жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш сыныбына арналған сабақ жоспары
Пән: математика
Сынып: 2 «А»
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды қосу, азайту алгоритмі: 15+28, 43- 15
Оқу мақсаттары: 2.1.2.18
Екі таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға екі таңбалы сандарды қосу, азайту алгоритмін ондықтан аттап, бірліктерге бірліктерді, ондықтарға ондықтарды қосу , азайту тәсілдерін қолдану үлгісін көрсетіп , ұғындыру;
Сабақтың ресурстары: маркерлер, стикерлер, сызбалар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: жұптық жұмыс, талдау, түсіндіру
Бағалау критерийлері:
-
Біледі: Сандарды қосу мен азайтуды біледі
-
Пайдаланады: Сандарды ондықтан аттап қосу мен азайтудан алған білімдерін пайдаланады:
-
Жүйелейді: Екі таңбалы сандарды қосу мен азайту туралы алған білімдерін жүйелейді:
-
Қолданады: Есептерді шығаруда екі таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмін қолданады
Тілдік мақсаттар:
Санау;
Қосу;
Шарты;
Сұрағы:
Шешуі;
Жауабы
Құндылықтарды дарыту:
Ұйымшылдық;
Жауапкершілік;
Сыйластық;
Тапқырлық
Пән аралық байланыс: дене шынықтыру
Алдыңғы меңгерілген білім: есептерді ондықтан аттап қоса алады
Сабақ барысы
Сабақтың Сабақта жоспарланған іс -әрекет жоспарланған кезеңдері
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мақсаты: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз, Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
«Қар кесегі» арқылы бір –бірінің жақсы қасиеттерін одан кейін жағымсыз қасиеттерін атайды.
Сыныпты геометриялық фигураларды таңдату алу арқылы 2 топқа бөлемін
Өткенді қайталау мақсатында «Көршісін тап» ойынын ойнатамын
5 12 9 23
«Нәтижесін жылдам тап»
1 топ 2 топ
8+3 11- 5 8+7 16 -7
12-8 9+4 12 -3 7+5
Бүгінгі сабағымызды өткен сабақпен ұштастыра отырып жаңа тақырыпқа көшеміз.
Екі таңбалы сандарды қосу, азайту алгоритмі.
Бір таңбалы сандардың екі таңбалы сандардардан айырмашылығын еске түсіру.
Неге екі таңбалы, неге бір таңбалы екенін айтқызу.
Сабақтың ортасы. Жаңа тақырып: 15+28; 43-15 түріндегі есептеулер .
Сабақтың мақсатын қоямын: Мен екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмін қолдануды үйренемін.
Оқулықпен жұмыс
№ 1 тапсырма . Суретте бейнеленген спорт түрлерін таңдату, қандай спорт түрі екенін айтқызу, сәйкес есептерді шығарту.
№3 тапсырма. Жұптық жұмыс. Оқушылар қолдарындағы сандарды бір- біріне қосу арқылы нәтижесін шығарады.
36+ 28 37 + 18 54 + 28 34+ 58
Сергіту сәті
№5 тапсырма
Есептемей – ақ салыстыр:
42+58 * 42 + 18
60 -14 * 60-24
50-31 * 50 – 21
46 +34 * 64 + 34
Бағалау критерийі : Дескриптор
Кез келген есептерді Шығарылған есептердің дұрыстығын
шығару тәсілдері мен бақылайды; тапсырмалардың нәтижелерін анықтамаларды пайдаланады тексереді; шығарылған есептердің жақсы
үлгілерін көрсетеді.
Сабақтың соңы. Қорытынды: не үйреніп, не білдік?
* Сабақта не қызық болды?
* Қандай қиындықтар болды?
Дифференциация. 1. Қосу, азайту амалдарына есеп шығара аламын
Қабілеті жоғары оқушыға 2. Санды ондықтан аттап қосып, азайта аламын
Күрделірек жұмыс түрін беру 3. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға қосу, азайтуды үйрендім
Кері байланыс: Блоб ағашы арқылы.
Үйге тапсырма: № 4 36 бет.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген