Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуі»
Авторы: Өтеуова Күнсұлу Өтемұратқызы
Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі, студент
Барлық білімнің негізі бастауыш тақаланатын болса, балағадәл осы кезде білім беріп қалудың маңызы зор.Бастауышмектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі казіргі заман талаптарына сай құрылуы шарт. Болашақта еліміз дамыған алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көрінуді мақсат етіп отыр. Бұл мақсат қажет үшін әрбір азаматты мектеп қабырғасынан кәсіби біліктілікке баулу қажет. Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан – жақты дамыта отырып тәрбиелеу. Мектептегі білім мен тәрбие беру негізі бастауыш сыныптардан басталады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Бастауыш сынып мұғалімі – пән оқытушы ғана емес, баланың болашағына бағыт беруші, бала бойындағы қабілетінің көзін ашушы, қорғанышы деуге болады. Мектептегі кез-келген жаңартулар бастауыш мектептен бастау алады. Сондықтан бастауыш мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік те салмақты. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін «дайын» білім көзі ғана болмай, керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білу қажет. Ол үшін мұғалім өз бетімен білімін жетілдіре алатын, шығармашылық, сыни ойлауы қалыптасқан, қалыптан тыс кәсіби міндеттерін шешу де жаңаша жол табуға дағдыланған маман болуы қажет.
Менің мамандығым бастауыш мұғалімі болғандықтан, жас ұрпақтың тағдыры мен үшін әрдайым өзекті. Қазіргі таңда бастауыш сынып ұстаздары үшін оқушыларының мектепке дайындығы мен бейімделуі бір қатар кедергілер мен қиындықтарға толы.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – ол Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады деп ойлаймын.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы болып келеді.
Қазіргі заманда алты жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі - балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет.
Баланың мектепке бейімделу нышандарын мынадан байқауға болады:
Біріншіден - баланың оқу үдерісіне қанағаттануы. Оған мектепке барған ұнайды, ол өзіне сенімсіздік танытпайды және қорықпайды.
Екіншіден – баланың бағдарламаны жеңіл меңгеруі үшін оған осы қиын кезде қолдау жасау керек. Баланың баяулығын сынамау керек. Балаға мұқият қарау керек. Оны жан – жақты зерттеу керек. Егермектеп қарапайым және бағдарламасы дәстүрлі болып, ал бала оқу кезінде қиналатын болса, онда оған қиын сәттерде көмек көрсетіп, баяулығын, білмейтіндігін сынамау, сондай - ақ басқа балалар мен салыстырмау қажет. Әр бала ерекше және әртүрлі.
Табысты бейімделудің келесі нышаны –баланың оқу тапсырмаларын өз бетімен орындау деңгейі, тапсырманы өзі орындай алмаса, үлкендерден көмек сұрауы. Көбінесе ата-аналар баласына соншалықты ынтамен «көмектеседі», кейде бұл қарсы нәтиже беруі мүмкін. Оқушы ата-анасымен немесе жақындары мен бірлесе сабаққа дайындалуға үйреніп алады. Мұндай жағдайда біздің көрсететін көмегіміздің шегін белгілеп алуыңыз қажет.
Қорытындылай келе біз мейірбан адамдар болып, балаларды қаз – қалпында сүюге тиіспіз, шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, жалқауды да бірдей жақсы көруіміз қажет. Өзіміздің жан – шуағымызды балаларға алаламай тең үлестіруіміз керек. Балаға деген мейрімділігіміз бен махаббатымыз педагогикалық қызметіміздің ең басты дәлелі болуы тиіс. Балаларға деген сүйіспеншілік пен мейірім олар мен дөрекі сөйлесуге, олардың жеке басымен намысына тиюге, ұрсып, қорқытуға жол бермейді. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуі

шағым қалдыра аласыз