Бастауыш сыныпта ауызша жылдам есептеудің жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сыныпта ауызша жылдам есептеудің жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарда ауызша жылдам есептеугеүйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ







Зулпыкар Перизат Сейдаханқызы





«БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АУЫЗША ЖЫЛДАМ ЕСЕПТЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ» әдістемелік құрал


























2025 жыл





УДК 26.84

ББК 54.23

З 14


Құрастырушы автор:

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы №1орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Зулпыкар Перизат Сейдаханқызы.


«Бастауыш сыныпта ауызша жылдам есептеудің жолдары» тақырыбындағы

әдістемелік құрал.


Бұл әдістемелік құрал «Bilimdi Urpaq» ғылым мен білімді қолдау орталығының әдістемелік сараптамалық кеңесінде қаралды.



Пікір білдіруші:

Педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚПА профессоры Тағаев Нұрлыбек Сейдуллаұлы.


ISBN 978-601-7046-26-4




© Сейтқұлова Таңшолпан Сейтқұлқызы.

2025 жыл









Қазақстан Республикасының ОҚУ АҒАРТУ, Мәдениет Ақпарат министрлігінде тіркелген. Тіркеу куәлігі №KZ17VPY00098











ТҮСІНІК ХАТ


Ұсынылып отырған құралда математика пәні негізінде оқушылардың бастауыш сыныпта ауызша жылдам есептеудің жолдары білім сапасын арттыру жолдары қамтылған. Математика пәні бойынша оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру ісінде осы әдістемелік құралдың өзіндік септігін тигізері анық. Әдістемелік көмекші құралда бастауыш білім беру жүйесінде математика сабағында бастауыш сыныпта ауызша жылдам есептеудің жолдары арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру мәселелері кеңінен қамтылған. Көмекші құрал бастауыш сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер қауымына арналған.Әдістемелік құрал бастауыш сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер қауымына арналған.

Ұлaғaтты ұcтaздaр «Мaтемaтикa өмір тіршілігіне қaжет ғылым. Қоғaмдa тіл қaндaй қaжет болca, мaтемaтикa тілі де cондaй қaжет, ол тaбиғaттың тілі, оны cүйіп оқып үйреніңдер, cырын aшыңдaр, cыйлығын aлдындa күтіп тұр»,─ дегендей, ауызша есептеу математика сабағында өте тиімді. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамытады, есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуға дағдыландыра отырып, шапшаң тез есептеуге сонымен қатар логикалық ойлаудың дамуына жол ашады. Ауызша есептеу әдістерін практикада қолдану, заман талабына сай заманауи технологияның дамуына үлкен үлес қосады

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі кезеңде оқушыларға әрбір пән бойынша берілетін білімі барынша тереңдетіліп, сапасы және оларға қойылатын талаптар арта түсті. Еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі, ғылым мен техниканың дамуы үшін ғылым негіздерін тиянақты алып, оны дамытуға негізделген. Ауызша есептеу әдістері математикалық бағыттағы практикалық білік және кәсіби дайындығы үшін маңызды.

Әдістемелік құралдың мақсаты: ауызша есептеу әдістерін айқындап, оларды тиімді пайдалану; есептеу және жазуға кететін уақытты үнемдеу.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  1. Мұғалімнің ауызша есептеуге арналған әдіс-тәсілдерін әзірлеу арқылы бірлесе жұмыс істеу

  2. Көрнекі құралдардың тиімділігін көрсете отырып, қолдану

  3. Әр оқушының деңгейін анықтап, оқушыдан қандай нәтиже күтілетінін нақтылау, анализ жасау

егер математиканы оқыту процесінде ауызша есептеу әдістерін жан-жақты зерттеп, оларды тиімді пайдаланса, онда тез есептеу әдістерін практикада қолданысы кеңейеді және заман талабына сай заманауи ғылымның дамуына үлкен үлес қосады. Егер оқушыларға ауызша есептеу әдістерін қолдануды үйретсе, онда оқушылардың практикалық есептерін шығаруда үлкен көмек болары анық.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар қызығушылық танытты;

  2. Уақыттары үнемделді;

  3. Бір-бірімен жұмыс жасап, тіл табысуды үйренді;

  4. Тез, шапшаң ойлау дағдылары қалыптасты;

  5. Математикалық диктантты жазып, оны ауызша тексеріп үйренді.

Қaзіргі заман тaлaптaрынa caй жacтaрғa білім және тәрбие беру, олaрды жaн-жaқты дaмыту ─ қоғaм aлдындa тұрғaн бacты міндеттердің бірі. Кез келген елдің білім беру жүйеcінің aлдындa қоғaм дaмуының қaй кезінде болмacын үлкен міндеттер тұрғaны белгілі. Өйткені білім беруді дaмыту aрқылы, мемлекеттің өcіп өркендеуіне жaқcы жол aшылaры cөзcіз. Мемлекеттің қaлыптacып, caяcи экономикaлық бaғыттaрдың дaмып гүлденуі, білім беру жүйеcімен тікелей бaйлaныcты болып отыр.

Математиканың күнделікті адам өміріндегі мәні орасан зор. Санай білмей, сандарды қосуды, азайтуды, көбейтуді, бөлуді дұрыс орындай білмей тұрып адам қоғамының дамуы мүмкін деп ойлауға болмайды. Арифметикалық төрт амал, ауызша және жазбаша есептеу ережелері бастауыш сыныптардан бастап оқылады. Бұл ережелерді бір адам ойлап шығарған немесе тапқан емес. Арифметика күнделікті практика талаптарынан, адамдардың еңбектеніп әрекет жасауындағы өмірлік мұқтаждықтарынан туған. Арифметика өте баяу және ұзақ уақыт дамыды.



«МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

Бүгінгі таңда білімге қойылатын талап өте жоғары. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейтіп, білімдерін нығайтуда математиканың атқаратын рөлі өте зор. Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту»,- делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж. Адамбаева).

Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» — деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады.

Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі. Oқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Oқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.

Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті деген не?- деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Ауызша есептеу әдістерін практикада қолдану, заман талабына сай заманауи технологияның дамуына үлкен үлес қосуда.

XXI ғасыр ─ жаңа технология ғасыры. XXI ғасырда тез есептеу әдістері өз қолданысын табады.

Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына тоқталайық.

1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.

2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.

3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.

Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.

Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн. Бастауыш сыныпта математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор. Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.

Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.

Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу. Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.

Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады.

Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сораптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.

Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.

Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: «Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін» — көрсеткен болатын.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:

1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.

2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.

4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карьочкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.

Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір бірімен байланысты жүзеге асады. Мысалы: Саналық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, шамаға лайықтылық және тағы басқалар. Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың білім деңгейін көтеруде көрнекілік принциптерінің рөлі ерекше.

Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу керек. Алдыңғы айтқандай көрнекілікпен оқыту арқылы білім сапасын артттырамыз, материалды жетік терең әрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал жасаймыз. Көрнекі құралдар оларды қалай пайдалану керектігі туралы бірқатар педагогикалық-психологиялық зерттеулерге тоқталып өтуге болады.

Көрнекілік принципін теориялық жағынан бірінші болып негіздеген Я.А. Коменский (1592-1670) болса, орыс педагогтары ең алдымен ұлы педагог К.Д. Ушинский (1824-1870) көрнекілік мәнін психологиялық жағынан қоса алып көрсетті.

Көрнекілік әдісімен оқу – оқушыларды өз бетінше байқауға үйретуге негізделеді. К.Д. Ушинский көрнекілік әдіске психологиялық анализ жасай келе, көрнекілік тек көру сезіміне ғана байланысты деген бір жақты пікірді сынады. Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек қатынасса зат және құбылыс жөніндегі қабылданбаған ұғым, түсінік есіңізге соғұрлым берік, тиянақты есте сақталады.

Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу, тағы басқа сезім мүшелерінің белсенді қатысуы тиіс. Егер де педагог баланың есінде бірдеңені берік қалдыруды көздейтін болса, ал көз, құлақ, дауыс, бұлшық ет сияқты сезім органдарының, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қарастыруға тырысуы керек деген К.Д. Ушинский.

Көрнекілікті қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады.Оқылатын материалды көрнекі құралдармен иллюстрациялау арифметикалық оқытудың бірінші күнінен бастап барлық оқу жылдарында қолданылып отырады. Баланың санды үйренудегі бірінші адымы сурет қараудан басталады. Баланың көз алдынан құстың, қоянның, мысықтың, тағы сол сияқты суреттері өтеді. Бұл суреттер белгілі жолмен құралып, бірінші ондық сандарының әрқайсысын кескіндейді. Көрнекі құралдар арқылы балалар амалдың идеясын да түсінетін болады, мысалы, тәрелкедегі сүтті жалап жатқан екі мысыққа үшінші бір мысық жүгіріп келе жатқанын көргенде, бала барлығы неше мысық деген сұрауға жауап беру үшін, 2+1 керек деген ой келеді.

Көрнекі құралдарды әр-түрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткілікті және қажетті пайдалануды көрсету керек. Берекесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу процесінің білімділігі де кемиді. Оқушылардың сабаққа ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек. Көрнекілік қолдану тәсілдерін таңдау үшін көрнекі құралдарды оқушылардың оқу процесіндегі ролін білуіміз керек. Көрнекіліктің оқу процесіндегі роліне қарай екі үлкен топқа бөліпқараймыз. Заттың-бейнелік көрнекі құралдармен таңбалы көрнекілікке бөлуге болады.

Бірінші топтың құралдары: суреттер, фотосуреттер, диафильмдер, кино үзінділері, табиғи объектілер және тағы басқалар. Осылар міне мұғалімге түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру кезінде сезімдік қабылдауына оқушыларға өзара жәрдем беріп отырады. Екінші жағдайдағы көрнекі құралдар: схемалық көлемді объектілердің күрделі байланыстарын, өзара тиімділігін және нақты бейнеде қабылдауға байланысты пайдалану керек. Көрнекі құралдарды қолданудың осындай тәсілдерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуды тиімді түрде жүргізуге, сондай-ақ сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың зейінін бір мақсатқа бағындыруға көмектеседі. Сабақта көрнекі құралдарды тек қана бір тәсілмен қолдану дұрыс емес. Олар бір-бірімен араласып , біте қайнасып жатады. Көрнекілік математика сабағында білім көзі ретінде қолданылған, ол елеулі мәселеде берілетін білімдерді нақтылау мақсатында көрнекі құралдар да түрлі тәсілдермен қолданылады.

Қорыта айтқанда, ауызша есептеу математика сабағында өте тиімді. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамытады, есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуға дағдыландыра отырып, шапшаң тез есептеуге сонымен қатар логикалық ойлаудың дамуына жол ашады.

Жоғарыда айтылып өткендей оқыту процесінде бір-бірімен тығыз байланысты оқулықтардың, көрнекі құралдардың және оқытудың техникалық құралдарының тұтас жиынтығы пайдаланылады. Олардың ішінде ең маңыздылардың бірі — әр сыныпқа арналып жеке-жеке басылатын «Дидактикалық материалдар». «Дидактикалық материалдар» ең алдымен курс бойынша орындалатын жаттығулар мен сабақтарда орындалатын әр түрлі жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалімге елеулі көмек көрсетеді. Сонымен бірге, сабақ үстінде топтық немесе жеке-дара жұмыстар орындағанда, үлгерімі төмен немесе жақсы оқитын оқушылармен жеке жұмыс жүргізгенде, бақылау жұмысын ұйымдастырғанда; сондай-ақ оқушылардың әр алуан категорияларымен жұмыс істегенде «дидактикалық материалдар» кеңінен пайдаланылады.Оқушылар сабақта, ойын үстінде, ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.

Оларды ұштап, жетілдіріп отыру мұғалімнің міндеті деп білеміз. Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда баланың ой-өрісін дамытып, бағдарламада өтілген негізгі материалдарды практикада қолдана білуіне, оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын арттыруына, өткен материалды өз мәнінде толық игеруіне мүмкіндік жасайтын тәсілдердің ішінде дидактикалық ойынның мәні зор. Сабақта өтілген метериалға сәйкес дұрыс жүргізілген дидактикалық ойындар оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпал тигізеді.

Математика – ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша жемісі. Шәкірттерді білім нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен шыңдарына қажымай-талмай шығуына алғашқы жол нұсқаушысы – ұстазы.

Оқушылардың ұлы ғылым саласынан сапалы білім алуы тікелей мұғалімге байланысты. Яғни, мұғалімнің сабақ барысында оқушыларға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлеріне. Бұл жұмыс түрлері әр сабақта қолданылып отырса оқушының білім сапасының ойдағыдай деңгейде нәтиже беретініне үлкен үміт артуымызға болады. Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарын қарастырдық. Онда ауызша есептеуге үйрету тәсілдеріне; өз бетімен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыруға; көрнекі құралдарды пайдалану жүйесіне; дидактикалық материалдарды орынды ретпен қолдануға тоқталып өттік. Осылардың барлығы оқушы санасына жеткізе білу мұғалімнің профессионалдық шеберлігімен, іскерлігімен тікелей байланысты, «ана — өмір тұтқасы» болса, «ұстаз – мектеп тұтқасы» десек артық айтпаймыз.

Оқушыларға математика негіздерінен білім беру, басқа ғылым салаларымен ұштастыру ұстаздардың басты міндеті екенін әрдайым есте тұтқанымыз жөн.

Кез келген мемлекеттің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ екені белгілі қағида. Дамыған 50 – елдің қатарына енуге мүмкіндік беретін құдіретті күш – білім. Оқушыға білім беру – күрделі мәселе. Оқушыға саналы білім сапалы тәрбие беру үшін түрлі факторларды ескеру керек. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Білім беру саласының алдына қойылған мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыру болып табылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетігінің бірі: TIMSS халықаралық зерттеу.                                                                                                                                               
TIMSS халықаралық зерттеудің мақсаты- әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану- математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.

TIMSS зертеуінің негізгі міндеті- білім саласындағы әлемдік артықщылықтарды көрсететін объективті өлшемдер шегіндегі құралдары негізінде алынған нәтижелерді талдау және білім саясатына қажетті ғылыми дәлелденген қорытындылар жасау.

TIMSS зерттеуінің негізгі бағыттары:математикалық бағыт, жаратылыстану бағыты.

Оқушылардың математикалық бағыттағы біліктілігі мазмұнды блоктардың материалдарынан басқа да «математикалық құзыреттілік» даму деңгейімен сипатталады. «Адамның математикалық білімдері, шеберліктері, тәжірибесі мен біліктілігінің үйлесімділігі» математиканы қолданып оқушылардың түрлі проблемаларды сәтті шешу қабілеті «математикалық құзыреттілігі» болып табылады1
Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан - ақ математикалық білімді ғылымның жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылған.  Математика сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын, әр пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі-логикалық есептері.
«Логикалық есептер» пәнін жүргізу арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, олардың математикаға деген ынта жігерін арттырып, математикалық қабілетін одан әрі қарай дамыту мақсатын көздейді. Математика  сабақтарында ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, әрі пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі логикалық ойын есептері.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қойылатын өлшемдер:

  1. Мазмұнды есептерді талдап шығару.

  2. Сиқырлы фигуралар.

  3. Тірек сызба, нұсқалар арқылы есеп өрнектер құрастыру.

  4. Логикалық есептер шығару.

  5. Менің есебім ( оқушы шығармашылығы )

Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың  өзіндік іс- әрекетін ұйымдастырудың мынадай түрлерін атауға болады : басқатырғы тапсырма,  сиқырлы кесте, сөзжұмбақ құру, шешу, фигураларды өзгерту, құрастыру, логикалық есептер және т.с.с..

Оқушының жоғары көрсеткішке жетуіне логикалық есептерді түсініп шығарудың ықпалы зор.









Логикалық есептеу барысында оқушыларға   қойылатын талаптар:

Оқушылардың білуі тиіс:

Ауызша есептеу жолдарын;

Тез есептеу әдістері

Логикалық есептерді әр түрлі тәсілдермен түрлендіре шешу  әдістерін

Оқушылар меңгеруге тиіс:

Логикалық есептерді шешу тәсілдерін

Математикалық тілде сөйлеу машығын

Геометриялық фигураларды ажырату

Математика туралы және онда қолданылатын ойын әдістерін.

Оқушылар жасауға тиіс:

Тарихи  мағлұматтар жинақтауға;

Логикалық есептерді аналитикалық, графиктік әдістермен шешуді;

Математикалық ойын есептерді шығару тәсілдерін игеруді.

Сандардың бөлінгіштік қасиеттерін білуді.

Пәнаралық біріктіру:

Математиканың тарихпен байланысуы

Жұмбақ есептердің әдебиетпен байланысуы

Шырпымен басқатырғыштардың геометриямен байланысы

 

Логикалық есептерді шығару оқушыны тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді.Күнделікті сабақта логикалық есептерді шығару тиімді.

1. Бірдей тоғыз ашық хаттың бағасы жүз теңгеден кем, ал осындай он ашық хаттың бағасы жүз теңгеден артық. Бір ашық  хат қанша тұрады?

2.Ағасында 12 кәмпит, ал інісінде екеу . Екеуінде бірдей болу үшін ағасы інісіне неше кәмпит беру керек?

3.Мысық Матроскин менШарик бір шөркені аралап кесуге 2 минут уақыт жұмсайды.Олар 10 минутта бөренені неше бөлікке кесе алады?

4. Ерзаттың білеу таяғы бар еді. 3 дециметрін кесіп тастағаннан кейін,таяқтың ұзындығы 70см болды. Таяқтың бастапқы ұзындығы қандай еді?

5.Суда қандай тас болмайды?
6,“ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне –бірі:
-         Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді.Олар бірін – бірі қалай көреді?

4. Қонақ келер алдында Марал ыдысқа бүтін алма, екі жарты алма және ¼-ден 4 алма салды. Маралда неше алма болды?

5. Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?

6.1 т мақта ауыр ма, әлде 10 ц темір ауыр ма?

7.Әкесі екі баласын ертіп,жолға шықты. Біраз жүргеннен кейін, олардың алдынан өзен кездесті. Өзен жағасында тұрған қайық екі баланы ғана немесе олардың әкелерін ғана көтере алады.Олар өзеннен қалай өтеді?

8.Мысық матроскин мен Шарик бөренені 5 бөлікке бөлуге 20минут уақыт жұмсайды.Олар 40 минутта бөренені неше бөлікке бөліп кесе алады?

9.Теңдік тура болатындай етіп, бір сіріңке шырпысының орынын ауыстыр.1) VII=V-I   2)XIII=VII-VI    3)  XI+V=V

10.Теңдік тура болатындай етіп, бір сіріңке шырпысының орынын ауыстыр.1) XIII=VII-VI   2) VII=V-I   3)VI-IV=IX

11. Шегіртке әр тәуліктің  жарты уақытында ұйықтайды. Әр тәуліктің үшінші бөлігінде билейді, алтыншы бөлігінде ән салады, қалған уақытта ол қысқа дайындалады.   Шегіртке  қыс мезгіліне тәулігіне неше сағат дайындалады?

12.Сыныптағы 30 оқушының  жартысы ағылшынша , жартысының 3-тен бірі әрі ағылшынша, әрі немісше , қалғаны тек немісше үйренеді. Оқушылардың нешеуі ағылшынша , нешеуі әрі ағылшынша, әрі немісше , нешеуі немісше  үйренеді ?

13.Үш қатар тұрған сандарды жаз. Олардың қосындысы 15- ке тең. Ол қандай сандар ?

14.Жанұяда 5 бала бар . Олар : Айнұр, Меруерт, Самал , Айжан , Гүлнар. Олардың туған күндері 2 наурыз, 8 қаңтар, 3 ақпан, 8 маусым , 22 наурыз. Айнұр мен Самалдың туған күндері бірдей сандар.Ал Гүлнар мен Айжанның туған күндері 1 айда. Кімнің туған күні қай кезде ?

15.Отбасында 4 бала бар. Олар 5, 8, 13 және 15-те. Олардың аттары: Ерлан, Айна ,  Самал, және Айгүл. Егер олардың біреуі балабақшаға барса, Ерлан Айнадан үлкен , Ал Ерлан мен Самалдың жастарын қосқан 3-ке бөлінсе, балалардың  әрқайсысы нешеде болғаны?  Ағайынды 3 жігіттің он-оннан 30 ешкісі бар.

16.Кенжесінің он ешкісі он лақ, ортаншысының 10 ешкісі  егізден 20 лақ, ал үлкенінің  үшеннін 30 лақ туады. Үш жігіт ешкілер мен лақтарды тең етіп бөліп алуды ұйғарды. Лақтарды енесінен айыруға болмайтын болса, қалай бөлуге болады?

17. 112 қой сатып алдым. Барлығына 49 сом және 20 алтын төледім .  Әрбір ісек қойға 15 алтын және 4 төрткіл ,ал әрбір тұсаққа 10 алтыннан төледім .  Мен неше бас ісек және неше бас тұсақ сатып алдым?     НҰСҚАУЛЫҚ: 1алтын = 3 тиын  1 тиын = 4 төрткі

18.Баласын есепке үйреткісі келген әкесі алдағы жеті жылда түйеміз 2 есе, жылқымыз 3 есе  сиырымыз  4 есе , қойымыз 5 есе көбейсе, онда бәрін қосқанда олардың саны сенің қазіргі жасыңнан екі есе көп болады екен дейді.   Егер баласы 7 жаста болатын болса, бұл үйдің жылқысының, түйесінің , сиырының , қойының саны қанша?

19. Егер   3 шөмеле шөпті 14 сиыр 1 ай , 7 ешкі 2 ай , 6  қой 3 ай жейтін болса, осы шөп  барлық малға қанша уақытқа жетеді?

20.Көршісі есепке құмар бір қыңыр көршісінен жасын сұрағанда ол былай деп жауап беріпті.

- менің 3 жылдан кейінгі жасымды 3 еселесеңіз және 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселесеңіз , сонан соң алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. Сонда дәл менің жасымды табасыз. Қыңыр неше жаста?

21. Серуенде жүрген 2 адам өзен жағасына келді. Жағада бір адам ғана сиярлықтай қайық бар екен. Бірақ екеуі де қайықпен өзеннен өтті де, ары қарай серуендеп кетті. Өзеннен қалай өтті?

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы.Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе.


ЛОГИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚАРАПАЙЫМ ТҮСІНІКТЕР


«Қарапайым түсініктер» тақырыбына арналған дидактикалық ойындар. Мұнда: заттарды санау, әр түрлі белгілеріне (түсі, өлшемі, пішіні) қарай салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру және кеңістікте орналасу қалпын анықтау; уақыт аралығы жайында түсінік беру; санау барысында «нешінші?» сұрағына жауап беру арқылы санның реттік сипаттамасын аңғарту.

Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу; геометриялық фигураларды танып-білу және ажырату жайында алғашқы мағлұматтар беру; ұзындықты өлшеудің мән -мағынасын ашу сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар өзіндік ерекшелігі бар арнайы топ құрайды.

Олардың қатарына: «Түс және пішін», «Қанша?», «Сәулетші», «Біз нешеуміз?», «Таныс фигураларды ата», «Жеміс жинау», «Жылдам ойлан», «Жалгасып man», «Телефон», «Дукен», «Ойыншықтар», «Байқагыш бала», «Жыл он екі ай», «Аяңта», «Қатесін man», «Сиқырлы сандар», «Тізбек», «He байцадың?», «Қателеспе!», «Багдаршам», «Сиңырлы қоржын», «Ойнайық та, ойлайьщ», «Ханым, дат», «Эстафета», «Багыт», «Кім қай партада отыр?», «Қай уаңыт, сагат нешеу?», «Жеті кун», «Көңілді санамақтар» т.б. -ойындары бар.

«Жеміс жинау».

Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету.

Қажетті құрал - жабдықтар. Қағаздан жасалған үш себет және үлестірмелі жеміс түрлері.

Ойын мазмұны. Үстел үстінде шашырап жатқан жеміс түрлері. Тақтаға шақырылған оқушы жемістерді теріп, үш себетке жинайды. Бірінші себетке - алма, екінші себетке - алмұрт, үшінші себетке - әр түрлі жемістер теріледі. Әр себеттегі жемістерді алдымен жеке оқушы санайды, кейін сынып оқушылары хормен салыстырады. Екі себеттегі әртүрлі жемістерді салыстырады.

Мысалы: «Себеттегі алмалар нешеу? Себеттегі алмұрттар нешеу?

Бірінші себеттен бір алма, ал екіншісінен бір алмұрт алып қой. Осылайша әрі қарай жалғастыр. Себеттегі алмұрт қалды ма? Неше алма қалды? Неше алмұрт қалды? Алмұрттың алмадан қаншасы кем? Қаншасы артық? Алмұрттың пішіні неге ұқсайды, алма ше?» деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.

«Поезд құрастыру».

Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасуы жайында түсініктер беру, орналасу қалыптарын салыстыру.

Қажетті құрал — жабдықтар. Вагон нөмірі жазылған карточкалар.

Ойын мазмұны. Бес оқушы тақтаға шақырылады. «Алдымен кім тұрады? Ол нешінші вагон? Содан кейін ше? Ең соңында ше? Ол нешінші вагон? Бірінші және екінші вагондардан кейін кім түр? Ол нешінші вагон? Үшінші және бесінші вагондар арасында кім тұр? Ол нешіншісі? Бесінші вагонды ағытайық. Сонда неше вагон қалды? Тағы да 5 оқушы шақырылып, олар да поезд құрастырады. Поездың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? Қай поездың вагоны артық? Қай поезда вагондар кем? Тіркемелерді теңестіру үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қоя отырып, екі топты теңестіру және салыстыру әдістерін игереді. Осыған ұқсас цифрлар жазылған карточкалардан тіркемелер құрастыруға болады.

«Кім жылдам ?»

Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Уақыт жайында қарапайым түсініктер беру: «бұрын», «кейін», «әуелі», «алдымен», «сонан кейін».

Қажетті құрал - жабдықтар. Түрлі ойыншықтар, шаршы, матрешкалар, т.б. заттар.

Ойын мазмұны. Ойынды қолда бар заттар мен материалдарға орай түрліше ұйымдастыруға болады.

Мысалы: Өлшемдері әртүрлі сақиналар жиынтығы бар болса, пирамидалар құрастыруға болады. Мұны орындау белгілі бір ретпен артатындай, (кемітетіндей) нұсқада ең кішісінен бастаймыз да, ең үлкеніне дейін орналастырып шығамыз. Осыған керісінше болуы да мүмкін. Ал, пирамида құрастыру санаумен қарбалас орындалады.

Оқушыларға фигуралардан, мысалы шаршылар мен үшбұрыш т.б. «үй құрастыру» ойынын еске түсіріп, орындалу ретін көрсету. Әр түрлі ойыншықтарды тақта алдында санап орналастыра отырып, оларды қайсысы қайсысынан бұрын (кейін) орналасқаны, әуелі, алдымен, сонан кейін қайсысы тұрғандығы жайлы түсініктерін анықтап, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.

«Нені қайда қою керек ?»

(Заттардың кеңістіктегі орны)

Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Заттардың кеңістіктегі орны жайындағы түсініктер қалыптастыру.

Қажетті құрал - жабдықтар. Геометриялық фигуралар. Жылжымалы сөрелер.

Ойын мазмұны. Тақтаға бірнеше оқушы шақырылады. Мұғалімнің басшылығымен төмендегідей тапсырмалар орындалуы тиіс. Жоғарғы сөреге қызыл дөңгелекті, оның астына төменгі сөреге жасыл дөңгелекті; қызыл дөңгелектің оң жағына - көк шаршыны (квадрат), ал сол жағына - жасыл үшбұрышты, жасыл дөңгелектің оң жағына сары үшбұрыш, ал сол жағына жасыл шаршыны (квадрат) қой.

Әр сөреге неше зат қойдың? Олар жайында не айтар едің? Барлығы неше зат қойдың? - деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.

«Нені қайда қою керек

(Салыстыруға)

Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Геометриялық фигураларды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру.

Қажетті құрал - жабдықтар. Түрлі геометриялық фигуралар. Магнитті тақта.

Ойын мазмұны. Тақтаға оқушы шақырылады. Түстері, өлшемдері, пішіндері әртүрлі геометриялық фигураларды магнит тақтаға немесе фланелографта орналастыруы керек.

Мысалы: көк дөңгелек қызыл дөңгелектің сол жағына, ал жасыл дөңгелек қызыл дөңгелектің оң жағына, бір үлкен дөңгелек екі кіші дөңгелектің арасында, қызыл дөңгелектен төмен кіші көк үшбұрыш және т.с.с. болсын.

Тапсырма орындалғаннан кейін, заттарды санайды, топтар құрады, әртүрлі белгілеріне қарай салыстырады.

«Көру диктанты».

Дидактикалық мақсаты. Оқушылардың көз зердесін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал жабдықтар. Геометриялық фигуралар.

Ойын мазмұны. Мұғалім оқушылар зейінін өзіне аударып, геометриялық фигуралар туралы пысықтау жұмысын жүргізеді. Тақта алдына геометриялық фигуралардан сурет құрастырылады. Балаларға мұқият қарап, есте сақтауларына уақыт беріледі. Енді құрастырылған суретті жасырып, жауып қояды.

Енді оқушылардан не бейнеленгені, қандай фигураларды құрағандығы жөнінде сұралады. Осыдан кейін еске түсіре отырып, өздері қайтадан салады. Орналастыру кезінде сәйкес терминдер қолданылып, еске түсіріледі.

Тапсырманың дұрыстығы тексеріліп, алғыр бала марапатталады.

«Көршілерін ата».

Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасу қалпы туралы түсініктерін тиянақтау.

Қажетті құрал - эюабдықтар. Әртүрлі заттық суреттер.

Ойын мазмұны. Тақтаға үш оқушы шақырылады, сыныпқа қарап тұрады. Олардың әрқайсысының оң жақтағы, ортадағы, яғни арасындағы тұрған оқушының есімдері анықталады. Енді бағытын өзгертіп, терезеге қарап тұрады да, алдындағы жұмыс орындалады. Олар орындарына отырады да, біреуінің оң жақтағы сол жақтағы, алдындағы, артындағы көршілері анықталады. Осыған ұқсас жұмысты заттың суреттерімен де орындауға болады

«He жасырдың?».

Дидактикалық мақсаты. Заттың белгілері (түрі, түсі, пішіні, өлшемі) туралы түсініктерді тиянақтау.

Қажетті құрал - жабдықтар. Геометриялық фигуралар, жылжымалы сөре.

Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мәселен: сөреге қызыл (үлкен), сары (үлкен), жасыл (кіші), көк (кіші), дөңгелектер қатарынан қойылады. Қызыл үлкен дөңгелек, сары үлкен дөңгелектің сол жағында немесе оның алдында, ал кіші жасыл дөңгелек сары үлкен дөңгелектің оң жағында немесе оның артында, ал сары үлкен дөңгелек қызыл үлкен дөңгелек пен жасыл кіші дөңгелектің арасында орналасқанын балаларға аңғартқан жөн. Енді оқушылар көздерін жүмады, сол кезде мұғалім бір фигураны жасырады. Сол фигураның орнын, түр - түсін оқушылар анықтап және айтып береді. Әрі қарай оны өз орнына қойып, тағы басқа біреуін жасырып, ойынды жалғастыруға болады.

«Бағдаршам».

Дидактикалық мақсаты. Түстер туралы, жол қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру.

Қажетті құрал - жабдықтар. Әр түсті (қызыл, жасыл, сары) дөңгелектер немесе текшелер (кубиктер).

Ойын мазмұны. Ойын сергіту сәті кезінде жүргізілгені дұрыс. Мұғалім бағдаршам туралы әңгіме өткізіп, әр түстің атқаратын қызметін, орнын анықтайды. Оқушыларға текшелер не дөңгелектер «таратылып» беріледі.

Оқытушы «Тоқта» дегенде оқушылар сәйкес қызыл дөңгелектерді (текшені), «Дайындал» дегенде «сары» дөңгелекті (текшені), «Жүр!» дегенде жасыл дөңгелекті (текшені) көрсетеді. Әрі қарай ойынды жалғастыра беруге болады.

Мұғалім «Жасыл» түсті көрсеткенде - оқушылар орындарынан тұрып жүрген қимыл көрсетеді. «Сары» түсті көрсеткенде баяу қозғалыс қимылын жасайды. «Қызыл» түсті көрсеткенде орындарына отыра қалады. Осы қимылды бірнеше рет қайталап, ойынды жалғастыруға болады.

«He байқадың ?»

Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға, түр-түсін анықтай, ажырата білуге дағдыландыру. Көз зердесін қалыптастыру.

Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мұғалім ойынға түрлі - түсті қарындашты, фломастерді пайдаланады. Қарындаштарды көрсете отырып, олардың түрін -түсін анықтатады.

  • Мынау қандай қарындаш (фломастер) ?

  • Нешеу ?

Алынған қарындаштарды алдымен жеке оқушы санайды, кейін дұрыстап барлық оқушы хормен санап шығады. Бір сәт оқушылар көздерін жүмады. Мұғалім не өзгергенін сұрайды.

  • Қараңдар, не өзгерді ?

  • Қарындаштар бесеу, біреуі жоқ.

  • Қандай қарындаш жоқ ?

Осылайша біртіндеп қандай және неше қарындаштың жоқ екендігін анықтау арқылы ойын жалғасады.

«Жылдам ойлан !»

Дидактикалық мақсаты. Оқушылар есептеп шығару барысында жиі кездесетін қарсы мағыналы (антонимді) сөздермен таныстырып жаттықтыру: биік - аласа, жоғары - төмен, қалың - жүқа, ұзын -қысқа.

Қажетті құрал - жабдықтар. Сөздер жазылған карточкалар.

Ойын мазмұны. Ойынға барлық оқушылар қатысады. Ойынды сынып бөлмесінде, спорт залында, ашық алаңда өткізуге болады. Балалар қол ұстасып қатар құрады. Мұғалім:

- Қазір біз қақпадан өтеміз ! Егер мен қақпа «биік» десем, сендер осылай жүре бересіңдер, қақпа «аласа» десем, еңкейесіңдер.

Кімде - кім уақытында еңкеймесе, ойыннан шығады. Бұл ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Мұғалім:

  • «Қыран жоғары көтерілді» десем, қолдарыңды жоғары
    көтеріп, құс қанатының қимылын ж
    асайсыңдар.

  • «Ұшақ қонуға төмендеп келеді» десем, аяқтарыңды бүгіп,
    қолдарыңды жандарына созып отырасыңдар.

Мұғалім:

- Біз орманға келдік. Орманда ағаш түрлері көп екен. Егер мен
сендерге осы ағаштар ішіндегі ең «ұзыны» қарағай десем, үш
қадам алға қарай секіресіңдер.

Ал ең «қысқасы» шырша десем, орындарыңда екі рет секіресіңдер.

Бұл ойындарды осы тәртіппен бірнеше сабақ бойы балаларды

сергіту сәтінде қайталауға болады.

Ескерту: Бұл ойынды, сондай - ақ, дөңгелек жайында түсінік

беру кезінде де пайдалануға болады.

«Ханым, дат!»

Дидактикалық мақсаты. Санауға дағдыларын дамыту.

Қажетті құрал - жабдықтар. Асықтар.

Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мұғалім әр қатардан бір оқушыдан тақтаға шақырып, асық береді. Оқушылар асықтарын иіріп тастайды. Кімнің асығы алшы болып түссе «хан», тәйкі түссе - «уәзір» сайланады, ал шік түскен асық иелері айыпкер «ұры» саналады.

Енді «уәзір», «ұрыны» қолынан ұстап «ханға» апарады. Ұры барғысы келмей қарсыласады. Ал, уәзір болса, ұрының жылқының иесін қүрметтемегеніне ашуланып «дат» деп ханға сөз салады.

Ол: «О менің зор мәртебелі ханым, мына күнәһарды сіздің жылқыларыңыздың ішінен бір сәйгүлігіңізді алып кетуге тырысқанда ұстап алдым, оған үлкен жаза қолдануға тұрады» дейді. Ашуланған «хан» ұрыға жаза береді.

Жаза түрлері әр түрлі болуы мүмкін (санау, санамақ оқыту, айтқызу, т.б. ). Сан қүрамын атату. Жаза түріне берілетін тапсырманы келесі кезеңдерде түрлендіріп беруге болады. Ойын осылайша жалғаса береді.

«Багыт».

Дидактикалық мақсаты. Оқушылар кеңістік туралы түсініктерін қалыптастыру, бекіту.

Қажетті құрал - жабдықтар. Конверттерге салынған тапсырмалар.

Ойын мазмұны. Мұғалім бүгінгі сабақтың әр кезеңін жұмбақтап, конверттерге салып жасырып қояды. Енді осы кезеңдердің тапсырмаларын анықтау керек.

Тақтаға бір оқушы шақырылып, конверттің жатқан жерін табу үшін бағытты нұсқау беріледі.

Мысалы: Алға қарай үш адым атта, оңға бір қадам жүр. Солға бұрылып, шкафқа дейін жүр. Шкафтың жоғарғы сөресінің оң жағындағы бірінші қораптың астындағы конвертті алып оқы. Оның ішіедегі сабақтың, ойынның немесе басқа тапсырманың аты болуы мүмкін. Ойынды осылайша бағытты өзгерте отырып жалғастыруға болады.

«Ойлан, ңандай ойыншықтарды жасырдым ?»

Дидактикалық мақсаты. Логикалық ойлауға үйрету, заттарды алмастыру ұғымын қалыптастыру түрі, формасы, тұрған орнына қарап және заттарды салыстыру арқылы «үлкен», «кіші», «қанша болса сонша», «тең» қатыстарын үғындыру, бнрілген мысалдарды өздігінше орындауға төселдіру.

Ойынның жабдығы. Үлкен және кіші суреттер немесе ойыншықтар, қуыршақ, машина т.б.

Ойын мазмұны. Мұғалім қалталы полотноға немесе бәріне көрінетіндей орынға ойыншықтарды қояды да, естеріңде сақтаңдар деп ескертеді. Мысалы екі үлкен және екі кішкене қуыршақ немесе әр түсті екі бірдей машина оқушыларға көздеріңді жүмыңдар деп, тез бір қуыршақты жасырып қояды. Көздеріңді ашыңдар, кәне, мен қандай ойыншықты жасырдым, айтыңдар ?

Балалар жасырылған ойыншықтың атын, түсін, үлкен немесе кіші екенін айту керек.

Ойынға дұрыс жасап берген бала келесі ойында ойыншықтарды жасырып, балаларға сұрақ береді. Келесі ойындарда ойыншықтармен бірге басқа да түрлі түсті суреттер, немесе ясидектер пайдалануға болады. Ойын соңында жауап берген балалар дәріптеледі.

«Ою - Өрнек құрастыру».

Дидактикалық мақсаты. Оқушыларға қарапайым сандарды үйрету, заттың түсіне, формасына және құрылысына қарай ажырата білуге үйрету.

Ойын жабдығы. 10 фигураның жиынтығы. Олар: 2 қызыл дөңгелек, 2 сары және 2 жасыл үшбұрыш, 2 қызыл және 2 көк квадрат.

Ойын мазмұны. Мұғалім бір оқушыға магнитті тақтаға өрнек құрастыруды, ал басқа оқушылар партаның үстіне құрастырады. Осы мақсатпен мынадай тапсырма беріледі: магниттік тақтаның ортасына 1 парта үстінде немесе 1 парақ қағаздың бетіне қызыл дөңгелекті орналастыру, дөңгелектің жоғарғы және төменгі жағына 2 сары үшбұрырышты, оң және сол жағына 2 жасыл үшбұрышты орналастыру. Енді осы өрнекке байланысты мұғалім оқушыларға басқаша өрнек құрастыруды үйғарады: дөңгелек ортасында, 2 қызыл квадратты жоғары және төменгі жағына, ал 2 көк квадратты оң және сол жағына орналастыру керек. Содан соң оқушылардан фигуралардың санын, түсін сұрайотырып, өрнектегі фигураларды санату керек.

«Керісінше».

Дидактикалық мақсаты. Балаларға «үлкен», «кіші», «жуан», «жіңішке», «кең», «тар» ұғымдарын қалыптастыру, тіл байлығын дамыту.

Ойын мазмұны. Мұғалім балаға допты лақтырып, бір сөзді айтады, ал бала топты қағып алып, айтылғанға кері сөзбен жауап беріп допты қайтадан мұғалімге лақтырады.

«Гараж құрастыру».

Дидактикалық мақсаты. «Бұрын», «кейін», «алдымен», «сонан соң», «оңға», «солға», «арасында», «жанында» деген түсініктер бойынша оқушылардың білімін тиянақтай түсу.

Оқыту құралдары. Жеңіл, ауыр машиналар мен автобустардың иллюстрациялық суреттері..

Ойын мазмұны. Мұғалім немесе оқушылардың бірі магниттік тақтаға жолақ сызықтардың көмегімен гараж құрастырады, қалған балалар өздерінің жұмыс орнында гараж құрастыруға кіріседі. Гараждың сол жақ бөлігіне жеңіл машинаны, ал автобусты жеңіл және ауыр машиналардың арасына орналастырады. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар гараждағы машиналардың орнын анықтайды және түсіне, көлеміне қарап оларды салыстырады.

«Екі қолымда ңанша?».

Дидактикалық мақсаты. Балалардың ойлау қабілетін, байқампаздығын, «оң жақ», «сол жақ» ұғымдарын қалыптастыру

Оқыту құралдары. Түрлі заттар суреттері, тиындық макеттер, моншақтар, түймелер.

Ойын мазмұны. Бір оқушы тақтаға шығып:

Екі қолымда барлығы 6 моншақ бар. Сол жақ қолымда 3 моншақ бар деп қолын ашып балаларға көрсетеді де, ал оң жақ қолымда қанша моншақ бар ? - дейді.

«He өзгерді». 1 - түрі.

Дидактикалық мақсаты. Балалардың көру мүшелері арқылы ойлау қабілетін арттыру.

Оқыту құралдары. Алманың, сәбіздің иллюстрациялық суреттері.

Ойын мазмұны. Мұғалім қалталы полотноның бірінші қатарына бір алма суретін іледі. Ал екінші қатарына көп сәбіздің суреттерін іліп, одан соң бірнеше баладан сұрап салыстырады. Енді мұғалім керісінше бірінші қатарға көп сәбіз суретін, ал екінші қатарға бір алма суретін іледі. Осыдан соң балалардан не өзгерді ? - деп сұрайды.

«Пішіні ұқсас заттарды man».

Дидактикалық мақаты. Түрлі заттарды пішініне қарай ажырата білуге және сабақта алған білімін тиянақтауға көмектесу.

Оқыту құралдары. Пішіні ұқсас әртүрлі заттарды және түрлі пішінді бейнелейтін карточкаларды үстел үстіне қояды. Сұрақ балаларға жалпы беріледі. Мысалы, мұғалім: «Кімде домалақ зат бар» деп сұрайды. Балалар қажетті затты өз суреттері немесе ойыншықтары ішінен тауып, мұғалімге көрсетеді. Егер жауап бере алмаса келесі баладан сұралады. Ойын соңында жауап берген балалар аталады.

«He өзгерді». 2-ші түрі.

Дидактикалық мақсаты. «Үлкен - кіші», «көп - аз» сияқты ұғымдарды қалыптастыруға, көргенін есте сақтауға көмектесу.

Оқыту құралдары. Алма, шие, жапырақтың иллюстрациялық суреттері.

Ойын мазмұны. Ойын шарты бойынша оқушылар тақтаға ілінген заттарды бір қарап алып, көздерін жүмады. Осы кезде мұғалім сол заттардың ішінен біреуін тез алады да «көздерінді ашындар, не өзгерді ?» дейді. Оқушылар «үлкен жапырақ жоқ» деп жауап береді. Ойын әрі қарай жалғастырылады. Мұнда ескертетін бір жайт: алғашқыда заттардың саны біртіндеп азайтып немесе біртіндеп арттылып отырады. Мұндай ойындар үлкен - кіші, көп -аз ұғымдарын қалыптастыруға, көргендерін есте сақтап қалуға зор ықпалын тигізеді.

«Қай уақыт, сағат неше ?»

Дидактикалық мақсаты. Уақыт туралы түсініктерін дамыту.

Қажетті құал - жабдықтар. Сағат моделі.

Ойын мазмұны. Мұғалім топтағы оқушыларға арналған күн тәртібі туралы суреттер іледі. (Оқушы үйқыдан тұрып жатқан, тамақ ішіп отырған және т.б.). Мұғалім суреттерді көрсете отырып, бұл қай уақыт ? Оқушы сағат нешеде түрды ? Сабақ нешеде басталады ? - деген және т.б. сұрақтар қоя отырып, оқушылардың уақыт жөніндегі білгендерін тиянақтай түседі. Сабақтың басталу уақытын, т.б. кезеңдерді де осылайша орындатуға болады.

Бұл ойын қандай уақыт мөлшерінде не бітіруге болады және уақытты босқа жібермеу, орынды пайдалануды да көздейді.

«Қаршақыз сыйлығы».

Дидактикалық мақсаты. Санның реттік қатарын есте сақтау. Санау дағдыларын бекіту.

Қажетті құрал - жабдықтар. Шырша суреті. Шырша ойыншықтарының сыртында қажетті сөзге, сөйлемге байланысты жазады.

Опын мазмұны. Сандар жазылған ойыншық үлгілері оқушыларға таратылады, Ойыншықтың бір бетінде сандар, келесі бетінде әріп жазылған. Қолдарында карточкасы бар оқушылар тақтаға шақырылады. Олар (01... 10) сан ретімен can түзеп тұрады.

Сынып оқушылары құралған сан тізбектерін өсу және кему ретімен қайталап шығады. Ал келесі бетіндегі әріпті (буынды) жеке оқушылар дауыстап оқиды. Сонда «Қаршақыздың» құттықтау сөзі шығады.

Ойыншықты санай отырып, әріптерді сәйкестендіре оқып, шыршаға іледі. Сонда: «Мерекеңмен», «Жаңа жыл құтты болсын» - сөздерін оқуы мүмкін. Ойынды мұғалім қалауынша өткізуге болады.


«Көрші санды ата».

Дидактикалық мақсаты. Натурал сандар қатарын есте сақтауға қалыптастыру.

Оқыту құралдары. Карточкадағы жазылған сандар.

Ойын мазмұны. Мұғалім бірнеше карточкаға жазылған сандарды балаларға көрсетіп, көрші сандарын атауды талап етеді. Мысалы, 2,4,8,5,7,9 т.с.с. Бұл ойынды балалар сандарды ұмытып қалмау үшін жиі қайталап отырған жөн.

«Қол шапалақтау». 2-түрі.

Дидактикалық мақсаты. Балалардың есту мүшелері арқылы ойлау қабілетін арттыру.

Ойын мазмұны. Мұғалім қанша рет қол шапалақтаса, бала сол санның цифрын көрсетуі керек. Мысалы, мұғалім 6 рет шапалақтаса, балалар алдындағы цифрлардан 6 цифрын көрсетеді.

«Өз орныңды man».

Дидактикалық мақсаты. 1 - ден 10 - ға дейінгі натурал сандар қатарының орнын білуге жаттықтырады.

Оқыту құралдары. 1 - ден 10 - ға дейінгі кеспе цифрлар.

Ойын мазмұны. Мұғалім бірнеше баланы тақтаға шығарып, қолдарына кеспе цифрлар жапсырылған карточка береді. Осыдан соң мұғалім балалардан қолдарындағы сандарға байланысты өз орындарын тауып тұруды талап етеді. «Мен - біриін» деп бір цифрын ұстаған бала бірінші тұрады. Мұғалім балаларға сұрақ қояды. Бір санынан кейін қандай сан тұрады ? Екі цифрын ұстаған бала «Мен екімін» деп екі цифрын ұстап, бір цифрын ұстаған баланың қасына келіп тұрады. Ал қалған балалар да өздерінің цифрларына байланысты осылайша өз орындарын тауып түруы тиіс. Бұл ойынды 10 - ға дейінгі натурал сандар қатарын өтіп болғаннан кейін жүргізуге болады.

«Керекті цифрын қой».

Дидактикалық мақсаты. Балалар сандарды үмытпау үшін, жаттықтыру және ойлау қабілетін арттыру.

Оқыту құралдары. Түймелер түрлі геометриялық фигуралар.

Ойын мазмұны. Мұғалім бірдей бес қорапқа әртүрлі зат салып қоюы керек. Мысалы, түймелер, түрлі геометриялық фигуралар, қорапқа салынған заттың саны әртүрлі болуы керек. Балалар қорапты ашып, ішіндегі затты санай отырып, қанша болса, сол санның кеспе цифрын көрсетеді.


«ОН КӨЛЕМІНДЕГІ САНДАР»

ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР


Мұнда дидактикалық ойындардың екінші тобын құрайтын: 10 -ға дейінгі сандардың атауы, реті және жазылуы; сандарды салыстыру; санның сәйкес таңбасы ретінде цифр жайында түсінік беру; көпбұрыш элементтерінің атауын санауға негіздей отырып енгізу (төбесі, бұрышы, қабырғасы); әр санның құрамының барлық жағдайларын шығарып алу, санды өрнек және теңдік пен теңсіздік түсініктерін еңгізу, теңдіктер құру, оны оқу, өрнектерді салыстыру; 10 саны, оның жазылуы. Бір таңбалы және екі таңбалы сандар жайында түсінік беру; кесіндінің қосындысы мен айырмасымен алғаш таныстыру, қосу және азайту амалдарындағы сандардың атауларын енгізу; санды санауға сүйене отырып, қосу және азайту амалдарын орындау арқылы шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде шығарып алудың негізгі үш көзімен таныстыру; затқа санды, оған цифрды сәйкестендіру сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында қолданылатын ойындар қарастырылады.

Олардың қатарында: «Қызықты санау», «Көршісін man», «Келесі санды man», «Құрамын man», « Білемін», « Менің орным қайда?», «Сан ретін man», «Құстарға қамқорлық», «Тізбек», «Есте сақта», «Қимақ», «Математикальщ телефон», «Жалгастыр», «Сыңарын man», «Артьщ па?», «Кем бе?», «Сонша ма?», «Жете ме?», «Көру диктанты», «Жалгастыра санау», «Көршілерін man», т.б. ойындар бар.

«Қол шапалақтау».

Дидактикалық мақсаты. Суреттер мен цифрлар арасындағы сандардың үйлесімдіктерін орнықтыру.

Оқыту құралдары. 1 - ден 10 - ға дейінгі суреттерді сектор бойынша көрсету, оқушыларға суреттерді санатып, қанша болса сонша рет қол шапалақтауды үйғарды. Сонымен бірге оқушылар көрсетілген суреттің санына сәйкес цифрларды қолдарына алып, мұғалімге көрсетеді. Мұғалім сол санды тақтаға іледі. Мүнан соң осы ойынның барысында мұғалім екі бірдей сектордағы суреттерді көрсетіп, оқушыға суреттердің санын салыстыруды үйғарады. Оқушылар осы кезде қайсы суреттің көп, қайсы суреттің аз екенін айтады.

«Поезд».

Дидактикалық мақсаты. Балаларға «бір» және «көп» түсінігін қалыптастыру.

Оқыту құралдары. Мұғалім флоеграфқа жануарлардың суреттерімен бірге бір шыршаның суретін жапсырады, мұғалімнің үстелінің үстінде бір үйшік пен ойыншықтар жатады, ал оқушылардың бірінің партасының үстінде көп түрлі - түсті қарындаштар мен бір қаламсап жатады.

Ойын мазмұны. Жүргізуші - паровоз, қалғандары оқушылардың вагоншылары болады. Паровоз жүреді де, әр бір станцияға келіп тоқтайды. Мысалы, тақтаның алдына, мұғалімнің үстеліне, оқушының партасына. Сол кезде оқушылар заттардың аттарын атайды, яғни қандай зат немесе суреттер, ойыншықтар, оқушы қандай құралдар көп, қандайлары біреу екенін айтып шығады. Заттарды салыстыру арқылы қандай заттар көп немесе аз екенін оқушылар көз жеткізеді.

«Поезд құрастырамыз».

Дидактикалық мақсаты. Оқушыларды кез келген санды ретіне қарай оның тікелей алдында келетін санға 1 - ді қосу арқылы және тікелей одан кейін келетін саннан 1 - ді азайту арқылы шығарып алу жолдарымен таныстыру.

Ойын мазмұны. Мұғалім тақта алдына оқушыларды кезегімен шақырады. Әрбір оқушы вагонның қызметін атқара отырып, өз қатарын атайды. Мысалы, бірінші шақырылған оқушы былай дейді: «Мен бірінші вагонмын. Екінші оқушы екінші вагонның қызметін орындай отырып, бірінші вагонға келіп тіркеседі. Сол қолын алдындағы оқушының иығына салады да, реттік нөмірін атайды, қалған оқушылар мысал құрастырады. «Бірді бірге қосқанда екі болады». Содан соң үшінші вагон тіркеседі. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен қосу амалына мысал құрастырады. «Екіге бірді қосқанда үш». Сол сияқты онға дейін жалғастырылады. Содан соң вагондар оқушылар бір - бірлеп ажыратылады, ал класс әрі қарай мысалдар құрастыруды жалғастырады: «Үш біреусіз - екі. Екі біреусіз - бір т.с.с». Оқушылар бұл ойында сандардың реттік және сандық мағыналарын тиянақтай түседі.


«ҰЙҚАСЫН ТАП» ОЙЫНЫ


Мұғалім балаларға зат көрсетеді, балалар алдарындағы геометриялық фигураларды көрсетеді, мысалы, мұғалім балаларға кітап көрсетеді, балалар алдарындағы геометриялық фигуралар ішінен тік төртбұрышты көрсетеді. Ойынның мақсаты балалардың естерінде геометриялық фигураны қалыптастыру.



«КІМ АЛҒЫР» ОЙЫНЫ


Қолданылатын көрнекіліктер: (+ - =) таңбалары 10 көлеміндегі сандар.

Ойынның барысы: Оқушылардың қолдарына сандар мен таңбалар үлестіріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргендер кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып, өрнектерді құрастыру. Ойлаған өрнектерін тақтада жазбаша орындауларына болады.

Ойын барысында: таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан құрамын анықтай білуге, жазбаша есептеуге дағдаландыру көзделеді.



9, 3, 6 5, 4, 9 7, 3, 4


3 + 6 = 9 5 + 4 = 9 3 + 4 = 7


6 + 3 = 9 4 + 5 = 9 4 + 3 = 7


9 – 3 = 6 9 – 5 = 4 7 – 3 = 4


9 – 6 = 3 9 – 4 = 5 7 – 4 = 3






«ҚАПШЫҚТАН НЕШЕ ОЙЫНШЫҚ АЛДЫҢ» ОЙЫНЫ


Мақсаты: Балаларға заттың санын қолмен сипалап білуді үйрету.

Керекті материалдар: Әрбір балаға ішіне шошқа – жаңғақ, ұсақ тастар, түйме, тағы сол сияқты санайтын заттар салынған қапшық берілуі тиіс.

Ойынның мазмұны. Мұғалім балаларға қолдың саусақтарымен сипалап білу арқылы қапшықтан төрт шар алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшін қапшықтан шарларды алып, стол бетіне қояды және санайды. Осыдан кейін балалар тапсырманы орындауын өзара тексереді, қателік жөнінде мұғалімге айтады.

Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар атанады.



«ӨЗ ЖҰБЫҢДЫ ТАП» ОЙЫНЫ


Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілетін пысықтау.

Көрнекі материалдар. Балалар 10 адамнан топқа бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама – қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың омырауында – суреттер салынған карточкалар.Екінші қатардағы ойнаушының біреуі алақанын соғады. Бәрі неше соққы болғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін карточкасы бар бала ойын бастаушының қасына жүгіріп келеді де, екеуі бірге ойыннан шығады.

Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз топты атайды.

Ескерту. Ойын бастаушы алақанын қарсы топ балаларының карточкасындағы санға сай соғуы тиіс, өтпейінше ол өзіне жұп таңдай алмайды.





«ҮЙ ТҰРҒЫЗАЙЫҚ» ОЙЫНЫ


Мақсаты: Балаларға затарды үлкен – кішілігі бойынша салыстыруды, үлгіге қарап керекті нәрсені таңдай білуді үйрету.

Керекті материалдар. Әрбір балада үлкен – кішілігі үйдің бөлшектері (төбесі, есігі, терезесі тағы сол сияқты).

Мұғалім үйдің бөлшектерінен құрастырылған үлгіні қыстырады.

Балаларға тапсырма. Үй тұрғызу, үлгіге қрап оның бөліктерін тауып тиісті орындарына орналастыру.

Ойынның мазмұны.

Мұғалім балаларға ағаш ұстасының үлкен – кішілігі төрт үй тұрғызғанын айтып, оларды көрсетеді. Балалар үй бөліктерінің пішінін, үлкен - кішілігін атап, үй мен оның бөліктері арасындағы кеңістік қатынастарды анықтайды. Балалар табылған бөліктерді үлгіге қарап салыстырып көріп, оларды тұрғызатын үйдің жерлеріне қояды. Балалар тапсырмаларын орындалуын өздері бағалайды, «ағаш ұстасын» атайды.




«СЕН ДЕ ОСЫНША КӨРСЕТ» ОЙЫНЫ


Мақсаты: Балалардың көрген нәрселерін немесе естіген дыбыстарын санап, есте сақтап, оған басқа нәрселерді сәйкестендіруге үйрету.

Керекті материалдар: фигуралардың, ою – таңбалардың суреті салынған карточкалар бала санайтын материалдар.

Ойынның мазмұны:

1 нұсқа. Мұғалім карточканы көрсетеді де, алып қояды. Балалар карточкада неше фигура, ою – таңба бар екенін айтып, сонша жалауша немесе басқа нәрсені көрсетуі тиіс. Тапсырманы дұрыс әрі тезірек орындаған қатар жеңімпаз атанады.

2 нұсқа. Мұғалім бірнеше рет алақынын (барабан, дабыл) соғады. Балалар оны зейін қоя тыңдап, одан соң соншама жалауша көрсетеді.




«ДАБЫЛ СОҒУ» ЖАТТЫҒУЫ


Керекті материалдар. Бірден төртке дейінгі нәрсенің суреті салынған карточкалар (әр балаға бір карточка берілуі тиіс.)

Жаттығудың мазмұны. Мұғалім дабыл соғады немесе столды тақылдатады. Балалар неше соққы болғанын іштерінен санап, карточкасында осыншама нәрсенің суреті бар бала оны жоғары көтереді. Балалардың бір тобы ауызша жауап беруі тиіс. Мысалы: «Сіз үш рет соқтыңыз, ал менің карточкамда үш балапанның суреті бар».


«КӨРШІ – КӨРШІ» ОЙЫНЫ


Керекті материалдар. 1 – ден 10 – ға дейінгі сандар жазылатын картоякалыр.

Мұғалім бір санды айтады, мысалы «Жеті» дейді. Омырауына жеті саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Мұғалім былай дейді «Бұл санның көршілері, қатарына тұрыңдар!», оның қатарына 6 және 8 карточкалар тұрып, 6,7,8 сандарын құрайды. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. Омырауында 6 цифры қадалған бала былай деп түсіндіреді: 6-ның 7-ден 1-еуі кем. 6-ға 1-ді қоссақ 7 болады. 6 саны алты бірліктен тұрады.

Одан кейін 7,8 сандары да осылайша түсіндіреді.

Жаттығу қайталанады, ойнаушылардың құрамы өзгереді. Отырған балалар тапсырманың дұрыс орындауын қадағалайды.


«БІРДЕ БІР» ОЙЫНЫ


Мақсаты: Санға 1 – ді қосу, азайту кестесін құрау.

Тақта алдына 10 оқушы шығып, қатар тұрады. Ең бірінші тұрған бала «бір» - деп, бір қадам алға тұрады, «бір қосу бір болады екі» - деп, екінші бала бірінші баланың қатарына барып тұрады, «екі қосу бір болады 3» - деп, екінші баланың қатарына тұрады, қалған балалар да ойынды осылайша жалғастырады. Ойынның барысындабалалардың натурал сандар қатарының қалай құрылатыны туралы түсініктері дами түседі.


DrawObject2 DrawObject1 + 1 - 1

«ДОП ЛАҚТЫРУ» ОЙЫНЫ


Көрнекілік: Доп

Ойынның барысы: Мұғалім допты жоғары лақтырып, немесе еденге ұрып балаларға санатуы, сонша немесе біреуі (екеуі) артық (кем) ойын барысында неше болса сонша, содан (артық), «кем» деген...... өзінің допты еденге ұруының балалар шапалағымен сәйкес келуін қадағалауы, қол шапалақтауы, әлде қарындашпен тықылдатуы керек.



«ПОЕЗД ҚҰРАСТЫРУ» ОЙЫНЫ


Қолданылатын көрнекілік: Вагондар, тепловоз берілген карточкалар, 0+1, 1+1, 2+1, 0+2, 1+2, 2+2

Ойынның барысы.

Мұғалім карточкаларды оқушыларға таратып береді, оларды авгондар, ал бір оқушыны тепловоз деп тағайындайды. Оқушылар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен «Тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс.

Ойынның мақсаты: санды қосу таблицасын қайталау.




«ҚАЛТ ЕТПЕЙ ҚАҒЫП АЛ, ЖАУАБЫН ТАУЫП АЛ» ОЙЫНЫ


1 нұсқа. Балалар дөңгелене тұрады. Ортада тұрған мұғалім мысалы: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал», 3 және 2 – деп бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала 3 және 2 болады, бес деп, допты мұғалімге қайтарады.

2 нұсқа. Балалар екі командаға 2 жаққа бөлініп тұрады, да допты кезек – кезек бір- біріне лақтырады. Лақтырған жақтың баласы мысал айтады, қағып алған жақтың баласы лезде жауабын айтып оны қайтарады. Жауапты дұрыс бермеген бала ойынан шығады.




«КӨП – АЗ, БІР» ОЙЫНЫ


Ойынға қажет материалдар: үлестірмелі заттар немесе суреттер карточкалар (он- оннан). Үлестірмелі заттарды пайдалана отырып мұғалім «көп» десе балалар заттардың көбін (8-10), «аз» десе азын (2-3 немесе 3-4), ал «бір» десе тек қана бір затты көрсетулері керек.

Бұл ойынды, керісінше «бір», «аз», «көп» деп айтып та ойнауға болады.



«НҮКТЕЛЕРДІ ҚОС» ОЙЫНЫ


Көрнекілік: нүктелермен белгіленген жұлдызша, жалауша бейнелері.

Ойынның барысы:

Қағаз бетіндегі нүктеледі қосу арқылы бейнелерді анықтау, атын атау. Неше нүкте бар екен? Сұрағына жауаптарын таңдау. Нүктелерді нөмірлету, сандарды тура және керісінше атату. Ойын нәтижесінде түзу, үшбұрыш, тікбұрыш ұғымдарын қалыптастыру, сандарды тура және керісінше атату.



«ҚАЙ ҚОЛЫМДА КӨП» ОЙЫНЫ


Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету. Керекті материалдар. Ұсақ нәрселер.

Ойынның мазмұны. Топ екі командаға бөлінеді, оның әрқайсысы алма – кезек мұғалімнің үстеліне өз өкілін жібереді. Үстел қасына келген бала қолын артына ұстайды. Алдымен мұғалім, одан соң балалардың бірі оның қолына кубик, түйме, шарик секілді әр түрлі ұсақ нәрселерді ұстатады, бірақ олар бір қолда көп, екіншісінде – аз болуы тиіс. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қай қолында көп екенін анықтауы, одан кейін нәрселерді бірінің қатарына бірін қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз екенін салыстыруы тиіс.

Мұғалім екі қатардағы нәрселердің санын теңестіруі үшін не істеу керектігін (қысқа) 2 тәсілмен орындауы керек.


«ӨЗ ПӘТЕРІҢЕ ЖАЙҒАС» ОЙЫНЫ


Мақсаты: Іріктеп алынған заттарға ұқсас нәрселерді таба білу.

Керекті материалдар. Бетіне дөңгелектерсызылған (үлкен форматты) карточкалар.

Ойынның мазмұны: Мұғалім сныптың бұрыштарына карточкаларды іледі. Карточкалардағы дөңгелектердің саны әр пәтерде неше бала тұра алатынын білдіреді. Мұғалім балаларға былай дейді. «Әрбір карточкаға зер сала қараңдар да, бұл «пәтерде»неше бала тұратынын есте сақтаңдар». Әр пәтерде балалардың дұрыс орналасуын тексеруге жауапты бала болады. Бізде төрт пәтер бар, және оларға жауапты төрт баланы тағайындадым, олар – Қадыр, Мұрат, Алима, Айгүл. Енді әрқайсың өз пәтерлеріңе жайғасып. Онда өзінен басқа неше бала болуы тиіс екенін ойланыңдар. Балалар өз «пәтерлеріне» барып, есептей бастайды. Мұғалім «Тұрғындарды қабылдауға даярланыңдар». Алдыңғы екі үстел басында отырған балалар, өздеріңе ұнаған пәтерлерге барыңдар, онда сендерді күтуде» - дейді. Одан соң келесі балалар барады және тағы солай. Балаларды «жайғастыруды» шамалап жүргізу керек, өтпейінше топ ішіндеабыр – сабыр болып, ойынның берекесі кетеді. Осыдан кейін мұғалім: «Мен енді тексерейін, пәтерлеріңде артық балалар жоқ па екен?» - дейді. «Менің пәтерімде үш бала бар», - деп жауап береді Қадыр.

Балалар жеңімпаз «пәтерді» анықтайды.

Балалардың санына қарай «Пәтерлердің» санын лайықтап алуға болады.












«ЖОҒАРЫДА – ТӨМЕНДЕ» ОЙЫНЫ

«КІМ БИІК? КІМ АЛАСА?» ЖАТТЫҒУЫ


Керекті материалдар. Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген декоративтік кесте.

Кестенің әр жеріне ілмек тигеді. Беті жабық қорапта жұлдызшаның, ұшақтың, құстың, инеліктің, балықтың, түрлі аңдардың картоннан немесе фанерадан ойылып алынған фигуралары қойылады.

Жаттығудың мазмұны.

Бала қораптан қолын салып, фигураның біреуін алады. Алған фигурасын айтады да, оның орнын анықтап, декоративті кестеге бекітеді. Мысалы, бала ұшақты кестенің жоғары жағына – аспанға, ал балықты – төменгі жағына судың ішіне іледі. Бұған қоса ол: «Ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде – су ішінде жүзеді» дейді, тағы сол сияқты.

Бұл жаттығу «жоғарыда – төменде», «биік - аласа» ұғымдарын пысықтауға жәрдемдеседі. Балалар нәрселерді олардың табиғи жағдайларымен салыстыра білуді үйренеді. Сонымен қатар, жаттығу байқағыштықты, зейінді, қиялды дамытады.




«БАЛЫҚ ҰСТАУ» ОЙЫНЫ


Қолданылатын көрнекілік. Аквариум ішінде жүзіп жүрген балықтар суреті.

Ойынның барысы: Аквариум ішін, ондағы жүзіп жүрген балықтар көрінісін ілу. Екі түрлі түске боялған балықтардың келесі бетіне толық ондықтарды, 1, 2.......9 – ды қосып, азайтуға 8 – ді өрнектер жазулы тұруы керек. Ойынды топқа бөліп ойнатсақ, аквариум ішінен алынған балықтағы жазылған өрнектің нәтижесін тез ойлап, дұрыс шешсе, көп ұстаса сол топтың жеңгені болып табылады.

Ойын нәтижесінде толық ондықтарды қосу және азайтуға жаттықтыру көзделеді.





«ҚАНДАЙ САНДАР ЖЕТІСПЕЙДІ?» ЖАТТЫҒУЫ


Жаттығудың мазмұны. Мұғалім екі санды айтады, ал балалар олардың арасындағы санды атауы тиіс. Мысалы, мұғалім «Үш, бес» - десе, балалар «төрт» - дейді, «жеті, тоғыз» - десе, балалар «сегіз» - деп жауап беруі керек.




«ҚАЙ ВАГОНҒА МІНЕМІН» ОЙЫНЫ


Қажетті материалдар: тепловозға нөмірленіп тіркелген сан өрнектерді жазылған карточкалар.

Ойынның барысы: Амалдарға берілген сан өрнектері жазылған үлестірмелі карточкаларды тарату. 1+4, 9-4, 2+3, 10-5 тағя сол сияқты. Олардың мәні бала отырған вагонға сәйкес. Мысалы, 5 – ші нөмірлі вагон, өрнектерінің жауабы 5 – ке тең оқушылар, сан вагонға ілесіп, тіркелуге тиіс.

Ойынның мақсаты: сандардың құрамын білу, таңбаларды айыра алуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.




«ДҮКЕН» ОЙЫНЫ


Ойыншық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Керек заттар (таразы, қалақша, күріш, шырын, бидон, тағы басқа), сатушы баланың дүкеншілер киетін бас киімі болуы керек. Ойынның барысында сусамалы зат пен сұйық заттың өлшеу айырмасына жаттығады, демек сұйық заттар белгілі көлемдегі ыдыспен өлшенеді, сусамалы заттар таразыға салынып өлшенеді. Ойынның мақсаты сұйық зат пен сусамалы заттың қалай өлшенетінін балаларға үйретіп жаттықтыру.






«ТІЗБЕК ҚАЙЫҚ» ОЙЫНЫ


Көрнекілік: суретке салынған толқындар, таңба мен сандар.

Ойынның барысы: Тақтадағы теңіз толқындарының суретін салып, сол толқын бетіне кезектестіре +, - таңбаларын жазып қою керек. Сол таңбалардың ара – арасында сандарды қойғанда, нәтижесі 10 болуы керек. Нәтижесі 10 болғанда ойынды жалғастыруға болады.

2 нұсқа. Дәл ойынды ондықтарды қосып, азайтып нәтижесі 100 – денаспайтындай етіп өткізуге болады.

Мақсат: таңбалардың ретіне қарай, таңбаларды дұрыс қоя білу, ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру.



«АПТА КҮНДЕРІ» ОЙЫНЫ


Мақсаты: Апта күндерін есте сақтау.

Керекті материалдар: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1 – ден 7 – ге дейін фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суреті салынған 7 және суреті жоқ 1 – 2 тәж.

Ойынның мазмұны: Мұғалім балалардың мынаған келісіп алуын өтінеді. Бір таңба бар тәж аптаның бірінші күні дүйсенбі,екі таңба бар тәж аптаның екінші күні сейсенбі және тағы басқаларын білдіреді. Балалар апта күндерінің атын хормен қайталайды.

Мұғалім тақта алдына 7 баланы шақырып, оларға тәждерді таратып береді. Тақта алдына шақырылған баланың әрқайсысы тәжбен таңбаның санына қарап тұрып: «Сабыр – сәрсенбі», «Мен - жұмамын»және тағы сол сияқты дейді.

Осыдан кейін мұғалім аптаның кез келген күнінің атын дауыстап атайды, мысалы «сәрсенбі» деген соң өзін «сәрсенбі» деп білетін бала алдыға шығып тұрады. «Апта күндері, сапқа тұрыңдар» деген бұйрық берілісімен, басқа балалар оның қатарына дұрыс ретпен сапқа тұруы тиіс. Сапқа тұруда қателік болса, оны орындарында отырған балалар бірден байқайды.

Бұдан соң мұғалім тақта алдына келесі жеті баланышақырады және тағы сол сияқты.



«СИПАТТАМАСЫ БОЙЫНША ТАП» ОЙЫНЫ


Мақсаты: Ұзын – қысқа, кең – тар, биік – аласа және тағы сол сияқты ұғымдарды қайталау.

Керекті материалдар. Жануарлар мен құстарды бейнелейтін ойыншықтар.

Ойынның мазмұны. Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі секілді 5-6 ойыншық қойылғанын балалар көріп отырады. Олар мұғаліммен бірге әрбір ойыншықты анықтап қарайды, олардың атын қайталайды. Осыдан кейін ойнаушылардың біреуі бөлмеден сыртқа шығады да, басқалары ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Мәселен, мұғалім балаларға қоянды көрсете отырып, олармен бірге мынандай жұмбақ құрастырады: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық – бұл қай аң?», аю туралы «Маймақ аяқ, қорбиған, аңсағаны тәтті бал, ұзын жүнді жабайы аң» және тағы сол сияқты. Балалар жұмбақты құрастырып болған соң оны шешетін баланы шақырады. Егер ол жұмбақты дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады. Ол тағы да қиналса, балалар жәрдемдеседі. Ойынға келесі бала шақырылады. Ойын қайталанады.

Балалар жеңімпазды анықтайды.

Ойынға алуан түрлі ойыншықтарды, сондай – ақ суреттерді пайдалануға болады.


«ХАНТАЛАПАЙ»

Дидактикалық мақсаты:Санды еселеп қосуға арналған.

Керекті құралдар: Асықтар (асықтарға жапсырылған әр түрлі сандар)

Мазмұны: Ойын бір топ баламен жүргізіледі. Асықтарға бірдей сандар жазылады. Асықтардың ортасында бір асықты (сақаны) «хан» етіп белгілейді. Ойын басқарушы барлық асықтарды «Ханталапай!»...деп жерге тастай салғанда, отырған балалар бас салып бөліп алады. Өздері алған асықтарда бірдей сан болғандықтан өз ұпайларын еселеп қосып шығарады. Ал кімнің қолына «Хан» іліксе, сол баланың жинаған ұпайы күйіп кетеді. Ойын басқарушы асықты тастағанда 2, 3 рет қайталағасын, асыққа жазылған сандарды өзгертіп отырады. Балалар ойнай отырып еселеп қосып жаттығады: Мысалы: 4 + 4 + 4 + 4...; 3 + 3 + 3...;

Ойынды түрлендіріп, күрделендіріп келесі сабақтарға қолдануға болады.

«ҚИМАҚ»


Дидактикалық мақсаты: Жазбаша және ауызша есептеп шығаруға берілген мысалдарды орындауға арналған. Екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу, екі таңбалы сандарды жазбаша қосу т.с.с.

Керекті құралдар:Қайшы, дайын карточкалар немесе есеп нөмірі жазылып салынған хатқалталар, бекітетін жіп, көз байлайтын орамал.

Мазмұны: Сынып екі немесе үш топқа бөлінеді. Әр топқа берілетін тапсырманың нөмірі тақтаға, жіпке ілінген хатқалтаға салынған. Әр топтан бір-бір баладан шығып, көзін байлап, қолына қайшыны алып, ойын басқарушының көмегімен тақтадағы ілінген хатқалтаны қиып алады (оның ішінде жеке балаға арналған тапсырма болуы да мүмкін). Сол хатқалтаны ашып, тапсырманың нөміріне қарай отырып, өз тапсырмаларын табады да орындауға кіріседі. Жеке тапсырмалар болса, әр бала өз жұмысын орындайды. Орындап болған топ өз жұмыстарын жинап, мұғалімге өткізеді.

Бұл ойында да бұрын және дұрыс орындалған топ жеңген болып есептелінеді.


Дидактикалық мақсаты: Санды санмен салыстыру, өрнекті санмен салыстыру, атаулы сандарды салыстыруға байланысты тапсырмаларға амалдар қолданып жазбаша есептеуге берілген.

Керекті құралдар:Таңбалар жиынтығы салынған хатқалта ( >, <, +, =, −, таңбалары балықтың суретіне салынады), ойыншық қармақ

Мазмұны: Ойынға сыныптағы балалар толық қатысады немесе сынып екі топқа бөліп ойнатуға болады. Салыстыруға берілетін тапсырмаларды мұғалім алдын ала тақтаға жазады немесе плакатқа үйкеліп жазып, тақтаға іледі. Ал екі топқа жеке-жеке ішіне таңбалар салынған хатқала береді. Екі хатқаланың ойыншылары берілген сандарды алдымен есептеп шығарып алады. Соңынан салыстырып, қай санның артық қай санның кем екенін анықтап алып, хатқалтадағы бірнеше таңбалардың ішінен тиістісін тауып, қармақпен іліп алып, өз орнына қояды. Қалған балалар дұрыстығын тексереді, қай топ дұрыс әрі тез орындаса сол топ жеңген болып саналады.



«ДОС ТАҢДАУ»


Дидактикалық мақсаты:Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, екі таңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша қосу және азайту т.с.с. тапсырмаларды орындату үшін.

Керекті құралдар: Тапсырмалар жазылып салынған хатқалталар, дайын карточкалар.

Мазмұны: Ойын екі партаның ортасында жарыс түрінде жүргізіледі. Бірінші қатардағы партадан 3-4 баланы орындарынан тұрғызып, екінші қатардағы балалардың ішінен өздері ұнатқандарының аттарын атайды. Егер олар парталастарын бермейтін болса, дайын карточкалар салынған хатқалтаны апарып береді де есепті шығарып қайтаруды талап етеді. Немесе, керісінше, сол хатқалталардағы тапсырманы орындасаң, менің досымды аласың деп тапсырма береді. Ойын осылайша екінші қатардағы балалардың дос таңдауына өтіп, қайталана береді. Мұғалім дос таңдаған баланың өз тапсырмасын дұрыс орындағанын тексеріп, сонан соң таңдаған досын қасына алып барып отырғызады.



«БАЙҚАП ҚАЛ!»

Дидактикалық мақсаты: Балалардың байқампаздығын, есте сақтау қабілеттерін, көз зердесін қалыптастыру.

Керекті құралдар: 15-20 ұсақ ойыншықтар, геометриялық фигуралар, оқу құралдары, кішкене жануарлардың суреттері т.б. заттар қойылады.

Мазмұны: Сыныптағы балалар екі топқа немесе үш топқа бөлінеді. Ойын басқарушы мен топ басқарушылар ғана заттардың тізімін жазып алады да, өздері үстел басында, сынып ішінде қалады. Қалған балалар сыныптан шығып кетеді. (Балаларға 1 минут қаратқаннан кейін, бетін жабады). Балалар бір минут қарағанда өз естерінде қалған нәрселердің тізімін жазып әкеліп ойын басқарушыға тапсырады. Ол әр топтың басқарушысымен бірлесе отырып, жазып әкеліп берген тізімдерді қарап шығады. Қай топтың балалары дұрыс және түгел жазып келсе, сол топтың балалары жеңеді. Жеңген топтың балалары маарпатталады.


«СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ»


Дидактикалық мақсаты:Балаларға санның ретін меңгерту. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Керекті құралдар: Ұзындығы бір метрдей таяқ.

Мазмұны: Бұл ойынға сынып түгел қатысады. Балалар қол ұстасып, дөңгеленіп тұрады. Ойын жүргізуші қолына таяқ ұстап, дөңгелектің ортасына шығады да ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойынға қатысушылардың бәріне ретімен өз қатар санын айтады. Ойын жүргізуші таяқты тігінен жерге қадап ұстап тұрып кез келген қатардағы санды атайды да, таяқты қоя береді.

Айталық: төртінші, оныншы... әйтеуір жаңағы дауысты қатарда тұрған ойыншы ести салысымен жүгіріп барып, таяқты құлатпай ұстауы керек. Егер дауысты естімей, аңғармай таяқты құлатып алса, ортаға шығып өнер көрсетеді. Егер таяққа дер кезінде жетіп, жерге құлатпай ұстап алса, онда ойын жүргізушімен орын ауысады.

Ойынды балалар шаршап, жалыға бастаған кезде жүргізген тиімді.



















ОЙЫНДАРДЫ ҚЫСҚАША ЖҮРУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОҒАН ПАЙДАЛАНАТЫН КЕСПЕ МDrawObject3
АТЕРИАЛДАР.

САНДЫҚ ДОМИНО

САННЫҢ ҚҰРАМЫН БІЛЕСІҢБЕ?»

DrawObject4

1 7

1 9

1 8

DrawObject7 DrawObject5 DrawObject6



DrawObject9

2 8

DrawObject8




DrawObject10

3 7

2 7

3 5

2 6

DrawObject13 DrawObject12 DrawObject14 DrawObject11




DrawObject15

3 6

DrawObject16




DrawObject17

4 6

DrawObject18





DrawObject19

4 5

4 4

DrawObject21 DrawObject20




DrawObject22

2 5

2 4

DrawObject23 DrawObject24



DrawObject25

3 4

3 3

DrawObject26 DrawObject27



«СУРЕТТІ ЛОТО»


Өрнек жазылған оң жақ бөлігі қиылмайды, суреттің артында өрнектің жауаптары тұрған бөлігі қиылады. Ойынға екі оқушы қатысады. Партаның ортасына қиылмаған бөлігін қойып қояды, ал жанына жауап жазылған кішкентай карточкалар тұрады, оқушылар кезекпен жауабы бар карточканы сәйкес келетін өрнектің қарама-қарсы тұсына апарып қояды, сонда белгілі бір сурет шығуы керек. Сурет толығымен шыққанша ойын жалғаса береді.



4 + 2 3 + 6


9 - 4 6 - 5


10 - 6 9 - 9

DrawObject29 DrawObject30 DrawObject31 DrawObject28


DrawObject33 DrawObject35 DrawObject34 DrawObject32 DrawObject37 DrawObject36

4 0


5 1


6 9

2 + 4 10 - 1



8 - 3 5 - 4


9 - 5 8 - 8












ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР


  1. Топ үйрек ұшып барады. Барлығы 5-еу. 1-еуі жерге қонса нешеу қалады?(1-еу. Өйткені қалғаны ұшып кетті.)

  2. Қаз бір аяғымен тұрса, 4 кг, ал, 2 аяғымен тұрса неше кг? (4кг. болады)

  3. Ұшып келе жатқан 6 қаздың жартысы және 1 қаз І-ші көлге, ал қалған қаздың жартысы және 1 қаз ІІ-ші көлге қонды. Әр көлге неше қаз қонған?(І-көлге-4 қаз, ІІ-көлге-2 қаз)

  4. Аңның 2 оң аяғы, 2 сол аяғы, 2 артқы, 2 алдыңғы аяғы бар. Аңның барлығы неше аяғы бар? (Аңның 4 аяғы бар)

  5. Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды? (5 май шам)

  6. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? (2сағат)

  7. Қосарлап жегілген ат-арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25 шақырым)

  8. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек? (4минут)

  9. Бақтиярдың төрт ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар? (5бала-4ұл, 1қыз)

  10. Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр? (Бірдей)

  11. 8-наурызда екі шешей мен екі қызына, әжей мен немересіне үш орамал сыйға тартылды. Бұл қалай? (Әжей, шешей, қыз әрқайсысы 1 орамалдан алды)

  12. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (Жоқ. Өйткені түнде күн шығып тұрмайды)

  13. Дорбадағы он асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай? (Бір бала дорбамен алды)

  14. Болат сенбі күні кешке 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады? (1 сағат. Өйткені кешкі сағат 10-да сағаттың қоңырауы шырылдады)

  15. Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады? (Алдыңғы күн, кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні)

  16. Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз бар? (Үшеу)

  17. Түрі, түсі, өлшемдері бірдей 3 білезіктің біреуі қалған екеуінен жеңілірек. Таразыға бір рет өлшеп, жеңілірегін қалай табуға болады? (Кез келген 2 білезікті таразының 2 басына салу керек. Оның жеңілі-іздеген білезігі. Егер олар бірдей болса, онда-қалғаны. )

  18. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (Балық ұшпайды)

  19. Үш доптың ішіндегі қызылы қоңырынан ауырлау, ал қоңыры жасылынан ауырлау. Ең ауыр доптың түсі қандай? Ең жеңіл доптың түсі қандай? (Ең ауыр-қызыл, ең жеңілі-жасыл)

  20. Жасы жүзге келген қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы өз туған күнін жиырма бес рет қана атап өтіпті. Бұлай бола ма? (Қарт 29ақпанда туған. Ол өзінің туған күнін тек ұзаңқы жылдар ғана тойлап, 25 рет атап өткен.)

ЛОГИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТАТЫН

ЖҰМБАҚТАР ТОПТАМАСЫ


Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,

Жаз шіріп, қысқа үсіп тоңбайтұғын.

Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,

Іші кең бәрін салса толмайтұғын

(Көк, Аспан)

Бір түкті кітем,

Бір түксіз кілем.

(Аспан, Жер)


Біреудің бір ұлы бар және қызы,

Біледі ол екеуін дүние жүзі.

Ұйықтайды ұлы түнде, қызық күндіз,

Жүргенде білінбейді басқан ізі

(Күн мен Ай)

Лұғатпен жұмбақ қылып сөз бастайын,

Жаралды бір мақлұқ үлкен жайын:

Өзінің басы жеті, қолы он екі,

Отыздан саусағы бар қол бас сайын;

Жиырма төрт құлағы бар бір басында,

Жолдас боп жүрер оның кім қасында?

Бірі-ақ, біреуі-көк-екі көзі,

Тұрады бадырайып арқасында.

(Он екі қол-он екі ай, отыз саусақ-отыз күн, жиырма төрт

құлақ-сөткедегі жиырма төрт сағат, екі көзі-Күн мен Ай)


Екеуі де анасы,

Үш жүз алпыс баласы,

Отыз ор дуадақ,

Бес балақ сан,

Қырық сегіз патшасы.

(Екі ана-ай, күн, 365 бала-бір жылдағы күн, 30 ор дуадақ-бір айдағы күн, 48 патша-бір жылдағы жұма)


Алтын бәкі,

Күміс сәкі,

Қырық қысырақ,

Бір сәурік.

(Күн, Шолпан, жұлдыз, Ай)


Бір емен жеті терек, алты қайың,

Бұтағы толып жатыр дайым-дайым.

Ішінде шынар терек үш қарағай,

Өңгесін айта беріп не қылайын.

(Шолпан, Жеті қарақшы, Үркер, Үш таразы)


Көп бауырсақ ішінде бір қалаш.

(Жұлдыздар ішіндегі ай)


Бірталай тары шаштым там басына,

Тамнан биік жоғары қамбасына,

Қиыстырып өлеңмен жұмбақ қылды

Ойлағандар мәнісін аңдасын да.

(Жұлдыз)


Тақиям толған сөк,

Ерте тұрсам дым да жоқ.

(Жұлдыз)


Біреуде отряд көп, сан жетпейді,

Күндіз олар ешкімге көрінбейді.

Мізбақпай ұзақ түнде күзетте боп,

Тұруға бір орында ерінбейді.

(Жұлдыз)


Қиырсыз бір теңіз бар ол немене?

Құбылып, қалқиды алтын бір тегене,

Сансыз құс жүзеді ортасында,

Алты қаз, жеті үйрек, үш бөдене,

Оқшау жүр ақ шағала, көк шағала,

Теңіздің ортасында күміс кесе

(Аспан әлемі, жұлдыз)

Кейде орта, кейде толы сар тегене,

Тұнық пенен лайдың арасынан,

Бір аққу ұшып шықты құсқа төре.

(Алты қаз-Үркер, жеті үйрек-Жеті қарақшы, бір тегене-

Шолпан, аққу-Күн)


Ұзын-ұзын сырғанақ,

Ұшығына кім жетер.

Алтын бесік күйкентай

Жұмыртқасын кім табар

(Күннің батуы, шығуы)


Отырдым мұнан барып ойламауға,

Ілінді екі аяғым байлаулыға.

Қолыма екі қайыс ұстап алып,

Жүргіздім қайда барсам айдауыма

(Мінген ат)


ҰЛТТЫҚ ӨЛШЕМДЕР


Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері.

Ас пісірім – 2 – 3 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем.

Ет асым – 2 – 3 сағат шамасындағы мезгіл өлшемі.

Ет пісірім – асқан ет пісетіндей уақыт.


Азық – түлікке қатысты өлшемдер

Бір асым (ет)

Бір елі (қазы)

Бір жапырақ (ет, нан)

Бір тұтам (қазы)

Бір уыс (бидай, тары)

Бір үгім (тұз)

Бір үзім (нан)

Бір шөкім (тұз)

Бір шымшым (тұз)

Жұдырық басындай (ет, қазы)

Қайнатым: бір қайнатым (шай)

Салым: бір салым (тұз, шай)

Турам (ет, нан)


Тұрмыс – тіршілікке қолданылатын ұзындық өлшемдері:

Елі – 2 – 2,5см (орта шамадағы бір саусақтың ен);

Сере – 10 – 12 см (аздап ажыратылған төрт саусақ ені);

Тұтам – 8 – 10 см (жұдырық ені);

Сынық сүйем – 13 – 15 см (бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы қашықтық);

Сүйем – 17 – 20 см (көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық);

Қарыс – 20 – 22 см (көселген бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық);

Кез – 70 – 75 см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық);

1 кез – 7 – 9 тұтам.


Биіктікті, тереңдікті өлшеу үшін адамның дене мүшелерін немесе қолда бар заттардың ұзындығы бойымен өлшенген:

Оқ бойы – 1,0 – 1,5 м жебе ұзындығы;

Найза бойы – 3 – 5 м

Арқан бойы – 10 – 12 м т.б.

Тобық – тобыққа дейін

Тізе – тізеге дейін

Белуар – белуарға дейін немесе кіндікке дейін)

Кісі бойы


Қашықтық өлшемдерінің атаулары

Өте жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері

Аттам(бір атам) жер

Қол (құлаш) созым жер.

Бөрік тастам жер

Қырық қадам

Иек артпа жер

Тас лақтырым жер

Қозы көген жер.

Таяқ тастам жер.



Жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері


Ат жетер жер

Қозы көш жер

Ат шаптырым жер

Құнан шаптырым жер.

Аяқ жетер жер

Тай шаптырым жер

БУРАТИНАНЫҢ ЖҰМБАҚТАРЫН ТАП


Дидактикалық мақсаты. Заттарды түріне қарап ажыратуға және дөңгелектен, квадраттан, үшбұрыштан әртүрлі суреттер құрастыруға үйретеді. балалар да ойынды осылайша жалғастыра береді.

Оқыту құралдары. Дөңгелектер, квадраттар және үшбұрыштар.

Ойын мазмұны. Мұғалім күні бұрын магниттік тақтаға дөңгелек, квадрат және үшбұрыш сияқты геометриялық фигуралар жапсырады. Сонан соң оқушыларға былай дейді : «Балалар бүгінгі біздің сабағымызға алыстан Буратино қонаққа келіп отыр. Буратино өзімен бірге бірнеше жұмбақ ала келіпті». Мұғалім Буратиноның жұмбақтарын оқушыларға дауыстап оқып береді. Оқушылар жұмбақтың шешуін табады. Дөңгелектеп не салуға болады? Мына алма, қарбыз, доп т.б. Квадраттан не салуға болады? Портфель, жәшік, печенье. Үшбұрыштан не салуға болады? шыршаны, қайықты т.б. Жақсы жауап берген балаларға арнап геометриялық фигуралардан бір - бірден ұсынуға болады.

«ОЙЛАН ТАП».

Ойынның мақсаты. 0 санын ажырата білуге үйрету.

Оқыту құралдары. Буратиноның макеті, шие бұтақтың суреті.

Ойын мазмұны. Мұғалім күні бұрын қалталы полотноға бір бұтақта тұрған үш шиенің суретін іліп қояды. Содан соң балаларға сұрақ қояды.

-Балалар бұтақта қанша шие бар екен?

-Үшеу.

Осы кезде Буратино бізге қонаққа келе жатып бұтақтағы шиелерге көзі түсіп кетеді. Содан бұтаққа жақындап келіп, шиенің біреуін үзіп алады. Кәне, балалар, айтыңдаршы, бұтақта қанша шие қалды.

Оқушылар мысалдар құра бастайды, яғни «Үш біреусіз - екі» деп айтып, тақтаға 3-1-2 түрінде жазып көрсетеді. Дәл осы кезде Буратино екінші шиені жүлып алады. Ал енді қаншасы қалды? деп мұғалім тағы балалардан сұрайды. Балалар «Екі біреусіз - бір» деп тақтаға 2-1-1 түрінде жазып көрсетеді.

Енді Буратино әрі - бері ойланып тұрып, қалған бір шиені де жүлып алады. Енді қаншасы қалды? - деп мұғалім тағы да сұрайды. Сонда балалар бұтақта шие қалған жоқ деп жауап береді. Олай болса балалар шиенің қалмағанын білу үшін Буратино бізге ноль деп аталатын санды алып келген екен. Ноль санын символика түрінде былай белгілейміз деп «0» цифрымен таныстыра отырып, 0 саны әр уақытта 1 санының алдында түратын мұғалім оқушыларға түсіндіреді.

12 3 4


«Жалгастыр».

Дидактикалық мақсаты. Сан мен цифр арасындағы сәйкестікті анықтау. Дұрыс сануға дағдыландыру.

Қажетті құрал - жабдықтар. Қалталы үяшық, санау материалдары, цифрлар жазылған карточкалар.

Ойын мазмұны. Мұғалім қалталы үяшыққа біртіндеп санау материалдарын салады. Оқушылар орындарында отырып дауыстап санап, сәйкес цифрларды көрсетіп отырады. Оқушылардың есте сақтауын дамыту мақсатында тақтаға да жаздырып отырған дұрыс.

«Келесі санда ата. Көршісін man !».

Дидактикалық мақсаты. Сандар тізбегін тиянақтау, бекіту.

Қажетті құрал - жабдықтар. Кеспе цифрлар.

Ойын мазмұны. Оқытушы ойынды кез келген санды атаудан бастайды. Мысалы : «2», жалғастыр ; оқушы «3» санын, т.с.с. атайды. Сұрақты түрлендіре отырып, сандар тізбегінің орындарын тиянақтау керек болады. Санды атап, келесі бір бірлікке, екі, үш бірлікке артық (кем) санды ата, деген тапсырмалар беру арқылы көрші сандарды атайды. 0-ден бастап 10-ға дейін санау, кему ретімен санау жұмыстары жүргізіледі.

ҚОРЫТЫНДЫ


Бастауыш сынып оқушыларына арналған математикадан дидактикалық ойындар арқылы шығармашылық қабілетті арттыу бүгінде үлкен мәнге ие.

Оқыту үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан оқушының өзіндік жұмысы, дербес шығармашылық іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін керек етеді. Сондай-ақ, оқу үрдісін жетілдіруде ұлттық тәлімдік шараларды халық дәстүрлерімен салт-сана, ұлттық дүниетаным туралы қағидаларды сабақтастыра отырып оқыту да тиімді болмақ.

Математикадан дидактикалық ойындар - әр баланың бойындағы тума талант десек, оның көзін тауып дамыту мұғалімге қойылатын басты талап.

ХХІ ғасыр - әлемдік ғаламдасу ғасыры. Жаңа ғасыр жеткіншек жас ұрпақтан жан-жақты болуды, өзгермелі өмірге бейім болуды, өзі үшін, қоғам үшін пайда келтіре білу талабын қойып отыр. Оқушының бұл талап үддесінен шыға алуы –одан өзінің шығармашылық әлеуетін толық пайдалану мүмкіндігін мектептен дамытуды көдейді. Оқушының шығармашылық қабілеті дамып, ішкі ресурстарын толық пайдалана білуге дағдылануы – шығармашылық дербестікке алып келеді.

Дидактиалық ойындар - балалар үшін оқу да, еңбек те болып есептеледі.Дидактикалық ойындар - айналадағы дүниені танудың тәсілі ретінде қарастырылады.Дидактикалық ойындар балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

В.Сухомлинский "Дидактикалық ойындарсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.Дидактикалық ойындар дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар дегеніміз-ұшқыр білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты" деген ой айтады.

Дидактикалық ойындар екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған,өйткені,ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.

А.Макаренконың айтуы бойынша, дидактикалық ойындарға бір жақты көзқарас қате. Педагогикалық үрдісте дидактиалық ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Дидактикалық ойындар бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді. Ал Ю.Бабанский дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың әдісі деп қараған.

Математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдана отырып, шығармашылық дербес жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік қуаты оның ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын білдіретін интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс беру үлкен нәтиже болмақ. Сонымен қатар, шығармашылық дербестік жеке тұлғаның тұрақты қасиетіне айнала отырып, оның танымдық мүмкіндіктерін және қоғамдық бағытын, болмысқа деген көзқарасын қалыптастырады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. «Педагогика» // Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Алматы, 2013 ж.

  2. «Оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары» автореф. – Алматы. 2006 ж.

  3. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу және оған қолайлы жағдай туғызу» //Білім берудегі менеджмент, №3, 2012.-94-97 б.

  4. «Оқушының жеке тұлғасын дамытуда педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің маңызы». // «Қазақ мектебі: бүгінгі жайы мен даму болашағы» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Астана, 2012 ж. 411-412 б.

  5. «Оқушының шығармашылығын дамыту – білім берудің басты мақсаты» // «Қазақ мектебі: бүгінгі жайы және даму болашағы» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Астана, 2002 ж. 58-60 б.

  6. «Оқушының шығармашылығын дамытуда оқу процесінің маңызы». // Бастауыш мектеп, №9, 2005 6-8 б.

  7. Б.А.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиялары» Алматы, 2000 ж.

  8. Г.Е.Нұрмұханова «Қазіргі кезеңде ауыл мектептерінде оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыру» автореф. Түркістан, 2016 ж.

  9. «Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру» (әдістемелік құрал). – Ақтөбе, 200. 28 б.

  10. Оқушылардың ізденімпаздығын дамыту жаңа педагогикалық технологиялардың мәні // Қазіргі педагогикалық технологиялар және білім сапасын арттыру. Ғылыми-практикалық конференция. –Алматы, 2004.- 71-81 б.

  11. Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі. // Бастауыш мектеп. – Алматы, 2004. -№10.

  12. Шығармашылық іс-әрекетті дамыту // Қазақстан мектебі. – Алматы, 2006. - №5 (бірлестікте: Р.С.Омарова)

  13. Шығармашылық іс-әрекет проблемасы // ҚР егемендігі ұлттық заңнаманың даму негізі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Ақтөбе, 2006 (бірлестікте: О.С.Сыздықов, Р.С.Омарова)

  14. История педагогики. Часть 2 С ХVІІ в. до середины ХХ в.: Учебное пособие для университетов /А.И.Пискунова. – М., ТЦ Сфера, 1998.

  15. Лернер И.Я. Проблемное обучение. –М.: Знание, 2014.-164 с.

  16. Лейтес Н.С., Об умственной одаренности. – М., 2008 г.

  17. Теплов Б.Н. Способности и одаренность. – М., 2006 г.

  18. Юркевич Е.С., Одаренный ребенок. – М., 2007 г.

  19. Савенков А.И., Одаренный ребенок в массовой школе /М: Сентябрь, 2001 г. -208 с.

  20. Пономарев Я.А., Психология творчества. –М., 2016 г.

  21. Зак А.В., Развитие умственных способностей младших школьников –М. 2014 г.

  22. Выготский Л.С., Вопросы детской психологии. – М., 1968999 г.

  23. Белова Е.С. Одаренность малыша: раскрыть, понять, поддержать. – М., 1998 г.

  24. Крутецкий В.А. Психология математических способностей школьников. –М.: Просвещение, 2009.-432.

  25. Каменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. Том 1. Великая дидактика. – М., 2008.

  26. Руссо Жан-Жак Эмиль, или о воспитании. – СПб, 2005.


МАЗМҰНЫ:

АЛҒЫ СӨЗ..................................................................................

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ........................................................................

3



5

ЛОГИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚАРАПАЙЫМ ТҮСІНІКТЕР..............................

«ОН КӨЛЕМІНДЕГІ САНДАР»

ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР................................

«ҰЙҚАСЫН ТАП» ОЙЫНЫ.......................................................


17


28

29

«ҚАПШЫҚТАН НЕШЕ ОЙЫНШЫҚ АЛДЫҢ» ОЙЫНЫ.....

«ӨЗ ЖҰБЫҢДЫ ТАП» ОЙЫНЫ

30

«ҮЙ ТҰРҒЫЗАЙЫҚ» ОЙЫНЫ...................................................

«СЕН ДЕ ОСЫНША КӨРСЕТ» ОЙЫНЫ

31


«ДАБЫЛ СОҒУ» ЖАТТЫҒУЫ

«КӨРШІ – КӨРШІ» ОЙЫНЫ

«БІРДЕ БІР» ОЙЫНЫ..................................................................



32

«ДОП ЛАҚТЫРУ» ОЙЫНЫ

«ПОЕЗД ҚҰРАСТЫРУ» ОЙЫНЫ

«ҚАЛТ ЕТПЕЙ ҚАҒЫП АЛ, ЖАУАБЫН ТАУЫП АЛ» ОЙЫНЫ..........................................................................................




33

«КӨП – АЗ, БІР» ОЙЫНЫ

«НҮКТЕЛЕРДІ ҚОС» ОЙЫНЫ

«ҚАЙ ҚОЛЫМДА КӨП» ОЙЫНЫ..............................................



34

«ӨЗ ПӘТЕРІҢЕ ЖАЙҒАС» ОЙЫНЫ..........................................

35

«ЖОҒАРЫДА – ТӨМЕНДЕ» ОЙЫНЫ

«КІМ БИІК? КІМ АЛАСА?» ЖАТТЫҒУЫ

«БАЛЫҚ ҰСТАУ» ОЙЫНЫ........................................................



36

«ҚАНДАЙ САНДАР ЖЕТІСПЕЙДІ?» ЖАТТЫҒУЫ

«ҚАЙ ВАГОНҒА МІНЕМІН» ОЙЫНЫ

«ДҮКЕН» ОЙЫНЫ.......................................................................



37

«ТІЗБЕК ҚАЙЫҚ» ОЙЫНЫ

«АПТА КҮНДЕРІ» ОЙЫНЫ.......................................................


38

«СИПАТТАМАСЫ БОЙЫНША ТАП» ОЙЫНЫ «ХАНТАЛАПАЙ»..........................................................................


39

«ҚИМАҚ», «ҚАРМАҚ»................................................................

40




«СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ»......................................................................

41

ОЙЫНДАРДЫ ҚЫСҚАША ЖҮРУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОҒАН ПАЙДАЛАНАТЫН КЕСПЕ МАТЕРИАЛДАР

САНДЫҚ ДОМИНО......................................................................



42

САННЫҢ ҚҰРАМЫН БІЛЕСІҢБЕ? .........................................

43

«СУРЕТТІ ЛОТО».........................................................................

44

ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР.................................................

45

ЛОГИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТАТЫН

ЖҰМБАҚТАР ТОПТАМАСЫ.....................................................


47

ҰЛТТЫҚ ӨЛШЕМДЕР.................................................................

50

БУРАТИНАНЫҢ ЖҰМБАҚТАРЫН ТАП, ОЙЛАН ТАП.......

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................

54

56

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................

58



УДК 26.84

ББК 54.23

З 14


Құрастырушы автор:

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы №1орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Зулпыкар Перизат Сейдаханқызы.


«Бастауыш сыныпта ауызша жылдам есептеудің жолдары» тақырыбындағы

әдістемелік құрал.


Бұл әдістемелік құрал «Bilimdi Urpaq» ғылым мен білімді қолдау орталығының әдістемелік сараптамалық кеңесінде қаралды.



Пікір білдіруші:

Педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚПА профессоры Тағаев Нұрлыбек Сейдуллаұлы.


ISBN 978-601-7046-26-4




© Сейтқұлова Таңшолпан Сейтқұлқызы.

2025 жыл









Қазақстан Республикасының ОҚУ АҒАРТУ, Мәдениет Ақпарат министрлігінде тіркелген. Тіркеу куәлігі №KZ17VPY00098








DrawObject38

50


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.11.2025
34
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі