Материалдар / Бастауыш сыныптар арасында 8 наурыз әйелдер күніне арналған "Аяулы аналар" ертеңгілігі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныптар арасында 8 наурыз әйелдер күніне арналған "Аяулы аналар" ертеңгілігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2021
448
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Аяулы аналар

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Қош келдіңіздер аяулы аналар, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұрқұйып

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Бүгінгі ертеңгілікті ашып беру үшін құттықтау сөзді мектеп директоры Мухаметкалиева Ш. М береміз.

Жүргізуші:

Ал келіңдер, келіңдер,

Бір біріңе еріңдер

Аналарды құттықтап

Өнер көрсетіп беріңдер - деп ендігі кезекті мерекелік өнерлерін көрсету үшін ортаға оқушыларды шақырамыз.


Қыздар, қыздар, сұлу қыздар... деп сұлу қыздарға арналған

1 сынып ұлдарының «Қыздарға арнау» атты биін қабыл алыңыздар.





Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық- деп кезекті құттықтауды 2 сынып оқушыларына береміз.

Ән: Анажаным анашым.

Жүргізуші: Ойын.

Ендігі кезекті балар ойынға берейік

Ортаға 5 қыз шығып, ойын ойнайды.
Ойынның шарты:
Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру.

Сұрақтар:

Ана -сөзінің әрбір әрпіне қандай сөз құрайсың?

Ана туралы қандай ән білесің? бір шумақ айтып бер

Ана туралы қандай мақал білесің?

Ең алғаш рет анаңа қандай сыйлық бердің?

Әр бір дұрыс жауапқа, 1 қадам алға жүріп отырады. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сандықшаға бірінші болып жетеді және сандықшаны ашып, сыйлықты алады.
Сандықшаны ашқанда, ішінен тағы бір ақ конверт шығады. Онда: «Супер игра» деп жазылып тұрады.
Супер игра: «Өз өнеріңді көрсету»

Жүргізуші:

Раушан гүлдер жайнаңдар.
Гүлдей жайнап тұрыңдар.
Құттықтаймыз сіздерді.
Мерекеңмен бүгінгі - деп ендігі кезекті құттықтау өнерлерін көрсету үшін ортаға 3 сынып оқушыларын шақырамыз.

Ән: Анажаным анашым.


Ал балалар ендігі кезекті тағы бір ойынға беріп көрейік.

Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Ойын шарты: әртүрлі сұрақтар жасырылады, қыздарымыз «А» әрпінен басталатын сөзбен жауап беруі керек. (Ойын ойналады).
1. Сіздің есіміңіз?
2. Анаңызды қалай еркелетесіз? (Алтыным)
3. Сен теледидар көріп жатсың, анаң сені жұмсады не деп жауап бересің? (Ау анашым)
4. Жақсы көретін мерекең? (Аналар мерекесі)
5. Сүйіп ішетін тамағың? ( Аймаш)
6. Қандай санды ұнатасың? ( Алты)
7. Жақсы көретін әніңіз қандай? (Ана туралы ән)


Жүргізуші:

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «4 сынып » оқушыларының биін.

Жүргізуші:

Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз! –дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе ала келсін! дей отырып Аналар мерекесіне арналған «Аяулы аналар» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.
Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!




























Бастауыш сыныптар арасында

8 наурыз әйел қыздар күніне арналған

«Аяулы аналар» атты мереке





Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі

Жанибекова У. А.




 

 

 

 

 

 

 

 

  




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!