Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып шетел тілі мұғалімдеріне сабақ үстінде қолданылатын әдіс-тәсілдер мен оларға қысқаша түсінік. Бұл әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын дамытып, сабақты жақсы игеруге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер»

Ширату жаттығулары.


Мақсаты: оқушыларды сабақ алдында топқа оңай бөлінуін қамтамасыз ету.

Ара” жаттығуы
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, қолды бір рет шапалақтаған кезде көздерін жұмып аралар сияқты ызылдап жүреді, екі рет қол шапалақтаған кезде шеңбер жасауға тырысады. Көзді ашуға болады дегенде ғана ашады.


«Көбелек» жаттығуы»

Таңертең көбелек оянды, тартылды,

Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

Азғана айналып, барлығына күліп,

Қайта гүліне оралды.


«Жеңілден-ауырға»

Түсті қағаздар үлестіріледі. Есімдерін қағаздың сыртына жазады (қатысушыларға көрініп тұру керек).қатысушылар шеңбер жасап тұрады да есімін атап, өзінің сүйікті тағамын қосып атайды. Мысалы: Гүлмира-манты, келесі кісі өз есімімен тамағын атап,алдыңғы кісінің есімімен тамағын қосып айтады. Гүлмира-манты, Бағдагүл-асқабақ, т.с.с..


«Кемедегі адамдар» (топқа бөлуге)

Қатысушылар саппен тұрады,ойын бастаушы команда береді:

  1. Капитан (саппен жүру)

  2. Маяк (екі адам қол ұстасу)

  3. Судағы адам (екі адам ортасына бір адамды алып тұрады)

  4. Түскі ас. (төрт адамнан бірігеді)

  5. Шлёпка (5 адам тізбектеліп тұрады)`


«Саяхатқа шығу» (топқа бөлуге)

Ойын бастаушы: Өзін «Лидермін» деп есептейтін 5 кісі ортаға шықсын деп айтады. Ола «Рюкзак» таңдайды, «Рюкзак»-«палатка» таңдайды, «палатка»-«От жағушыны» таңдайды, -«От жағушы»- тамақ пісірушіні таңдайды.


«Өлең жолдары» (топқа бөлуге)

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Бірнеше өлеңнің тақырыбы, шумағы бөлек- бөлек қима қағаздарға жзылған, үлестіріледі. Бірінші өлеңнің тақырыбы аталады. Одан соң шумағы әр жолы ретімен оқылып, құрылып шығу керек.

Мысалы: «ҚЫС»(1)

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,(2)

Соқыр, мылқау, танымас, тірі жанды.(3)

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,(4)

Басқан жері сықырлап келіп қалды..(5) осылай,5 адамнан топ құралады.







«Ротация» әдісі


1-қадам

Сұрақ дайындау (1-ден 4-ке дейін) сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, аудиторияның әр бұрышына ілу

2-қадам Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу

Әр топ оз сұрақтарына жауап беру

3-қадам

Сағат тілімен орындарын алмастыру

4-қадам

Барлық топтардың жауаптары талқылану


«Автор орындығы» әдісі


1-қадам Кез келген жұмысты жазып болғаннан кейін тақтаның алдына үстел қою

2-қадам: Үстелге отырып өз жазғаның аудиторияға оқу

3-қадам: аудиторияны тыңдау. Сұрақтарына жауап беру


«Алты телпек» әдісі


Сыныпты алты топқа бөлу

«Ақ телпек» – статистикалық (мәселеге қатысты деректерді таласссыз келтіреді)

«Сары телпек» - сәттілік (сәтті кезеңдерді айтады)

«Қара телпек» - сәтсіздік (оқып жатқан мәселенің сәтсіз тұсын айтады)

«Көк телпек» - аналитикалық (талдау жасайды, топтар не үшін? неге? неге байланысты? Деген сұрақтарға жауап іздейді)

«Жасыл телпек» - шығармашылық (ақылға сыйымсыз идеялар мен болжамсдар айтады)

«Қызыл телпек» - сезімтал (оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін айтады)

«Жүк журналы» әдісі

1-қадам: Сабақ

2-қадамТақырып бойынша болжамды «Жүк журналының сол жағына жазу»

3-қадам Жұмыс жұбын құру

4-қадам Ақпаратты тыңдау барысында жұптың біреуі «Болжам» бөлімімен жұмыс жасап «+» таңбасын болжамның дұрыс-бұрыстығына қарай қойып отырады, ал екіншісі тек жаңа ақпарат жазады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

5-қадам:

«Жүк журналының» екі жағын салыстыру, ақпартты қосу, жазғандарын сыныппен талдауға дайындық

«Қара жәшік» әдісі

1-қадам: Қара жәшік дайындалады.

2-қадам: қара жәшікке тақырыпқа қатысты сөз немесе сурет жасырынады

3-қадам:

Қара жәшіктегі заттың түрлі белгілерін біртіндеп оқиды

4-қадам: жасырын зат табылады




«Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі

1-қадам

Сабақтың тақыпыбы мен мақсатын ашу

2-қадам Төрт адамнан «үй» тобына бөлу. Әр оп 1,2,3,4 деген өз нөмірлерін алады

3-қадам

Әрқайсына тапсырма үлестіріледі

4-қадам топ ішінде әр оқушыға нөмір беріледі (1,2,3,4)

5-қадам

Үй тобында мәселе талқыланады

6-қадам Белгілі бір уақыттан кейін топтағы оқушылар орнынан тұрады 1 нөмірлер көрші топқа, 2-нөмірлер 3-топқа, 3-нөмірлер 4-топқа, 4-нөмірлер 1-топқа жиналады.

7-қадам

«қонақтар сұрақ қояды» сосын өз топтарына қайтады.

8-қадам

1,2,3-нөмірлер үй тобына келіп , кезек—кезек қонақта не үйреніп келгендерін айтады.

9-қадам: Топ жұмыстарын өзара салыстырады


«Қатесін тап»

1. Жұпқа бөлініңіздер.

2. 3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі “жалған” болып табылады.

3. Өз ұйғарымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер.

4. Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.

«Тыңдайтын үшбұрыштар»

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).

ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді. (Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).


3 таяқша” әдісі


Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.


«Сұрақтар жаңбыры»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы:  оқушылар  топтарға өз еркімен, қалауымен  бөлінеді.  Әр  топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне  лақтырады. Алған сұрақтарына  жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.


.«Коллаж әңгіме»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын  дамыту.

Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.


Кері байланыс


Кері байланыс бутерброды

Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

i) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

ii) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....



«Не жақсы?»

Оқушы мен сіздің араңызда «жақсы» деп саналатын жұмысқа қатысты келісімнің бар екеніне және оған қалай қол жеткізуге болатынына көз жеткізу үшін біршама уақыт жұмсаңыз. Мынадай сұрақтарды қолданыңыз:

Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болатынын айта аласыз ба?»

«Түсініктемелер туралы не ойлайсыз?»

«Сіз әрқашан бұдан әрі не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?»

«Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?»


«Неге? Неге? Неге?» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.

Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да  осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың  түйінді тұстарымен ой бөліседі.

«Менің сөзім» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін  бағалау.

Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң,  басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып,  сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен  қатысады.

«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ  оқылған әңгімені немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын)  айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.








«Мұғалімге хат жазу»
Сабақ аяғында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын жазады.


Дидактикалық ойындар.

Мақсаты:

Ойындар арқылы қызығушылықтарын арттыру,белсінділікке баулу;


«Сен жалғастыр» ойыны

 
Ойынның мақсаты: Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу. 
Мұғалім сөздің басты буынын айтады, ал оқушылар оны аяқтайды. 
Мысалы, Ә-ЖЕ, ТА-ЗА, А-ТА, АЛ-МА. Т.б. 

«Достасқан буындар».


Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек.

«Адасқан әріптер»ойыны

Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға

«Жалғасын тап» ойыны.

Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...


«Синтаксистік касса» ойыны.


Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.


«Сөйлем қуаласпақ» ойыны.

Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).


«Кедергіден өту» ойыны.


Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.



«Алтын айт» ойыны.

Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.

«Поезд құрастыру». 


Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасуы жайында түсініктер беру, орналасу қалыптарын салыстыру . 
Қажетті құрал — жабдықтар. Вагон нөмірі жазылған карточкалар. 
Ойын мазмұны. Бес оқушы тақтаға шақырылады. «Алдымен кім тұрады? Ол нешінші вагон? Содан кейін ше? Ең соңында ше? Ол нешінші вагон? Бірінші және екінші вагондардан кейін кім түр? Ол нешінші вагон? Үшінші және бесінші вагондар арасында кім тұр? Ол нешіншісі? Бесінші вагонды ағытайық. Сонда неше вагон қалды? Тағы да 5 оқушы шақырылып, олар да поезд құрастырады. Поездың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? Қай поездың вагоны артық? Қай поезда вагондар кем? Тіркемелерді теңестіру үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қоя отырып, екі топты теңестіру және салыстыру әдістерін игереді. Осыған ұқсас цифрлар жазылған карточкалардан тіркемелер құрастыруға болады. 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2020
859
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12