Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сыныпта ойын технологиясын қолданудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын технологиясын бастауыш сыныпта қолданудың маңызы


Оқушыларды білім көкжиегіне жеткізетін тәсіл – ойын.


Балалық шақ-баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы,демек адамгершілік, ақыл-ой және басқа да қасиеттерінің қалыптасуының ең маңызды кезеңі.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекеті-ойын.

Ойын дегеніміз- жас ерекшелігіне қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді,сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға  үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістердің бірі. Сондықтан ойынды әр уақытта пайдалану үлкен нәтиже берері анық.

Ойын- тәрбие құралы, ақылды, ойды, тілді дамытады, сөздік қорды, сезімді кеңейтеді. Баланың мінез-құлқын тәрбиелеп, адамгершілікке жетелейді.Ойын-эстетикалық тәрбие құралы. Балалар негізінен ойын үстінде тез тіл табысады


А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе,

А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді.

Ойын-сабақ, ойын-жаттығу,сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар,сөздік ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар баланы жан-жақты дамытып, өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдармен,олардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысуына көмектеседі. Ойындар баланың зейінін,есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, басқа адамдарға деген достық,құрмет сезімін тәрбиелеуге үйретеді.






Ойын – білімді үйрету әдісінің ерекше түрі. Ол үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады.
Ойын әдісі мына бағытта жүргізіледі:
- үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі;
- оқушыларға жаңа ұғымдар меңгертуге қажетті оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылады;
- үйрету де, үйрену де ойын – жарыс түрінде жүргізіледі;

Біріншіден, ойын оқушылардың бойындағы ерекшеліктерін жақсы білуге көмектеседі. Бұл арқылы оқушылардың психологиясына жете үңіліп, мінез-құлқын білуге болады.

Екіншіден, ойын оқушылардың жауапкершілігін арттырады, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Кез- келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Топқа бөліп жүргізілетін ойындарда оқушылар өз тобының жеңіп шығуына өзінің тікелей қатысы барын ұғынады. Басқалардың алдындағы жауапкершілігін сезінеді де, берілген тапсырманы ынтамен, зейін сала ықыласпен орындауға тырысады. Бір-бірімен қарым-қатынас кезінде олардың бойында бауырмалдық, жанашырлық, ізеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер қалыптаса бастайды.

Үшіншіден, ойын арқылы оқушылар оқу материалын жеңіл түсініп, терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын болады, сабаққа қызығушылығы арта түседі.

Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін танымдық белсенділігін арттырады, ақылды, ойды, тапқыр алғырлықты дамытады.теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын білімге қарай ұмтылуда жаңа ғана ашылған құпияға толы қағазға іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған сиқырлы дүниені білуге деген құштарлығы артады.

Алайда ойынды үнемі оқу процесіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын – белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.

Ойынға оқытушы басшылық жасау керек. Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз – оқушылардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, оқушылардың ұжыммен қарым-қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым-қатынаста педагог басты назарды достық, жолдастық қарым-қатынас пен өзара түсіністікке аударады. Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын ролінен туындайтын мазмұнымен сипатталады.


Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір - біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет
Сыныптан тыс шаралар оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызметін және пәнге деген қызығушылығын, ынталарын арттырады. Сонымен қоса білім сапасының артуына да көмегін тигізеді.

Ойын арқылы оқушы не үйренеді?


  • Қисынды ой-қабілетін дамытады

  • Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді

  • Сөздік қорын байытады, тілі дамиды

  • Зейіні қалыптасады

  • Байқампаздығы артады

  • Өзара сыйластыққа үйретеді

  • Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды

  • Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды

  • Сабаққа қызығушылығы артады.

Ойын сабақта ұтымды пайдаланса оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, сөздік қоры молайғанына көз жетеді

Дұрыс нәтижеге жету үшін:

  • Әр ойынның тәрбиелік,білімдік, дамытушылық маңызы

  • Жас ерекшілігі

  • Қауіпсіздіктехникасы

  • Эстетикалық талап

Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс–әрекеті ретінде көрсетеді.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер» және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.

  1. Ойын түрлері

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, іскерлік ойындар немесе ұлттық ойындар және тағы басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ойын түрлерінің жіктелуі:

- грамматикалық;

- психологиялық;

- тірек-сызбалар;

-дидактикалық;

- логикалық;

- техникалық;

- дене–еңбек.

Грамматикалық ойындар

Оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар үдерісі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына: 1) әріптік, буындық кеспелер; 2) диктант түрлері; 3) жаттығу түрлері; 4) шығарма, мазмұндамалар; 5) әңгіме, мәтін құрастыру; 6) сөздіктер.

Психологиялық ойындар – көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой–пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігін тигізеді. Олардың қатарына: 1) психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) сурет салу, құрастырулар; 3) пікірталастар; 4) сұрақ – жауаптар; 5) сөздіктер (диалог, монолог).









Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.

Әр ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.

Қорыта айтқанда, кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады.
Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжар, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
438
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12