Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша"

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Пәні: қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Күні: 4.12.19.

Мұғалімнің есімі: Қасымбекова Б

Сынып: 3 В

Қатысқаны: 17

Қатыспағаны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы(қоғамдық ортада) қатысымдық əрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақ мақсаттары:

Барлық білім алушылар: Мұғалімнің көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі.

Білім алушылардың басым бөлігі: Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Кейбір білім алушылар: Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Жарайсың, Бағдаршам, Смаиликтер.


Құндылықтарды дарыту

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу

Алдыңғы оқу/

Бастапқы білім

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Жоспар

Жоспарлан ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

5 минут

(Ұ) Психологиялық ахуал.

Оқушылар өз көңіл күйлеріне сай суреттердің жанына тұрады.

Егер оқушылардың көңіл күйлері болмаса, бұлттың жанына тұрады.

Егер көңіл күйлері жақсы болса, күннің жанына тұрады.

Picture 1

Балалар, егер далада күн жарқырап тұрса, ауа райы қандай болады?

Ал жаңбыр немесе қар жауып тұрса, не болады?

Сендерге қандай ауа райы ұнайды?

Олай болса, бəріміз күндей жадырып, көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастайық.

(Т) Топқа бөліну. «Кім жылдам?» ойыны.

Оқушыларға сурет қиындылары таратылып беріледі. Сол суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Суреттерді салыстырады, неше айырмашылық бар екенін табады. Дұрыс тапқан топ жеңіске жетеді.


Ортасы

30 минут











3.1.3.1 (Ұ) 13-жаттығу.

Мəтіннен өзіне қандай ақпарат алғанын əңгімелеп айтады. Ол ақпараттардың өзіне ұнаған немесе ұнамағынын айтып, өз ойын білдіреді. Өз өлкелерінде қандай ескерткіштер бар екенін айтып, əңгімелейді. Сөйлеу барысында өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеулеріне басшылық жасалады.

(МК; Ұ) Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.

Алтыбақан сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.

3.3.7.2 (МК; Ө; Ұ; Қ)

Мəтіндегі қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдайды. Олардың тыныс белгілеріне назар аударады.

3.3.7.2 (Ө; Ұ; Қ) Сөйлемдерді оқиды. Екі бағандағы сөздердің баяндауышын тауып, оларға сұрақ қояды. Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауышын салыстырады.

Оқулықтағы жаңа ақпаратты оқытып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мысалдар келтірту арқылы игерген білімдерін пысықтайды.

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ)

15-жаттығу. Мақалды оқып, мағынасына талдау жасайды. Мақалды қатесін түзетіп, көшіріп жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

3.3.7.2 (Ө; Ұ; Қ)

Шығармашылық үзіліс.

16-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқиды. Өлеңдегі сызықшаның қойылу себебін түсіндіріп, дəлелдейді.

Оқулық







Аяқталуы

5 минут

(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу.

Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне

рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді.

(Ө; Қ) Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі«Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған«сауатты жазу», екінші тұрған«көркем жазу», үшінші тұрған«шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.

Үй тапсырмасы: 15-жаттығу, ереже жаттау.

Кері байланыс. «Жетістік сатысы»

Стикерлер


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмекті қалай жоспарлайсыз?


Қабілеті жоғары білім алушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?


Бағалау – білім алушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

«Смайликтер» арқылы бағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2019
489
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12