БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДА АКТнің РӨЛІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДА АКТнің РӨЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жобада бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық комунникативті техологиялары арқылы ойлау қабілетін дамыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер жайлы, ойлау қабілеттерінің түрлерін, оқу үдерісінде қалай жүзеге асырылатыны жайлы қарастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОК 159.955

Педагогика жоғары мектебінің студенті Сарбасова Д.Ж.

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.


«БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДА АҚПАРТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ РӨЛІ»


Аннотация. Бұл жобада бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық комунникативті техологиялары арқылы ойлау қабілетін дамыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер жайлы, ойлау қабілеттерінің түрлерін, оқу үдерісінде қалай жүзеге асырылатыны жайлы қарастырылған. Зерттеу жүргізу арқылы біз бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін арттыру мәселелсінің шешімін таптық. Ойлау дағдыларымен қоса ақпараттық коммункативті технологияның осы мәселедегі әсерін, берер көмегін анық көрсете білдік. Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығы, сабақ барысындағы ойлауы тікелей оқытушының сабақты өткізу формасына, қолданатын әдіс-тәсілдеріне, сабаққа оқушыларды қызықтыра алуында екені анық байқалды. Ғылыми, ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасап, теориялық және эмпирикалық әдістерді қолдана отырып зерттеуіміздің шешімін таптық. Зерттеуімізде эксперименттің бірнеше түрін қолданып нәтижесін аңғара алдық. Зерттеудің нәтижесінде біз бастауыш сынып жасындағы оқушылардың ақпарттық коммуникативті технологияларды қолдану арқылы логикалық ойлауын, ойлаудың түрлі түрлерін арттыра отырып, оқушылардың білім деңгейлерінің көтерілгендігін байқадық.

Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті дұрыс дамып жатқан жоқ. Ақпараттық комуникативті технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушысының ойлау қабілетін дамыту үшін балалармен жеке жұмыстар жасап, белгілі бір әдіс тәсілдерді пайдалану қажет.

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып өткізілетін сабақтар көрнекілігі, әдемілігі мен қарапайымдылығына байланысты оқушылардың ойлау қабілеттерін тез қабылдауға мүмкіндік береді.

Кілтті сөздер: ақпарттық коммуникативті технология, бастауыш мектеп жасы, бастауыш сынып оқушылары, ойлау, қызығушылық, ойлау қабілеттері, тәсілдер, даму.


Аннотация. В данном проекте рассмотрены методы и приемы, используемые в процессе развития мышления учащихся начальных классов посредством информационно-комунникативных технологий, виды мышления, как они реализуются в учебном процессе. Проводя исследование, мы нашли решение проблемы повышения мыслительных способностей младших школьников. Наряду с навыками мышления мы смогли наглядно показать влияние информационных коммуникационных технологий в данном вопросе. Было ясно, что интерес младших школьников к уроку, мышление во время урока напрямую связаны с формой проведения урока, применяемыми методиками, умением заинтересовать учащихся на уроке. Проанализировав научную, научно-методическую литературу, мы нашли решение нашего исследования с использованием теоретических и эмпирических методов. В нашем исследовании мы получили результаты, используя несколько типов экспериментов. В результате исследования мы наблюдали повышение уровня знаний учащихся младшего школьного возраста, повышая логическое мышление, различные виды мышления с помощью информационных коммуникативных технологий.

В настоящее время мышление младших школьников не развивается должным образом. Для развития мышления младшего школьника с помощью информационных комуникативных технологий необходимо проводить индивидуальную работу с детьми и использовать определенные методы.

Занятия с использованием информационно-коммуникативных технологий позволяют быстро усвоить мыслительные способности учащихся благодаря наглядности, красоте и простоте.

Ключевые слова: информационные коммуникативные технологии, возраст начальной школы, ученики начальной школы, мышление, интерес, мыслительные способности, подходы, развитие.


Annotation. This project discusses the methods used in the development of thinking in primary school students through information and communicative technologies, the types of thinking abilities, how they are implemented in the educational process. By conducting research, we found a solution to the problem of improving the thinking abilities of Primary School students. In addition to the skills of thinking, we have clearly demonstrated the influence and assistance of Information Communication Technology in this matter. It was clearly seen that primary school students ' interest in the lesson, their thinking during the lesson is directly related to the form of conducting the lesson, the methods used by the teacher, and the ability to interest students in the lesson. In our research, we were able to explain the results using several types of experiments. As a result of the study, we noticed an increase in the level of knowledge of students in primary school age, increasing logical thinking, various types of thinking through the use of information communicative technologies.

At the moment, the thinking of Primary School students is not developing properly. To develop the thinking of a primary school student through information comunicative technologies, it is necessary to do individual work with children and use certain methodological approaches.

Classes with the use of information and communication technologies, due to their visibility, beauty and simplicity, allow you to quickly perceive the thinking abilities of students.

Key words: information communicative technology, primary school age, primary school students, thinking, curiosity, thinking skills, approaches, development.

Қазіргі заманның өзекті тақырыптарының бірі бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерінің төмендігі. Осы тұста ақпараттық коммуникативті технологияларды қолданудын сұранысы жоғары екенін байқауға болады. Қазіргі оқушылардың басым бөлігі заманауи технологиялармен белсенді жұмыс істейді. Ақпараттық коммуникативті технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері арттады.

Бұл жұмыстын басқалардан айырмашылығы, жаңашылдығы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу барысындағы ойлау қабілеттерін арттыуда ақпараттық коммуникативті технологияның тиімді деп санаған тәсілдерін қолданып, жаңаша тапсырмалар мен жаңа платформаларды қолдандық.

Зерттеу нысанына: бастауыш сынып оқушылары бақылауға алынды.

Зерттеуіміз басатуыш сынып оқушыларының ойлау дағдыларын қалыптастыруда ақпарттық коммуникативті технологияны қолдану мәселесі аясында жүргізілді.

Сондықтан, қарастырылып отрыған мәселені шешу үшін осындай мақсат қойдық: ақпараттық коммуникативті технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.

Қойылған мақсатты шешу үшін келесі міндеттер тұжырымдалды:

1)Ғылымилық, ғылыми әдістемелердің әдебиеттеріне талдау жасау;

2)Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін психологиялық тұрғыдан қарастыру.

3)Бастауыш мектеп оқушысының ойлау қабілеттерің арттыруда ақпараттық коммуникативті технологиялардың тиімділігін анықтау.

Негізгі бөлім

Ойлау – танымның жоғары сатысы. Қазіргі психологияда - ойлау «адамның танымдық іс-әрекетінің жалпыланған және болмыстың жанама көрінісі; шығармашылық белсенділігі». В.В.Левитес ойлаудың екі ерекшелігін айтып өткен: Ойлаудың бірінші ерекшелігі-оның жанама сипаты. Бұл адам тікелей біледі немесе тікелей біле алмайды, ол жанама түрде біледі, жанама: кейбір қасиеттерді басқалар арқылы, белгісіз — белгілі арқылы біледі. Ойлаудың екінші ерекшелігі - оның жалпылануы. Жалпылау шындық объектілеріндегі жалпы және маңызды білім ретінде мүмкін, өйткені бұл объектілердің барлық қасиеттері бір-бірімен байланысты. АКТ мүмкіндіктерін пайдалану аясы  кең.   Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып өткізілетін сабақтар көрнекілігі, әдемілігі мен қарапайымдылығына байланысты оқушыларға  оқу материалын тез қабылдауға мүмкіндік береді.  Әр түрлі авторлардың анықтамаларын қорытындылай келе, ойлау дегеніміз — жаңа нәрсені іздеумен байланысты процесс, сол арқылы таным дамуының ең жоғары сатысын құрайды деп қорытынды жасауға болады. Бастауыш мектеп жасындағы ойлауды дамыту басқа психикалық функциялардың арасында маңызды орын алады.

Практикалық бөлім

Анықталған мәселені шешу үшін зерттеу жұмысы барысында ақпараттық коммуникативті технологияның әдіс-тәсілдерін, тапсырмаларын 2 «Г» сынып оқушыларына енгізу көзделді. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Павлодар қаласы «М.Әуезов атындағы жалпы білім беру мектебі» КММ жүргізілді. Тәжірибеге 16 оқушы қатысты.

Тәжірибелік-экспериментке қатысқан бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтары мен ойлау деңгейін зерттеу үшін біз диагностиканың таңдаулы әдістерін қолдана отырып, зерттеулер жүргіздік. Әрбір кезеңнің соңында оқушылардың қызығушылық деңгейінің бастапқы және соңғы деңгейін анықтау жүзеге асырылды.

Эксперимент алдымен сауалнама алу арқылы оқушылардың бастапқы деңгейін анықтау арқылы анықталы. Сауалнаманың мақсаты оқушылардың білімді қабылдауын, сабақтарға деген қызығушылықтарын, психологиялық танымдық ерекшелітерін, ойлау қабілеттерін анықтау. Бастапқы сұрақ арқылы оқушылардың жалпы сабаққа деген ынтасын анықтау. Екінші сұрақ блогы бойынша оқушыларға ұсынылатын тапсырмалардың оқушылардың оны орындауға деген қызығушылығын айқындау. Үшінші сұрақтың негізгі – мақсаты түрлі тапсырмаларды, ойын тапсырмаларын, платформаларды қолдануға көзқарасын білу. Сауалнамамен қоса ойлау деңгейлерін анықтау үшін бірнеше тапсырмалар желісін ұсындық.

Қалыптастырушы эксперимент кезеңнің мақсаты 2-сынып оқушыларының ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтап, оларды дамыту. Бұл кезеңде әр пән бойынша қызықты тапсырмалар мен түрлі платформаларды қолданып оқу процесі жүргізілді. «Ситуациялық данец», «Үшінші артық», «Болады және болмайды», «Керісінше айт», «Бір сөзбен атаңыз», Блог4брейн, ЛогикЛайк, ФоксФорд және т.с.с. платформалар мен тапсырмалар жүргізілді.

Атқарылған жұмыстың тиімділігін тексеру үшін бақылау эксперименті жүргізілді, оның мақсаты –оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыруда жүргізілген жұмыстардан соң, 2 сынып оқушыларының оқу процесіне қатысу, ойлау деңгейлерінің артуының қорытынды деңгейін анықтау. Жүргізілген жұмыстар тізбегінің тиімділігін тексеру үшін нәтижелерді салыстыруды шештік.

Нәтижелерді талдау көрсеткендей, тәжірибелік сынып оқушыларының қызығушылық және ойлау деңгейінің көрсеткіші біршама өскені байқалды.

Оқушылардан алынған нәтижелер 1-4 сурет көрсетілген.

Сурет 1. Экспериментке дейінгі тәжірибелік сыныптың сауалнама нәтижесі




Сурет 2. Эксперименттен кейінгі тәжірибелік сыныптың сауалнама нәтижесі


Сурет 3. Эксперименттен кейінгі тәжірибелік сыныптың сауалнама нәтижесі


Сурет 4. Эксперименттен кейінгі тәжірибелік сыныптың тапсырма нәтижесі

Алынған мәліметтерді талдаудан шығатын қорытынды: тәжірибелік сыныптардағы оқушылардың сабаққа белсенділігі, тапсырмаларды орындауға қызығушылығы және пәндерді оқуға деген ынтасы жоғарылағанын байқаймыз. Сонымен қоса, ойлау қабілеттері бірнеше деңгейге жоғарылады.






Қорытынды

Қорыта келе,ақпарттық коммуникативті технологияның әдіс-тәсілдері, платформалары, тапсырмалар жинағы бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерінің дамуында тиімді екені дәлелденді.

Іске асырған жұмысымыздың мақсаты мен міндеттері толықтай орындалды.

Зерттеу барысында дайындалып, тәжірибеден өткен зерттеудің мақсаты - ақпараттық коммуникативті технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мүмкін болғандығы дәлелденді.

Зерттеу міндетіне сәйкес әзірленіп, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде тәжірибеден өткен «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін арттыруға бағытталған тапсырмалар жүйесі» бастауыш сынып оқушыларында ойлау қабілеттерін, ақпарттық технологиялардың тиімділігін қалыптастыруды жүзеге асырды, тапсырмалар жүйесін жүргізу барысындағы қолданылған әдіс оқушылардың теориялық ойлауының жетілуіне, ақпаратты қайта өңдеу дағдыларының қалыптасуына, сыни және шығармашыл ойлауға, реттеушілік біліктерін игеруіне тиімді ықпал етті.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін психологиялық тұрғыдан қарастырып, педагогикалық тұрғыдан тапсырмалар құрастырып, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп қарастырдық. Бастауыш мектеп оқушысының ойлау қабілеттерің арттыруда ақпараттық коммуникативті технологиялардың тиімділігін анықтадық.

Алынған нәтижелер оқушылардың оқу қажеттілігін түсініп, сабақ тапсырмаларына деген қызығушылықтарының артқанын, білім, біліктерінің жоғарылағанын көрсетті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Алдамұратов  Ә. Ж.   Жалпы психология. – А: Білім,1996 

2. Жарықбаев Қ.Б.    Жантану негіздері.-  А, 2002.

3. Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. – А.: Білім, 2007.-360 б.

4.Бастауыш мектеп педагогикасы: Оқу құралы «Заң әдебиеті», Алматы, 2007. 280 б.

5. Стыбаева А.Ш. Первичная  психологическая адаптация детей 6-7 лет к условиям школы.-Т.: Тараз университеті, 2003.

6. Алясова О.Е., «Использование ИКТ в начальной школе» статья, 2020, с.-16-18

7.Белоглазова Е.В., «Использование ИКТ в начальной школе»статья, 2019 № 6-1 (46), С.-25-26

8. Евтухов И.Н., «Особенности развития мышления в младшем школьном возрасте» статья, № 1 (42) / 2023.

9. Куленкова Е.А., «Развитие мышление в младшем школьном возросте» статья, 2020 - 125-б.

10. Васильева А.Д., «Психологические особенности развития мышления в младшем школьном возрасте» статья, 2023 – 140-б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2024
180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі