Түсіпова Гүлназ
Сайлаубекқызы
«Көкбай атындағы орта
мектебі» КММ бастауыш сынып
мұғалімі
Абай облысы, Абай ауданы,
Көкбай ауылы
Бастауыш сыныпта
оқушылардың математика пәнінен функционалдық сауаттылығын
арттыру.
Математикалық сауаттылықтың мақсаты бүгінгі күн талабына
сай, жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы,
тұрақты қызығушылығы бар, алған білімді
іс-
әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан
тұлға.
Математика білім мазмұнының ең алғашқы
бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны
белгілі. Себебі, бастауыш буында жоғары сыныптарда
оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланатыны шындық. Сонымен қатар,
білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық
белсенділік, жеке басты адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде
қаланады. Оқушыда функционалдық математикалық сауаттылық
қалыптастыру үшін ең алдымен пәндік сауаттылық қалыптасуы керек.
Математиканы оқыту мен математика пәнінен сауаттылқты
қалыптастырудың негізгі мақсаттарына
тоқталайық: 1) Математика
- барлық ғылымдардың логикалық
негізі -
күре тамыры ретінде
қарастырылады.
-
Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау
мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай
түседі;
3)
«Математикалық
сауаттылық»
(ауызша және жазбаша) қабілеттерін
қалыптастыру арқылы оқушының
«математикалық
сауаттылықты»
меңгере білу қабілетінің
болуы;
4)
Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды,
жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге
көмектеседі.
5)Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және
этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні
бар.
Математикалық сауаттылық дұрыс сөйлеу
қабілетін математика
сабақтарында оқушылардың келесі қабілеттері мен
бейімділіктерін шыңдай түсуді
меңзейді:
-
Тақырыптағы, текстегі басты ойды бөліп көрсете
білу және оған жоспар құра
білуге;
-
Материалды қисынды, мағыналық топтай талдай
білуге;
-
Математикалық терминологияларды түсіне,
қолдана және негіздей
білуге;
-
Ұғымдардың, түсініктердің өзге ұғымдар
жүйесіндегі орнын және түсініктер ирархиясы тұрғысында
білуде;
-
Ауызша және жазбаша математикалық сауатты
сөйлеуді меңгеру, математикалық символдар мен белгілерді дұрыс
қолдана білуге.
Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының
жалпы сөйлеу қасиетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды
сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп
жылғы іс-тәжірибе
көрсеткендей,
математикалық
білімнің меңгерілуі мен үйретілуі,
оқытылу дәрежесі жоғары болған сайын, бастауыш
сыныптағы оқушылардың бойында
адамгершілік қасиетті
қалыптастырады.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда келесі
пәндік және функционалдық сауаттылық қалыптасуы
тиіс:
ережелер мен үлгілерді және белгілі
алгоритмді математикалық материалда қолдану
біліктілігін;
қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі
жағдайларда және аралас пәндерде математикалық білімін,
біліктілігін, есептеу, өлшеу және графиктік
дағдыларын;
ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді
пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын; математикаға тән
ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын,
дәлелдемеді пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар
жасау біліктілігін;
математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау,
қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды
қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты
түсіндіру біліктілігін;
жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау,
орындау білігін;
өзін-өзі бақылау жүзеге
асыруды;
өз
іс-әрекетін
бағалауды;
Оқу қызметінің әртүрлі формаларында
коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі
қажет.
Өсіп келе жатқан ұрпақтың, біздің
балаларымыздың функционалды сауаттылықтарына үлкен көңіл бөлуіміз
керек. Бұл қазіргі өмірде біздің балаларымыздың бейімделулері үшін
қажет.
Функционалды сауаттылық тұлғаның дамуына
қажетті дағдылар мен біліммен қамтамасыз етіп отыратын, мәдениетті
меңгеруі мен жаңа білім алуы, жаңа техниканы меңгеруі, кәсіби
міндеттерін сәтті орындауы, отбасылық өмірін ұйымдастыруы, оның
ішінде балалардың тәрбиесі әртүрлі өмірлік мәселелерді шешуде қажет
білімнің қорытындысы ретінде қарастырылады.
Математика -
адамның
ақыл -
ойын,
сана -
сезімін, ойлау қабілеттерін дамытатын бірден бір
құрал. Сондықтан да математиканы дамыта оқыту күн тәртібінде ең
бірінші тұрған мәселе. Ұстаз қандай
әдіс -тәсілін қолданса да мақсаты біреу, ол
оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру. Оқушылардың математикалық
сауаттылықтарын қалыптастыру
мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің білім
саласында тұрған басты мәселенің бірі болып табылады. А. П.
Конфоровичтің «Математиканың қорғанын тек күштілер мен
батырлар ғана бұза
алады»
деген сөзін ұстана отырып, жалықпай үлкен
төзіммен, алдымызға келген
шәкірт-терге
олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, жақсы
тәрбие, терең білім беру үшін аянбай ете берейік. Қазақстанның одан
әрі Мәңгілік Ел болып өркендеуі үшін, жан жақты дамуы үшін
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқасында талай
асулардан абыроймен өтеміз деп мұғалімдер тек қана адал,
салиқалы
еңбек етіп, функционладық сауаттылығы бар
тұлға тәрбиелеп шығуға
міндеттіміз.