«Бастауыш сыныптарға арналған
Ойындар жинағы»
Мақсаты:
-
Оқушыларды ойын арқылы жеке тұлға ретінде дамытуға көмектесу.
-
Ойын барысында балалардың жан дүниесін тану, оны сыртқа шығару жолдарын меңгерту.
-
Әр баламен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беру.
-
Бірлікке, достыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
Жеке тұлғаны өнегелі бағытта болуын тәрбиелеу.
-
Жеке тұлғаны шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасау, білім алуға қызығушылықтарын арттыру.
-
Оқушылардың ойын, құзыретті тапсырмалар арқылы өздігінен білім алуларына, ізденулеріне мүмкіндік беру.
Ойындар және шарттары..
«Дыбыстар әлеміне саяхат» ойыны.
Ойынның мақсаты:әріптер туралы білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Әр балаға жеке-жеке әріптерді тарату. Сол әріп туралы айту. Сөз құрау.
Сөз ойла, тез ойла!
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Шашылған әріптерден бірнеше сөз құрау.
«Достасқан буындар»
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек
“Жоғалған сөз”
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.
Ойынның шарты: берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою
... келді. ... еріді. Құстар жылы жақтан ... ... . Ағаштарда ... жарылды. Гүлдер ... . Адамдар ... киінді. Малдар ... ... .
«Кім көп біледі?» ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойынның
шарты:
1. «Б» дыбыстан басталатын сөзге мысал
ойла.
2. Білгіштің
хаты.
Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып
балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен. Ол
сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік.
(бекіре, табан, алабұға, камбала) (Дыбыс таңдау» ойыны. Сөйлемдегі
сөздер бірдей дыбыстан басталу
керек.
Мысалы: Оспан орманнан оралып, орындыққа
отырды.
«Жоғалған әріп»
ойыны.
Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Берілген сөздерде көп нүктенің орнына жоғалған әріпті таңдап қою керек.
... ор, ... алық,...ота, та... а,...
оран.
«Кім тапқыр?».
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Антонимдері бар
мақал-мәтелдер жазу. Мысалы:
Ашу-...,
ақыл-...
«Жалғасын тап»
ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ауызша тілдерін дамыту.
Ойынның шарты: Оқушылар мақал-мәтелдің
жалғасын тауып, түсінгендерін ауызша
айтады.
1. Отанды сүю... ...
...
2. Досы көпті жау алмайды, ... ... ...
...
«Сөзден сөз тер»

Ойынның мақсаты: Кез келген сөздер
беріледі. Оқушылар берілген сөздегі әріптерден бірнеше құрастыру
керек. Мысалы: бБауырсақ сөзі - бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас,
бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас,
сау.
“Сөйлем қуаласпақ”
Ойынның мақсаты: оқушылардың көру, есту, ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа суреттер үлестіріледі. Әр топтың оқушылары бір-бір сөйлемнен айтып, сол сурет бойынша ауызша мәтін құрастырады.
«Синтаксистік касса» ойыны.
Ойынның мақсаты: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.
«Кедергіден өту» ойыны.

Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.
«Шашылған әріп» ойыны

Ойынның шарты: оқушыларға бірнеше әріптер беріледі. Сол әріптерден оқушылар сөз құрастырып шығарады. Мысалы, заж (жаз); ақба(бақа); рақ (қар); ғаша(ағаш); лмаа (алма); Аталау (Алатау); іпл (піл).
«Вагон құрау» ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.
«Атын айт» ойыны.
Ойынның мақсаты. Оқушылардың сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.
«Тізбек» ойыны
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады.
Ойынның шарты: ойын жүргізуші кез-келген
бір сөзді айтады., ал келесі оқушы сол келтірілген соңғы әрпінен
басталатын сөзді тауып айтуы
қажет.
Мысалы: Бақша-ана- Асхат- тарақ-
қалам
Берілген уақытта ең көп сөз атаған оқушы
жеңімпаз атанады.
«Алтыбақан»
ойыны

Ойынның шарты: сөздердің басқы әріптері қағаздың екі жағына жазылады. Топ мүшелері әріп таңдап алады. Қай топ көп сөз айтса , сол топ жеңіске жетеді.
«Адасқан дыбыстар» ойыны
Ойынның мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: бастауыш сынып оқушысына оқи отырып сөз мағынасын түсінуге көмек береді. Ойын ережесі бойынша, оқушы адасқан әріпті тауып, керекті әріппен ауыстырады. Мысалы: Күл деген жазуы бар көл суреті. Осы ойынға арналған сөздік материал: қыс- қыз, жас-жаз, қас- қаз, төрт-торт, орман –арман,
«Шекараны сыз»

Ойынның шарты: оқушыға әртүрлі сөз жазылған
парақтарды таратып беру, бұл сөздер Кім? Не? елдеріне, үй
жануарлары мен жабайы аңдарға, үй құстары мен дала құстарына, ...
тиесілі. Оқушыға басқа елде бір сөз қалмайтындай екі ел арасында
шекара жүргізу тапсырмасы беріледі. Оқушы тапсырманы орындау үшін,
оқып қана қоймай «даулы» жағдайда сізден кеңес сұрауы мүмкін. Аю-
кім? немесе не?
“Заттың атын айт”
Ойынның мақсаты: көру қабілеттері, ауызша тілдері дамытылады.
Ойынның шарты: Бірнеше балаға суреттер үлестіріледі. Әр оқушы өзінің суретін қалған оқушыларға сипаттайды, бірақ атын айтпайды. Заттың атын оқушылар тауып, айту керек.
“Сиқырлы сандықша”
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.
Ойынның шарты: Оқушылар шеңберге тұрады. Музыка ойнап тұрады. Шеңбер бойымен “сиқырлы сандықшаны” оқушылар бір-біріне жібереді. Музыка тоқтаған кезде, кімнің қолында сандықша қалады, сол бала сандықшаның ішіндегі берілген тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, әндер, өлеңдер айтады.
«Орамал тастамақ»
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.
Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артмда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтуы керек.
Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.
«Жаңа ертегі»

Ойынның шарты: Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.
«Ойлан тап» ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушы буындар арқылы сөзді қатесіз, анық айтуға дағдыланады.
Ойынның ережесі: Бірнеше буындар жазылған қима қағаздар таратылады. Сол буындарға сәйкес буындар тауып жаңа сөз құрайды.
«Өлең шумағын дұрыс оқы» ойыны.
Ойында оқушылар Абай Құнанбаевтың жасырылған өлең шумағын табады. Мұғалім ойын ойнамас бұрын оқушыларға ойын ережесін таныстырып, Абай Құнанбаевтың басқа да білетін өлеңдерін айтып беруді талап етеді. Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен өлеңдеріне тоқталып өтеді. Және содан кейін тақтаға таңдалған өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың дыбыстардан сөз құрау, сөздерден сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Өлең шумағында кездескен дауыссыз дыбыстардың тіркесу жолдарын үйрету, ауызша тілдерін дамыту.
Ойын ережесі: Оқушылар тор көзде жасырылған өлең шумағын дыбыстарды дұрыс тіркеу арқылы өлеңді оқиды. Табылған өлең шумағының мағынасын өз сөзімен айтып береді. Дауыссыз дыбыстарға талдау жасайды.
«Дыбыс таңдау» ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, сөздік қорын дамыту.
Ойын ережесі: Оқушылар таңдаған дыбыстан басталатын сөз тіркесінен сөйлем құрайды.
Ойын кезеңдері: Ойын екі кезеңнен тұрады. Мұғалім ойын ережесімен таныстырады.
Бірінші кезең: балалар дыбыс таңдайды;
Екінші кезең: сол дыбыстан басталатын сөз тіркестері арқылы сөйлем құрайды.
Ойын тиімділігі: Оқушылардың ой - өрісі, сөздік қоры дамиды, белсенділігі артады.
Мысалы: Ойын нәтижесінде мынандай сөйлемдер құрауға болады:
Талғат таңертең тұрып, тауға тартты.
Бақыт бүгін бақшаға барды.
"Синонимін табайық" ойыны.
Ойынды "Синоним" тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады.
Ойынның мақсаты. Оқушылардың "Синоним" тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.
Ойынға синонимдік қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға еңгізеу.
Ойынның шарты. Оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады.
Ойын соңында ауызша синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.
«Кім тез?» ойыны

Ойынның шарты: Интерактивті тақтада бірнеше суретті көрсету. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлайды. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, буын санын айтады.
«Зымыран сұрақ».
Үш топқа бір уақытта бірдей сұрақтар қойылады. Әрбір топ мүшелері жылдам жауап беруі қажет. Бұл бөлімде біліммен қатар жылдам ой қорытып, нақты жауап беруі талап етіледі. Ойланып жауап беруге 15 секунд белгіленеді.
- Сөйлем мүшелері неше түрге
бөлінеді?
- Бастауыш қай сөз табынан жасалады? Мысал
келтір.
- Баяндауыш қай сөз табынан
жасалады?
- Тұрлаусыз мүше дегеніміз
не?
-
Бастауыштан кейін қай уақытта сызықша
қойылады?
«Ой жинақта, талдаумен»
Тапсырмаларды таратып береді. Берілген нұсқа бойынша сөйлем құрау. Сөйлемнен сұрақ қойып тұрлаулы, тұрлаусыз мүшені тап. Ойлануға 2 минут беріледі. Ауызша орындалады.
1 топ тапсырмасы: Кім? Нені? Не істеді?
(Зайра шәй жасады)
2 топ тапсырмасы: Не? Неден? Не істеді?
(Мал төлден өседі)
3 топ тапсырмасы: Кім? Қайда? Не қылды?
(Мұғалім сыныпқа кірді)
«Сиқырлы жапырақтар» ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушылаодың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Тақтада ілулі тұрған ағаштың кез келген жапырағын алып, сол жапырақтың тапсырмасын орындайды.
Тапсырмалар: жапырақта жазылған.
-
Дыбыс деген не?
-
Дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі.
-
Әріп деген не?
-
Естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.
-
Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
-
Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады.Мысалы: ы, а, ә, і.
-
Даусыссыз дыбыстар қалай айтылады?
-
Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды. Мысалы: с, ш , л, р.
«Қыз қуу» ойыны.
Мақсаты: оқушылар бір-біріне сұрақ оқып, келесі оқушы сол сұраққа жауап береді.. Сол сұраққа жауап берген соң, келесі оқушыға сұрақ оқиды. Осылай жалғастырады.
-
Қос сөздер дегеніміз не?
-
Қос сөздің арасына қандай тыныс белгі қойылады?
-
Қайталама қос сөздер дегеніміз не?
-
Қайталама қос сөздерге мысал келтіріңіздер.
-
Қосарлама қос сөздер дегеніміз не?
-
Қосарлама қос сөздерге мысал келтіріңдер
«Орнын тап» ойыны:
Мақсаты: Қос сөздердің түрлерін ажырата білуге үйрету, тездікке, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.
Қосарлама қ айталама Күйшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
темір-терсек кезек-кезек киім-кешек
үйрек-қаз ап-анық жора-жолдас
топ-топ үп-үлкен қып-қызыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Бастауыш сыныптарға арналған Ойындар жинағы»

шағым қалдыра аласыз