КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Əдістемелік көмекші құрал
Алматы, 2024 жыл
ƏОЖ 373
ҚБЖ 74.265
О 15
Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін дамыту (Əдістемелік көмекші құрал)
Дайындаған:
Отарбаева Камшат Жүмекенқызы – Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі.
Пікір жазған:
С. Сақтағанқызы- ҚазҰПУ-нің оқытушысы, Vitality Quatient зияткерлік пен кəсіби дамуды жетілдірудің республикалық орталығының ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі.
ISBN 978-603-02-0555-9
Əдістемелік құрал бастауыш сыныптың қазақ тілі пəнінен факультатив сабақтарға арналған. Əдістемелік құралда «құзіреттілік» ұғымы,бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары, балалардың тілін дамытудың теориялық негізі көрсетілген.
МАЗМҰНЫ:
ТҮСІНІК ХАТ……………………………………………………………………………4
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ………………………………………………………………………………….7
ТҮСІНІК ХАТ
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы ұрпақ тəрбиелеу.
Болашақ ұрпақ қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мəдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тəрбиелеу біздің де коғам алдындағы борышымыз.Оқушының ой-өрісінің,сана - сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл байлығын арттырып,өмірге көз карасын қалыптастырады , ой өрісін кеңейтіп, сөздік корын байытады.Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тəрбиелейді.Біздің жарқын болашағымыз – өскелең жас ұрпақтың биліктілігімен байланысты.
Білім беру, тəрбиелеу- белгілі бір құзіреттіктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны калыптастыруды талап етеді. Ғылыми əдебиеттерде құзіреттілік дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың білім, білік, дағды, іскерлік əрекет тəсілі жиынтығы. «Құзіреттілік» терминіне анықтама беріп лингвистикаға енгізген американдық ғалым H.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Құзіреттілік дегеніміз – оқушының алған білімі мен дағдыларын тəжірибеде күнделікті өмірде қандай да бір практикалық жəне теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу кабілеттілігі. Оқушылардың тілдік коммуникативтік құзіреттіліктерін қалыптастыруда қатымсыздық əдістің маңызы зор. Коммуникативтік құзіреттілік латынның «competere» қол жеткізу, сəйкес келу сөзінен шыққан.Оқушылар жəне қоғам үшін күнделікті оқуда катысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл жəне сөз құралдарын пайдалана алуы. Коммуникативтік құзіреттілік өз ана тілін жəне басқа тілді білудегі қабілеттілігін карастырады.Ол құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді.
Енді осы құзіреттіліктердің анықтамасына тоқталайық.
Грамматикалық құзіреттілік – тіл ерсжслерін білу грамматикалық ережелерді оқыту. Оқушыларга грамматикалық кестелер арқылы жан жақты білім бсруді негізге ала отырып, оқулықта берілгсн грамматикалық ережелерді жаттату, талдату.
Социолингвистикалық құзіреттілік – мəтіндердің шығу жəне танып білу үрдістерін меңгеру Бүл тыңдалым арқылы басқа адамның мұғалімнің немесе оқушының тілін ұғу болып табылады Бұл үшін оқушылардыц бірін - бірі тыңдауына жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда тілдік орта қалыптасады яғни оқушыларды мəтін арқылы сөйлеуге үйрету.
Дискурсивті құзіреттілік –айтылымдардың қүрылым ережелерін меңгеру. Бұл қазіргі таңдағы ең қажетті құзіреттілік. Себебі оқушыларды дұрыс сөйлсм құрып өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету қажет. Ал мұның өзі мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту ұстанымдарында ерекше айтылады.
Стратегиялық құзіреттілік – əңгімелесуші адаммен байланыс жасау. Бұл диалог құру жəне оны жалғастыру барысында жүзеге асатын үрдіс. Бұның озі бастапқы мəселенің практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезіндс жаттықтырады. Диалогтік тілдің оқушылар үшін
күнделікгі өмірде бір-бірімен қарым- қатынас жасау кезінде маңызы зор екендігін əрбір оқушының санасына жеткізуге тырысу керек.
Социомəдениетгік құзіреттілік –тілді тасымалдаушы қолданушы халық мəдениетін білу жəне қолдану. Қазақ тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар қазақ халқының салт - дəстүрлері ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер жəне мейрамдар отбасы тəрбиесінің дəстүрлері жəне қазақ халқының қонақжайлылығы. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқыньщ əдет - ғұрып, салт - дəстүрлерімен таныстыра отырып,оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру жəне қазақ халқының мəдениеті, тұрмысы, салт - дəстүрлері туралы білімдерін тереңдету. Коммуникативтік құзіреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек. Оқушылардың тілдік- коммуникативтік құзіреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей: Сұрақ- жауап мұғалім мен оқушылар; Диалог: оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН
ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылым негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой-өрісін, тіл байлығын, ауызша жəне жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан бастауыш сыныптарда ана тілінің заңдылықтарын жете меңгеріп, əдеби тіл нормаларында еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр. Өйткені - тіл дамыту сайып келгенде ой дамыту.
Қазіргі кезде мектептің алдына қойылып отырған басты міндеті- балалардың ойын дамыту, оларды ойлауға үйрету. Бұл міндетті шешуде тіл дамытудың орны қандай?
Тіл дамыту дегеннің өзі ой дамыту болып табылады есептеп, екеуін біртұтас, бірдей қарастырамыз ба? деген сияқты сұрактар туады.
К.Д.Ушинский қандай дегенмен тілді меңгерсе, бала ерте ме кеш пе ұғымды меңгеруге мəжбүр болатынын айтады. Шындығында да дəл осылай. Ал ұлы физиолог И.П. Павлов: «Сансыз көп сөзбен тітіркендіру, бір жағынан, бізді шындықтан алыстатты, сондықтан да біз өзіміздің шындыққа көзқарасымызды бұрмаламас үшін мұны үнемі есте сақтауға тиіспіз. Екінші жағынан,тап сөз бізді адам етті»,-деп көрсетеді. Егер сөз бала санасында мазмұнмен толтырылмаса біз нағыз көкмылжыңдарды,бос, сылдыр, сөзшеңдерді тəрбиелейміз.
Мектептерде көбінесе мынадай жағдайлар көзге түседі: оқушы материалға «түсіндім» дейді; ол тіпті сол материал бойынша кейбір амалдарды іске асыруы да мүмкін. Ал сол материалды əңгімелеуге келгенде, ол əбден бейшаралық халге ұшырайды.Тілі күрмеліп,күмілжіп, сүрініп-қабынып сөз таба алмай қиналады. Бұл неліктен? Мұны елемеуге бола ма? Оның себебі: бала осы тақырыпқа жататын ұгымдарды, əсіресе ол ғылымдардың арасындағы байланыстарды меңгере алмаған. Егер оқушы өз ойын тіл қабығына енгізе алмаса, ойдың өзінде олқылық болғаны. Егер адам ойын екінші біреуге анық жəне түсінікті білдіре алса, оның ойының толық, дəл болғандығы. Тіл мен ой дамытудың бір-бірімен арақатынасы диалектикалық байланысы міне, осындай.
С.Жиенбаев – алғаш рет мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ауызша, жазбаша болып бөлінетін жігін ашып, оның əрқайсысына жататын жұмыс түрлерін, бұл жұмыстардағы ой жүйесі мен сөз қолданудың мəнін көрсеткен əдіскер.
Ғ.Бегалиев «Бастауыш класта қазақ тілі методикасының мəселелері» еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының тілін ұстартуға, оларға сөз мағыналары туралы түсінік беруге қатысты ойлар «Ана тілі» пəнін оқыту əдістемесіне байланысты да айтылады. «Ана тілі» пəнін оқу барысында кездесетін оқушыларға түсініксіз сөздерді 5 түрге бөледі:
1.Затты, сынды, я амалды білдіретін кейбір сөздерді мүлде білмейді. Мысалы: маусым, сонар, бетегелі, маужырау.
2.Оқылатын мəтінде кездесетін кейбір затты, сынды, я амалды көрсететін сөздерді оқушылар біледі, бірақ, сол затты, сынды, амалды əдеби тілімізде қолданатын, жалпыға ортақ атаумен атауды білмейді, тек төңірегіндегілер білетін атымен немесе жергілікті атымен атайды. Мəселен, мəтінде шалбар, дуал, алжапқыш, ықтық деген сөздер бар, бірақ оқушы сымбелдемше, аптап деген аттарын ғана біледі, өйткені оларды төңірегінделер солай атайды.
3.Оқушы кездескен сөздің негізгі мағынасын біледі, бірақ сол сөзге жұрнақ жалғанғанда немесе сөз тізбегінде айтылғанда, мағынасында қандай өзгешілік болатынын айыра алмайды: құладым - құлап кете жаздадым, көл - көлшік, жылы - жылылау, ат - атақ, оқылды - оқылған, оқимын - оқып отырмын деген сөздердің арасьіндағы айырманы дəлдеп білмейді.
-
Кездескен сөздердің тура мағынасын (бірме-бір мағынасын) біледі, бірақ сол сөздің бұрама мағынасын білмейді. Мысалы, құс ұшты - Сəрсен үкідей ұшты, қолымды сермедім - қолымды кеш сермедім.
-
Мəтінде кездескен кейбір сөздердің кейбір мағыналарын білмеуі мұмкін. Мысалы, көз тоймаушылық, күншілдік, əуестік, құмарлық, ұрыншақ, сосаны, т.б.
Оқушылардың тілін ұстарту əдістемесінің негізін салып, оны өз алдына ғылым ретінде қалыптастыру қажеттігін анықтап берген - орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский.
Ал, Телжан Шонанұлының «Тіл дамыту» оқулықтарындағы оқушы тілін дамытуға арналған жаттығулар түрлерін мына жүйеде берді
Бастауыш мектепте ана тілді оқыту барысы жеке-жеке айқын мақсаттар көздейтін үш кезеңнен түрады:
-
Сауат ашу, тіл дамыту (Əліппе).
-
Оқу, тіл дамыту (Ана тілі, əдебиет).
-
Грамматика, емле тіл дамыту (Қазақ тілі).
Оқушылардың тілін дамыту, сөз дағдыларын қалыптастыру осы
кезеңдердің əрқайсысында белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі. Мұнда біз мына сияқты негізгі мəселелерді үйретуді,яғни белгілі тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамыту; сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту барысында оларды байланыстырып сөйлем құрауға, сөз тіркесіне; сондай-ақ ойларын ауызша, жазбаша сауатты, жүйелі, дұрыс жеткізуге, сөйлей білуге үйретуді мақсат еттік.Егер осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау жəне байланыстырып, сөйлеуге үйрету) күнделікті өтілетін сауат ашу, грамматика, оқу сабақтарымен байланыста біртұтас жүргізіліп отырылса, тіл дамыту жұмысы да біршама жүйелі өткізіледі деуге болады. Яғни тіл дамыту осы негізгі үш бағытта қатар жүреді, өйткені сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады; ал əңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес. Сондықтан бұлайша топтаудың өзі – шартты түрде ғана, яғни тіл дамытудың мазмұнының нені қамтитығын көрсету.
Біз психология, педагогика ғылымдарының соңғы табыстарын басшылыққа ала отырып, үлгілі мұғалімдердің озық тəжірибелеріне сүйеніп, жоғарыда атап өткен үш кезеңдерге орай, тіл дамыту мына сияқты бағыттарды қамтуы қажет:
-
Оқушылардың сөздік қорын дамыту.
а) жаңа сөздер үйрету жəне осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың
бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету;
ə) көркем мəтіндегі бейнелі құралдарды үйрету;
б) синонимдермен, омонимдермен жұмыс;
в) антонимдермен жұмыс;
г) көп мағыналы сөздермен жұмыс;
д) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс;
е) мақал-мəтел, жаңылтпаштарды үйрету;
ж) оқушылардың үиренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру
мəселелері қамтылады.
-
Сөз тіркесі, сөйлемдермен жүмыс жүргізу.
-
Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Мұнда балалар оқығандары мен көргендерінінің, естігендерінің мазмүнын жүйелі түрде ауызша айтып, жазбаша баяндауға үйренеді,сондай-ақ үсынылған тақырыптар бойынша материалдар жинап, жүйелеп, өз жандарынан ауызша, жазбаша əңгіме құрастыруға үйренеді.
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында « Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі əрі оның өзіне тəн ажырағысыз белгісі, ұлттық мəдениеттің гүлднену мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы - тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген.
Оқушылардың өздеріне айтылған сөзді тыңдай білуге, оны түсініп, сөйлесе білуі (бір - бірімен) , сұрақтарға жауап беруі, сұрақ қоя білуі мұның бəрі олардың сөздік қорының тілдің грамматикалық құрылысын дұрыс меңгеруіне байланысты. Осының нəтижесінде оқушылар бір - бірімен кезектесіп сөйлесуге жаттығатын болады.
Баланың сөздік қоры 1 жыл 8 айдан асқан соң жедел дамиды. Егер 1,5 жастағы баланың сөздік қоры 18-25 - тен аспаса, 3 жастан кейін ол 1000-1200 сөзге жетеді. Мұның ішінде сөздік қордың басым бөлігін зат есімдер (60%), етістіктер (25-27%), сын есімдер (10-12%) құрайды.
Баланың сөйлей білуге деген алғашқы талпынысы - оның дамуының бастапқы кезіндегі басты нəрсе. Ол үлкендердің сөйлеген сөздерінен бірнеше мəрте қайталанатын белгілерді ептеп түсіне бастайды. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, екі жастан бастап бала тілі күрт дамиды. Мектеп жасына келген бала, яғни 6-7 жасар бала 3,5-4 мыңға жуық сөз біледі екен. Демек, ол тілдің бүкіл фонологиялық жүйесін түсінеді. Олай болса, өз бетінше сөйлемдер құрастыра, өз ойын өзгеге түсіндіре, жеткізе алады.
Зерттеулер көрсеткендей түске, үлкендікке, заттың жай -күйіне байланысты ерекшеліктерді жас баланың естіп қабылдауынан гөрі, сол заттарды көріп, қолмен ұстап барып, ажырата қабылдауы 10-12 есе тезірек іске асады да, бала жадында ұзақ сақталады.
«Сөзге» қарағанда, балаға сол зат, белгі, құбылысты көрсету, оларды ажырата отырып көрсету арнайы үйретусіз- ақ тез қабылданады. Сөз жалпылама ұғым болғандықтан, бала тез арада өзі қабылдаған сөздерді белгілі бір топтарға бөле отырып меңгере бастайды. Баланың өз бетінше меңгеруі алғашқыда əрине, қателесусіз жүрмейді. Табиғаттағы зат пен құбылыс арсындағы байланысты білдіретін сөздер (кеңістік, сан т.б.) сезімдік қабылдауға негізделеді де, балаға көрінбейтін болғандықтан, ол нəрселер мен байланыстарды үлкендер түсіндіреді.Бұларды түсінуге талпыну жəне тілде қолдану баланың ойлау қабілетін дамытады.
Балада алғашқы кезде өз шамасын байқап көру қасиеті үлкендермен, заттармен байланысқа түсу, яғни сөз арқылы жүзеге асады. Алғашқыда ол зат пен құбылыстың аттары арқылы,ал кейінірек жіктеу есімдіктері арқылы, содан соң өзін басқа балалармен салыстыру арқылы жақсы жəне жаман қасиеттерді ажырата бастайды.
Қазіргі таңда қоғам талап еткендей оқушыны даралап шығару үлкен еңбекті қажет етеді. Жоғарыда оқушылардың сөздік қорын анықтауда іс-тəжірибе жүргізілгені айтылды. Нəтижесінде,
1000-1200-ға дейін сөз білетін, осы сөздерді қолданғанда 30-40 қате жіберғен оқушы - 4.
700-900 дейін сөз білетін жəне сөйлеу барысында, қолданғанда 65-75 қате жіберғен оқушы - 8.
400-600 сөздің мағынасын білетін, бірақ сөйлеу кезінде 60-70 қате жіберген оқушы - 6.
200-300 сөз айтқан, бірақ сол білетін сөздерінің 50- 60-ын қате қолданатын - 6.
Сөздік қоры өте аз, сөздерден сөйлем құрастыра алмаған оқушылар - 2. Оқушылардың тілдік - коммуникативтік құзіреттілік деңгейі.
Қазіргі кезде зерттеу деректері бойынша жеті жасқа келген бала негізінен морфологиялық құралдарды жəне синтаксистік формаларды меңгереді. Ешбір ережені оқымай- ақ, үренбей-ақ олар сөздерді дұрыс қиыстырады, септей, тəуелдей, жіктей, көптей алады, сөйтіп, жаңа сөздер жасап, сөйлемдер құрастырады. Мұның бəрі ауызша сөйлеу шеңберінде ғана іске асады.Ана тілін балалар сөйлеу əрекеті арқылы үйренеді.
Ал, сөйлей білуге дағдыланудың негізі бастауыш сыныптарда қаланады: балалар алғаш рет осында ғана əдеби тілмен, тілдің жазбаша түрімен беттеседі, тілдің жетілдіру қажеттігін ұғынады.
Сөйлеу- адам əрекетінің ең бір кең,күрделі саласы. Тіл дамыту үш
салаға бөлінеді:
1 .Сөздік жұмысы
-
Сөз тіркесі жəне сөйлеммен жұмыс
-
Байланыстыра сөйлеуге үйрену жұмысы.
Бұл жұмыстар бірі- бірімен байланыстырыла қатаң жүргізіледі. Əсіресе байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмысында қалған екеуінде үйренген білім, дағды, шеберліктері ұштасады, яғни ойлау, жүйелеу, мəтін құрастыру, материал жинау, графика,орфографиялық шеберліктері іске асырылады.
Тіл дамыту оқушылар мен мұғалімнің бірлескен ұзақ жұмысын талап етеді. Тіл дамыту жаттығуларын мүмкіндігінше түрлендіре жүргізу, оқыту барысында балалардың жасына лайық жұмыс түрлерін кеңінен қолдану бұл жұмысқа қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады.
Сонымен тіл дамыту жұмысында ойдағыдай нəтижеге жеттік деп санау үшін қандай шамада, қандай дəрежеде сөйлеуге болар еді. Алдымен, əрине, мазмұнды сөйлеу шарт. Егер əңгіме баланың өзі анық білетін фактілерден, бақылаған, байқалған жағдайлардан ойлана құрастырылған болса, қызықты, тартымды, мазмұнды шығады, яғни оқушылар өздері жақсы білетін материалдары бойынша тəп- тəуір əңгіме құрастыра алады.
Оқушы ойын белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндай алатын болуы шарт.
Бұл көрсетілген талаптар шығарманың мазмұны мен құрылысына
қатысты. Ал оның тілі қандай болуы қажет?
Дəлдік. Балалар фактілерін бақылағандарын, сезімдерін шындыққа сай білдіруге ғана емес, сонымен қатар тіл құралдарын яғни сипаттайтын немесе əңгімелейтін заттар мен құбылыстарының ерекшеліктерін көрсететін сөздерді, сөз тіркестерін іріктеп ала білу шеберлігіне төселуге тиіс.
Мəнерлілік. Тек ауызша сөйлеуде емес, жазбаша сөйлеуде де талап етіледі.Мəнерлі сөйлеу- ойды айқын, сендіре, оқушысына, немесе тыңдаушысына əсер ете оны толқыта білу шеберлігі.
Анық сөйлеу. Сөйлеу үнемі біреуге арналады. Сондықтан айтушы немесе жазушы арнаған адамдардың мүмкіндігін, дəрежесін, мүддесін, т.б қасиеттерін жақсы білуге тиіс. Мəнерлілік те, анық сөйлеушілік те таза сөйлеуді талап етеді. Соңғы кезде де балалардың жазба жұмыстарында ана тілінде баламасы кейбір сөздерді орысша қолданушылық кездеседі.
Таза сөйлеу. Əдеби тіл нормасымен сөйлеуді, сондай - ақ жергілікті жерлерде кездесетін сөздердің орын алмауын талап етеді.
Біз соңғы кезде жүргізілетін эксперименттерімізді оқушыларға əр жағдайда əр түрлі тапсырмалар беру арқылы заттарды сипаттап жазу жұмыстарын орындаттық. Бстауыш сынып бағдарламасында сипаттау жұмысына балаларды 1-сыныптан бастап үйрету қажеттілігі көрсетілген. 2-сынып оқушыларына сурет бойынша құлынды биені сипаттау тапсырылды. Ауызша дайындық та жүргіздік. Алайда балалардың орындаған жұмыстарында жылқының дене мүшелері ғана аталған.Олардың ерекшеліктері жүйелі сипатталмаған.
Сондай- ақ оқушыларға өз сыныптарын сипаттап беру ұсындық. Мұнда да олар көздеріне сол сəтте түскен жағдайларды ғана ретсіз тіркестірген.
Мұндай жұмыстарды талдағанымызда бастауыш мектеп оқушылары сипаттаудың ерекшеліктерін ұғынбағандықтарына көзіміз жетті. Əсіресе, олар өз ойларын жоспалауға қиналады; жұмыстарын алдын- ала жобалап алуды білмейді.Əр түрлі мұғалімдердің жүргізілген жұмыстарын салыстырып қарағанда, жалпы барлығында да сөз саны толық,ал жүйелілік, айқындылық жақтары жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтіндіктері көзге түсті. Бұл кемшіліктер негізінен оқушыларда ақыл- ой əрекетінің дұрыс тəсілдерінің жоқтығынан; оқытуда педагогтар оқушылардың сөз байлығын арттыруға ғана баса назар аударады да, тұтас бір ой жүйесін білдіретін байланыстыра сипаттауға үйрену шеберлігін қалыптастыруға көңіл бөлмейді.
2. Сөйлеу түрлері. Сөйлеу – əрекет, адамның əрекеті, яғни қарым- қатынас жасау үшін, ойын, білімн, сезімін екінші біреуге жеткізу үшін тілді қолдану болып табылады.
Тілді тұтынушыда лингвистикалық құзіреттілік- коммуникативтік құзірет, сондай-ақ мəдени-тілдік қүзірет болады. Ал тілдік-мəдени құзірет дегеніміз тілдік тұлғаның сөйлеу (жазу) мен айтылған (жазылған) сөзді қабылдау кезінде тиісті мəдени семантиканы, мəнділікті қоса меңгеруі.
1-2 сыныптарда кейбір балалар ұялшақ болады да мұғалімнің сұрағына кейде жауап қайтармайды. Бұл -қауіпті құбылыс. Мұндайлармен 1- сыныптан, мектепке келген алғашқы күннен бастап күресу керек. Егер мұғалім 1- сыныптан бастап əрбір оқушыны батыл, қатты дауыспен, анық, ашық сөйлетуді үнемі қадағалап,қолға алса, онан əрі сөйлеу дағдылары тиісті дəрежеде қалыптаса бастайды.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ
НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қ.Р мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру стандартында білім беру жүйесінің мақсаттарына байланысты «Білім, білік, дағдылардың негізінде тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін ішкі жəне сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан көрінетін құзірет – білім берудің негізгі нəтижесі болып табылады» делініп, оқушының
- проблемеалық шешімін табу құзіреттілігі;
-ақпараттық құзіреттілік
-коммуникативтік құзіреттілікті меңгеруіне ерекше назер аулдарылған.
Осыған орай, коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру міндеттеріне қазақ жəне басқа тілдерде коммуникация құралдарын, топтық қарым- қатынас ережелерін меңгеру, ауызша жəне жазбаша сөйлеу іскерліктерін игеру т.б жатқызылған.
Жалпы бұл құзіреттіліктердің негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатын болғандықтан, қазіргі білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі - тұлғаның коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық, практикалық шарттарын негіздеу болып табылады. Мəселенің теориялық аспектісіне талдау Б.Т.Ананьев, А.А. Бодалов, А.Н. Леоньев, Б.Р.Ломов, В.Н. Мясищев т.б зерттеулерінде қарым- қатынас орнату тұлғаның белсенділігінің бір формасы ретінде қаралатынын көрсетті. Себебі қарым- қатынас барысында адамзаттың өткен тəжірибелері, құндылықтары, біілімі меңгеріліп, адам іс- əрекет субьектісі ретінде қалыптасады. Сондықтан аталған зерттеушілер қарым- қатынасты тұлғаның маңызды даму факторының бірі ретінде қарастырады.
Зерттеушілер Ю.М.Жуков, Л.А.Петровский, П.В.Растянников т.б жоғарыда аталған коммуникативтік іскерліктерді меңгеруге, басқа адамдармен байланыс орнатып, оны ұйымдастыра білуге тілдік коммуникативтік құзіреттілік деген анықтама береді.
Бұл пікір білім беру стандартында жалғасып тауып, коммуникативтік құзіреттіліктің төмендегі аспектілері бөлініп көрсетілген:
•жазбаша қатынас (қарапайым жəне күрделі құрылымдағы жазбаша байланыс формаларын меңгеру, ақпаратты жазбаша өңдеу, мəтінді жазбаша баяндау, жазбаша құжат жанрларын иеру т.б),
• көпшілік алдында сөз сөйлеу
•диалогқа түсу (əңгімені нормалық ережелерге сəйкес бастап ақтау, ақпараттың негізгі мазмұнын қабылдау, диалогты мақсатқа сай жалғастыру үшін сұрақтар қою, сұрақтарға жауап беру т.б)
•өнімді топтық қарым- қатынас орнату (топтық талқы, пікірталасқа қатысу, топтық жұмысты орындау барысында өз жұмысын жауапкершілікпен орындау)
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН, СӨЗ МƏДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
«Мектеп курсында ана тіліне байланысты оқытылатын тілдік единицалар: дыбыс, сөз құрамы, сөз, қосымша, сөз тіркестері жəне сөйлем болып табылады. Сондықтан тіл дамыту осы тілдік единицаларға байланысты үйрету қажет», - дейді əдіскер-ғалым А.Жаппаров.
а) Жаңа сөздер үйрету жəне осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын меңгерту.
Мектепке келген бала тілі бір жақты, тек отбасы, ошақ қасында пайданылатын сөздер ғана болуы мүмкін. Атап айтқанда, оның сөздік қорында ауыспалы мағыналы, жалпылық мəнді жəне түрлі білім саласында қолданылатын термин сөздер аз кездеседі, кейбіреуінде тіпті кездеспейді де.
Балалар жаңа сөздермен тек сыныпта өткізілетін сабақтарда ғана танысып қоймайды, сонымен бірге өз беттерінше кітап оқу, түрлі кластан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу, кино, театр, саяхатқа бару, радио тыңдау жəне теледидар бағдарламасынкөру нəтижесінде де жаңа сөздер үйреніп, тіл сындырады.Оқушылардың ақпарат, білім көздерінен өз беттерінше игерген сөздерді дұрыс не бұрыс пайдалануы да мұғалімнің міндеті. Бала сөзінде пайда болған жаңа сөз, сөз тіркестердің мəн-мағынасын ашып, іс- тəжірибеде пайдаланудың жолын да мұғалім көрсетеді.
Мектептегі сөздік жұмыстарының басты бағыттары;
-əр сыныптағы оқу бағдарламасы бойынша жүргізілетін барлық пəн сабақтары арқылы оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі артып, кеңеюінің нəтижесінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін игерту;
-жаңа сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру;
-грамматиканың салаларын оқытуға байланысты, заттар мен құбылыстарды классификациялауға , топтарға арналған жаттығулар жүргізу;
-лексикалық жаттығулар сөздердің тура жəне ауыспалы мағыналарын, слинонимді, омонимді, антонимді игертуге арналған жаттығулар;
-көркем əдеби шығармаларды талдау жəне мазмұндама, шығарма жаздыру.
Мектеп балаларының сөздіктерін анықтау мақсатында тəжірибе жүргіздік.
Сыныпта 23 оқушы болды. Оларға мынадай тапсырмалар берілді:
үш өлеңді жатқа айтып беру; екі-үш ертегіні өз сөздерімен əңгімелеп айту
(қазір теледидардан 4-5 жастағы балалар да ертегі айтып жүр);
3. Берілген сөздерге сөйлем құрау.
Нəтижесінде, бірінші тапсырманы орындаған оқушылар саны - 6. Олардың оқыған сөздердің жалпы саны 75-80 болды.Ал кейін қайталап айтқызып саралағанымызда, бұл сөздердің төрттен біріне жуығының мағынасын оқушы түсінбейтін болып шықты.Мысалы;
Шекарада - күзетте,
Қас қақпайды ағалар.
Балбыраймыз төсекте
Біз - алаңсыз балалар, - деген бір шумақ өлеңде үш сөздің мағынасын ажырата алмады.(қарамен жазылған).
Ал екінші берілген тапсырма бойынша балалардың өздері білетін ертегілерін əңгімелету кезіндегі қолданған сөздердің саны өте аз, 45 - 55 сөздің шамасында. Оның есесіне сөз мағыналарын түгелдей дұрыс түсінетіндерін көрсетті.
Балаларға сөз беріп сөйлем құрату (қарағай, өмір, шағала, дос, керемет, кітап).Балалардың берген жауаптары төмендегідей;
Берілген алты сөзге де сөйлем құраған, яғни 10-15 сөз қолдана отырып, əр сөзге 3-4 сөйлем құрастырған оқушы саны - 4.
8-10 сөз қолданып, 4-5 сөзге сөйлем құрастырған оқушының саны - 11.
5-7 сөз қолданып, 3-4 сөзге сөйлем құраған оқушы саны -8.
3-6 сөз қолданып, 2-3 сөзге сөйлем құрастырған оқушы саны - 5. Мұндағы басты себеп оқулықтардағы берілген материалдардың бірқатарын бала ұғынбай, құр оқиды, жаттайды, өйткені ондағы көптеген сөздердің мағынасын балалардың толық түсінбеуінде. Бұл əрине, мұғалімдер мен əдіскерлерді ойландыруға тиіс.
Оқушылар біршама жеткілікті сөздік қор жинау ұшін, күніне барлық сабақта 20-30 жаңа сөз үйренуі тиіс.
Түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:
Мəтінді оқуға дайындық кезеңі;
Мəтінді оқу барысында; Оқып шыққаннан кейін.
Сөздік жұмысын жүргізгенде, мұғалімнің есінде болатын жағдай - сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде, оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ жəне жеткіліксіз болса, мұғалім затты немесе оның суретін көрсетеді, оған анық сипаттама береді. Психологтардың айтуы бойынша, сөздік жұмысының əдістемесіндегі басты талап – сөз бен балалар санасындағы бейнелі түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бейнесі бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.
Оқушыларға жаңа сөздердің мағыналарын меңгертудің тəжірибеде сыналған мынадай тəсілдері бар:
-
Бастауыш сынып оқушыларына жаңа сөздің мағынасын түсіндірудің ең қарапайым тəсілдердің бірі - сол сөз бейнелейтін заттың не құбылыстың өзін көрсету.
-
Зат не құбылыстың суретін, макетін, қатырылған сұлбасын көрсету тəсілі.
-
Берілген сөз мағынасын синонимдер арқылы анықтау тəсілі. Жаңа сөздердің мағыналарын оқушыларға айқын танытудың тиімді тəсілдерінің бірі - мағынасы түсініксіз сөзді оның синонимдерімен ашу жəне салыстыру. Мұғалімнің көмегімен оқушылар бейтаныс сөздің мағынасын өздеріне бұрыннан таныс сөздер арқылы анықтайды. Əкесіне тартқан қағілез, ақсұр бала (Б.Соқпақбаев). Бұл сөйлемдегі қағілез сөзінің мағынасын нəзік, жұқа, тілалғыш, пысық деген синонимдер арқылы танытуға болады.
-
Сөздің морфологиялық құрамын талдау тəсілі. Кейбір жаңа сөздердің мағынасын морфологиялық құрамын талдау арқылы түсіндіруге де болады. Бұл тəсілдің артықшылығы морфологиялық талдау арқылы оқушы жаңа сөз жасау жолдарына қаныға түседі.
-
Оқушылардың жаңа сөз мағынасын меңгертудің тағы бір тəсілі - логикалық анықтама беру. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстар негізгі жəне негізгі емес белгілерден тұрады. Қай нəрсеге болмасын анықтама беру деген сөз оның барлық қасиеттерін санап көрсету не қамту деген сөз емес. Сондықтан заттарға не құбылыстарға анықтама бергенде олардың басты белгілерін қамтудың өзі де жеткілікті болады.
Мысалы, адам екі аяқты, екі қолды, тік жүретін деп анықтама берсек дұрыс болмас еді. Ал адамның негізгі белгісі оның саналылығы мен бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайтындығында. Бұларсыз адамға толыққанды анықтама беру жеткіліксіз.Мұғалім белгілі бір сөзге (ұғымға) логикалық анықтама бергенде осы мəселені естен шығармағаны дұрыс. Мысалы, сахна, саябақ, еңбекақы, шаңырақ т.б. Мұғалім бұл сөздерге логикалық анықтаманы былайша беруіне болады. Сахна - əртістер мен əншілердің өнер көрсететін орны. Шаңырақ - уықтар бекітілетін киіз үйдің дөңгелек шеңберлі төбесі.
Жаңа сөзді сөйлем ішінде пайдалану тəсілі. Кейбір жаңа сөздердің мағынасы сөйлем ішінде пайдалану арқылы да түсіндіріледі.
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ТІЛДІК-КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ
Мемлекеттің көп ұлтты жағдайында тілдерді жетік меңгеру ғылым мен техниканың жетістіктерін меңгеруге, отандық жəне əлемдік мəдениетті үйренуге кең жол ашады. Қазіргі таңда қойылған міндеттердің орындалуы мемлекеттік тілді үйретудің ары қарайғы жетілдіруін талап етеді.Мемлекеттік тілді үйренуге жақсы жетістіктерге жету үшін мүғалім қазіргі таңдағы ғылым негіздерімен қарулануы керек. Қазір біз жақсы нəтижелерге жету үшін жаңа технологияларды зерттеу жəне оны практикада жүзеге асыру қажет. Бүлар Е.И.Пассовтың бөгде тілді үйрету технологиясы, М.Жанпейісованың интерактивтік модульдік технологиясы, Т.Ғалиевтің жүйелеп, деңгейлеп оқыту технологиясы, қарым- қатынастық ойындарды игеруде оқытудың аса қүнды жəне тиімді технологиялсы болып есептелетін филология ғылымдарының профессоры Ə.Жүнісбектің бастауышта сөйлеу пəндік, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастырумен жетілдіру, сондай-ақ оқу жазудың механизмін игерудегі көздейтіні- үндес оқыту əдістемесі.Оқыту мен жетілдірудің жаңа технологиясын белсенді енгізуге қолдау көрсету міндет. Тіл- адам мен адамды, үлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тəн. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету əдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
-
Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті стандарты, 2012 жыл
-
Қазақстан Республикасының Білім Ғылым Министрлігі бекіткен бастауышбілім берудің бағдарламасы
-
Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006
-
Мұғалімдерге арналған қазақ тілі пəніне əдістемелік құрал
-
Қазақ тілі пəні бойынша МАБ – ға арналған тест жинағы Көкшетау «Келешек – 2030» 2009 ж
-
Қазақ тілі . Дидактикалық материалдар. 2-4 сынып«Алматыкітап» 2009-2011ж.
-
Қазақ тілінен диктанттар мен мазмұндамалар жинағы 2-4 сынып
-
Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007
-
Жазу дəптері №1,2,3 2012 ж «Атамұра»
-
Р.Сыздықова «Емле жəне тыныс белгілері»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

шағым қалдыра аласыз