Бастауыш сыныптағы жағартылған білім мазмұнының ерекшеліктері.
Тәуелсіздік жылдарында еліміз екі процесті – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қатар жүргізіп, белгілі бір нәтижеге жетті, қазіргі уақытта жаңа тарихи кезеңге – Рухани жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Рухани жаңғыру бізден ұлттық санамызды қалыптап, бәсекеге қабілетті болып, кез-келген мәселеге прагматистік тұрғыдан келуді, жалпы алғанда ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып дамуымызды талап етеді.
Рухани жаңғырудың ең басты шарты – «білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу» Өйткені, ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей, «табысты болудың ең іргелі басты факторы білім екенін әрқайсысымыз терең түсінуіміз керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Бұл жерде әңгіме еліміздің болашағы туралы. Оның ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі жас ұрпақ, болашақ маман
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында көрсетілген міндеттер бойынша: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген білім алулары керек». Ендеше, біздің ұстаздарымыз оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандырып, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу арқылы оқытуды сауатты, сапалы жүзеге асырып, мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырғанда ғана қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса алады. Бұл істердің барлығын жүзеге асыратын еліміздің ұстаздар қауымы.
Ендеше, бүгінгі ұстаздар қауымына қойылатын талап та жоғары болмақ. Олар жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар, үнемі шығармашылық ізденістегі, кәсіби біліктілігін шыңдайтын жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік қабілеті бар, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға баулитын кәсіби маман иесі болуы керек. Бұл өмір талабы. Ұстазда ұйымдастырушылық, құрлымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттердің де болуы шарт.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТны қолдану, коммуникативті қарым - қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылды. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан оқу үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндк береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір) оқу кезеңін (тоқсан, оқу 25 жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерім туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған.
Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен дамып, өрлей түскені жай ауызекі тілде ғана ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу дағдылары шыңдалып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда.
Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық әдістемелермен тығыз байланысты. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артты.
Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: байланысқа бейімділікті арттыру, әлеуметтік өзгерістер, ауа райының өзгеруімен байланысты мәселелер, бүкіл әлемдегі халықтың қарқынды өсуі, заманауи әлеммен өзара табысты байланысу үшін қажетті және келешек күннің әлемімен өзара байланысу үшін қажетті дағдыларды қазіргі таңдағы мектеп жасөспірімдері талап ететін шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі.
Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында.
Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту
7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.
Осыған орай, мектеп оқушыларының көшбасшылық қабілеттері тақырыбы бүгінгі таңда ғалымдар мен зерттеушілердің тарапынан үздіксіз қолға алынып отырған тақырып. Сыныптағы көшбасшы – сыныптың ғана емес, бүкіл мектеп ұжымының, ата-ананың, тіпті қаланың, ауданның, республиканың мақтаны болуы әбден ықтимал.
Мектеп оқушысының көшбасшылық қабілеттілігі оның бастамашылдығымен, жаңалыққа құштарлығымен, ойын еркін білдіріп, сыни көзқарасты ұстана алатындығымен ерекшеленеді. Өзіне ерекше талап қойғыш, дәстүрден тыс міндеттерді әмбебап әдістермен шешуге бейімділігі жоғары, жауапкершілігі мол тұлғаның сыныптастарымен қарым-қатынасы да жоғары деңгейде болатыны белгілі. Қазіргі уақытта күн сайын орын алып отырған елеулі өзгерістердің арқасында білім беру жүйесінде де, оқыту әдістемесінде де жаңарулар орын алуда.
Мектеп оқушыларының көшбасшылық қабілеттері айқындалған соң, енді олармен үздіксіз, нәтижеге бағытталған жұмыстар реті жалғасатын болады. Ұстаздардың тарапынан мектепте көшбасшылық қабілетті дамытуға бағытталатын жұмыстардың кейбір түрлеріне тоқталайық. Бірінші, зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беру. Зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі көшбасшы оқушылардың білім, машық, икем, қызығушылық қасиеттерінің дами түсуімен ерекшеленеді. Өздігінен іздену белең алып, зерттеу жұмыстары арқылы оқушы өзінің талап-тілектерін, ұмтылып отырған межесін қанағаттандыруға тырысады.
Жаңа білім көзін дайын күйінде ала салмайды, өзі ізденіп, қарастырып, талмай еңбектену арқылы қол жеткізеді. Болашақ көшбасшыларды ерте бастан анықтау, дамыту мен тәрбиелеу қазіргі уақытта педагогика мен психологияда зерттелу үстінде. Отандық психологиялық-педагогикалық ғылым мен білім беру тәжірибесінде де бұл мәселенің танымалдығы арту үстінде. Қазіргі жағдайда болашақ көшбасшыларды дайындау мемлекеттің стратегиялық міндеті болып саналады.
Бұл өзекті мәселенің шешімін табуы қоғамның қарқынды өркендеп, білім көкжиегіне ұмтылған жастардың, оқушылардың санының арта беруіне ықпал етеді. 26 Көшбасшыны қалыптастыру – уақыт талабы, жалғасын таба беретін үздіксіз жұмыс. Бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға да болады, оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде жалғастырып отыруға болады. Кез келген тұлға үшін қазіргідей қатаң бәсекелестік жағдайында терең білім ауадай қажет, өмірлік ұстанымдарын алға тарта білуі үшін жан-жақты білім қорын бойына жинақтауы тиіс.
Көшбасшылық қасиет кез келген мектеп оқушысының өзіне деген сенімділігін арттырып, үйлесімді дамуға жол салады, өз алдына келелі міндеттерді қоя алады. Осыған байланысты бағдарламаның мақсаты: Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беруді жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан педагогтардың жауапкершілікті түсіну мен олардың кәсіби деңгейіне, педагогикалық шеберлігін жетілдіруде және білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлес қосқан. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушының тұлғалық-бағдарлы өзара қарым-қатынасы маңызды орын алып отыр.
Мұнда тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік жағынан келбетінің қалыптасуына ерекше мән беріледі. Сондай-ақ, білім беру факторларының: мектеп, отбасы, әлеуметтік орнының кіргізілуі көзделеді. Сабақтағы қалыптастырушы бағалау - мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалауы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді). Бағалау критерийі – білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым. Тапсырма – оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және тағы басқа) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай. Кері байланыс – қандай да бір жағдайда немесе әрекетке арналған жауап, пікір.
Сабақтың соныңда мұғалімдерге қалыптастырушы бағалауға байланысты алынған тәжірибені қалай таратуға болатыны жөнінде талқылауға тапсырма беріледі. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламарының маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының спиральді білім беру бағдарламасының спиральдік қағидаты болып табылады.
Ол оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы (Джером Брунер) моделіне негізделген.Оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқанда зерделенген материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым жатыр. Спиральді білім берудің негізгі ерекшілігі: әрбір қайталанып оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады; оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпаратты толықтырып бекітіп отырады; спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;
Оқушыларды соңғы оқу мақсатына қол жеткізу үшін бұрын алынған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады. Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларындағы өзгерістер: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болуы үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектенуі керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
Үйренгеніміз де, үйренерміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Муса Жанар Мусақызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз