Материалдар / Бастауыш сыныпқа арналған МОДО тапсырмалары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауыш сыныпқа арналған МОДО тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
МОДО
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2024
1544
13 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап бер.

Балықтар

Балықтар осыдан 450 миллион жыл бұрын, тіпті динозаврлардан бұрын пайда болған делінеді. Ғалымдардың айтуы бойынша әлемде 250 мыңға жуық балық бар. Оның 15 мыңға таяуы әлі зерттелмеген. Сүтқоректілердің, бауырымен жорғалаушылардың, суда да, құрлықта да тіршілік ететін қосмекенділердің санын қоссаңыз балықтардың санына жетпейді екен.

Әлемдегі ең үлкен балық – кит акуласы. Оның ұзындығы 20 метр, салмағы 34 тоннаға тең. Барлық акула секілді акуланың қаңқасы тұтастай шеміршектен тұрады. Алып акуланың 4 мыңға жуық тісі болады.

Балықтар да адамдар секілді, құстар секілді ауруды сезіне алады.

Ең жылдам балық – қылыш-балық. Оның жылдамдығы – сағатына 130-140 км.Теңіз атбалықтары басқа балықтардан көлденең жүзетіндігімен ерекшеленеді. Олар өте жай жүзеді. Шамамен есептегенде 1 сағатта 1,5 метрге ғана жылжиды екен. Қорқынышты әрі тұңғиық тереңде жүзетін балықтар ешқашан жарықты көрмейді. Олар әлемдегі ең терең Мариана шұңғымасында тіршілік етеді.

1.Қаңқасы шеміршектен тұратын балық?

А) кит акуласы

В) теңіз балықтары

С) барлық балық

Д) атбалық

2.Ең жылдам балық?

А) акула

В) сазан

С) итбалық

Д) қылыш-балық

3. Жарықты көрмейтін балықтар қайда тіршілік етеді?

А) Исландия аралында

В) Мариана шұңғымасында

С) Үнді мұхитында

Д) Каспий теңізінде

4.Теңіз атбалықтарының ерекшеліктері неде?

А) жылдам жүзетіндігінде

В) баяу жүзетіндігінде

С) шапшаң жүзетіндігінде

Д) көлденең жүзетіндігінде


Ермен

Ел жайлаудан қайтып, етекке түскен кез. Қыр –қырға егілген астыққа орақ салынған. Орақшылардың артында текше-текше дестелер тізбектеліп, баулар сап түзеп қалып жатыр. Баулар астықты қырманға тасуға қолайлы.

Пішен шабындықтары шөмеле болып үйіліп жатыр. Жер бетінің сары бояуы басым. Боз жусан, ақшыл ебелек, бойшаң ермен өскен өңірлердің түсі бозғылт.

Бір күні әкем жұнттай семіз нән серкені ұстап әкелді де, бата жасап бауыздап, етін тай қазанға бұзбай салдырды.

Ешкілер күзде ерменді көп жейді. Ешкі етінің емдік қуаттылығы осы ерменге тойған кез. "Ерменді жерде ер өлмес", «Ешкінің еті - жел, сергештің еті – ем» деген ұғым халық арасына кең тараған. Ермен дәмі сіңген ешкінің етін ем санаған қазақ баласы азынаған аязға ықпайды, сықырлаған суыққа тоңбайды, шілденің қайнаған ыстығына күймейді

( Қ. Толыбаев)

5. Шығармадағы негізгі ой

А) астық туралы

В) орақшылар туралы

С) ермен шөбі туралы

Д) ешкі еті туралы

6. Ермен шөбінің емдік қуаттылығына жатпайтын қасиеті

А)азынаған аязға ықпайды В) сықырлаған суыққа тоңбайды

С) шілденің қайнаған ыстығына күймейді Д) дененің қызуын көтереді

7. "Шөмеле" сөзінің мағынасы қандай?

А) төбе-төбе

В) үлкен-үлкен

С) биік-биік

Д) шөміштей

  1. Мәтінде жылдың қай мезгіліліндегі еңбек туралы баяндалады?

А) жаз

В) күз

С) көктем

Д) қыс

  1. Мәтіндегі "текше-текше дестелер тізбектеліп, баулар сап түзеп" деген сөз тіркестерін қандай сөздермен алмастыруға болады?

А) үйіліп жиналған

В) бірыңғай

С) қаз - қатар

Д) топтау, шоғырлау

  1. Ермен шөбінің қасиетін айғақтайтын халық ұғымы

А) "Ерменді жерде ер өлмес"

В) «Ешкінің еті - жел, сергештің еті – ем»

С) "Ешкі бақсаң, түбіті көп, мүйізі пышаққа сап"

Д) «Ешкі сойып жесең – бір күндік, сауып ішсең – мың күндік»


  1. Жарықта өсімдіктің жасыл жапырағында түзіледі....

А. Көмірқышқыл газ

В. оттек

С. су

Д. ауа

Е. бу


12.Екі ағза арасындағы бір-біріне ешқандай әсері болмайтын қарым-қатынас қалай аталатындығын көрсетіңіз.

А. Қарсыластық

В. Бәсекелестік

С. Симбиоз

Д. Тозаңдану

Е. Бейтараптық


13.Ауаның сығылу, серпілу қасиетін көрсете алатын ойыншықты анықтаңыз.

А. Фарфор ойыншық

В. Қағаз кеме

С. Пластмасса шелек

Д. Жұмсақ аю

Е. Резеңке доп


14.Ең жарық орман.

А. Қарағай орманы

В. Аласа бұталар көп орман

С. Қайың орманы

Д. Емен орманы

Е. Теректер орманы


15.Жылдың ең ұзақ күні

А. 22 мамыр

В. 22 наурыз

С. 22 маусым

Д. 22 тамыз

Е. 22 шілде


16.Қазақстандағы ең үлкен көл.

А. Арал

В. Балқаш

С. Ертіс

Д. Каспи

Е. Алакөл


17.Далада тұратын металл орындықтың бірнеше жылдан кейін түсі өзгеріп, сырты бұдырланды. Металл орындыққа не болуы мүмкін екендігін көрсетіңіз.

А. Жанды

В. Балқыды

С. Сынды

Д. Көгерді

Е. Таттанды


18.Қазақстанның Петропавл қаласында ..... жылы құрылған алғашқы ботаникалық бақ құрылды.

А. 1922

В. 1952

С. 1932

Д. 1912

Е. 1942


19.Тіктөртбұрыш пішінді бақшаның ұзындығы 18 м, ал ені 5 м. Кестеге сәйкес бақшаның боялған бөлігіне қияр, ал қалған бөлігіне пияз егілді.Пияз егілген жер телімінің ауданы қанша?






























































А.30 м2

В. 80 м2

С. 40 м2

Д. 70 м2

Е. 60 м2


20.Екі дүкенге қораптарға салынған 1800 кг сары май әкелінді. Дүкендердің біріне 430 қорап, екіншісіне 470 қорап май түсірілді. Екінші дүкенге неше килограмм май әкелінді?

А. 570 кг

В. 940 кг

С. 900кг

Д. 624 кг

Е. 860 кг


21.Бірінші бақшадан 28 қап, екінші бақшадан дәл осындай 23 қап картоп жиналды. Екінші бақшадан біріншіге қарағанда 250 кг картоп кем жиналды. Бірінші бақшадан неше кг жиналды?


А. 1250 кг

В. 1400 кг

С. 1330 кг

Д. 1200 кг

Е. 1150 кг


22.

  1. х:12=1000-725 теңдеуінің мәнін анықтаңыз


А. 16500

В. 13800

С.14750

Д. 14500

Е. 14400


23.Тіктөртбұрыштың периметрі 122 см. Ал ұзындығы 36 см болса, осы тіктөртбұрыштың ауданы қанша см2.


А. 880 см2

В. 870 см2

С. 920 см2

Д. 900 см2

Е. 860 см2


24.Бесінші разрядтың 7 бірлігі, 8 разрядтың 9 бірлігі, 9 разрядтың 8 бірлігі бар санды жаз.

А. 89007000

В. 890700000

С.89070000

Д. 890007000

Е. 890070000





25.123000456789 санындағы барлық ондық мыңды тап...


А. 1234 ондық мың

В. 1345 ондық мың

С.12345 ондық мың

Д. 1034 ондық мың

Е. 123450 ондық мың



  1. 542157 разрядтық қосылғыштарға жікте

А. 500000+40000+2000+100+57

В. 500000+40000+2000+100+50+7

С. 540000+2000+100+50+7

Д. 50000+40000+2000+200+50+7

Е. 500000+40000+2000+100+500+7


27.Есепте. 6124х123= 23124х324= 30212х197=


А. 753242; 7492176; 5951764

В. 753252; 7492176; 5941764

С. 753252; 7492176; 5951764

Д. 753252; 7492376; 5951764

Е. 753252; 7492186; 5951764


28.Есепте. (5х102-(441:21-6)2=

А.634

В. 250

С. 225

Д. 280

Е. 275


29.Формуламен жаз. Көлемі, ұзындығы және белгілі қораптың биіктігін тап.


А. С=V:(а*b)

В. С=V:(а+b)

С. С=V:(а:b)

Д. С

525тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!