Шәмші жалпы бастауыш білім беру мектебі
МАҚАЛА
БАСТАУЫШ СЫНЫП САТЫСЫНА ОЙЫН МЕН ГЕЙМИФИКАЦИЯ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
Зайрқұл Айсұлу Қайырғалиқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
2024-2025 оқу жылы
Қазіргі уақытта мектепке әр оқушының жеке қабілеті мен өміріне шығармашылық көзқарасын дамытуды, түрлі инновациялық оқу бағдарламаларын енгізуді, балаларға адамгершілік көзқарас принципін жүзеге асыруды және т.б. қамтамасыз ететін өз қызметін ұйымдастыру қажет. Басқаша айтқанда, мектеп әрбір баланың психикалық дамуының ерекшеліктерін білуге өте мүдделі.
Мектептегі білім мен тәрбиенің деңгейі көбінесе педагогикалық процестің баланың жас және жеке даму психологиясына қаншалықты бағытталғандығымен анықталады. Бұл әр баланың жеке даму мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілеттерін анықтау, оның жеке оң белсенділігін күшейту, тұлғасының ерекшелігін ашу, артта қалған жағдайда дер кезінде көмек көрсету мақсатында мектеп оқушыларының бүкіл оқу кезеңінде психологиялық-педагогикалық зерттеуді қамтиды. Бұл, әсіресе, мектептің төменгі сыныптарында, адамды мақсатты түрде тәрбиелеу енді ғана басталып, оқу жетекші іс-әрекетке айналған кезде өте маңызды. Мектепке дейінгі кезеңде жетекші іс-әрекет ойын болғанын естен шығармауымыз керек, сондықтан бастауыш сынып оқушысын оқу-тәрбие процесіне қосу үшін ойынды пайдаланған жөн.
Ойын адамның феноменальды құбылысы ретінде психология және философия сияқты білім салаларында барынша мұқият қарастырылады. Педагогика мен оқыту әдістемесінде мектеп жасына дейінгі балалардың және бастауыш мектеп оқушыларының ойы әрекеттеріне көбірек көңіл бөлінеді.
Себебі, мұғалімдер ойынды мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқытудың маңызды әдісі ретінде қарастырады. Ойын - бұл балалар үшін күнделікті құбылыс. Ойын адам көріністерінің рухани, эмоционалдық құндылықтарының үлкен ауқымын сақтайды және мұра етеді. Ойын мәдениет құбылысы ретінде оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді.
Ойын әдеттен тыс ақпараттылығымен ерекшеленеді, ол балаларды қоршаған әлеммен таныстырады. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақ тәрбиесіне қоғамның жауапкершілігі бұрынғыдан да артып келеді. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектепті реформалау оқыту мен тәрбиелеу процесінің тиімділігін арттыру үшін барлық мүмкіндіктерді, барлық ресурстарды пайдалануды көздейді. Білім беру саласында барлық педагогикалық ресурстар пайдаланыла бермейді.
Ойын әрекетін кез келген пәнді оқытуда қолдануға болады. Сабақтағы ойын әрекеті бұл аз қолданылатын білім беру құралдарының бірі. Сабақта біз ойынның әртүрлі түрлерін қолданып, балалардың жаңа тақырыпты меңгеру немесе өткенді қайталау процесін қызықты ете аламыз.
Сонымен, педагогикалық ойындардың көмегімен әр түрлі пәнді оқытудағы оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру және оның заманауи сұранысының артуы қазіргі уақытта ерекше өзекті болып отыр. Мәселенің өзектілігі, теориялық және практикалық маңыздылығы баяндама тақырыбын таңдауға әкелді.
Ойын басым болатын мектепке дейінгі шақтан, ең бастысы – оқу болып табылатын мектеп өміріне көшу, педагогикалық сауатты ойластырылу керек. Балаларды дамыту зерттеулері көрсеткендей, ойында басқа іс-әрекет түрлеріне қарағанда, барлық психикалық процестер жақсы дамиды. Баланың психикасында ойынмен шартталған өзгерістер соншалықты салмақты болғандықтан, мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойын деп қалыптасқан көзқарас орнықты. Басты іс-әрекет болып, оның дамуымен байланысты, баланы жаңа жоғарғы сатысына дайындайтын оның психикасындағы негізгі өзгерістердің жүруі.
Ойын - балалардың жақсы меңгерген іс-әрекеті. Мұнда олар білім алу барысында, еңбек еткенде, көркем шығармашылықта пайда болған жаңа өмірлік міндеттерді шешу үшін өздеріне көмек болатын тәжірибе жинақтайды. Сондықтан ойынға тірелу – бұл балаларды оқу ісіне қосатын маңызды жол, тәрбиелік ықпал мен тіршілік әрекетінің нормативті шарттарына эмоцоналды жауапты қамтамасыз ететін тәсіл . Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруге көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Мен бастауыш сынып оқушыларымен жұмыстанғандықтан ойынды оқу - тәрбие процесін жетілдіру мақсатында қолданып келемін. Ойындардың бір ерекшелігі сонда, мен оларды сабақта да, үзілісте де, сыныптан тыс жұмыстарда да тиімді пайдаланып оқушыларымның қызығушылығын оятып, логикалық тапсырмалар арқылы ойларын шыңдадым және оқушылардың өздерінен де қызығушылық болды. Сонымен қатар, ғаламтор желісі арқылы жүргізілетін әр түрлі сайттар арқылы сабақта ойындар жүргіздім. Ойындарды жүргізумен қатар, олардың АКТ-ға деген қызығушылықтары арттырып, онымен жұмыс жасай алуға үйренеді.

Математика сабағында ақыл-ой жүктемелерінің ұлғаюы, сабақ бойы оқылып жатқан материалға қызығушылықты, белсенділікті қалай сақтауға болады, деген ойлар туындайды.Оқушылардың математика сабағына қызығушылығының пайда болуы, көп жағдайда біліммен қаруландыру қаншалықты шебер ұйымдастырылуына және оқыту әдіс-тәсілдеріне байланысты болады. Әр оқушы сабақ үстінде белсенді және қызығып жұмыс жасауын ойластыру, мұны білімпаздықты, терең танымдылықты қалыптастыру мен дамытудың қайнар көзі ретінде қолдану керек. Бұл менің жас маман ретінде, математика сабағына таңдап алынған сабақта қолданылған ойын түрлері. Жалпы бастауыш сыныптың математика сабағында әр түрлі ойындарды өткізуге болады, бірақ ойынның мақсаты мазмұны, оқушылардың шығармашылығына, ойлау қабілеттеріне деген пайдасы болуы керек деп ойлаймын.
Математика сабағы бойынша қолданылған ойын түрлері:
Ойынның атауы: «Сәреден мәреге дейін!» ойыны
Ойынның шарты: Бұл ойын «Есептер шығару» сабағы кезінде қолданылады. Сынып оқушыларын үш топқа бөлеміз. Әр топқа ат қойылады. Тақтаға плакат ілінеді. Оған 3 баған етіп түрлі-түсті қағаздар жабыстырамыз. Түрлі-түсті қағаздардың ішіне есептер бар кеспе қағаздар жасырылған. Әр бағанда 4 есеп, 1 сұрақ болады. Сонда барлығы 15 тапсырма орындалады. Үш топтан үш оқушы шығып, плакаттағы өз тобының тұсындағы тапсырманы бірдей уақытта алып, есеп шығаруды бастайды. Уақытты ұтымды пайдалану үшін, мұғалімде есептердің жауаптары болуы тиіс. Есеп шығарып қойған оқушының есебі мұғалімдегі жауаппен салыстырылады, тексеріледі. Егер есеп дұрыс шығарылса, онда оқушы тез орнына отырады да, оның тобындағы келесі оқушы тақтаға шығып, келесі есепті шығарады. Егер есеп қате шығарылса, онда оқушы сол есепті дұрыс шығарғанынша тақтада тұрады. Қай топ бірінші болса, сол топ мәреге 1-ші жеткен боп есептеледі.
Ойынның атауы: «Балық аулау» ойыны
Ойынның шарты: Бұл ойын үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты бекіту кезінде қолданылады. Мұғалім партасының үстіне бірнеше түрлі-түсті қағаздан жасалған балықтар қойылады. Тапсырмаларды кішкене қылып бүктеп, балықтардың аузына скрепкамен қыстырып қоямыз. Магнитті жіппен байлап, ұзындау таяқшаның бір ұшына бекітіп, «қармақ» жасаймыз. Оқушылар тақтаға шығып, «қармақпен» балық аулайды. Магнитке скрепка жабыса қалады. Оқушылар балықтың аузындағы сұрақтарға жауап беріп, есептерді шығарады.
Ойынның атауы: «Жүйріктер жеңеді» ойыны
Ойынның шарты: Ойынға қатысушылар қызыл және сары топ болып екіге бөлінеді. Әр топтың алдында қызыл және сары түсті жұлдызшалары бар қорапшалар болады. Үй тапсырмаларын қайталағанда, жаңа тақырыпты бекіту кезеңдерінде сұрақтарға жауап берген сайын әрбір оқушы өзіне қызыл және сары жұлдызшаларды ала отырып, өздеріне ұпай санын жинайды. Сабақ аяғында жұлдызшаларының санына сәйкес ұпайлары саналып бағаланады. Ойын оқушыларды белгілі бір мақсатқа ұжымдық әрекет жасауға, шапшаңдыққа үйретеді.
Ойынның атауы: «Арқан тартыс»
Ойынның шарты: Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақта алдында ұзын жіп байланады. Киіз үй жиһаздары, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, т.б. суреттер салынған конверттер ілінеді. Әрбір оқушы өзіне ұнаған конвертті қиып алып, оның ішіндегі сұраққа жауап береді. Есептер болса шығарады және сурет физикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Топтағы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Қай топ көп тапсырма орындаса, сол топ жеңеді. Ойын ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
Ойынның атауы: «Дүкен» ойыны
Ойынның шарты: Оқушылардың арасынан сатушы, есепші, бақылаушы және сатып алушылар іріктеліп алынады. Сатушылар бағалары көрсетілген тауараларды реттеп қояды. Сатып алушылар тиындарын, есепшілер тауарларға арналған чектерді дайындайды. Сатып алушылар тауарлар таңдайды, олардың бағасын есептейді. Есепшіге барып ақшасын төлейді де, чек пен қайтарым ақшасын алады. Бақылаушылар есептудің және төлемнің дұрыстығын тексереді. Сатушы тауардың бағасын тексеріп жіберіп отырады.
Мысалы: 1) Оқушы есепшіге 20 тиын берді. Ол бағасы 4 тиын тұратын 3 дәптер сатып алды. Қайтарымына неше тиын алады?
Ойынның атауы: «Ақсүйек» ойыны. (Белгісіз санды табу)
Ойынның мақсаты: Белгісіз санды табуға, өрнектің мәнін табуға
жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.
Керекті құралдар: Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріпті өрнектер мен теңдеулер. (Осы ойынға тиесіліні ғана таңдап алады).
Мазмұны: Ойынға сынып оқушылары толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнында «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Дұрыс шығармаса,көрмей аттап кетеді. Кім «ақсүйекті» көп жинаса, сол ұтады. Ойын әрі қарай түрлендіріліп, жалғастырылып отырады. Көп «ақсүйек» жинаған бала бағаланады, мадақталады.
Қорыта айтқанда, оқушылардың жеке тұлғасын дамыту үшін ойын мен геймификацияның маңызы зор, өйткені оларды пайдалана отырып, сабақ барысында әр оқушы өз ұжымына көмектескісі келеді, дұрыс жауап іздейді, белсенділік танытады. Оқытушылардың тәжірибесі көрсеткендей, бұл оқу үлгерімі төмен оқушыларға өзін-өзі танытуға, олардың белсенділігін арттыруға, оқу процесіне қызығушылық танытуға және өзін жаңа қырынан көрсете білуге мүмкіндік береді.Сондықтан ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді, өз бетінше зерделейді. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында. Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шыңдалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Өстемиров К. Оқыту құралдарын пайдалану негіздері. Алматы, 2012.
2. Нұрғаева Г. Ойын сабақ // негізгі мектеп,2011, №7. -Б. 40-46
3. Жайлауова М., Сексенбаева З.. Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану // негізгі мектеп, 2014, №6. -Б. 28-30
4. Қаженбаева А. Е. Бала танымын ойынмен дамыту //Отбасы және балабақша, 2012, №1.-Б. 9-10
5. Қоянбекова.С. Ойын мақсатын талдау жэне оның мәні //Қазақстан мектебі, 2012, №1-2.-Б. 45-49
6. М.Жайлауова,З.Сексенбаева. Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану // Бастауыш мектеп, 2014, №6. -Б. 28-30
7.Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту //Отбасы және балабақша, 2012, №1.-Б. 9-10
8.Қоянбекова.С. Ойын мақсатын талдау жэне оның мәні //Қазақстан мектебі, 2012, №1-2.-Б. 45-49
Мен қолданған ойын платформасының сілтемесі
https://wordwall.net/ru/myactivities
https://joyteka.com/ru/quest-room
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз