400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСТАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш –білім негізі. Ұлттың болашағы кіші жастағы баланың алған біліміне байланысты болжанады, байлау жасалынады. Бастауыш білім беру жүйесі мінсіз, ұстаздардыңда жауапкершілігі мол әрі асқан білімді, бала жүрегінен орын ала алуы қажет. Сондықтан да, бастауыш білім беруге қатысты қоғамдық бақылаудың, әлеуметтік топтардың талқылауында болуы заңды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСТАР


Бастауыш –білім негізі. Ұлттың болашағы кіші жастағы баланың алған біліміне байланысты болжанады, байлау жасалынады. Бастауыш білім беру жүйесі мінсіз, ұстаздардыңда жауапкершілігі мол әрі асқан білімді, бала жүрегінен орын ала алуы қажет. Сондықтан да, бастауыш білім беруге қатысты қоғамдық бақылаудың, әлеуметтік топтардың талқылауында болуы заңды.

Негізі бастауыш білім беру ісінің қазақ жерінде пайда болуы тікелей ұлтымыздың ұлы тұлғалары, Алаш қайраткерлерінен бастау алады. Алғашқы қазақтыңқара домалақ балаларын оқытуда сызу, жазу, оқу мәселелері алдымен А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин еңбектерінде мақала түріндекөрініс табады. Оған дәлел «Алаш көсемсөзі» 10 томдығы. «Қазақ», «Сарыарқа», «Абай» сияқты газет, журналдарда бастауыш буынға қатысты көзқарастар жарық көрді. Бұл ойдың барлығы балаларды оқыту мәселесінің маңыздылығын айқындайды.

Қоғамдағы бастауыш білім беруге қатысты ойды шартты түрде үлкен үш топқа жіктеп қатастыруға болады деп есептеймін. Біріншісі – тіл. Екіншісі – кітап пен білім беру мазмұны. Ендегі кезекте жеке-жеке тоқталсақ.

Тіл. Практик-педагогтар, ата-аналар, қоғамның белсенділерін көбі бастауыш білімді бірыңғай ана тілінде беру керектігін айтып келеді. Тіл жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының «Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек» деген көзқарасын басшылыққа алады. Тілге қатысты тағы бір пікір ол ағылшын тілінің 1-кластан бастап оқытылуы.

Бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды дүниелердің бірі – кітап. Кітап – үнсіз мұғалім. Ал үнсіз мұғалім қатесіз болу шарт деген қоғамның бір бөлігі оқулықтардың сапалық критерийлерге сәйкес еместігі зиялы қоғамның белсенділерін алаңдатады. Кітаптағы қателіктермен қоса, білім мазмұнын баланың ата-анасына түсініксіз болуы да біраз пікірталастардың тақырыбына айналып жүр.

Тақырып бойынша ойланып отырып,«Пікірсайыс әлеміне неге бастауыш оқушылары толық енбеген?» деген сұрақты да студенттерден естігенім есіме түсті. Ал бұл жолы,мен ұзақ ойланып, төмендегідей пікірге келдім: пікірсайысты бастауыш білім беру жүйесіне енгізу бала бойынан жаңа таланттарды ашу, зерек, ізденімпаз, қоғамдағы оқиғаларға бей-жай қарамауға баулу. Көш жүре келе түзеледі. Жас мамандар жаңа идеяларымен Асхат Аймағанбетовтың ойын толықтырады.

Қоғамда пікір мен идея өте көп, бұның барлығын білу білім саласының шеңберінде «тындайтын, еститін жүйенің» бар екендігіне дәлел болары сөзсіз.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.11.2025
29
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі