Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру

Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл -өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында танытса, ал балалар ойын үстінде көрсетеді. Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар ойын үстінде үлкендердің іс-әрекеттерін үйренеді. Ойын арқылы баланың ой-өрісі кеңейеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні бар. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтердің пікірінше, ойын үстінде бала қандай болса, өскенде еңбек барысында сондай белсенділік таныта алады. Сондықтан ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Бала ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып,
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру

Шәкірттің рухани жан дүниесін бүкіл әлемдік білімммен сусындатып, туған халқының ғасырлар бойы жинақтаған қазынасымен байытып ұлттық дәстүрлердің өзық өнегелерін санасына құйып ұлы Абай айтқан “Көкірек көзі оята” тәрбиелеу ата-анадан басталып мектепте жалғасы, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттердің ең бастысы болып саналады. Өз жеткіншегін жан –жақты жетілген парасатты азамат етіп тәрбиелеу, тиісті мамандық беру кез келген мемлекеттің естен шығармайтын мақсаты мен міндеті.

Сондықтан да егемен елімізде жастарға жүйелі білім, тәлімді тәрбие берудің мән-маңызы күн өткен сайын артып келеді. Халық мұрасына тың ізденістер, батыл бет-бұрыс сол арқылы адамгершілік имандылыққа баулу, әдеп ізетке үйрету секілді сипаттар кеңінен көрінісі беруде.

Адам баласы өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайрымдылығымен, адамдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерімен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттікпен әділетсізідік, борыш пен намыс, арман ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілдікке, ізетшілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған.

Адамгершілік қасиетінің өзекті мәселесі қайрымдылық, достық. Халақ ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі, белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра сүреттеген. Еліне қайрымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арналған адамды “Ел қамын жеген - ер” деп дәріптеген.

Мектеп жасына дейінгі балалар негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде де ойнауын тоқтатпайды.

Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әліде бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның ойынға бұрынғыдай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады.

Ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл -өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында танытса, ал балалар ойын үстінде көрсетеді.

Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар ойын үстінде үлкендердің іс-әрекеттерін үйренеді. Ойын арқылы баланың ой-өрісі кеңейеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні бар. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтердің пікірінше, ойын үстінде бала қандай болса, өскенде еңбек барысында сондай белсенділік таныта алады. Сондықтан ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Бала ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Баланың белсенділігін, сапалы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын қамтамасыз ету, қиындықты жеңуде төзімділікке баулу - адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеті.

Бала табиғатынан қимыл қозғалыстарға құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: “Баламен ойнама шаршарсын; “Бала құлыншақ, бала ұрыншақ ”, “ Ойнай білмеген, ойлай білмейді”, -деп тегін айтылмаған.

Бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерін қарастыру. Мектептердегі жүргізілетін ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін ашып көрсету.

-Бала танымын ойынмен дамытып, олардың адамгершілік кұндылықтарын байқау.

-Адамгершілік тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың мазмұны мен маңыздылығын ескере отырып, адамгершілік құндылықтарын дамыту.Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелігі — оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрине, жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы әлде де тұрақсыз болады. Өйткені бұлар ұжымдық өмір сүруге әлде де жөнді дағдыланбаған, мүндай ұжымның құрамы екі-үш баладан аспайды. Ал үшінші, төртінші сынып оқушыларының ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сиякты ұжымдық ойындарлың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы — бала ұжымын құрастыруға таптырмайтын құрал. Бұл ұйымдар балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді. Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапынан жоғарыда аталған ұйымдардың жұмыстары нәтижелі болуына есебін тигізеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. Өзінің басындағы мінез-құлықтың, кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т. б.) ұялып, одан арылғысы келеді. Бірак бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моралдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді. Мәселен, орман ішінде, ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-жануарлардың өміріне қызығушылықты қалыптастырады.

Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады, Олар футбол, волейбол, теннис, городки, лапта ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірімен жарысу моменттері күшті болады. Сондықтан да мұндай ойындар инициативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді, өз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысына бағындыруды үйренеді, жолдасқа көмек беруді, өз командасы үшін бар мүмкіндігін пайдалануды ойлай бастайды. Ойында жарысқа түсу, бірінен-бірі озу жағы да көзделеді. Төменгі сынып оқушылары спорттық ойындарға тән тиісті дағдыларды, ептілікті, ережелерді жөндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстың аса қажетті үйлесімділігін, жылдамдық пен оңайлылықты жақсы меңгереді. Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіру, лақтыру, қарғу, өрмелеу сияқты атрибуттарды үйретіп қана коймай, адалдық,шыншылдық принциптілік секілді адамгершілік қасиеттерге баулиды.

Бастауыш мектеп мүғалімдері бала ойындарына дұрыс жетекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып коймай, онда жаксы психологиялық қасиеттірдің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді жинақтай келе, адамгершілік құнды-лықтарды қалыптастыру ең алғаш тәрбиеден басталады. Тәрбиенің қалып-тасуы негізінен балабақшадан басталады. Қай қоғам болса да, талап-тілектеріне, қажеттіліктеріне орай тәрбиені бір жүйеге келтіріп отырған.

Жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптас-тыруға байланысты арналған ғылыми-зерттеу еңбектерді зерделеу бары-сында балалардың мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, олардың психологиялық дамуына ойынның үлкен мәні бары анықталды. Сондықтан балаларға ұлттық тәрбие беру үшін ойын мазмұнын салт-дәстүр, ата-баба тарихындағы ерлік үлгілерімен байыта түсу қажет деп ойлаймыз.

Қандай халық болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, ілікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады.

Сондықтан сол ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып ұрпақтан ұрпаққа мұра болып өмір сыңынан екшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет –ғұрып, салт-дәстүрлерді педагогикалық әдебиеттерге сүйенген дұрыс.

К.Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу үрдісін жеңілдететінін атап көрсетсе, Н.Крупская "бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген" деген пікір айтады.

Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сондықтан ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.

Н.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болсын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға баулиды.

Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптыстырады.



ЖИ арқылы жасау
27 Наурыз 2025
95
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі