Мазмұны
КІРІСПЕ........................................................................................................................2
1.ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Бастауыш сыныптарда табиғатты бақылауды тиянақты меңгерту мәні..........4
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының табиғатты аялау мен қорғауға қазақтың салт-дәстүрлерінің алатын орны................................................................................7
2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ МЕН ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа деген сүйіспеншіліктерінің қалыптасуы.................................................................................................................11
2.2 Табиғатты аялау мен қорғауға тәрбие берудегі ұлы ағартушылардың орны............................................................................................................................13
2.3 Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдары......................................................................................................................17
3.ІС-ТӘЖІРИБЕЛЕР БӨЛІМІ..............................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................33
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда көзделген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсті. Сол талаптардың бірі – оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Білім дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі
Дүниетану «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдыменен нені танып-білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз - дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен олардың қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние - қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып-білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Бірақ оның сырын түгел біліп танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Курыстық жұмыстың алғашқы бөлімінде «Бастауыш сыныптарда табиғатты бақылауды тиянақты меңгерту мәні» қаралады.
Бастауыш сыныптарда табиғаттану материалдарын оқушыларға тиянақты меңгеру жолдары - бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың негізгі бір жолы - пәнаралық байланысты күшейту.
«Дүниетану» деген мағанаға ой жүгіртсек, «тану» сөзі қандай болмасын процестің тындырылған түрін түсіндіреді. Тындырылған процеске жету үшін немесе екінші сөзбен айтқанда оқып, танып-біліп әрбір жаңа білімді меңгеру үшін мұғалім әрдайым осы танымдық міндетке қызмет етерлік әдіс қолданылып, ұтымды жұмыс түрлерін іздестіреді. Сол арқылы оқушының ми қызметінің белсенділігін арттырып, іздемпаздығын жетілдіреді. Соның бірі берілетін білімнің жүйелігін жүзеге асыру, пәнаралық байланысты күшейту.
Біз пәнаралық байланысты екі түрлі жолын ұсындық. Бірінші –уақытылы байланыс, екінші – ұғымдық байланыс. Бұл байланыс түрлерін бірінші бөлімде тереңірек тарқатамыз.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу, табиғатқа сүйіспеншілігін қалыптастыру жолдарын ашып көрсету.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
-Табиғаттың біртұтастығын, оған ұқыпты көзқарас керектігін ұғындыру;
-Қоршаған ортаны бақылау, жергілікті материалдарды пайдалану;
-Жергілікті табиғат проблемаларды өздігінен шешу;
-Зертеушілік қабілетімен шығармашылық белсендігін дамыту.
Зерттеу жұмысының объектісі: Астана қаласы №51 мектеп – гимназиясы,
3-ші сынып оқушылары.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1 Бастауыш сыныптарда табиғатты бақылауды тиянақты меңгерту мәні
Бастауыш сынып оқушыларының табиғатты бақылауды тиянақты меңгерту мәнінің негізгі бір жолы-пәнаралық байланысты күшейту.
Пәнаралық байланысты міндетті түрде жүзеге асырылуы арқылы оқушыларға берілетін білімнің тиянақтылығын қамтамасыз етуге болатындығын алғаш А.Коменцкий айтқанды. Одан кейінгі дәуірде осы пәнаралық байланыстың психологиялық негізін құрған орыс халқының ұлы педагогі К.Д.Ушинcкий болды. Кейінгі кездегі совет педагогтері М.А.Данилов, В.В.Давыдов, Н.А.Лашкарева еңбектерінде де пәнаралық байланыс туралы тұжырымды пікірлер айтылды. 1960 жылдардағы жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнында біраз өзгеріс болып, оқушыларды тәрбиелеу, білім беру және дамыта оқыту міндеті де қойылды. Осы тұстада пәнаралық байланысқа үлкен мән берілді. Сондықтан да соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары мен әдіскерлері оқушыларды дамыту жолдарының бірі ретінде пәнаралық байланысқа ден қойып, бұл саланы көбірек зерттеуге кірісті. Бұған Н.Оразханова, С.Мұсабеков, С.В.Илларионов, А.А.Бейсембаева, т.б. зертеулері жатады.
Бағдарламалық талаптарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әр уақытта да назардан тыс қалған емес. Себебі пәнаралық байланыс арқылы берілетін білімінің жан-жақты меңгерілуі, білім сабақтастығы қамтамасыз етіліп, пәнді оқытудың тиімділігі артатыны белгілі.
Біз пәнаралық байланысты екі түрлі жолмен жүзеге асырдық. Бірінші –уақытылы байланыс, екінші – ұғымдық байланыс. Уақытылы байланыс әрбір бағдарламалық талаптарды іске асыру барысында әрбір бағдарламалық талаптарды іске асыру барысында берілетін жаңа ұғымды келесі пән бойынша алған ұғыммен күнбе-күн байланыстырып отыру барысында олардың бәріне ортақ ғылыми ұғымдарды солардың бәріне де қолдануға көңіл бөлу арқылы жүзеге асты. «Дүниетану» деген мағанаға ой жүгіртсек, «тану» сөзі қандай болмасын процестің тындырылған түрін түсіндіреді. Тындырылған процеске жету үшін немесе екінші сөзбен айтқанда оқып, танып-біліп әрбір жаңа білімді меңгеру үшін мұғалім әрдайым осы танымдық міндетке қызмет етерлік әдіс қолданылып, ұтымды жұмыс түрлерін іздестіреді. Сол арқылы оқушының ми қызметінің белсенділігін арттырып, іздемпаздығын жетілдіреді. Соның бірі берілетін білімнің жүйелігін жүзеге асыру, пәнаралық байланысты күшейту. Бұл үшін – оқылатын пәннің өз ішіндегі мәтін мазмұндарының байланыстылығымен қоса сол сыныпта оқылатын әрбір пәннің бір-бірімен байланысына да көңіл бөлінеді. Бұл берілген ұғымды оқушының тиянақты меңгеруін қамтамасыз етуге көмектесті. Байланысты күшейту үшін оқушының өмір тәжірибесі мен бұрын алған білімін жаңадан қабылдағалы отырған білімінің мазмұнымен байланыстырудың тиімділігі байқалды.
Оқушыларға тиянақты білім берудегі сол бұрынғы білімінің байланысының маңызын психологтар да ерекше атап көрсетеді. Баланың кез келген затты, құбылыс пен оқиғаны, сол сияқты әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін жете тануы үшін алдымен оларды оқитын мәліметтері жайында түсінік қалыптастыру керек. Ол үшін бұрыннан белгілі таныс зат енді танығалы отырған затпен салыстыру, талдау, жинақтау арқылы оладың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау, осы арқылы әр пәннен алған білімдерін байланыстыру іске асырылады. Мұғалімнің көздейтін мақсаты оқушыларға берілетін ғылыми білім неіздерінің бірлігін, тұтастығын сақтау болды. Сол сияқты ілесе отырып байланыстыру да жиі қолданылады. Кез келген пәнді оқыту барысында ұтымды бөлімін тауып, сабақ желісіне басқа пән мазмұныдағы байланыстықты, заңдылықтарды кірістіре кету жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс кезінде педагогикалық ситуациялар жасалып, оқушылардың ой желісінің жалғасуына, ұғымды тиянақты меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалды.
М.Жұмабаев «...суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталады»,- деп, еске анықтама береді де еске сақтаудың білім алудағы өте жоғары ролін ашып көрсетеді. Ең болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұрса, өмірінде адамның білімі артпас еді...» Ес болса ғана адам білімді бола алады. Ес болса ғана адам дұрыс ойлай алады. Ес неғұрлым мол болса, ой терең болады»,-дейді.
Ал, Т. Тәжібаев есті ең күрделі псиологиялық процесс ретінде қарап, «Ес бұрын тәжірибеде қабылданған нәрселерді мида қалдыратын, жаңғыртатын және оларды кейіннен танып, еске түсіретін психикалық функциялар» екенін айтады. Бұл қағидаларға жүгініп отырған себебіміз - пәнаралық байланыстың қай түрі болса да, бала есінің тиянақтала түсуіне әсер ететіндігі. Бұрын оқып өткен мағлұматты не жаңа оқып отырған материалды басқа пән мазмұнымен байланыстыру арқылы қалайда естегі қалған ұғымды жаңғырықтыру арқылы қабылдау, естегі қалған ұғымды жаңғырықтыру, қайталау, тиянақтау түсу мақсаты жүзеге асады. Сонымен қатар оқушыларда білім негіздерінің бірлігі туралы пікір қалыптасады.
Сол сияқты пәнаралық байланысты күшейтудің екінші жолы-арнайы жүргізілген кешенді топсаяхаттар екені ескеріледі. Мұндай жағдайда ана тілі пәнінің де табиғаттану пәнінің де мүдесіне жарайтындай мазмұнда ұйымдастырылған топсаяхаттар өте тиімділік көрсетеді. Жыл мезгілдеріне байланысты топсаяхатқа шыққанда оқушылардың табиғат туралы түсінігі кеңейіп, алған ұғымдары бекіп, нақтылы заттар мен құбылыстарды танып білсе, ана тілі сабақтарына байланысты табиғат тамашасына қызыға қарау, әдемілік пен сұлулықты сезіну сияқты эмоциялық әсерді де іске асыру жағы орындалады. Осы арқылы оқушылардың эстетикалдық талғамы қалыптасты.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский пән аралық байланысты жете көрсетіп, оқушылардан үнемі оқыған заттары мен құбылыстарының ішкі және сыртқы байланыстарын ашуды талап етті. Оқудың қызықтылығы, тартымдылығы мен нәтижелігі сонда ғана қамтамасыз етіледі деп есептеледі. Өйткені, қызығушылық бала сезімін кеңейтіп, тереңдете түседі, сол арқылы таным да тиянақты болады деп білген.
Әсіресе білім беруге арналған кешенді топсаяхаттар баланың әртүрлі затты, құбылысты, өсімдік пен жануарларды және адамдар арасындағы қатынасты нақты жағдайда көруін, олардың ішкі, сыртқы байланыстарын байқауын жүзеге асырады. Кешенді топсаяхаттың тиімділігін, әсіресе, уақыт үнемдей отырып, пәнаралық байланысты күшейтуге көмектесетіндігін Ю.К.Бабанский де атап көрсетеді. Осы жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып, бастауыштағы сауат ашу кезеңінің өзінде-ақ оқушылардың табиғатқа бақылау жүргізуін, байқағандарын әңгімелеп беруге төселуін көздей отырып, оның нәтижесін тек әліппені оқытуда ғана емес, айналамен таныстыру сабақтарында пайдалану жүзеге асырылады.
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының табиғатты аялау мен қорғауға қазақтың салт-дәстүрлерінің алатын орны
Тіршілік тірегі - табиғат! Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы. Табиғат пен адамзат бір-бірімен тығыз байланысты. Адам үшін табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері тіршілік етудің басты көздері болса, табиғат үшін адам оның бағбаны іспеттес.
Ш. Уәлиханов «Табиғат! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, одан құпия не бар?» деп қастерлеген. Табиғат адамдардың өмір сүретін ортасы. Адам баласы табиғатсыз өмір сүре беруі мүмкін. Халқымыз табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оның ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра ретінде сақтап келуі бізге үлкен өнеге. Қай ғасыр, қай уақыт болсын барша адам баласы табиғатты қорғап, аялап, оның ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра ретінде сақтап келуі бізге үлкен өнеге. Қай ғасыр, қай уақыт болсын барша адам баласы табиғатты қорғап, аялап, оның қыр-сырын зерттеп, дәріптеп отырған. Табиғат, оны келер ұрпаққа сол күйінде бүлдірмей сақтап қалу үшін әрбір жан оның қадірін түсінуі қажет.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мідетті»-делінген.
Табиғат қорғауға байланысты қазақ халқының дәстүрлері сан-салалы, алуан түрлі. Олар халықтың табиғат жөніндегі ұғымымен тікелей байланысты.
Халық дәстүрі, оның ішінде табиғат қорғауға байланысты халық дәстүрлері дегенді қалай түсінеміз?
Біздің халықтың алғашқы тарихи өмірі көшіп-қонудан басталған. Қазақ халқының даналығының бастауы да осы көшпенді өмірде негіз алады. Табиғат аясында өмір бойы көшіп-қонып жүріп, біздің ата-бабаларымыз табиғат сырын игерген, оның сан-салалы құбылыстарын бағалай білген. Табиғаттың сансыз сыры ме құбылыстары бағай білген. Табиғаттың сансыз сыры мен құбылыстары түсінуге ұмтылу, халықтың бойында, ақыл-санасында табиғат жайында танымды, табиғатты аялаудың қажетілігі жайында түсінікті шым-шымдап жинақтауға көмектескен. Сан ғасырлар бойы жеке халық өкілдерінің, бүкіл халық рухында, болмысында жинақталған табиғатты ұғыну, табиғаттың адам өміріне қажеттігін түсіну, табиғатсыз адам өмірінің мәні мен жалпы өмірдің өзі болмайтынын сезіну қалыптасты. Сол үшін адам, бүкіл халық табиғатты біртұтас, оның әр бөлшегін мал жанындай қорғауды өмір заңына айналадырады.
Бертін келе, сан ғасырлық өмір тәжірибесінің арқасында жинақталған асыл қасиетті халық кейінгі мирас етіп қалдырады, бұны дәстүр дейміз. Осы аға-ұрпақтан мирас ретінде алынған асыл қасиеттерді саналы түрде жалғастыра білу, оны іске асырып, келесі жас ұрпаққа мира ретінде қалдыру –дәстүрдің іске асқаны, асыл мақсаттың орындалғаны, өмір арманының жалғаса отырып дамығаны.
Халық педагогикасының алдында қойған мақсатының бірі –ел арсында кеңінен тараға табиғат қорғауға байланыты халық дәстүрінің педагогикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, жүйеге келтіріп, жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану.
Ұрпақты туған жерін өскен елін жанындай сүйетін, өлкенің келешегі үшін аянбай тер төгіп қызмет атқаратын азамат етіп тәрбилеуде халық арасында кең тараған табиғат қорғау дәстүрлерінің маңызы зор.
Табиғат қорғауға дәстүрлі сан ғасырлар бойы халқымыздың еңбектенуінің арқасында өмірге келген асыл қазына, бұл дәстүрлер халықтың ақыл-ойының жемісі.
Табиғат қорғауға байланысты халық арасында тараған тамаша дәстүрлер мол. Соның ішінде ауаны қорғауға байланысты, суды, топырақты, пайдалы қазбаларды қорғауға байланысты халық дәстүрлері кездеседі.
Ауа -өмірге өте қажет. Ауасыз тіршілік жоқ. Ауа тазалығы - әрбір адамның денсаулығының кепілі. Табиғат тазалығын соның ішінде ауа тазалығын сақтауға байланысты айтылған өшпес үндерді халық арасынан көптеп кездестіреміз.
«Топырақ шашпа», Күлді баспа», «Күң-қоқысты шашпа», « Шаңдатпа», «Өртеме», «Түтіндетпе» деген үлкен мәні бар тыйым сөздерді жиі естиміз. Халық арасында тыйым сөздермен қоса, тапсырмалық сөздер де кездеседі. Олар: «Күлді көміп таста»,»Су сеуіп сыпыр», «Қалдықтарды ошаққа жақ», «Ауаны тазала» түріндегі тапсырмадан тұрады.
Қазақ халқында ауа тазалығын сақтауға байланысты дәстүрлер тараған. Атам заманнан қазақ халқының арасында «Таза ауа-дертке дауа» деген. Осы сияқты нақыл сөздер ауа тазалығын сақтауға үлесін қосады.
Суды қорғауға байланысты: «Бастау су алса- бақыт суалады», «Бастау көзі тапталса, батпаққа айналады», «Құлазыған шөл жетім, құс қонбаған көл жетім, сортанға құйған сел жетім», «Ағын су -өмір, тоқтау су өлім» деген даналықтарын кездестіреміз.
Пайдалы қазбаларды қорғауға байланысты халқымызда «Керек тастың ауырлығы жоқ» деген нақыл сөз бар. Ертең күннің қамын, ұрпағыңның келешегін ойлаған азамат өлкесінің әр бір тасын, жер қойнауының кез-келген пайдалы қазбасының әрбір түйін үнемдеп пайдаланып, елі мен жерінің игілігіне айналдыруы тиіс.
Топырақты қорғауға байланысты «Туған елдің, өскен жердің бір уыс топырағы бұйырған кісіде арман жоқ» сияқты және тағы басқа нақыл сөздер кездеседі.
Қазақ халқы табиғатпен үйлесімді өмір сүру барысында табиғаттың теңдесі жоқ қоры – жасыл өсімдіктерді ары мен жанындай қадірлеген. Оның дәлелі ретінде ел ішінде кең тараған: «Көкті жұлма, көктей соласын» дейтін тыйым салатын даналық сөзі бар. Жасыл өсімдікті жаны мен арындай қадірлеу қазақтың қанына сіңген қасиет.
Табиғат сырын жақсы түсіну ғасырдан-ғасырға созылып, халықтың қанына сіңіп атадан – балаға беріліп, асыл дәстүрге айналады. Қазақ халқы қадірлейтін жануарлар дүниесінің бірі – құстар.
Бұған мысал ретінде құс атымен аталған қаншама ұл-қыздарымызды айта аламыз. Құстаға тиіспеуге байланысты тыйым түрінде ескертпелер, өлеңдер, үлгі сөздер толып жатыр. Мысалы,
Торғай –торғай тотым бар,
Бір жапырақ етім бар.
Маған тиген баланың
Әке-шешесі өліп, жетім қал!-
деген сөздер бар. Осындай тыйым сөздер, ескертпе арқылы халқымыз жастарды жамандықтан жиренуге, жақсылықты үйренуге жетелеп отыр.
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ МЕН ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа деген сүйіспеншіліктерінің қалыптасуы
Рухани дүниесі бай адамды тәрбилейтін басты құрал-табиғат сұлулығы. Оны өз дәрежесінде түсініп, көркемдігіне сүйсініп, байлығын пайдаланып қана қоймай, қорғай да білу үшін оған деген қызығушылығын арттыру, ынтасын тудыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Ол мақсаттар сынып қабырғасында емес, табиғат аясында жүзеге асады. Соған сәйкес «Айналамен таныстыру» пәнінің бейнелеу сабағымен байланысы күшейтілді. Табиғат көрнекіліктерді пайдалып, нақты дененің (ағаш, шөп, жапырақ, жеміс және т.б.суретін салу, байқағандарын қайта жаңғыртып бейнелеу сияқты жұмыс түрлері кіргізілді.
Табиғатты пайдаланатын да, оны түлететін де - адам. Сондықтан сол тұста жарық көрген әдістемелік нұсқауда адам еңбегі, оның түрлерімен, еңбек адамдарымен таныстыру да, айналамен таныстыру сабақтарының бір саласы болуға тиіс деп көрсетілді.
Бірінші сынып оқушыларына табиғаттанудан берілетін білімді еңбекпен байланыстыру міндеттері де жүктеледі. Еңбек түрлерін балалар күнделікті өмірден байқап қана қоймай, өздері де еңбектің жеңіл түрлерімен айналысу барысында табиғи құбылыстарды түсінуге мүмкіндік алатын айта келіп (өсімдіктерге су құю, шаңын, сүрту, қураған жапырақтарды жинау, құстарға жем шашу), оқушылардың өздерін еңбекке қатыстыру талабы қойылды. Осы еңбектер нәтижесінде өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайларды, олардың тұқымнан өнетінін, бөліктерін оқулықтан оқып қана емес, нақты объектілер, образдар арқылы сезіне отырып қабылдау үрдісін дамыту ескертілді. Сонымен қатар табиғат қорғау мәселелерін жүзеге асыру да көзделді (өсімдікті жұлмауға, құстарды қорғауға, пайдалы жануарлар мен өсімдіктерді тани білуге дағдылану).
Алты жасар балаға қоршаған ортадан берілетін білім, негізінен, олардың топсаяхат кезінде табиғи материалдарды бақылауы не өндіріс, шаруашылық орталықтарында болып, керекті объектіні көріп танысу барысында сезімдік қабылдауы арқылы жүзеге асатынын айтқанбыз. Ал мұндай әрекеттер кезінде алынған деректер мен ұғымдар мазмұнына қарай әр сабақтың қолайлы бөлімінде кіріктіре қолданылады. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту кезінде олар жыл мезгілдерінің өзгеретінін, ол өзгерістің адам еңбегіне, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне әсер ететінін аңғаруына, сезінуіне сол арқылы білім жүйесінің қалыптасуына жағдай жасалды. Олардың бұл ұғымдары кейінгі сыныптарда жыл мезгілдерінің ауысу себептерін түсінулеріне негіз салды.
Айналамен таныстыру барысында оқушыларды туған жерін сүюге тәрбилеу, еңбек адамдарын қадірлеу, табиғатты қорғау дағдылары ғана қалыптасып қоймай, ой қорыту, қисынды ойлау қабілеттерін арттырып, тіл байлықтарын дамыту көзделді. Табиғатқа адам да жататынын түсіндіріп, жекебас гигиенасына да көңіл бөлінді. Қалалы жерлерде оқушыларды айналамен таныстыру үшін мектеп маңындағы алаңға, саябаққа, баққа апаратын болса, ауылды жерлерде бақшаға, шалғынға, орманға апарып таныстыру жүктеледі.
Табиғат объектілерімен (өсімдік, жануар, жер бедері, су және т.б.) таныстыру үшін жүргізілетін бақылаулар табиғат аясында, не мектептегі табиғат жүйісінде өтуге тиіс болды. Оқу алаңында балалар көкөніс, сәндік гүлдер өсіруге қатысып, мұғалімнің көмегімен өсімдіктің өсіп жетілуін бақылау, жануарлармен танысу көмегімен өсімдіктің өсіп жетілуін бақылау, жануарлармен танысу кезінде жабайы аңдар мен үй жануарларының тіршілігіндегі айырмашылықты да байқау талаптары қойылды. Жануарлар, өсімдіктер туралы оқығанда, олардың суретін салу сурет сабағында жүзеге асса, дайын қиылған пішіндер оны өз түсіне келтіріп бояу, ермексаздан мүсін жасау еңбек сабағына жүктелді. Сонымен қатар ана тілі сабағында әртүрлі мазмұндағы мәтіндерді (ертегі, өлең, жұмбақ, мақал-мәтел) оқу барысыда дүниетану мақсатын үнемі ескеріп отыру жағы да көзделді. Бірінші сыныптағы тіл дамыту сабағында оқушыладың айналадағы дүниеден алған білімдерін нәтижесін пайдалануға үлкен мүмкіндік берді. Оқушылардың табиғаттан көріп, байқағандарын әңгімелеу арқылы сөз қорларын дамытып, сөйлем құрауға, әңгіме құрастыруға үйрету жағы қарастырылады.
Айналадағы дүниемен таныстыру кезіде оқушылардың өздігінен атқаратын іс-әрекеттеріне баса көңіл бөліп, дербестігін арттыруға мүмкіндік берілді. Мұғалімнің мақсаты- проблемалық жағдай туғызып, оны шешудің жолын оқушылардың өздеріне жүктеу болды. Осы тұста В.А.Сухомлинскийдің «Бастауыш класстар оқушысының ойы сезім мен көңіл толқуларынан ажырамастай тығыз. Оқыту процесінің әсересе қоршаған дүниені қабылдаудың сезімге бай болуы – бала ойы заңдарының алға қоятын талаптарының бірі» деген пікір ойға оралды. Ол жанды сөз бен шығармашылық ойдың қайнар көзі табиғат пен бүкіл қоршаған орта екенін ашық айтқан. «Балалар қоршаған орта дүниелерін қабылдап және оларға қиялдан бір нәрсе қоса отырып, қызу қуанышты бастан кешіреді. Қабылдаудың сезімге бай болуы-бала творчествасының рухани күші мен эмоциялық өрлеусіз бала миы клеткаларының қалыпты дамуы мүмкін емес деген кәміл сенімдемін. Бала миында болатын физиологиялық процестерді эмоциялық байланысты: қарбаластық, өрлеу, елігу сәттерінде ми сыңарлары қабығының клеткалары күшті азықтанып отырады. Бұл кезеңдерде клеткалар көп энергия жұмсайды, бірақ сонымен бір мезгілде организмнен көп энергия жұмсайды, бірақ сонымен бір мезгілде организмнен көп энергия да алады.
2.2 Табиғатты аялау мен қорғауға тәрбие берудегі ұлы ағартушылардың алатын орны
Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, білім беру мазмұны мен оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктеуде. Әлемдік білім кеңістігімен үйлесімділікке бет алып отырған еліміздің білім беру саласындағы түбегейлі жаңалықтар білім мазмұны мен оқыту әдістеріне өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Педагогика ғылымында білім мазмұны тұлғаның бойында жағымды қасиеттерді қалыптастыратын, педагогикалық тұрғыдан бейімделген ғылым негіздері, оқушы меңгеруге тиіс білім, икемділік, дағдылар жиынтығы, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалды-құндылық қатынастары құрамына енетін адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі ретінде қарастырылады.
Қазіргі білім мазмұнына дамыта оқытуға негізделген дүние туралы, оқушыда қалыптасуы тиіс іс-әрекет түрлері, дүниені танып-білудің әдіс-тәсілдері туралы білім енгізіліп отыр.
Бастауыш саты – оқушылардың дүниені тұтастықта тануын қалыптастырудың ең қолайлы мерзімі екенін атап көрсетеді. М.Н.Скаткин балаларда қоршаған орта туралы алғашқы түсінік мектепке дейінгі кезеңде қалыптасып, бастауыш мектепте қоғам, табиғат құбылыстарымен заңдылықтары туралы нақты білім қалыптастыруға болатынын тұжырымдайды.
Оқушылардың оқу пәнінен жүйелі білімдері қалыптасуы үшін ол білімдердің табиғаты, пайда болуы мен дамуы жөніндегі, пәндік білімдер арасындағы байланыстың сипаты белгілі болуы, яғни оқушының белгілі бір дәрежеде «ұғым туралы білімдері» болуы тиіс. Сонымен қатар, оқушыларды ғылыми танымның ең жалпыланған әдістерімен, тану диалектикасы туралы білімдермен қаруландыру керек. Мұнда білімді алуға және оны баяндауға бағытталған оқушының өзіндік іс-әрекеті де жүзеге асырылуы тиіс. Оқушы ұғымдарды танып біліп қана қоймай, оның қандай белгілері бойынша танылып тұрғанын да білсе, бұл оқушының ұғымды саналы меңгергенін білдіреді.
Педагогикада «ұғым» деп, заттар мен құбылыстардың елеулі объективті жақтарын бейнелейтін, арнайы терминдермен бекітілген немесе белгілермен бекітілген ғылыми білім формасын атайды. Сезімдік бейнелерден (түйсіну, қабылдау) ұғымдардың айырмашылығы олар барлық сапалық дәрежелерінің көпқырлылығымен ерекшеленетін дараланған нәрсе емес. Оны көпқырлылықтан оқшаулайтын оның ерекше белгілері, осы белгілердің арқасында ұғымдар орталықтандырылады және оның басқалардан негізгі айырмашылығы да осында.
Ұғым – материалдық дүниенің белгілі бір объектілері – адамгершілік, шығармашылық қатынастар турасындағы білімдердің дамуындағы бөлек белес нәтижесі. Білім жүйесінде қоршаған ортаның объектілері мен құбылыстары елеулі орын алады, өйткені олар шынайы ақиқатты тануда тірек сәті бола отырып, оны танудың өзіндік мәні бар түйіні болып та саналады.
Ұғымдағы бейнеленген заттар мен құбылыстар санына қарай, ерекшеленген біріңғай класстар санына қарай, ұғымдардың өзара байланысы оның сипатының келесі логикалық категорияларын айқындайды: мазмұны, көлемі, басқа ұғымдармен байланысы және қатынасы. Ұғымдардың мазмұны болып, осы ұғымдар арқылы санамызда бейнеленетін заттар мен құбылыстар сапасының елеулі қасиеттерінің жиынтығы табылады. Мазмұнына қарай ұғымдар ғылымда қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді.
Ұғымның көлемі осы үғым қамтитын немесе ұғым көмегімен санамызда бейнеленетін объектілер санымен сипатталады. Осы тұрғыдан ұғымдарды жалқы және жалпы ұғымдар, категориялар деп бөлуге болады. Жалқы және жалпы ұғымдар бөлінбейтін диалектикалық бірлестікте болады: жалпы ұғымдарды жалқы ұғымдарсыз түсіну мүмкін емес, ал жалқы ұғымдар да өздеріне сәйкес жалпы ұғымдардан туындайды.
Сонымен, қандай ұғым болмасын адамның объективті ақиқатты тануы барысында және жеке дара таным барысында да үнемі дамып отырады. Оқыту барысында меңгерілетін әрбір ұғымның елеулі белгілерінің саны оны алғаш қалыптастыруға ғана емес, әрі қарай дамытуға және пайдалануға да жеткілікті болуы тиіс. Егер ұғымның елеулі белгілері оңтайлы көлемдегі фактілермен айғақталып, басқа ұғымдармен өзара байланыста қарастырылатын болса, ол дәлелді және сенімді сипатта қабылданады.
Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде ұғымдардың көлемі, байланысы және оларды әр жастағы оқушылардың меңгеру дәрежесі туралы мәселе біржақты шешімін таппаған.
Ұғымдарды ғылыми және ғылыми емес «тұрмыстық» деп алғаш енгізген белгілі психолог Л.С.Выготский меңгерілетін ұғымдар мазмұнын емес, оларды меңгерту ерекшелігін көздеген. Оларды «спонтанды», «тұрмыстық» деп атауының себебі, бұл ұғымдардың оларды қабылдауға бағытталып әдейі ұйымдастырылған процестен тыс қалыптасуы. Л.С.Выготский баланың спонтанды ұғымдарының талдауын аяғына дейін жеткізсе, олар белгілі дәрежеде ғылыми ұғымдарға ұқсас болатындығы туралы қорытындыға келеді.
Білім элементтері өзара байланыста болады. Барлық ғылымдар ғылыми фактілермен, ұғымдармен, заңдармен, теориялармен қамтамасыз етілген яғни, солардың негізінде құрылған. Материяның құрылымдық түрлері ұғымы және сол түрлерге сәйкес қозғалыстар мен құбылыстар (физикалық, химиялық, биологиялық, қоғамдық) ұғымдары, денелердің қасиеттері мен құбылыстарды сипаттайтын шамалар ұғымы (мысалы, механикадағы жылдамдық) барлық ғылымға ортақ болып саналады. Ғылыми білімнің құрылымдық элементтері мектеп пәндерінің мазмұнына енгізілген. Ұғымдарды меңгермей ақиқат дүниенің заңдылықтары мен олардың теорияларын меңгеру мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде тұлғаны дамыту мәселесі көкейкесті болып есептеледі және оған көптеген зерттеулер арналған: бастауыш мектептен-ақ теориялық білімдерді қалыптастыру арқылы баланы дамытуды негіздеу, теорияларды түсіндіру қызметін күшейту, оқу пәндерінің мазмұнына әдіснамалық білімдерді ендіру, оқытудағы эмпирикалық және теориялық танымның бірлігінде, индукция мен дедукция арақатынасында алу қажеттігі (М.Н.Скаткин т.б.).
Барлық оқу пәндері, барынша күрделі жүйені көрсетеді, оның маңызды элементі болып табылатын – ұғым. Олар бір-бірімен байланысқан, ұғымдық құрылымды, оқу пәнінің негізін жасайды. Оқу пәнінің ұғымдық жүйесі әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты ұғымдар жүйесін: ұғым-элемент, ұғым-кешендер, және іргелік ұғымдарды қамтиды. Іргелік ұғымдар, жетіле және дами отырып орталық ұғымдар ретінде теориялардан өтеді және осы ұғымның мазмұны ақиқат шындық моделінің құрылымын анықтайды.
А.В.Усова ұғымдардың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі мен орнын қарастыра отырып, ғылыми теориялар – бұл ғылыми ұғымдар жүйесінің дамуы екендігін, олардың жаңадан ашылған ғылыми фактілерді талдау нәтижесінде жасалатындығын көрсетсе, кейбір зерттеушілер ғылыми ұғымдарды қалыптастырудың тиімділігі саласында оқу пәндері оқушыларға динамикалық жүйе, тұтастық-логикалық, объективті өмір сүретін құбылыстар мен заңдылықтарды өзара байланыста және біртұтас қалыпта беруі керектігін ұсынады.
Психологтар Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Элькониндердің зерттеулері көрсеткендей, оқушылар санасы білімді неғұрлым көбірек қамту, олардың тығыздығы неғұрлым сыйымды ұғымдарды жасау бағытында дамитындығын анықтайды. Дамыған ақыл-ой теориялық ойлауға бейім, мазмұны жағынан біртұтас жүйе құратын объективті өзара байланысты құбылыстар аймағын құрайды. Теориялық ойлау теориялық ұғымдарды қалыптастырады, оның мазмұнын жалпылық пен даралық, тұтастық пен жекеліктің бірлігі құрайды.
Психологтар ұғымның түрлі түсініктемелерін береді. Н.А.Менчинская «ұғым» сөзімен біздер заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін қорытынды білімді белгілейтіндігімізді айтса, В.А.Крутецкий ұғым- заттар мен құбылыстардың жалпы әрі елеулі қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы екендігін, А.Ф.Говоркова ұғымдарға таным процесінің бір түрі деп анықтама бере отырып, елеулі деп бағаланатын ұғым белгілері, заттар мен құбылыстар мәнін белгілеп қана қоймай, түрлі сапа объектілерін айыру бірлігі ретінде де қызмет етуі қажеттігін, Б.Г.Ананьев ұғымды заттың сапасын ерекшелейтін логикалық тәсіл ретінде анықтайды.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдары
Дүниетанулық білім мен тәрбие берудің өзекті орталығы –сабақ. Сабақта оқушыларға төмендегідей мәселелерді түсіндіріп өткен жөн.
-Табиғаттың біртұтастығын, оған ұқыпты көзқарас керектігін ұғындыру.
-Қоршаған ортаны бақылау, жергілікті материалдарды пайдалану.
-Жергілікті табиғат проблемаларды өздігінен шешу.

Табиғатты қорғау үшін практикалық іс-қабілетін дамыту сияқты мақсаттар толық нәтиже беру үшін сабақтың алуан түрлі әдіс-тәсілдері қолданылады. Дүниетану дәріс сабағы, топ серуен, кеш, танымжапырақ, сайыс, апталық т.б. өткізу ойлануға шығармашылық қабілетін дамытуға болады.
Бастауыш сыныптарда оқу бағдарламасы мен мемлекеттік стандартқа сай тақырыптар өткенде жергілікті жердегі, аңдар мен құстар, өсімдіктермен таныстырып, олар жайлы қызықты мәліметтер беріледі. Көктем де құстарға ұя жасауға, мектептің шағын үлескісінде көшет, гүл егуге қатыстырып, қалай өсіп-өнетінін бақылау ұйымдастырылады.
Қазақстан өлкесі жануарлар мен өсімдіктерге өте бай. Табиғаты әсем, ауасы таза. Сондықтан топсеруен, танымжорық кезінде «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктердің сансыз түрімен танысып өз көздерімен көреді.
Бастауыш сынып оқушылары оқу бағдарламасы бойынша мамыр айындағы сабақтар табиғатқа танымжорық, жаздық тапсырмалар, топсеруедер-табиғаттағы сабақтар түрінде өткізіледі.
Табиғаттағы сабақтарда және топсеруендерде оқушылар өз беттерінше өсімдіктердің құрылысын барлық мүшелерін сипаттауға үйренеді. Өсімдіктердің көбейуін, тұқымының таралуын, жылу және жарық жүйесіне бейімдеушілік ерекшеліктерін анықтап, әр түрлі топырақтағы тамырдың даму түрлерімен тозаңдану түрлерін атап отырады. Табиғатпен таныса отырып, оның әр түрлі формаларын тіршілік үшін күресіне тереңірек үңілген сайын, оқушыларда өсімдік организмін жете зерттеуге, оларды зиянды сыртқы орта әсерлерінен қорғауға деген қажеттілік туындап отырады.
Осы мақсатта бастауыш сыныптарда табиғатқа танымжорық сабағы өткізілді. Сабақтың барысында танымжорық жасайтын жер картасы «Қоршаған орта факторлары және олардың өсімдікке тигізетін әсері» (Кесте-оқушылар бақылауының қорытындысы.) пайдаланылды.
|
Факторлар |
Факторлардың сипаты |
Қоршаған орта факторларының өсімдікке әсері. |
|
Топырақ |
Қара түсті, құнарлығы көп |
Топырақ өз бойына ылғалды ұзақ сақтайды. Өсімдік өсуіне қолайлы жағдай жасайды |
|
Ауа |
Ауа таза |
Өсімдікке зиянды газдар т.б. заттар жоқ |
|
Жел |
Ылғалды, салқын |
Топырақтың құрылымын өзгертпейді |
|
Су |
Топырақта, ауада бар екені сезіледі |
Судың қалыпты болып тұруы өсімдіктің өсуіне қалыпты әсер етеді. |
|
Температура |
Ауа +20ºС +22ºС сынып бағасы бойынша |
+10ºС жоғары температура өсімдік өсуіне әсер етеді |
|
Жарық |
Күн ашық |
Жарық өсімдік фотосинтезіне қажет |
|
Жер қыртысы |
Таулы жазық |
Өсімдікке зиян келтіретін желді ұстайды. |
|
Өсімдік |
Топырақты біркелкі жабады |
Өсімдікке топырақты кеуіп кетуден және көшуден сақтайды |
|
Жануарлар |
Бунақденнелілер, жауын, құрты |
Бунақденелер өсімдікті тозаңдандырады, жауынқұрт топырақты құнарландырады |
|
Адам |
Құрылыс, тас төселген жол, мал таптаурыны, жыртылған ерлер. Өсімдік түрлерінің азайуына соқтырады. |
Ағаштар отырғазу, көгалдандыру. |
Танымжорық кезінде бақылаулар мен әңгіме қортындысын оқушылар әрбір фкторлармен танысқаннан кейін кестеге енізіп отырды.
Қоршаған орта жөнінде өз ойларын ортаға салып, орынды ұсыныстар қаралды. Мысалы, адамның топырақпен шаруашылық әрекетіне байланысты оқушылар мына төмендегі кестені құрастырады.
|
Адамның әрекеті |
Оның жағымсыз нәтижесі |
Жергілікті жағдайларға арналған ұсыныстар |
|
Жерді жырту |
Топырақ эрозиясы |
Топырақты шығынсыз өңдеу, ағаш отырғызу |
|
Егістікке суландыру |
Топырақтың сорлануы |
Суаруды қопсыту мен ауыстырып отыру, ұнтақтау, ағаш отырғызу |
|
Малды иесіз, қадағаламай жаю |
Топырақты таптау және тақырға айналдыру |
Малды иесіз жайғызбау, өскен шөптің биіктігін, оның орынсыз орылмауын бақылау |
|
Жол, соқпақ жол салу |
Топырақты нығыздау, суды егістіке кетпейтіндей жол бойымен сағасы мен ағызу |
Жеке көлікпен белгіленген жолмен жүру. Бұны көлік жүргізу ережісіне енгізу. |
Сонымен оқшылар тәжірибе жүзінде, табиғатта «саябақтарда, бауларда, мектеп жанындағы үлескіде) өсімдіктермен қоршаған орта факторларының арасында байланыс бар екенін дәлелдейді. Бақылау қорытындыларын «Өсімдік пен қоршаған ортаның байланысы» кестесін толтырып отырады.
Келесі сабақта табиғаттағы адамның ережелерді бұзу тәртібінің нақты деректеріне арналады. Оқушыларға алдын ала белгіленген бағыт бойынша зақымданған яғни, тапталған жерлерге, қоқыс төгілген жерлерге аялдап, экологиялық бақылау жүргізіледі. Оқушылар топырақтағы, өсімдіктердегі зақымданған жерлерін көріп, көмек көрсету іс - әрекетін жасады. Тәжірибемізде табиғат тәртібінің бұзылуы анықталып, оларды жою шараларын төмендегідей белгіленеді.
|
1 |
Ағаш астындағы топырақ тапталған |
Жасыл патруль бақылауын ұйымдастыру. Бастауыш сынып оқушыларына табиғатты сақтау тәртібін баяндау |
|
2 |
Ағаш астында шөп қабатының болмауы |
Жерді қопсытып, шөптедің (дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастары) түрлерін өсіру, бұл топырақты құрғаудан сақтайды |
|
3 |
Ағаш астында оттың қалдықтары |
Оқушыларға жапырақты тыңайтқыш ретінде пайдалануға болатындығын түсіндіру |
|
4 |
Ағаштың сынған бұтақтары |
Сынған бұтақтарды түбінен кесу және кесілген жерін әкпен, бояумен өңдеу. |
Сонымен табиғаттағы сабақтарда және топсеруендерде, оқу тәжірбе үлескілерінде жүргізілген сабақтарда оқушылардың табиғатпен тікелей және жүйелі қарым-қатынас жасауы нәтижесінде экологиялық мәдениет қалыптастырылады. Табиғатты аялау мен қорғау қажетілігі ол ең алдымен өз үйінің маңынан басталатыны жайлы өзіндік қортындыға жетелейді. Оған қоса, оқушылар табиғатты қорғауға белсенді қатысады, ол оқушының болашақтағы әлеуметтік, кәсіптік дұрыс бағыт таңдауына әсерін тигізеді.
ІІІ. ІС-ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМІ
Сабақтың үлгі жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тірі организм.
Сабақтың мақсаты:
1) Бүкіл өсімдік әлемі үш топқа
бөлінетінін оқушылардың жас ерекше-лігіне лайықты деңгейде
түсіндіру. Өсімдік мүшелері туралы ұғым беру.
2) Өсімдік туралы білімдерін толықтыра отырып, дүниетанымын,
ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу.
3) Өсімдіктердің пайдасы туралы айта келіп, экологиялық тәрбие
беру. Эстетикалық тәрбиеге негіз қалыптастыру.
Сабақтың
түрі:
Жаңа
сабақ
Сабақтың типі: Интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
1) Интерактивті тақта
2) Электронды оқулық
3) Өсімдіктердің жеке топтама
суреттері.
Сабақтың өтілу барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) сабаққа даярлау
– Балалар, бүгінгі сабағымызда электронды оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс жүргіземіз.
Ой шақыру. Сабағымызды бастамас бұрын жұмбақтар шешейік.
|
|
Дөп-дөңгелек доптай, |
|
Іші қызыл шоқтай. (қарбыз) |
|
|
Әрі қызыл, әрі тәтті, |
|
Татқан жанды таңырқатты. (алма) |
|
|
|
Тікен- тікен тік пісте, |
|
Қысы жазы бір түсте. (шырша) |
|
|
|
Қараңғыда ұшады, құбылады, |
|
Жарық көрсе қашады, тығылады.(жапалақ) |
|
|
|
|
|
|
Киімі ала, ісі шала, |
|
Мекені – орман дала. (сауысқан) |
- Балалар, жұмбақтардың шешуін қайталап айтып
шығайық.
-...
- Өткен сабақтан естеріңе түсіріп көріңдер, олар табиғаттың қай
түріне жатады?
-...
- Неге тірі табиғатқа жатады?
-...
- Тірі табиғатқа тағы нелер жататын еді?
-... (Адам, жануарлар, өсімдіктер)
- Олай болса, бүгін "Өсімдіктер әлемі" тақырыбымен танысамыз.
ЭО-тың " Өсімдіктер әлемі " тақырыбы
- Балалар, өсімдіктердің сендер білмейтін
көптеген құпиялары бар.
Өсімдіктердің түрлерін, құпияларын білгілерің келе ме?
Ендеше зейін қойып мұқият тыңдаңдар.
II. Жаңа сабақ (Бейнеқатарды плеермен тоқтата отырып, сұрақ-жауап әдісімен түсіндіру)
ЭО-тың 1м-3ш.м түсініктемесін тыңдату
1) - Қандай өсімдіктерді білесіңдер?
-...
2) - Өсімдіктердің қандай мүшелері бар?
-...
3) - Тамыр деген не?
-...
4) - Жапырақ туралы не білесіңдер?
-...
5) - Сабақ өсімдіктерде бірдей ме?
-...
6) - "Тұқым мен жеміс" дегенді қалай түсіндің?
-...
7) - Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
-...
( Бейнеқатарды плеермен тоқтата отырып, жеке-жеке
түсіндіру).
- Балалар, өсімдік түрлері өте көп. Оны сендер
күнделікті өмірде көріп байқап жүрсіңдер.
- Сендер, айналадан қандай өсімдіктерді көріп тұрсыңдар?
-...
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдыңнан жел еседі.
Кіп- кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
- Сендер қандай ағаштарды
білесіңдер?
-...
- Біздің еліміз өсімдікке бай. Өсімдіктер орманда, далада, тауда, суда да өседі.
Сондықтан өсімдіктердің үш тобы бар. Олар ағаш, бұта,
шөп.
Интерактивті тақтада жұмыс (тақтада ағаш, бұта, шөпті көрсету немесе ЭО-тың қызықты тапсырмаларын тыңдату арқылы түсіндіру).
ЭО-тың " Өсімдіктер әлемі " тақырыбынан үзінді
- Өсімдіктердің ұқсастығы не? Салыстыр.
(мүшелері)
- Олардың айырмашылығы да бар. Анықта.
- Кәне, қоректену жағынан қандай ұқсастық бар?
-...
- Күннің көзі бәріне де керек пе?
-...
- Өсімдіктер ауасыз өспейді.
- Көктемде не үшін ағаш отырғызамыз?
-...
-Ағаш сабағы қалай аталады?
-... (дің)
- Ең биік өсімдік не?
-... (ағаш)
- Барлығының ұқсастығы олар өлі табиғат заттарын пайдаланады
екен.
Ойын : Топқа бөл. Өсімдік суреттері көрсетіледі, оны оқушылар оның қай топқа жататынын айтуға тиіс. (әр түрлі ағаш, бұта, шөптекті өсімдіктерді көрсету).
III.
Жаңа
білімді пысықтау
ЭО-тың 1м-3шм-1т тыңдау орындау
1) Өсімдік мүшесі деген
не?
-...
2) Гүл өсімдіктің қай тобына жатады?
ЭО-тың 1м-3ш.м-2т. Өзіндік жұмыс
1) Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
-...
- Еменнен үй жиһаздары жасалады.
- Ақ қайыңнан шырын алынады, оның емдік қасиеті бар,
т.б.
2) Жапырақтың түсі неге өзгереді деп ойлайсың?
(1м- 3ш.м-3т, 1м-3ш.м-4т орындау)
1) Жеуге жарамды өсімдікті ата.
-...
2) Тірі табиғат заттарын ата.
-...
3) Қандай гүлді өсімдіктерді білесің?
-...
4) Өсімдік не арқылы көбейеді?
IV. Сабақты бекіту
- Балалар, біз "өсімдіктер әлемімен" таныстық.
-Қазір мен сендерге 3 түрлі тапсырма беремін, соны дұрыс орындай алсаңдар, онда бүгінгі сабақты жақсы меңгергендеріңді байқатасыңдар.
Тапсырма: (Әр оқушы 1 жеміс, 1 ағаш, 1 шөп текті өсімдік атын айту керек).
V. Қорыту
- Осымен сабағымыз аяқталды.
- Сабағымыздың жақсы өтуіне сендердің көп үлестерің тиді. Сау-саламат болыңдар!
- Үйде ЭО-тың тапсырмаларын қайта қарап шығып, қызықты тапсырмаларын тыңдап, түсініп алыңдар.
Тәрбие сағатының үлгі жоспары:
Тақырыбы: Туған қаламыздың экологиясы.
Мақсаты: Балаларға туған қаламыздың экологиясы туралы түсінік бере отырып, олардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік, табиғат байлығын қорғау және оны үнемдеу, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қаламызда ағаш санын көбейтуге күш жұмсау керектігіне, оқушылар бойында экоголиялық сананы қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, Астана қаласының суреттері, бүктемелер мен қабырға газеттері.
Сабақтың барысы:
Экология туралы. Экология ( грекше оіkos-үй, тұрақ,мекен, logos-ғылым ) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағананы білдіреді. Шынында да экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.Қазір экология кешенді ғылым ретінде дамып отыр.Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру жене оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминін неміс биологі Э.Геккель өз еңбегінде енгізді.
Экология – тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым.
1-оқушы: Адам баласы ерте кезден бастап-ақ өзінің туған мекенін таза ұстаған.Үйінің айналасына тал егіп, ауласының тазалығына көңіл бөлген, осының бәрі салт-дәстүрге қалыптасқан жағдайлар.Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын барынша игеруге тырысты. Елді мекендер қалаға айналды. Табиғат ресурстары жоспарсыз пайдаланылды. Осының бәрі 2000 жылдың ішінде жердің бет бейнесін , табиғатын өзгертті. Осы жағдайларды болдырмау адамдардың үлесіне тиді. Ендігі жерде қоршаған ортаның өзгеруін зірттейтін ғылым жүйесі қажет болды. Осыдан келіп экология ғылымының мақсаты мен міндеттері нені зерттейтіні айқындалды.
2- оқушы:
Экология ғылымының мақсаты: барлық тіршілік атаулының табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.
3-оқушы: Экологиялық мәселелер:
- климаттың өзгеруі
- су ресурстарының тапшылығы
- жарамсыз жерлердің көбеюі
- жер ресурстарының тозуы
- өндірістік қалдықтармен ластану
- улы заттардың шығарылуы
- ауаның ластануы
Мұғалім: Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн ана, жер ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдыретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай ардақтайды. Күн – барлық тіршіліктің құдірітті тірегі. Оның нұры – сәулесі, құдіретті күші – от. Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Ал жер ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Халық жер ананы әулие тұтады. «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік» деп жер ананы аялайды.
Жер-жаһанамдағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет –су. Өмірге ең қымбат , ең қажетті болғандықтан , халық судың шығып жатқан жерін «әулие бұлақ» дейді.
Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе – ауа. «Ауа - өмір тынысы» дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені «ауадай қажет» деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.
4-оқушы:
- О, алтын күн ,көктегі
Арманың болар көп тегі?
- Ең әуелі арманым,
Өртенбей еш орманым,
Құты қашып елімнің
Солса гүлі жерімнің,
Ренжітпей бірін тек,
Адамдар жүрсін күлімдеп,
Деп төгемін нұрымды,
Осынау шындық сырымды,
Кейде ұқпай пенделер,
Түтінге өзі сенделер.
Бұзбай өмір қаймағын,
Жайнасын өңір, аймағым.
-Кейде жерді қалап ап,
Қарайсың ба алалап?
-Даладай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім.
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріңе ортақ шуағым.
Жер шарының ұл-қызын
Жылытуға жетер қызуым.
( Ыбырай Алтынсарин)
5-оқушы: Туған жердің тағдыры біздің ата-бабамызды қатты толғандырған. Олар өз ұрпақтарына осыншама кең алқапты алақанымен аялап, анталаған ата жаулардан аман алып қалған. Оның әрбір ағашын , тасын, бұлағын аялай білген.
Атамекен – жанға жайлы сая бақ,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен ананың-
Туған жердің табиғатын аялау.
6-оқушы: Біздің ата-бабаларымыз бұлақтың көзін ашып, айналасына жасыл еккен.Әрбір ұрпақ үшін ата-бабаның туған жер табиғатын қорғау дәстүрі- әрі өнеге, әрі асыл мұра.
Бағбан бабам бау өсірді жеріне,
Үлгі-өнеге көрсетті ол еліне.
Бабалардан тағылым алған ұрпақтар
Тартып туар арғы ата-тегіне.
7-оқушы: Ал қазіргі кезде кесілген ағаштарды көргенде немқұрайлы қарайтын қатыгездерді аяусыз жазалағың келеді.
Мұңлы неге пәк табиғат Анамыз,
Қазір біздің уланған ба санамыз?
8-оқушы: Табиғатты аялау - әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғат сүйе білген , оны аялы алақанымен аялай білген адамның ары да , жаны да таза.
Мұғалім: Табиғаттың тарылтпайық тынысын!
9-оқушы: Өз мектебіміздің, ауламыздың, көшеміздің тазалығын сақтап,
көгалдандырайық.
10-оқушы: Бұлақ көрсең көзін аш!
11-оқушы: Бір тал кессең ,он тал ек.
12-оқушы: Судың да сұрауы бар екенін ұмытпа.
13-оқушы: Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.
14-оқушы: Бабалар еккен шынарды саялайық.
Хормен: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол –сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.
Қорытынды.
Мұғалім: Экология – мекен еткен табиғи орта туралы ұғым. Адам баласы ерте кезден өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауланың, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Адамдар әрқашанда табиғатқа бағынышты болып, оның ресурстарын өз қажетіне жұмсаған. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау – міндетіміз.Табиғат таза болса, біздің денсаулығымыз зор болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Көтеріліп отырған мәселе күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын терең қамтып шығу мүмкін емес. Дегенмеде “Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу” мәселесін курыстық жұмыс барысында терең талқыладық.
Дүниедегі ең бағалы байлық-адам болғандықтан, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, танып, білу деңгейі қоғам дамуында, табиғатта сақтауда және өзінің тұлға ретінде дамуында, қалыптасуында негізгі орын алады. «Оның адамдық қасиеттері, ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат-тілегі, мінез-құлқы, моралдық бейнесі іштей өзімен бірге тумайды, қоғамда, басқа адамдар арасында өмір сүру барысыда қалыптасады». Сондықтан да, дүниетанымды дұрыс қалыптастыру мектеп қабырғасында басталды да, өмір талабының ғылым дамуына орай жалғаса береді.
Бүгінгі таңда мектепте мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі – оқушылардың санасына қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына жергілікті флораға сүйіспеншілікті қалыптастыру, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау және молайта түсуге өз үлесін қосатындай азамат тәрбиелеу.
Қоршаған ортаны қорғау, аялау адамзаттың алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Табиғатқа жанашыр болу-адамзаттың келешегіне жанашырлық жасау болып табылады.
Табиғат объектілерімен (өсімдік, жануар, жер бедері, су және т.б.) таныстыру үшін жүргізілетін бақылаулар табиғат аясында, не мектептегі табиғат жүйісінде өтуге тиіс.
Теориялық қағидалар мен тәжірибелік-эксперимент жұмысының негізінде қорытындылар мынадай:
-
1984 жылғы оқу реформасы бастауыш сыныпта оқушыларды өздерін қоршаған ортамен таныстыру проблемасының деңгейін бірақ көтерді. Бұған дәлел – бірінші сыныпқа бір сағат қана оқытылғанымен, пән аралық байланысты күшейту арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге жағдай жасады.
-
«Дүниетану» және «Табиғаттану» пәндерінің бастауыш сыныпта оқытылуы оқушылардың білім алудағы ізденушілігін күшейтті. Сарамандық жұмыстар мен тәжірибелерді сабақ барысында жиі қолдану арқылы оқушылар жаратылыстану пәндерін меңгерудің әдіс-тәсілдерімен танысады.
-
Мектептерде жүргізілетін эксперимент жұмыстары қоршаған дүниемен оқушыларды таныстыруда табиғатқа жүйелі жүргізілген бақылау мен оның нәтижесін сабақта пайдаланудың білімінің саналы меңгерілуінде шешуші орын алатындығын көрсетті.
-
Республикадағы бастауыш сынып мұғалімдерінің табиғатты оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгергендігі «Педагогикалық оқу» эксперименттік жұмыс нәтижелерін қорыту кезінде байқалды.
Табиғаттан білім беру мәселесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жолға қою қазіргі кездегі «Дүниетану» пәні мазмұнының құрамына еніп отырған «Адам», «Табиғат» және «Қоғам» блоктерін сабақтастыра оқытуға берік негіз қалады
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Аймағамбетова, Қазына. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негізі - Алматы: Балауса, 2003.- 144 б.
-
Айгаринова, Г.Т. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды экономикалық реттеу мәелелері [Мәтін]// ЌазҰУ-нің хабаршысы.Заң сериясы.Вестник КазНу.Серия юридическая.- 2007.- № 2.- 122-125 б.
-
Алмабаев, Ә. О. Бастауыш мектепке арналған қазақша-орысша түсіндірме сөздік / Ә. О. Алмабаев ; ғылыми ред. А. Абжаппарова.- Арман, 2003.- 306 б.
-
Бейсембекова, Алмагүл. Табиғат-тіршілік бесігі: [Дүниетану]// Бастауыш сыныпта оқыту.- 2005.- N 2.- 26 б.
-
Дүниетану: Жалпы бiлiм беретiн мектеп. 4-сын. арналған оқулық/ К. Жүнісова, Ә. Бірмағамбетов, Қ. Аймағамбетова. - Алматы: Атамұра, 2000. - 176 с.:
-
Жетенова, Жадыра. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға экологиялық тәрбие берудегі халық ауыз әдебиеті үлгілерін ұтымды пайдаланудың кейбір ерекшеліктері: [Ғылыми жазбалар]// Бастауыш білім.- 2005.- N 1.- 32-33 б.
-
Жүнiсова К. Дүниетану: Жалпы бiлiм беретiн мектеп. 3-сын. арналған оқулық/ К. Жүнiсова, Ә. Бiрмағамбетов, Қ. Аймағамбетова. - Алматы: Атамұра, 1999. - 176 с.: сур..
-
Кежетай, Д. Ахмет Иасауи және Әл-Фараби ілімдеріндегі адам мәселесі : Дін және қоғам// Жұлдыз.- 2006.- № 1.- 132-139
-
Мен және қоршаған әлем]: балалар энциклопедиясы / авт.: Б. Иманалиев, Б. Адырбек ; суретші: О. Казанцева.- Алматы: БАУР, 2006.- 112 б.: сурет.-(Балдырған)
-
Серікқалиұлы Зейнолла. Дүниетану даналығы. (Ғылыми және көркемдік таным ерекшеліктері): Оқу құралы.- Алматы: Білім., 1994.- 224бет.; 21х13см.
-
Шілдебаев, Ж. Оқушыларға экологиялық білім беру мақсатын, міндеттерін және мазмұнының анықтаудың дидактикалық ұстанымдары: [Экологиялық білім беру]// Білім.- 2005.- N 2.- 28-31 б.
34
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тəрбиелеу" атты авторлық жұмыс

шағым қалдыра аласыз