Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық мінездеме

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық мінездеме

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа мінездеме.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды қаласының
«М Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ-нің
2 «ә» сынып оқушыларына
педагогикалық-психологиялық


МІНЕЗДЕМЕ

Мендегі іс-тәжірибе жүргізілген Қарағанды қаласының «М Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ-нің 2 «ә» сыныбында 31 оқушы бар. Олардың 18-қыз бала 13-ұл балалар. Сынып жетекшісі Имашева Айгүл Узакбаевна. Сынып оқушыларының құжаттары түгел, психологиялық, физиологиялық дамуы жақсы,дені сау, ұйымшыл, тәртібі талапқа сай.
Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы. Озат оқушылар саны 7 , жақсы оқитын оқушы саны 17, қалған оқушылар орташа. Сынып математика сабағынан көп қиналады, ал ауызша сабақтарға келгенде (әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады. Барлық сабаққа белсенді қатысады, мұғалімдермен қарым-қатынасы коммуникативті. Мұғалімдердің берілген тапсырмасын аса қызығушылықпен орындайды. Сыныпта топ басшысы Бекболатұлы Дінислам өте тәртіпті үлгілі оқушы. Тазалық секторы Жанайдар Еңлік сыныптың тазалығына жауап береді және спорт секторы,еңбек секторы,оқу секторы, сыныпта мерекелік жиындар, диспуттар, атаулы күндердің өтуіне атсалысып отырады.Оқушылар оқу-тәрбие процессінде кемшіліктер дер кезінде ескеріліп, шара қолданылып отырады. Көшеде жүру тәртібі, техникалық кауіпсіздікті дұрыс пайдалана береді. Мектепте өткізілетін іс-шараларға, тәрбие сағаттарына түгел қатысады.
Бұл сыныпта мектеп психологының психодиагностикалық зерттеу жүргізген мәліметі бойынша сыныпта 21 оқушы холерик, 10 оқушы сангвиник темперамент типтері анықталған. Психикалық процестеріне зерттеу жүргізіліп оқушылардың ойлау зейін, қабылдау, ес, түрлері қалыпты деңгейде. Борыштық және жауапкершілікті сезіне біледі, сыртқы келбетіне, оқуға және оқулықтарға, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарайды. Жалпы сынып ұжымы бір –бірімен тату тіл табыса біледі, үлкендерді сыйлайды, ұқыпты оқушылар. Алдағы оқу-жылын ойдағыдай аяқтап тәртіпті, саналы, жан-жақты жеке тұлға болады деген сенім бар.



Сынып жетекші: Имашева А.У ________

Студент-практикант: Хуанғанқызы Н ________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2024
353
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі