Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын технологиясының элементтерін қолдану
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі
әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды
мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты
технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын
формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың
маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге
дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу - тәрбие үрдісінде олар
біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.
Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы
жүзеге асады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру,
тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті
шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл - күйін сергітеді, ерік - жігерін
дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау
мақсатын көздейді.
Ойын – оқушылардың оқуға деген
ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш сыныптарында оқушылар
сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Ойын балалардың жас
ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай
етіліп таңдалып алынғаны дұрыс.
Бала ойын іс - әрекеті үстінде білімді қалай
игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін
аңғармай қалуы тиіс.
Сонда ғана ойын және іс - әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік
білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала
үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге
еліктейді, олардың іс - әрекеттерін, қарым - қатынастарын үйренеді,
еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді,
әлеуметтік рөлдер атқарады.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған
тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін
керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен
қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта - ықыласын,
пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек,
мұғалім сабағын баланың қабілет - қарымына, психологиялық
ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ
тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.Оқушылардың ойын
кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға
байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін
біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс
орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін
кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда
бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді
есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған
карточкаларды көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға
жіберілген уақытты есепке алу.
Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты
мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы,
кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо,
И. Г. Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық
ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың
денін сауықтыратынын, ақыл - ойын белсенді ететін және барлық
ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я. А. Коменский
дәріптеген. Ж. Ж. Руссо пікірінше білім алу ойынның ойынның балалар
өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір - бірімен сабақтаса
байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады.
Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру
тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке - дара күшінің дамуын
қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды
қолдануға бағытталған. Инновациялық оқу оқудың
түсіндірмелі - иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы
жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі
болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша
жобалауды қажет етеді.
Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін
іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік
ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік
ойындар.
Ойын – оқу үрдісіндегі
оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық
категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен
оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға
болады. Менің алдыма қойған мақсатым-
тәрбие мен білім беру мен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін
арттыру, сабақта жаңа технология үлгілерін пайдалану. Сол себепті
сабағымды идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланыстырып,
оқушының қызығуын, білім құмарлығын танытып, сабақта оқушыларды
ойлануға, өздігінен жұмыс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша
жинақтап, баяндай білуге үйретемін. Қазақ тілі пән бойынша
сабақтарды қызықты, түсінікті болу үшін, оқушылардың ойлау
қабілетін дамыту үшін жарысуға бір-біріне көмектесу қасиетін
дамытуда және өткен сабақты қайталап қорытындылап бекіту барысында
ойын технологиясын қолдану өте тиімді деп таптым. Өткен сабақтарды
қорытындылап, толықтырып бекітуге, игерілген білім сапасын
тексеруде «Кім жылдам», «Додокаэдр», «Иә, жоқ» ойын түрлерін
қолданамын.Қазақ тілі сабағында ойын
формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың маңызы
өте зор.Мысалы: "Кім жылдам "
ойыны.
Ойынды "Э
дыбысы " тақырыбын сабақтың мақсатына қарай өткенді еске
түсіре отырып өткізуге болады.
Ойынның мақсаты. Оқушылардың "Э
дыбысы тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам
ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.
Ойынның шарты. Оқушылар бір уақыт аралығында интербелсенді
тақтадан суреттерді э дыбысынан басталатын сөздермен
сәйкестендіреді. Сөздің қандай дыбыстан құралғандығын, және қай
кезде қалай жазылатындығын айтады.
«Додокаэдр» әдісі бойынша балалар сұрақтарға жауап береді .
Дңгеленген додкаэдрде әр түрлі
тапсырмалар мен сұрақтар жазылады.Оқушы жылдам жауап береді.
.
«Мұғалім қай жерде қателесті?» ойынын жүргіземін.
Бұл ойынның шарты: Мұғалім тақтаға бірнеше
сөз жазады, ал оқушылар
қатені табады
Мысалы: Велосипед-велосипет,экипаж
-экибаж т. б. Оқушыларды тапқырлыққа баулып,
зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту
мақсатында орындалады.
«Иә, жоқ ойыны» Сабақты бекіту
мақсатында балалараға сұрақтар жазылған волейбол доп суреті
беріледі. Егер келіссе, иә бағанына, келіспесе жоқ бағанына
жапсырады. Оқушының сабаққа қызығушылығы,
ынтасын арттыру, тілін дамытады.
Қорыта келгенде, ойын –
балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір
түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп
өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі
сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой
белсенділігін арттырудағы маңызы зор
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз