400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларына Ы.Алтынсарин әңгімелерін оқыту бойынша тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына Ы.Алтынсарин әңгімелерін оқыту бойынша тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

М аңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы

«Бейнеу гимназиясы» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Багытова Камила Мухаммединовна





Бастауыш сынып оқушыларына

Ы.Алтынсарин әңгімелерін оқыту бойынша тапсырмалар


І. Ы. Алтынсариннің "Жаман жолдас" әңгімесі бойынша сұрақтар

1 . Екі дос жолда неге жолығады?

Shape2 Shape1

түлкі аю қасқыр


2. Екі достың біреуі қайда кетті?

Ағаштың басына шығып кетті


Өзенге кетті


Далаға қашып кетті



3. Әлсіз адам қатты қорыққаннан не істейді?

Талып қалады


Өлген адам сияқты жатады


жылайды



4. Аю не істейді?

Тістеп алады


Иіскеп, кетіп қалады


Ақырып қорқытады



5. Әңгіме қандай сөйлеммен аяқталды?

Қорқақ болма


Орманда жалғыз жүрме


Тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма



ІІ. Ы.Алтынсариннің "Бір уыс мақта" әңгімесі бойынша сұрақтар

6. Әңгімедегі кейіпкерлерді тап:

Шешесі мен қызы


Атасы мен немересі


2 қыз



7. Қыз терезеден нені лақтырып жібереді?

Жүн


Мақта


доп



8. Анасы қызына қандай ақыл айтты?

Үйді таза ұста


Барлық өнерді үйрен


Дүниеде ештеңе керексіз болып қалмайды



9. Жел ұшырған мақта қайда кетті?

Торғай тұмсығымен тістеп алып кетті


Домалап жерде қалды


Торғай жұтып қойды



10. Торғай мақтаны не істейді?

Шоқып тастап кетеді


Ұясына төсейді


Ұшырып жібереді



Іріктеуден өткен оқушылар ІІ кезеңге қатысады. ІІ кезең тапсырмасы:

1-тапсырма. Барлық қатысушыға тапсырма жазылған парақшалар үлестіріледі. Қатысушылар берілген үзінділерді оқып, мазмұнымен келіссе, «+», келіспесе, «-» таңбасын белгілейді.

"Алтын сақа" ертегісі

Жалмауыз кемпір тісімен жерді қазады


Әкесі асықты тастап кетеді


Төбеттер кемпірді таламайды


Баланың 10 төбеті бар


Бала садақ ата алмайды


Кемпірдің қызы жоқ


Қарлығаш балаға көмектеседі



2-тапсырма. Мұғалім төмендегі әр үзіндіні дауыстап 1 рет оқиды. Оқушы үзіндіні шығарма атауымен сәйкестендіруі керек. Шығарма атауы гүл парақшада жазылған. Мысалы, «1. Аю құлағыма ақыл айтып сыбырлады» деген үзінді оқылғанда, оқушы гүлде жазылған шығарма атауының тұсына «1» санын жазады, «Түлкі тісті суға лақтырады да, қазған шұңқырды қайта бітеп, кетіп қалады» 7-үзінді оқылғанда, гүл парақшадағы шығарма атауының астына «7» таңбасын жазады.

1Picture 20 . Аю құлағыма ақыл айтып сыбырлады

2. Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады

3. Тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма

4. Торғай тұмсығына тістеп ұшып кетеді

5. Жайлаудағы 5 төбетіме хабар айта бар.

6. Саған да күтім керек

7. Түлкі тісті суға лақтырады да, қазған

шұңқырды қайта бітеп, кетіп қалады.

8. Жас балапандарына мамық етеді.

Жауабы:

1-сынып

Үзінділер

Қай шығармадан алынды?

1

Аю құлағыма ақыл айтып сыбырлады

Ы.Алтынсарин "Жаман жолдас" әңгімесі

2

Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады

Ы.Алтынсарин "Бір уыс мақта" әңгімесі

3

Тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма

Ы.Алтынсарин "Жаман жолдас" әңгімесі

4

Торғай тұмсығына тістеп ұшып кетеді

Ы.Алтынсарин "Бір уыс мақта" әңгімесі

5

Жайлаудағы 5 төбетіме хабар айта бар.

"Алтын сақа" ертегісі

6

Саған да күтім керек

Ы.Алтынсарин "Бақша ағаштары" әңгімесі

7

Түлкі тісті суға лақтырады да, қазған шұңқырды қайта бітеп, кетіп қалады.

"Алтын сақа" ертегісі


8

Жас балапандарына мамық етеді

Ы.Алтынсарин "Бір уыс мақта" әңгімесі



2-сынып

1-тапсырма. Барлық қатысушыға тапсырма жазылған парақшалар үлестіріледі. Қатысушылар берілген үзінділерді оқып, арасында түсіп қалған сөздерді толықтырып жазады.

Бала __________________ құлдыратып,_______________

сылдыратып жылқыға келсе, шеттегі бір _______________ тай балаға қарай қалады.

Жұртқа келсе, алтын сақасы ______________ ____________тезек түбінде жатыр екен.

Кемпір тағы бір ______________ суырып алып, ___________ қылып, __________________ қаза береді.

Сен жас ______________, саған да _______________ керек.


Жауабы:

Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады.

Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен.

Кемпір тағы бір тісін суырып алып, кетпен қылып, бәйтеректі қаза береді.

Сен жас ағашсың саған да күтім керек.




2-тапсырма. Оқушыларға сәйкестендіру парағы таратылады. Мұғалім төмендегі әр үзіндіні дауыстап 1 рет оқиды, сол кезде оқушы үзіндінің рет санын шығарма атауының тұсына сәйкестендіріп жазуы керек.

1. Бағып-қағуда көп мағына бар.

2. Төре мен баласы егілген ағаштар мен гүл жапырақтарын көріп жүреді.

3. Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына

шығып кетеді.

4. Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисайып кеткен?

5. Келсе шешесінің өліп қалғанын көреді

6. Осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас.

7. Екі кісінің біреуі әлсіз ауру екен.

8. Қолын қол, бұтын бұт қылып, жанын шығарып, талап тастайды.



Сәйкестендіру парағы:

Picture 19

ЖShape4 Shape3

Бір уыс мақта

Жаман жолдас

ауабы:

Үзінділер

Қай шығармадан алынды?

1

Бағып-қағуда көп мағына бар.

Ы.Алтынсарин "Бақша ағаштары" әңгімесі

2

Төре мен баласы егілген ағаштар мен гүл жапырақтарын көріп жүреді.

Ы.Алтынсарин "Бақша ағаштары" әңгімесі

3

Терек жанына бара бе

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.05.2024
185
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі