Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бастауыш сыныпта Әл-Фарабидің шығармашылығын бастауыш сыныпта оқытудың кейбір жолдары.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бастауыш сыныпта Әл-Фарабидің шығармашылығын бастауыш сыныпта оқытудың кейбір
жолдары.
6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
мамандығы,3 курс студенті Рахатова Г.Ж
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Илиясова Р.К.
Әбу Насыр Әл-Фараби- шығыстың ұлы ғалымы біз үшін Аристотелден кейінгі екінші ұстаз.Бәріміз білетіндей әлемге әйгілі ойшыл,пәлсапашы,әлеуметтанушы,математик,физик,астроном,ботаник,логика,лингвист,музыка зерттеушісі.Туған жері Отырар қаласы(фараб),әскербасының отбасында дүниеге келген.Жеті жұрттын тілін білген Әл-Фараби жер бетінднгі материалдық денелерді былай қойғанда ғарышты зерттеген.Ешқандай технология дамымаған заманда ғарышты зерттеу оңай болмаған.Осыдан-ақ оның жанкештілігін аңғаруға болады.Жан жақты болғаны сонша көптеген салаларда ізденіп,артында мол мұра қалдырды.Мен Әл-Фарабидің жетістіктерін баяндауда осы жоспарды басшылыққа аламын.Қазіргі қолда бар мағлұматқа қарағанда ұлы бабамыздың ғылымға белгілі(зерттелген-зерттелмегенін қосқанда) 70-ке тарта шығармасы бар көрінеді.Олардың толық немесе үзінді түріндегісі кезіндегі КСРО халықтары тілдеріне бірсыпырасы аударылған.Олар мыналар:Ғылымдардың шығуы,Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі,Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап,Мәселелердің түпкі мазмұны,Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі туралы,Вакуум туралы трактат,Музыканың ұлы кітабы(кіріспесі қазақ тілінде аударылған),Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарына түсініктеме,Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы,Порфирийдің Философияға кіріспе атты кітабына түсініктеме,Химия өнерінің қажеттігі жайлы,Птолемейдің Алмагесіне түсініктеме және қосымша кітап,Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы,Философиялық сұраулар және оған жауаптар,Бақытқа жету туралы,Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты,Ақылдың мәні туралы,Түсініктемелер,Философияның дінге қатысы,Әріптер туралы кітап,Логикаға кіріспе трактат,Геометриялық трактат т.б.
Ұстаздық әдеп жайында сөз ететін болсақ шығыс ойшылдарының гумандық ой пікірлеріне аса қатты назар аударамыз.Әсіресе басында айтып өткенімдей екінші ұстаз,ғұлама ғалым,ұлы ойшыл Әл-Фарабидің еңбектеріндегі педагогикалық көзқарастар қанша ғасыр өтсе де өз құндылығын жоғалтқан жоқ.Әл-Фарабидің айтуы бойынша нағыз ұстаз ғана айтқанын екі еткізбейтін,ешкім шағым жасауға батылы бармайтын,білімі телегей-теңіздей,ақыл-ой парасаты да,ерік-жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам.Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге көрсетеді,ол халықты соңына ертіп,оның мұң-мұқтажын талап-тілегін орындай алады.
Әл-Фарабидің гуманитарлық-педагогикалық мұрасы педагогика саласы бойынша әртүрлі қырынан қаралып жүрген мәселелердің бірі.Оның сан-салалы шығармалары жайында жазылған еңбектері де,ол туралы айтылып келе жатқан пікірлер де баршылық,Фараби мұрасын зерттеуші өзбек ғалымы М.М.Хайруллаевтың айтуынша,ойшыл бабамыздың шығармаларын барыншы толық тізімін,яки 160 еңбектің атауын түрік ғалымы А.Атештің еңбетерінен табасыз.Әл-Фараби трактаттарының қолжазбаларын Кайр,Дамшық,Бейрут,Ыстамбұл,Лейден,Париж,Мадрид,Лондон,Тегеран,Нью-Йорк және басқа да қалалардың кітапханаларын кездестіруге болады.Әл-Фараби өзінің педагогикадағы ой пікірлерін,жетістіктерін жаңғырта отырып өзінің данышпандық ой пікірлерін еске ала отырып сонымен қатар халық данышпандығы туғызған ой пікірлерге шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне ден қоя отырып және де саралай отыра өзінің түпнұсқалық педагогикалық тұжырымдамасын жасады.Оның педагогикалық тұжырымдамасы әдіснаманы,дидактиканы,тәрбие теориясы мен әдістемені бірге қамтитын ауқымды,іргелі жүйе болып табылады.
Ғұлама өзінің трактаттарында әдіснамалық, тәрбиелік, дидактикалық әдістемелік жүйелерін ұсынды. Әл-Фарабидің гуманистік идеяларға толы педагогикалық көзқарастары ғұламаның «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері», «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Риторика», «Поэзия өнері» сияқты көптеген трактаттарында сипатталған. Бұл еңбектерде оқытудың мақсаты мен әдістемесі, білімнің беріктігі, жүйелілігі, оқытудың қолжетімділігі, көрнекілігі қам- тылған, білім алушының белсенділігі мен мақ- Ізгілендіру әл-Фарабидің педагогикалық идеясының өзегі болған. Ғұлама білім берудің ізгілендіру ұстанымына негізделуі қажет екендігін өз уақытында ғылыми тұжырымдалған ойпікірлерімен айқындап кеткен. Ал, бүгінгі таңда әл-Фарабидің көрегендігі мен ғұламалылығы дәлелденіп, он ғасыр өтсе де, жаңа білім беру парадигмасы ретінде ізгілендіру танылып отыр. Демек, әл-Фарабидің философиялық, саяси-этикалық, музыкалық мұраларынан ұғатынымыз мемлекет халықтың, жеке адамның рухани болмысының толыққандылығымен, тереңдігімен нығаяды (Сарбасова, 2008; Ұлы ойшыл ғұлама..., 2019) [3; 9].
Жалпы педагогиканың бір саласы болып табылатын тәрбие теориясының әдіснамасын әл-Фарабидің тәрбиенің заңдылықтарын, ұстанымдарын, мақсатын, мазмұнын, әдістерін, құ- ралдарын, нәтижесін тұжырымдамалық тұрғыдан негіздейтін жетекші педагогикалық ой-пікірлері айқындайды. Тәрбиелеу – халықтардың бойында білімге негізделген этникалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту. Тәрбиелеу – жеке адамның кісілігін қалыптастыру деп көрсетеді. Ол тәрбие әрекетінде қатты әдіс (қатаңдық) пен жұмсақ әдісті (жұмсақтықты) ұштастыра білуді ұсынады. Тәрбие тәжірибе және іс-әрекет арқылы беріледі деді әл-Фараби (аль-Фараби, 2016) [4].
Әл-Фарабидің дүниетанымдық пайымы бойынша ақылдың төрт тұғыры болып табылатын топырақ, ауа, от, су ізгі мемлекетте әділ заң (құқықтық мемлекет), ақыл, парасат (ақылды мемлекет), дәулет, байлық (бай-қуатты мемлекет), қанағатшылдық (өмір сүру салты) арқылы толық жүзеге асады деген сенімде болды.
Әл-Фараби қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары арқылы жасөспірімдер тәрбиесінің тұтас тұжырымдамаларын ұсынған. Сол себепті алдымен «Қайырымды қала» идеалы – гуманистік және адамгершілік бағдар екендігін жүйелеп, 2суретте көрсеттік (2-сурет. ӘлФарабидің тәрбие идеалы).
1-кесте.Тәрбие ұғымының мазмұны.
№ |
«Тәрбие» ұғымының құрылымы |
«Тәрбие» ұғымының мазмұны |
1. |
Мәні |
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі». |
2. |
Заңдылықтары |
«Қайырымдылық бақытқа жету үшін керек. Ол табиғи түрде де, қалау түрінде де бола алады. Зұлымдық бақытқа жетуге кедергі жасайды». «Адамдар туралы айтсақ, оларды қосатын, байланыстыратын дәнекер, тұтқа - адамгершілік болып табылады. Сондықтан адамдар адамзат тегіне жататын болғандықтан өзара бейбітшілік, татулық сақтауы ләзім». |
3. |
Ұстанымдары |
|
4. |
Мақсаты |
«Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек. Ол үшін ақылгөй ұстаз керек». |
5. |
Мазмұны |
Адамгершілік, еңбек, ақыл-ой, патриоттық, эстетикалық, имандылық, дене тәрбиесі. |
6. |
Әдістері |
Үйрету, жаттықтыру, сендіру, мінез-құлықтағы орта шаманы тез табу, өнеге, талап, педагогикалық ықпал ету («жұмсақ» және «қатты» әдіс), мойынұсындыру, мақтау. |
7. |
Құралдары |
Еңбек, қарым-қатынас, өнер, табиғат, ғылым негіздері. |
8. |
Нәтижесі |
«Біз жақсы мінез-құлық пен парасатқа ие болған кезде солардың арқасында міндетті түрде бақытқа жетеміз... Бұл екеуі бар кезде өзіміз және іс-әрекеттеріміз үстем де кемел болады, осылардың арқасында біз шын мәнінде қастерлі, қайырымды, инабатты боламыз». |
Ашық сабақ «жалғаулардың орналасу тәртібі»
Сабақтың тақырыбы: Отырарлық ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Жалғаулардың орналасу тәртібі
Сабақтың мақсаты: Әбу Насыр Әл-Фараби туралы ой пікірлерін қалыптастыру, грамматика бойынша білімдерін пысықтау.
Білімділік міндеті: Әбу Насыр Әл -Фарабидің білімдар, ақылгөй, данышпан, ойшыл, зиялы ірі тұлға екенін студенттерге жеткізу, зат есімнің жалғаулары бойынша білімдерін толықтыру.
Дамытушылық міндеті: студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту, грамматикалық ерекшеліктерін қалыптастыру, ойларын еркін жеткізуге және сауатты болуға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеті: студенттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу. Өнер адамын, елін, тарихын, тілін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО (сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары)
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
Көрнекілік: Ғалымның суреті, еңбектер жиынтығы, слайдтар
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А) Студенттермен амандасу.
Ә) Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.
Б) Студенттердің зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Зат есімнің жалғаулары. Түркістан қаласы
М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін жаттау
1.«Жедел жауап» Сұрақтар беру.
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есім қалай түрленеді?
3.Қазақ тілінде қанша түрлі жалғау бар?
4.Көптік жалғауларды ата?
5.Септіктердің сұрақтарын ата?
6.Жіктік жалғаулар қандай зат есімге жалғанады?
2. «Адасқан жалғаулар» ойыны
«Туған жер... жуас.. да тәтті. -ы, -дің,
Туған
жер... ауас... да
шипа,
- дің,-
ы, -ын,- ы, -тың,- ын,- ін,- ы,
-ын, -ы,- тің,-
Жеті атас... білген ұл
Жеті жұрт... қам жер. -пен,-ға,-дан,-на
Өз... ғана білген ұл
Құлағ... мен жағ... жер.
Намыс...жоқ жігіт... намыс…не ісі бар?
Жақсы жақын көп
Жақсы… үйрен, жаман… жирен»
ІІІ. Жаңа сабақ. Отырарлық ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Жалғаулардың орналасу тәртібі
Слайд арқылы Әбу Насыр Әл -Фараби өмірі шығармашылығынан ақпараттар беру.
Кіріспе.
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер,
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,
Ғашықтар бір- бірін өпкен жер.
Сарылып сал- сері кеткен жер
Бас иіп, иіспен топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер!
1. Мәтінмен танысу: Әл-Фараби 870 ж. Арыс өзенінің жағасында орналасқан Фараб шаһарында дүниеге келген. Оның туған жері – ежелгі қазақ қаласы Отырарды Арабтар (Фараб) деп атаған, Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.
Ғалым білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазды. Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы жылдарын мен Шамда (Дамаскіде) өткізеді.
Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, ғұлама көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды.
2. Сөздікпен жұмыс
Әбігершілік — бір нәрсеге мазасыздану, әбігерге түсу (беспокойство)
Тұжырым — белгілі бір ойды қорытындылау(вывод)
Шығыстанушы — шығыс халқын зерттеуші (востоковед)
Бірегей — ерекше, айрықша (уникальный)
Шаһар — қала (город)
Аристотель — грек елінің ұлы ғалымы
Шам — қазіргі Сирия мемлекетінің астанасы Дамаск қаласының көне атауы.
3. Мәтіннен жалғауларды тауып, түрлеріне ажырату.
4.Тақтамен, дәптермен жұмыс: Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазу.
Ұлы данышпан ….. туған.
… Арыс өзенінің бойында орналасқан.
Арабтар Отырарды …. атаған.
Отырар,… ең ірі қалалардың бірі.
Семантикалық карта