БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢАША ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢАША ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢАША ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ





С.Б.Саутбекова

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ф Астана қаласы бойынша

ПҚ БАИ, жетекші маман



«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»

(Н.Ә.Назарбаев)


Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық -педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты үйрете жүріп, үйрену. Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқтыу әдістемесін өзгертеді.

Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.

Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда.

Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы жаңа технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдерісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.

Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз байсалды болмақ. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр. Бастауыш сыныпта кеңінен қолданып жүрген жаңа технологиялардың бірнеше түрлеріне тоқтала кетейік.

Мысалы, Ж. А. Қараев, Ж. У. Кобдикованың «Саралап деңгейлеп оқыту», М. М. Жампеисованың «Модульдік оқыту технологиясы», Т. Тұрғымбаев, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, В. Зайцевтардың «Дамыта оқыту технологиясы», М. Монаховтың «Проблемалық оқыту технологиясы», Шаталов, П. М. Эрдниевтың «Ірі блокпен оқыту технологиясы», Д. Ж. Дьюидің «Жобалау әдістемесі», Л. Стил, С. Крутис, Ч. Темплдердің «Сын тұрғысынан ойлау», Ә. Жүнісбековтың «Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту)», А. Лысенкованың «Алдын - ала оқыту технологиясы», Ш. Амонашвилидің «Тұлғалық гумандық технологиясы», Н. Н. Нұрахметов, К. А. Абдығалиевтің «Шоғырландырып - қарқындап оқыту», Т. Т. Ғалиевтің «Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы» және Я. А. Каменскийдің «Интерактивті оқыту» технологиялары бастауыш сыныпта әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты сабақта кеңінен қолданылуда. Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.

Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған.

Әр сабақ – мұғалімнің ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір ізділік оқушылардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, оқытудың жаңа тәсілдерін, жаңа инновациялық технология әдістерін қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі.

«Педагогикалық технология» дегеніміз не? Технология – tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В. М. Монаховтың айтуы бойынша: технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан - жақты ойластырылған үлгісі.

Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу - тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

Мұғалім ең алдымен жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.

Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.

Жаңа педагогикалық технологиялардың тиімділігі неде?

1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;

2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;

3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;

4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.

5. Өзін - өзі тексеруге дағдыланады.

6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.

7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.

Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр. Жоғарыда атап өткен бастауыш сыныпта кеңінен қолданып жүрген жаңа технологиялардың бірнеше түрлеріне тоқтала кетейік.

Модульдік оқыту технологиясы

Модуль – белгілі бір жүйенің өзіндік бөлшегі (С. И. Ожегов). Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі – тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, тұлғаның қажеттілігін қанағыттандыруға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Бұл технология тұлғаның даму ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне, тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту ерекшеліктеріне негізделген.

Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар: баланы оқи білуге үйрету; баланы ойлауға үйрету; баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Жоғарыда айтып кеткендей әр педагогтың міндеті - оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.

Бастауыш сыныпта кеңінен қолданылып жүрген келесі бір жаңа технологиямыз – «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы:

Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.

Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.

Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан ерекшеліктері:

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/.

Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы.

Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.

Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Жаңа технологиялар оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс - әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Көптеген мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс - тәсілдерін қолданады:

Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/

Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс /эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/

Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/

Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/

Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы/

Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/

Өлең шумақтарын құрастыру /5 жолды өлең/

«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының модулдерін ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.

Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.

Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.

Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы әдіс - тәсілдер білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетілуде.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету, дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:

1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.

2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру. 3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.

5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:

Сабаққа қызығушылығы артады;

Нақты өз деңгейінде бағаланады;

Жеке қабілеті айқындалады;

Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

Даму мониторингі айқын көрінеді.

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:

Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;

Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;

Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;

Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;

Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;

Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Өз іс - тәжірибемде жаңа технология арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін. Оқушыларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс - тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.

Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой - өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

Қорыта келгенде, қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялар ойлауды дамыту, қабілетті қалыптастыруға бағытталған әдіс - тәсілдер. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтеріледі. Егер де жаңа технология элементтерің әр мұғалім сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсе, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.





Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Б.Иманбекова, К Әбдіреймова, «Сабақ – оқытудың негізгі формасы». Алматы, 2003 жыл.

2. №4-2008 жыл Ж. Садыбекова «Оқу – тәрби үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»

3. «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (30 сәуір 2008 жыл).

4. М. Ералиеваның «Оқытудың қазіргі технологиялары» Бастауыш мектеп – 2006 ж. - №5.

5. К.Абдрахманова «Төменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері» /К.Абдрахманова// Бастауыш мектеп. – 1989 ж. - №9.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.00.2025
50
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі