Материалдар / Бастауыш сыныпқа арналған МОДО тапсырмалары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауыш сыныпқа арналған МОДО тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
МОДО
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2024
527
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап бер.

Тырнаның ақылы

  Күндердің бір күнінде бір сиқыршы Сүлеймен патшаға мәңгі өмір сыйлайтын суды сыйға тартқан екен. Киелі суды ішу-ішпеуі жөнінде ақылдаспақ болып, күллі аң мен құстарды жинайды. Ұзамай хайуанат біткен тегіс бас қосады. Тек ұзынсирақ Көкқұтан ғана келмейді.
  Сонда Сүлеймен патша тұрып, Итке тіл қатады:
  – Сенің басқалардан байбаламың көптеу еді, сен барып, Көкқұтанды азғырып әкелші маған, – дейді.
  Ит шынымен-ақ Көкқұтанды ертіп әкеледі.
  – Уа, Көкқұтан, көнекөз кемелім, мына бір киелі суды ішейін бе, ішпейін бе, соны айтшы? – дейді Сүлеймен.
  – Егер мына суың өзіңнің барша дос-жарандарыңа, туған-туысқандарыңа және ұшқан құс, жүгірген аңға жететін болса, онда бұл суды ішіп қой. Тамшысын да қалдырма. Сонда өмірден бақытты да, қуанышты да табасың. Бірақ оны бір өзің ғана ішсең, мәңгі бақи өкініп-опынумен өтесің. Жалғанда соқа басың сопайып, жалғыз қаласың, жақын-жуығыңның бәрі баяғыда кеткен соң, бір өзің не қуаныш, не қызық көріп жарытам дейсің.
  – Япырым-ай, сен шынында да данышпан екенсің. Мұны маған сенен басқа тірі жан айта алмас еді, – дейді Сүлеймен риза болып.
  Сөйтіп, ол киелі суды ішпейді.


1. Сүлеймен патшаға сиқыршы суды қандай мақсатпен сыйлады?

А) Уәзірлерін өзіне қарату үшін

В) мәңгі өмір сүру үшін

С) аң,құстарды қорғау үшін

Д) жалғыз өзі қалу үшін

2. Мәтіннің негізгі ойы не деп ойлайсың?

А) ынтымақтық

В) Сыйластық

С) Көреалмаушылық

Д) Жалғыздық

3. Мәтіндегі қарамен берілген сөздің мағынасы?

А) Сопақ басың

В) Жалғыз өзің

С) Жер жыртуың

Д) Қызық өмірің

4. Мына суың өзіңнің барша дос-жарандарыңа, туған-туысқандарыңа және ұшқан құс, жүгірген аңға жететін болса, онда бұл суды ішіп қой. Тамшысын да қалдырма. Сонда өмірден бақытты да, қуанышты да табасың, -деп айтқан кейіпкер?

А) Сиқыршы

В) Ит

С) Уәзірі

Д) Көкқұтан






Ұлы ғарышкер

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысында туған. Ол еңбек жолын он бес жасында Теміртау қаласында токарь болып істеуден бастап, сонымен бірге кешкі мектепте оқыған.

1969 жылы Армавир жоғары әскери-әуе училищесін бітірген соң, әскери – әуе күштерінде қызмет атқарады. Тоқтар Әубәкіров – сынақшы-ұшқыш.1979 жылы Тоқтар Мәскеу әуе институтын бітірген болатын.1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.


5.Тоқтар Әубәкіров қай жылы дүниеге келген?

А) 1946 жылы

В) 1969 жылы

С) 1991 жылы

Д) 1846 жылы

6. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі қандай орбиталық кешенімен түйісті?

А) «Мир» орбиталық

В) «Союз ТМ-13» орбиталық

С) «Байқоңыр» орбиталық

Д) Армавир орбиталық

7. Тоқтар Әубәкіров 1979 жылы қандай институтты бітірген?

А) Армавир әуе институты

В) Қарулы күштер институты

С) Мәскеу әуе институты

Д) Қорқыт Ата атындағы Қызылорда институты

8. Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен қай күні ғарышқа ұшты?

А) 2 қазан

В) 2 сәуір

С) 10 қазан

Д) 10 сәуір

9. Ғарышқа ұшу үшін Тоқтар Әубәкіров қай жылы не істеп бастады?

А) 1969жылы ғарыш денелерін зерттеп бастады

В) 1979 жылы «Мир» орбиталық кемесін жасай бастады

С) 1991 жылы жаттығу жасай бастады

Д) 1990 жылы сынақтарға қатыса бастады

10.Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қандай атақ иегері?

А)техника ғылымының докторы

В) әуе институты профессоры С) техника ғылымының профессоры

Д) құрметті профессоры



11.Теңдеуді шеш 950÷ х=120-115

А.5

В. 190

С. 109

Д.45

12. Амалдарды орында. 802×2+660÷6-451=

А. 1263

В. 1206

С. 2606

Д. 1265

13.Сандарды оқы. Заңдылықты анықта. Заңдылықты жалғастыр, тағы 3 сан берілген қатарды анықта. 120 021 230 032 340 043

А. 110 011 210 021 210012

В. 120 012 130 032 1300310

С. 140 014 140 041 140140

Д. 450 054 560065 670076

14. Есепте. 9²+3²+5²=

А.115.

В.225

С.125.

Д.354

15. Есепті шығар.

Биыл бір облыстың күріш өсірушілері 502 525 т күріш жинады. Былтырғы бұдан бұдан 5 456 т күріш кем болды. Алдыңғы жылы былтырғы жылға қарағанда 2 315 т күріш кем болды. Алдыңғы жылы қанша тонна өнім жиналды.

А. 494481

В. 497069

С. 494754

Д.495784


16. Салыстыр.

5дм3* 5000см3 10 000см3 * 5дм3 3 * 10 000см 3

А. < = >

В. = > >

С. < > =

Д. > = <

17.Көрсетілген өлшем бірліктерінің дұрыстығын көрсет.

5 г 3 мг = мг; 14 ғ = жыл; 4 000дм3 = м3; 1а= м2.

А. 500 г 3 мг = 5030мг 14 ғ = 1004 жыл 4 000дм3 = 40м3 1а= 10м2

В. 5 г 3 мг = 5300мг 14 ғ = 1040 жыл 4 000дм3 = 400м3 1а= 1000м2

С. 5 г 3 мг = 5003мг 14 ғ = 14000 жыл 4 000дм3 = 4000м3 1а= 1000м2

Д. 5 г 3 мг = 5003мг 14 ғ = 1400 жыл 4 000дм3 = 4м3 1а= 100м2

18. Балалар жылқыларды суғаруға айдап келді. Егер барлығы 26 бас пен 82 аяқ санаған болса, қанша бала және қанша жылқы болған. Жауаптар нұсқасына қара. Олардың қайсысы дұрыс. Жауабыңды дәлелде.

А. 13бала 13жылқы

В. 11бала15 жылқы

С. 6бала 20жылқы

Д. 4бала 18 жылқы

19. Периметрі 8см-ге тең тіктөртбұрыштың ауданын есепте.

А. 4см2

В. 6 см2

С. 3 см2

Д. 5 см2

20.Есепті шығар.

Екі қаладан бір уақытта бір бағытта екі пойыз шықты. Бірінші пойыздың жылдамдығы 80 км/сағ, ал оның артынан келе жатқан екінші пойыздың жылдамдығы одан 30 км/сағ. артық. Пойыздар шыққаннан соң, 4 сағаттан кейін кездесті.  Екі қала бір-бірінен қандай қашықтықта орналасқан?

  1. 290 км

  2. 1 160 км

  3. 100 км

  4. 120 км 

21. 249 минут = сағ мин

А. 2 сағат 30 мин

В. 3 сағат 19 мин

С. 5 сағат 20 мин

Д. 4 сағат 9 мин

22. Есепте

Ұзындығы – 25 м, ені- 10м, ал тереңдігі 2м болатын хауыздың көлемін тап.

А.500м3

В. 300м3

С. 400м3

Д. 600м3


23.Топырақтың құнарлылығы неге байланысты?

А. Қарашіріктің мөлшеріне

В. Топырақтың борпылдақтығына

С. Топырақтың түсіне

Д. Топырақтың қасиетіне

24.Өсімдіктер, құстар, аңдар, бунақденелілер, суқойма жануарлары, сондай-ақ адамзат тіршілік ететін Жер қабығы?

А. Литосфера

В. Гидросфера

С. Атмосфера

Д. Биосфера


25.Жердің денелерді өзіне тарту күші қалай аталады?

А. Серпімділік күші

В. Ауырлық күші

С. Үйкеліс күші

Д. Тартылыс күші

338тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!