Түркістан облысы, Түркістан қаласы,
Расул Исетов атындағы №20 жалпы білім
беретін мектептің ҰКТ тәрбиешісі
Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырмаларды орындатудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Жалпы орта білім беретін
мектептің жарғысында оқушылардың ақыл-ой сабақтарын ұйымдастыруға
қойылатын гигиеналық және педагогикалық талаптарды есепке ала
отырып, үй тапсырмалары оқушыларға оларды орындау мүмкіндіктері
бойынша берілетіні айқындалған:
*1- сыныпта –1 сағатқа дейін; *2- сыныпта –1,5 сағатқа
дейін;
*3-4- сыныптарда –2 сағатқа дейін
Үй жұмысын орындауға мектептегі сабақтар біткеннен соң 3-4 сағаттан кейін бастаған дұрыс. Осы уақыт аралығында ол тамақтанып, тынығып, таза ауада серуендеп үлгереді.
Аса белсенді және денсаулығы әлсіз балаларға түскі ұйқы ұсынылады.
Жазбаша және ауызша тапсырмаларды кезектестіре орындау.
Үй тапсырмасын орындауға кететін уақыт әр балаға әр түрлі болады. Дегенмен 4 сынып оқушысы үшін үй тапсырмасын орындауға 2 сағаттан көп кетпеуі керек.
Жұмыс барысында әр пән арасында 15 минуттан аспайтын үзіліс жасап тұру ұсынылады.
2,3,4- сыныптар үшін үй тапсырмасына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдамалар ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.
2-сыныпта - 50 минуттан, 3-4-сыныптарда - 70 минуттан, 5-6-сыныптарда - 90 минуттан, 7-9-сыныптарда - 110 минуттан, 10-11-сыныптарда - 130 минуттан аспауы тиіс.
Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша өзгертілген нормативтерге сай
.

Үй тапсырмасын:
Мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы, жобалық жұмыстар және математикалық мектептерде есептерді шешу үшін көркем, қосымша әдебиеттерден басқа);
бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;
бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақыт ішінде оқылатын тапсырмалар берілуі мүмкін) бермеу ұсынылады.
Үй тапсырмасы дегеніміз не? Бұл оқушылырдың өзіндік жұмысы. Олардан үлкен ұйымшылықты,а қыл-ой еңбегінің дағдылары мен дағдыларын талап етеді. Үй тапсырмасы қиындықтары өз бетінше жеңуге дағдыландырады, уақытты жоспарлауға үйретеді,оқушының жауапкершілік сезімін, бастамашылдағы мен белсенділігін еңбекқорлығын тәрбиелейді, қызығушылықтары мен бейімділіктерін тереңдетуге және кеңейтуге қолайлы жағдай жасайды, ақыл-ой қабілеттерін дамытады.Үй тапсырмасын орындау барысында оқушының сабақта алған іс-әрекеті, іскерлігі қайталанып, пысықталады.
Бала сабаққа бір жерде отыруы керек, өйткені оқушының жұмысқа деген құштарлығы қалыптасады, жұмыс көңіл-күйі көтеріледі.Үстелде жұмыс істегенде артық ештеңе болмау керек, тек оқулықтар дәптерлер, қаламдар бар қарандаш қорап. Жұмыс үстелінде заттардың орналасуының нақты және тұрақты тәртібін орнатқан дұрыс.Үй тапсырмасын қай пәннен бастаған дұрыс? Ауызша немесе жазбаша, жеңіл немесе қиын қызықты немесе қызықсыз жұмыстардан ба? Оқушы алдымен жазбаша,содан кейін ауызша жұмысты орындайды. Бірінші сыныпта баланы жаңа ережелер мен талаптарға дағдыландыру қажет: дұрыс отыруға үйрету, қаламды дұрыс ұстау, жазу кезінде дәптерді дұрыс қою, мысалдар арасындағы ұяшықтарды санау дағдыларын бекіту. Уақыт өте келе,баланы жұмысты тексеруге болатындай етіп, жұмысты өзіның орындауыға мүмкіндік беріңіз.Егер оқушы қиналып жатса, көмекке келіңіз, дайын жауабын айтпаңыз, бірақ баланы қосымша сұрақтарға бағыттау арқылы жауапты өзіңің табуға көмектесіңіз.Тапсырманы орындаудың дұрыс жолы. Ересектер қатені байқады, оның қай жерде екенін айтудың қажеті жоқ. Бала өзін-өзі бақлауға дағдылану керек. Бірақ ешбір жағдайда қателерді түзетүсіз қалдырмау керек. Өз бетінше жұмыс істегенде ,балаға «Бұл жаттығуды не үшін орындаймыз?» жаттығуларынан оқу тапсырмасын көруге үйрету маңызды.
Баланы «қабілетсіз» деп атаудың қажеті жоқ, өйткені әр оқушыға оқу материалын меңгеру үшін әр түрлі уақыт қажет.Табысты нәтіжеге үміттеніп, баламен шыдамдылықпен жұмыс істеу керек.
Үй тапсырмасын орындауға кететін ауқыт әр балаға әр тұрлі болады. Дегенмен екі сағаттан көп уақыт кетпеу керек. Балаға үй тапсырмасын дұрыс орындауды бір рет көрсетіп беріп әрі қарай өзі жасағанын қадағалап талап ету керек.Егер бала дұрыс жаза алмаса оны жылатып отырып қайта жаздыру дұрыс емес, балаға ақылмен тәрбиелеп тұсіндірген жөн.
Үй тапсырмасы-оқу процесінің құрамдас бөлігі. Үй тапсырмасы — сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі.Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы, ал мұның өзі көбінесе үйге берілетін тапсырманың шамадан тыс көп беруден болады.
1. Үлгі бойынша елестету, көз алдына келтіру. Олар: типтік тұрғыдағы тапсырмаларды, мысалдарды шешу, алгоритм және үлгілер бойынша түрлі жаттығуларды орындау, оқулық мәтініндегі дайын жауаптарды табу т.б.
2. Қайта құру-өзгеру, түрлену. Мұнда оқушылар бұрынғы жұмысты қайта жасайды, түрлендіреді, жинақтайды, бұрын меңгерген білімдерін, шеберлігін тапсырманы орындауға жұмсайды, осы арқылы пәнішілік және пәнаралық байланыс орнығады.
3. Эвристикалық, тапқырлық. Оқушылардың ойлау қабілеті мұғалім қалыптастырған мәселенің шешімін табуға бағытталады. Нәтижеде, оқушылар іздену және зерттеушілік тәжірибесін жинақтайды, шығармашылық элементін меңгереді.
4. Өздігінше орындалатын зерттеушілік-шығармашылық жұмыс.
Оқушылардың дербес ерекшеліктері мен өздігінен әрекет ету деңгейі, олардың ақыл-ой дамуы мен білім, білік, дағдыны меңгеру деңгейіне қарай оқушыларға әртүрлі деңгейде танымдық тапсырмаларды үй жұмыстары негізінде беруге болатынына көз жеткізілді.
Үй жұмысын ұйымдастыруға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын ұйымдастырудың төмендегідей жағдайларын анықтауға мүмкіндік берді:
1. оқушылардың өзбетімен істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;
2. жұмыстың алдағы нәтижесіне қызығуы;
3. үй тапсырмасын өз еркімен, қалауымен орындауы;
4. мұғалімнің тапсырманы орындауға нақты нұсқаулар беруі;
5. үй тапсырмаларын орындауға жағымды мотивтер, жағдайлар тудырылуы (мадақтау, жарыс т.б.);
6. жұмысты орындаудың нақты уақытын белгілеу.
7. Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыны жетік меңгеруіне ықпал ететін өзіндік жеке тапсырмалардың төмендегідей түрлері ұсынылды:
• өз қалауы бойынша орындайтын тапсырмалар. Оқушыларға бірнеше тапсырма түрлері ұсынылады;
• әртүрлі нұсқадағы тапсырмалар. Әр пәннің, оқу материалының ерекшелігіне, оқушылардың білім деңгейіне және алға қойған мақсатына қарай мұғалім әртүрлі нұсқада тапсырмаларды әртүрлі қиындық дәрежеде құрастырады;
• оқушылар тобына берілетін тапсырмалар. Мұғалім әртүрлі өлшемдер бойынша оқушыларды топқа жіктеп, әр топтың мүмкіндігіне қарай жеке тапсырмалар береді;
• жеке тапсырмалар. Оқушының бағдарламалық материалды меңгеру барысында жіберген кемшіліктерін жоюға немесе оның қабілеті мен қызығушылығын жетілдіруге бағытталған тапсырмалар. Мұндай тапсырманы мұғалімнің өзі құрастырады;
• жұптық тапсырмалар. Жұптық тапсырмаларды әртүрлі бағытта беруге болады: үлгерім деңгейі әртүрлі оқушыларға береді, яғни үлгерімі жоғары оқушы үлгерімі төмен оқушыға көмектесу мақсатын көздейді; қызығушылығы, мүмкіндігі бірдей екі оқушыға береді. Олар жұмысты бір-бірімен ақылдасып, бірігіп атқаруы мүмкін, не екеуі екі бөлек орындап, өз жұмыстарын бір-бірімен салыстыруы мүмкін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз