Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Бастауышпен қоштасу
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге және де өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Балалық шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
2-жүргізуші:Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр
1-жүргізуші:Қандай ғажап қарашы жан-жағыңа,
Күміс күлкі сыймай тұр, аңғарына.
Ата-анадан бақытты барма екен жан,
Қол жеткізген аңсаған арманына
2-жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
Қайырлы күн аяулы ұстаздар,құрметті ата-аналар және бастауыш сынып түлектері! Бүгінгі мектептің бастауыш сатысынан орта буын сатысына көтерілгелі тұрған 4 «Г» сынып оқушыларының бастауышпен қоштасу кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Жиынымыз өткелі тұр салтанатты
Төгілген күн нұрының шапағаты
Ортаға шақырайық түлектерді
Халайық қол соғыңдар мархабатты.
2-жүргізуші:Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Төртінші «Г» сыныбын ортамызға!
1.Сабыр берген салмақты
Ақыл берген ардақты
Дамир дейін балаға
Білім берген жан-жақты. Маратұлы Дамир
2.Эльназ деген қызымыз
Қатысқан талай сайысқа
Тамылжытып ән айтып
Жеткен талай табысқа. Даулет Эльназ Бауыржанқызы
3.Дараласа әкесі, аялаған анасы
Ән де, би де, өнер де
Бір өзінен табылған
Айша қызға қарашы. Абугали Айша Талғатқызы
4.Білімді, ақылдысы сыныптағы
Талай қиын есепті құрықтады
Ернардың алдында талай іс тұр
Болашақта жандырар үміт отты. Бериккалиев Ернар Азаматұлы
5/6.Өздері ұялшақ үндемес
Болмайды ешкіммен ерегес
Ясмина мен Шұғылаға
Сыныпта ешкім тең келмес
Бақытберген Ясмина Талғатқызы және Бердеш Шұғыла Берденқызы
7.Ер жігіті қазақтың
Еркесі Медет бір үйдің
Адалдықты жаны сүйген қашаннан
Ешқашан да қатарынан қалмаған
Қапиз Медет Романұлы
8.Ару қызы қазақтың
Салмақты да ,ақжарқын
Инабатты,ақылды
Әйкерім біздің ибалы. Сапар Әйкерім Құрманғазықызы
9. Үндемей бәрін тындырған
Сыныптың салмақты қызысың
Жымиып күлген күлкісі
Дильназдың тұйық мінезі-ай. Марат Дильназ Бауыржанқызы
10.Атыңнан айналайын Ибраһим деген
Сенің жақсы ісіңе баға берем
Жеңіс туын тігерсің болашақта
Үміті зор осы сыныптың саған деген. Марат Ибраһим Дәуренұлы
11.Жайсаң, жуас мінезі
Арсенім бар бір ізді
Тәрбиелеп баптаған
Анасына мың алғыс! Дюсен Арсен Қайратұлы
12/14Мың бұралып би билеп
Әркез алға ұмтылған
Алина менен Айару
Әсемдікті ұқтырған
Ғарифулла Алина Бағдатқызы және Абугали Айару Талғатқызы
13.Мықты, күшті Темірлан
Әлсіздерді шиырған
Керек кезде тайсалмай
Ойын ашық айта алған. Нүкес Темірлан Талғатұлы
15.Тақылдаған таңдайың
Жарқырап атқан таңдайсың
Жансая атыңа сай бол болып
Саяласын маңайың. Роберт Жансая Ерболқызы
16.Білімімен талайларды тамсандырған
Асып көрші білімді Шұғыладан
Сыныбыңа бол қашанда ардақты
Ақ жолыңнан тайма осындай салмақты. Естемес Шұғыла Кемелқызы
17.Барлық істе алда жүретін
Ән, айтып, биде билейтін
Сыныптың белсенді аруы
Айкөркем өнерлі қызымыз. Мақсот Айкөркем Ерланқызы
18.Сабыр берген салмақты
Ақыл берген ардақты
Ералыдай балаға
Білім берген жан-жақты. Ануарбеков Ералы Мейірімұлы
19.Іс келгенде алдына
Жан салмайтын қызымыз
Ер мінезді, көрікті
Інжу біздің ержүрек. Ерболқызы Інжу
20. Артур біздің салмақты дегенмеген
Математика елінде жан салмайтын,
Шешімі жоқ есептің де жауабын
Табу үшін ештенеден тайсалмайтын Исмуханбетоав Артур Темурұлы
21. Ер жігіті елімнің
Тұлғасы көкте самғаған
Спортты көрген досындай
Дамир біздің ортада Мұрат Дамир Қалыбекұлы
22. Мың салса бір баспайтын
Еш уақытта аспайтын
Нұрай біздің ақылды
Сыныпты алға бастайтын. Қайратқызы Нұрай
23. Түрлі-түсті бояумен
Өрнектейтін әр істі
Біздің Әли кәдімгі
Суретшінің нақ өзі Сайден Али Қадыржанұлы
24.Мың бұрала би билеп
Әркез алға ұмтылған
Перизат біздің көрікті
Әсемдікті ұқтырған. Құбаш Перизат Ерланқызы
1-жүргізуші:
Бұлт торлады аспанды,
Жаңбыр жауды нөсерлі.
Сол жаңбырдан нәр алған,
Көбелектер тараған.
Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл-жасылды,
Кемпірқосақ асылды.
Сол түстерге сәйкесті,
Ынтымақшыл, бірлікшіл,
Көбелектер бірлесіп,
Мектебіне қонады.
2-жүргізуші:
Ұстазсыз шәкірттерге бақ келгенбе,
Бар білімін балаларға ап келгенде.
Ізгілікпен, мейіріммен,құрметпен
4 жыл бойы білім берді сіздерге,
Осындай ұл-мен қыздарды білім нәрімен сусындатқан,оң мен солын танытқан сынып жетекшісі ........... (қош келдіңіз айтады)
1-жүргізуші:
Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса оқушыларға сөз кезегін берейік...
Нұрай:
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Хор: «Мектебім»
2-жүргізуші:Иә, мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады. Ендеше оқушыларымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Маратұлы Дамир:
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Алина: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Айкөркем:Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Медет:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Эльназ:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Әйкерім: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Ясмина: Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
1-жүргізуші: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған өлең, жырларын қабыл алыңыздар
Шұғыла Б:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Шұғыла Е:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Ернар:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
Жансая: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Ибраһим: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Дамир Мұратұлы:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Айша:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Перизат:
Эльмира апай мен Дина апай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Өзін-өзі тануды оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Жансая
Қажыр –қайрат бір өзіңнен тарайды
Таусылмайтын кенге өзіңді балайды
Асылзада апай!
Талай шәкірт мақтан тұтып өзіңді
Өмірімнің өзегі деп санайды
Шұғыла Е:
Русскому языку от нас паклон
Кто из нас В вас не влюблен
Вы душевный и добры, и при этом так умны
Знайте не забудет вас
Выпускной четвертый класс
Блогадарим вас Самая обаятельная и привлекательная учительницы
Алия Урынгалиевна и Айгуль Булатовна
Темірлан:
Музыка атты пәніміз
Айтылр онда әніміз
Күлай апай үйретсе
Шырқатамыз бәріміз.
Ибраһим:
Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Жанар апай қашанда
Сырымызды біледі
Қамқор болып жүреді.
Эльназ:
Ағылшын тілі әр кезде керек ертең
Айгерім апайымыздың көңілі өте көркем
Ашық жарқын жанары қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен
Темірлан:
Артық емес білгеніміз
АКТ-ны сауатты
Біз қызыға үйренеміз
Әрбір жаңа сабақты.
Гүлбақыт апай мен Айгүл апай біздердің
Сүйікті ұстаздарымыз салмақты.
Хор: «Ұстаз-Ана»
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Әрбір пән мұғалімдеріне берген жан-жақты білім бергендеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Балаларымыздың өздеріңізге деген сый-құрметін қабыл алыңыздар.
Шетел тілі пәні Мұғалімдері: Жанар Милатқызы, Айгерим Сабыржанқызы
Орыс тілі пәні мұғалімдері: Алия Орынғалиқызы ,Айгүл Болатқызы
Информатика пәні мұғалімдері: Гүлбақыт Асқарқызы,Айгүл Гилманқызы
Өзін –өзі тану пәні мұғалімдері: Дина Қабулқызы,Эльмира Қайырболатқызы
Музыка пәні мұғалімі: Күләй Жалғасқызы
1-жүргізуші: Келесі кезекте арнайы жасалған сұхбатымызға назар салыңыздар!
Би: Гимнастика жаттығуларымен ортада Дильназ бен Перизат
2-жүргізуші:Сіздердің жамандықтарыңызды жасырып, жақсылықтарыңызды асырып жүрген ата- аналарыңыз.Қатарларыңыздың теңі болып , тамақтарыңыз тоқ, көйлектеріңіздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Артур:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген
Інжу:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
1-жүргізуші:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Дильназ:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
Айару:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
2-жүргізуші
Құрметті ата-аналар тағы да қош келдіңіздер. Көңілді кеште балалрыңызды көзіңіздің жабулы күйінде қаншалықты танитындарыңызды көрейік. (Ойын ойнатылады.)
Ән: «Ұстаз деген ұлы есім» орындайтын Даулет Эльназ ,Вальс
Ойын:( жалғасы) Қыздар мамасын табады.
Ералы:Үлгілі, әркез ұстамды,
Сабырлы,ізгі ұстазды.
Анадай көріп сыйлаймыз,
Қоштасар кезде қимаймыз.
Арсен:Алдымызда ұзақ жолымыз бар,
Оқумен өсіп толайық.
Қиындыққа мойымай,
Аман-есен болайық!
Хор: «Бастауышпен қоштасу»
4 Г сынып оқушыларының жетекшісі .............. сөз кезегін ұсынамыз.
(коллаж,диплом табысталады.)
1-жүргізуші:Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!
Сөз кезегі бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ........... беліледі
Келесі сөз директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары ................ береміз.
Келесі сөз пән мұғалімдеріне беріледі.
2 жүргізуші:Келесі құттықтау сөзді балапандарының өнеріне тәнті болған мейірімі мол ата-аналарға берсек.
1 жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен бүгінгі кеш аяқталды.
2-жүргізуші:
Осымен бүгінгі мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет.Балаларымызға жоғарғы сыныпта да осындай ұйымшыл,бірлікте болыңдар дей отырып,сәттілік тілейміз.
Бірге: Кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

