Тақырып бойынша 11 материал табылды

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласының дербестігін жақсарту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де, мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер: «педагогикалық технологиялар», «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең меңгеруге оқып-үйренуге жетелейді
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бастауыш мектепте математика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі


Аскарова Акерке Бериккалиевна

« №35 ЖОББМ» КММ


Білім беру саласының дербестігін жақсарту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де, мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер: «педагогикалық технологиялар», «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең меңгеруге оқып-үйренуге жетелейді. [3,59]

«Инновация» сөзі латынның («жаңашылдық», «өзгеріс») деген ұғымдарына сәйкес келеді. Жалпы жаңашылдық мәселесі туралы ғалымдар өз зерттеулерінде атап көрсетті. Олар Р.А Дюсупова, А.М Саранов және басқада ғалымдар еңбегінде. Бұл үшін ең бастысы мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру керек. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, инновациялық іс-әрекеттерді төрт бөлікке жіктеуге болады: әдіснамалық, пәндік-теориялық, әдістемелік, технологиялық.

Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың бірінші әдіснамалық бөліктеріне кіретіндер: ізгілікті философия, философия ғылымы, ғылым әдіснамасы, педагогика әдіснамасы, әдіснамадағы жаңа білімдер жиынтығы.

Екінші пәндік-теориялық бөліктеріне жататындар: мұғалімнің беретін пәні бойынша теориялық білімі, педагогика, психология, дидактика, педагогикалық инновация бойынша жаңа білімдері.

Үшінші әдістемелік бөліктеріне мұғалімнің өзі беретін оқу пәнінің тарихы мен әдістемесін білуі және тәрбие жұмыстарын, сыныптан, мектептен тыс жұмыстарды өткізу әдістемесін білуі жатады.

Төртінші технологиялық бөлігі мұғалімнің өз пәні бойынша нақты педагогикалық технологияларды білуі, меңгеруі және оны өз тәжірибесінде қолдануы жатады.

Сондай-ақ мұғалімнің тәрбиелік технологияларды білуі, меңгеруі, пайдалануы да кіреді. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық мазмұны біртұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізу, педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияны жүзеге асыра алуы сияқты жұмыстардың негізін ашуды, үйренуді мақсат етеді.

А.М.Саранов «Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері» атты еңбегінде «инновациялық процесс – жаңаны құру, тарату және қолдануға бағытталған процесс, оның құрылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды» - деп атап көрсетеді. Инновация жаңаны ендірудің соңғы нәтижесі немесе практикалық іс-әрекетте пайдаланылатын технологиялық процесті жетілдіру ретінде қарастырылады [6,145]. Педагогикалық еңбектерде инновациялық процестің мынандай кезеңдері анықталған:

1. Жаңа ұғымды ашу, бұл жаңа идея немесе жаңалықтың тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, ғылыми іргелі немесе қолданбалы зерттеулердің нәтижесі;

2. Жаңаны ендіру, жасап шығу, яғни нақты материалдық немесе рухани құнды үлгіні ұсыну;

3. Жаңаны тәжірибеде қолдану кезеңінде жаңа ұсынысты алып, өңдеп, толықтырып, тұрақты, нақты тиімділігі анықталғанша сынақтан өткізу;

4. Жаңаны тарату кезеңі;

5. Жаңаны нақты бір аумақта сынақтан өткізу кезеңі, осы кезде жаңа күнделікті әрекет ретінде қолданылады. Осы кезеңде бұдан да тиімді балама,тың жаңалықтың пайда болуына деген қажеттілік аяқталады;

6. Жаңа сипаттағы өзгерісті талдап, ендіруге байланысты, бұрынғы қалыптасқан процесті пайдалану аясы біртіндеп азая түседі.
Жаңашыл жүйеге, үрдіске, құбылысқа ілгері бір жаңалық енгізуші адам, көптеген іс шараларды ұйымдастыруда адамдардың өзіндік жаңашылдық іс-әрекетін көрсете алушылығы.

Бүгінгі таңдағы, бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану, ана тілі, әдебиет сабақтарына: топқа бөліп оқыту, рөлдік ойын элементтерін, пікір сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері, оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады.

Ондағы дәстүрлі емес сабақ түрлері:

- «саяхат», «мұражайға экскурсия», «концерт», «қойылым», т.б;

- «дөңгелек үстел», «брифинг», «презентация», «аукцион», т.б;

- кино, теледидар, бейнетаспа сабақтары, т.б;

- пікір-сайыс сабағы, проблемалық іздену сабақтары, интеллектуалды ойлау сабағы т.б;

Оқытудың ең көп таралған формасы - шағын топтармен жұмыс істеу. Оқытуды ұйымдастырудың тәсілдері мұғалімнің мақсатын - оқушыларды бірлескен танымдық белсенді танымдық қызметке қатыстырудың қажеттігін анықтайды.

Топтардағы жұмыс үш технологиялық қайталаумен сипатталады.

Бірінші оқыту проблемасын жолға қою және оған кірісу, яғни жұмыс процесін ұйымдастыру. Сол арқылы оқушылардың оқуға белсенділігі артады. Оқушылардың ішкі мақсаттарының алғашқы міндеттері жүзеге асырылады.

Екінші туындаған мақсатты орнықтыру үшін дербес іс әрекеттің нақты өрісі ұсынылады. Оқушылар шығармашылық ықшам топтарға бөлінеді де, шағын топтардағы қарым қатынас арқылы өзінің ішкі мақсатын іске асырып мұғалім көтерген оқу проблемасын сезінеді, іздегенін анықтайды,оны шешу үшін бірлескен қызмет тәсілдерін әзірлейді, мақсатын жүзеге асырады.

Үшінші жалпы талқылау. Ол бірлескен педагогикалық қызметті келесі кезеңі ретінде қажет, оның процесінде педагог өзінің оқу проблемасын шешудің ақиқатын дәлелдеуге топтарды жұмылдырады. [4,67]

Әр топ өз позициясын басқа топтардың алдында жариялап, белсенді түрде қорғап шығады. Тараптардың дәлелдерінің негізділігі бойынша пікірсайыста, кейде әр түрлі, қарама-қайшы көзқарастар туындайды, тексеріледі. Негізделген дәлелдердің талап етуі бойынша педагог оқушыларды оқыту проблемасының дұрыс шешіміне алып келеді.

Мұғалім оқушыны бағалайтын өлшемдерді әзірлеуі керек. Егер оқушы өзінің жұмыстарының мақсаты қандай екенін және ол жұмыстардың қалай бағаланатынын білсе, онда бұған мақсаттылық пен дайындалып, тапсырманы орындауға мүмкіндік туғызар еді. Мұғалімдер жаттығуларды жиі-жиі және тұрақты пайдалануға болады. Бірақ бұл ретте баға қоймай, оны балалардың білімін тексеруге мүмкіндігі мол сабақтардың үлесіне қалдыра алады.

Олар үшін жаттығулар дегеніміз - балаларды дамыту тәсілі , ұжымда, топтарда жұмыс істеуді үйрету мүмкіндігі, сөйлеуді, аналитикалық қабілеттерді жетілдіру мүмкіндігі.

Сонымен бірге оқыту процесін түрлендіріп, оны жандандыратын бір проблеманы шеше отырып, сондай-ақ жаттығулар кезінде балалар көрсеткен білімдер мен икемділікті бағалаудан бас тартып, мұғалім басқа бір проблемаға тап болуы мүмкін.

Балалар «ойнауға» дағдыланып, оқытудың «ойынсыз» формаларын ықылассыз қарсы алады, ал өздерінің жұмыстары бағаланбаса, жаттығулар кезінде мұғалімнің нұсқаулары мен тапсырмаларын орындаудың міндетті емес екені туралы проблема пайда болады. Сондықтан белгілі бір жаттығуды бағалаудың белгілі бір формасын тапқан дұрыс.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы - тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқынымен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама-қайшылық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан жан-жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті. Сонымен, жаңаша оқытудағы басты нәрсе – бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту.

Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.

Жаңа талаптарға сай көптеген этнопедагогикалық элементтерін қолданып оқыту технологиялары бар. Солардың бірі –профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар –дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.[1,10]

Оқытудың мазмұны мен сипаты қоғамның материалдық және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленеді. Оқудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге, адамдардың даярлығы негізінде қойылатын талаптардың сипатына және оқыту жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгеріп отырады. Білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістер соңғы жылдары педагогикалық білім алатын болашақ мамандарға, олардың кәсіби дайындықтарына елеулі талаптар қоюда. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға қойылатын талаптар күрделі де сан-салалы болып отыр.

Себебі бастауыш сынып мұғалімі – жас ұрпақ бойына ең алғашқы білім негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен машықтарын дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізгілікті және отаншылдық қасиеттерге баулитын тұлға. Мемлекеттік білім стандартында бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби жан-жақты теориялық және практикалық білім мен дағдыларды, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер негіздері өнерпаздық қабілеттерді, оқыту мен ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын, іскерлік машықтарын жан-жақты меңгерту көзделген.

«Математиканың бастауыш курсының негіздері» пәні болашақ мұғалімдерге математиканы табысты оқытып-үйретуге, оқушыларды бастауыш математика курсы ұғымдарының негізгі мектепте қолданылу мүмкіндіктерін көре білуге қажет болатын даярлықты қамтамасыз етеді. [8,29]

«Математиканың бастауыш курсының негіздері» пәні бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби даярлығы жүйесіндегі арнаулы пән ретінде өткен ғасырдың ХХ жылдары жоғары мектеп жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай мемлекеттік принциптері анықталған кезде қалыптаса бастады.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби теориялық білім педагогика, психология, әдістеме ғылымдарын оқытумен бірге бастауыш сыныптардағы негізгі пәндер – қазақ (орыс) тілі, математика, ана тілі, бейнелеу өнері, дүние тану, музыка т.б. ғылымдардың негіздерін меңгерту арқылы да белгілі.

Осы тұрғыда бастауыш сыныпта берілетін математикалық білім мазмұны мен оқушылардың дайындықтарының міндетті деңгейіне қойылатын талаптар басты назарға алынады.

Мектептің бастауыш сатысында берілетін математикалық білім мазмұны қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, сандар нумерациясы, алгебра элементтері, геометрия элементтері, шамалар және оның өлшем бірліктері деп аталатын бөлімдерден тұрады. Әрбір мұғалім математика пәнінде оқушыларды терең ойлай білуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету мақсатын қояды.

Бұл мақсатты орындау, яғни оқушылардың білім, білік, дағдысын, өзіндік танымын қалыптастыру – нақты ұйымдастырылған кезеңдер арқылы жүзеге асырылатын күрделі үрдіс.

Жалпыға міндетті орта білім стандарттарында (жалпы бастауыш білім) білім объектісі ретінде – білім мазмұны алынған болса, өркениетті елдердің тәжірибесінде білім объектісі ретінде - оқыту нәтижесі алынған. Осыған орай білім мазмұнын жаңарту мен оқытудың инновациялық әдістерін өндіру бүгінгі күннің талабы болып отыр.

Білім сапасы оның төрт сипатын (білім – құндылық, білім - жүйе, білім – процесс, білім – нәтиже) біртұтас қарастыра отырып, олардың ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі сипатына мән берумен тікелей байланысты.

«Математика» білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер білім мазмұнының жетекші компоненттері және білім, түсіну, қолдану, жоғарғы сипаттағы біліктер деп аталатын категориялар арқылы бейнелеген оқу материалдарын меңгеру деңгейлерін ескере отырып анықталады. [5,52]

Мұнда басты есте болатын нәрсе – оқушылардың математикалық мәдениетін көтеру, математиканы оқып- үйренуге ынталандыру, нақты дағдыларды бекіту.

Бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы бойынша оқылатын «Математиканың бастауыш курсының негіздері» пәнінің білім мазмұнын қысқаша кесте түрінде көрсетейік [7,10]:

Тараудың аты

Берілетін теориялық білім мазмұны

11

Жалпы ұғымдар

Жиын ұғымы, жиындардың берілу тәсілдері, Эйлер дөңгелектері, жиындарға қолданылатын амалдар

22

Теріс емес бүтін сандар жиыны

Натурал сан нөл ұғымдары. Теріс емес бүтін сандар мен оларға қолданылатын амалдар, қасиеттері.

33

Есеп және оны шығару

Жай және құрама есептер. Есепті шешу тәсілдері мен әдістері.

44

Алгебра элементтері

Өрнектер (санды және құрамында әрпі бар өрнектер), теңдік, санды теңдік және санды теңсіздік, теңдеу және оны шешу тәсілдері, теңдеулер жүйесі, теңсіздіктер жүйесі.

55

Геометрия элементтері

Қарапайым геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері. Қарапайым геометриялық салу есептері. Геометриялық мазмұнды есептерді шығару. Көпжақтар туралы Эйлер теоремасы. Көпжақ және оның түрлері. Геометриялық фигуралардың ауданы мен көлемін есептеу.

66

Шамалар және оларды өлшеу

Шамалар (ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт, жылдамдық, баға) және өлшем бірліктері, олардың арасындағы байланыс, шамаларға қолданылатын арифметикалық амалдар.

Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ойлау қабілетін дамытып, білім-танымын кеңейтеді.

Оқушылардың математика пәніне қызығушылығына, еркін шығармашылығына, өздерінің ізденушілігіне математикалық ойындардың тигізетін үлесі зор. Ең бастысы оқушының ой-ниеті мен сапасын ынталандырып, әр тарауды оқып аяқтаған соң, сабақтан тыс ойын сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор. Әсіресе, ойын сабақтарды пысықтау сабақтарында қолдану тиімді. [3,68]

Оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылық ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.

Оқушылардың математикаға деген, жалпы оқу процесіне деген қызығушылығын нығайту үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалануы, оқытудың жалпы әдіс тәсілдерін қолдануы керек екені анық. Сондай-ақ оқу тәрбие негіздерінің бірі – инновациялық технологиялар.

Математика сабағында деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық есептер, ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Ең бастысы оқушының ой-ниеті мен сапасын ынталандырып, әр тарауды оқып аяқтаған соң, сабақтан тыс ойын сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор. Әсіресе, бұл әдіс-тәсілдерді пысықтау сабақтарында қолдану тиімді.

Оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда дәстүрден тыс сабақтарды өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыруды әдетке айналдырады. Әсіресе ойын сабақтары ұйымдастырылуы жағынан жеңіл, өткізілуі жағынан оқушыларға қызықты болады. Ойын сабақ оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуда, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауға көмектеседі.

Қорыта айтқанда бастауыш сыныптарда математика сабақтарын өткізу мұғалім тарапынан әдістемелік шеберлікті, үлкен фантазияны талап етеді. Осындай әдістемелік барлық талаптарға сай ұйымдастырылған сабақ жақсы нәтиже береді. Түрлі технология элементтері араласқан сабақ оқушыларға әсерлі болып, олардың математиканы білуге деген құмарлығын арттырады, түсініктерін тереңдетеді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007ж.

2. Бейсенбаева К. «Бастауыш мектеп: әдістемелік журнал» 2004, № 8.

3. В. Беспалько. «Педагогика и прогрессивное технологий обучения»,1995.

4. ҚР білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

5. Құрманалина.С.Қ., « Математиканы бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» Орал 2001.

6. Нұржігітова Г. «Қазіргі педагогикалық технологиялар: оқу – әдістемелік құрал» А, 2008.

7. Типтік оқу бағдарламасы. Математиканың бастауыш курсының негіздері. Алматы, 2006.

8. Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. 1-4сыныптар.– Алматы, 2008ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2018
886
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12