БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА
ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ
Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның
қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі
өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен
білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай
алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Жаңа бағдарлама
мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы
ұсынады.
Бастауыш білім беру
мақсаты — келесі негізгі кең ауқымды
дағдыларға:
-
білімдерді функционалдық және шығармашылық
қолдану;
-
сыни
ойлау;
-
зерттеу жұмыстарын
жүргізу;
-
ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды
пайдалану;
-
әр түрлі коммуникация тәсілдерін
пайдалану;
-
топта және жеке жұмыс істеу
ептілігі;
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа
тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Білім беру үшін
бағалау және оқуды бағалау. 4. Білім беруде
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаоану. 5. Талантты
және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне
қарай білім беру және оқыту. 7. Білім берудегі басқарушы және
көшбасшылық.Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып,
білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінде
жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы
әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің
шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін
туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға
ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге
асады.
Білім беру бағдарламасының негізгі
мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау
жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Білім алушылардың
күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру
мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған орта
білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін
критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі
бұрыңғы дәстүрлі бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық
бағалау болып ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалауда білім
алушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты
дұрыс орындағанын жəне оқыту мақсаттарына қол жеткізгенін түсінуге
мүмкіндік беретін бағалау. Жиынтық бағалау оқу тоқсанының соңында
оқу бағдарламасының бөлімдерін оқып аяқтағаннан кейін білім
алушылардың меңгерген білімі мен қалыптасқан дағдылары деңгейін
айқындайтын бағалау. Критериалды бағалау мұғалімдер мен оқушылар
және ата-аналарға да өте тиімді бағалау түрі, өйткені мұғалім үшін
— сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға, өз іс-әрекетін
саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға т.б.,
оқушылар үшін — табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге,
өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсіп,
түсінбегенін түзетуге мүмкіндік алады, сыни ойлауына, еркін ойын
айтуына, өзінің білімін көрсетуге т.б., ата-аналар үшін — оның
оқуындағы табыстылықты бақылауға, оқуына қолдау көрсету үшін бағыт
алуына мүмкіндік туғызады
Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой
–өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы
себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды
дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле
бастауы көңілді қуантады. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық
орталығы АҚ Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ-ның жоспарына сәйкес, ҚР
орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне
арнайы өткізіп жатқан курстардың мақсаты:
> Бастауыш білім беру сатысында пәндерді оқыту
барысында қолдандатын тиімді жаңаша әдіс-тәсілдерді
менгерту.
> Мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып,
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашу.
> Критериалды бағалау жүйесін еңгізу
тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін
жетілдіру
> Жаңа әдіс тәсілдерді пайдалана отырып
оқушылардың білім сапасын арттыру.