көмектесуге болады?

«Біздің жанұя» видеоролик



5. Шығармашылық жұмыс.

Даптермен жұмыс

3-тапсырма: Өз үйлеріңнің суретін салыңдар

4-тапсырма: Суреттерге қарап әңгіме құрастырып айтыңдар

5-тапсырма:Отбасы ережесін құрастырып жазыңдар

6- тапсырма:Өз отбасыңдағы жақындарыңның бойындағы жақсы қасиеттерді атап айтыңда

«Бас бармақ » әдісі арқылы топтар әр сұрақ жауап сайын бір-бірін бағалап отырады.


6. Топпен ән айту «Қошақаным қайда екен?»

Сөзі Ә.Бейсеуовтікі

Әні С.Асановтікі



Жазда апамның ауылына,

Барып едім қыдырып,

Бір қошақан алдымнан,

Ойнап шықты жүгіріп

Қайырмасы

Ақ маңдайы ай ма екен?

Шекер ме екен бал ма екен?!

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?!



Демалыста өзіңді,

Тағы іздеп барамын.

Бір қошақан бәрі бір,

Сені тауып аламын



Қайырмасы

Қозыларым жүр ма екен?

Ерке сұлу сол ма екен?!

Мені қашан келер деп,

Сағынып ол жүр ме екен





7. Үй тапсырмасы

13 сабақ Ермек Өтетілеуұлының «Біздер салем береміз» өлеңін оқу, 60бет



8. Сабақтың қорытынды сәтi.

«Бір оңға, бір солға» сергіту жаттығу арқылы сабақты аяқтау.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.

9.Кері байланыс

Оқушыларға стикер қағазы таратылады және сол қағазға бүгінгі сабақтың ұнағандығы немесе ұнамағандығы туралы жазып қалдырады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12