Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауышпен қоштасу. Сценарий. Тақырыбы: "Сарқылмас ұлылықтың бастауысың. Саған мәңгі басымды ием, бастауышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
сценарий бастауышпен қоштасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың. Саған мәңгі басымды ием,

Бастауышым!»


Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, 4жыл білім алған бастауыш сыныппен қоштасып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, ұстаздары мен ата-аналарына балалық алғыстары мен сүйіспеншіліктерін білдіру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайд, шарлар,бейнебаян.

Кіріспе сөз

Армысыздар, мұғалімдер,әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар.

Бүгін, міне,қоштасады бастауышпен балбұлақ.

Әніменен жырларына тарландарым, сал құлақ,

Кеше сәби ,бүгін міне, жас ұлан.

Лаулап жансын болашағың,шамшырақ.

Кеше ғана тарыдай болып кіріп,ақыл ойлары толысып,жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастырумен «О.Бапышев » атындағы киелі шаңырақта болғалы отырған

«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,

Саған мәңгі басымды ием,Бастауышым.» атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, ақ жаулықты апалар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып ,бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Музыка әуенімен слайд арқылы 4»ә» сынып түлектері ортаға бір-бірлеп келеді.

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4»ә» сынып оқушылары.

Міне ,бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен
қоштасып,бір жылға тағыда есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерІстер сыйлаған,білім нәрімен сусындатқан,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

1-оқушы

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар ұстаздарым қымбатты.

2-оқушы

Армысыздар,әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбрай бабалар.

3-оқушы

Армысыздар,өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп кешегі сәби еркелер.

4-оқушы

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Мұғалім.Ия,мектебімізге қандай жыр арнасақта жарасады.Ендеше оқушыларымыздың

Мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

5-оқушы

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

6-оқушы

Мектебім білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата-анамдай

Әрқашан қасиетті атың маған.


Ән.»Бақытты балалық»

Би. «Толғау»


7-оқушы

Арада өтсе дағы дүркіреп жыр,

Әр күні балалықтай жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкірттердің серті деп біл.

8-оқушы

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя,ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

9-оқушы

Мектебім,алтын ұяң,нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауын,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

10-оқушы

Мектеп-үйім,ұстазым,менің ата-анам,

Секен өсіп,секен ғана нәр алам.

Саяқ ыстық,сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып,сан тарапқа тараған

11-оқушы
Мектебім, сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, жетемін,
Сен бұлақ, мен қайың бұр ашқан
Өзіңнен нәр алып көктедім.

12-оқушы
Мектебім, жылы ұя бесігім,
Күнде ашық мен үшін есігің
Білімнің шуағы мол сепкен,
Ұстазым, қымбат қой есімің!

13-оқушы
Мектеп –кеме,білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін.

Азық етіп ер жетеміз

Ән. «

Би. «Лезгинка»

14-оқушы

«Ұстаздық еткен жалықпас ,үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстап,оңымыз бен солымызды танытқан,

Бізбен бірге қуанып,42 әріпті танытып,ғбілім нәрімен сусындатқан, мектептегін

Анамыз-ұстаз екені бәріне мәлім.

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға,жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.»Мұғалім- мектептің жүрегі»,- деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Мұғалім.Дұрыс айтасыңдар,балалар,ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,

Тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.Олай болса келесі жырымызда ұстаздарға ар

наймыз.

«Ұстаз» бейнебаянды көріңіздер

15-оқушы

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

16-оқушы
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір - бір мықты.

17-оқушы

Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып,мол береді

Қанатымен су себелеп асыл жан

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

18-оқушы

Алғашқы ұстаз,ерекше тұлға дара шық,

Ұмытылмас көңілде мәңгі қалатын

Сағына әркез суреттерді парақтап

Шәкірттерін жиі еске алатын.


«Ұстазым» хор

Би «Жаяу»

Мұғалім.Ия,осыдан 4жыл бұрын, 6жастағы сәби-балалар сөмкелерін зорға көтеріп,

мектеп табалдырығын аттаған е ді.Енді міне, сауаттарын ашып,білім негізін қалаған

бастауыш сыныппен қоштасып ,орта буын қатарын қосылғалы тұр.

Ендеше балалар бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа.

19-оқушы

Бастауышта шырқалмаған ән барма,

Бастауышта айтылмаған сыр сыр бар ма

Бастауышта алған білім ,жырларын,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

20-оқушы

Бастауышым-бал бұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

«Пәндер айтысы »көрініс

Ән. «Бәйге».

Би.«Шашу»



Оқушылар өз өнерлерінде көрсетіп жатырсыңдар жақсы енді «Мектеп» кеме «Білім» теңізінде саяхат жасайық.

Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Бірлік, достық, татулық жүрегі боп
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!


Қазақ тілі аралынан саяхатымызды бастайық.
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
2.Заттың атын білдіретін сөздер?- Зат есім.
3.Тұрлаусыз мүшелерден басқа сөйлем мүшелері?- тұрлаулы.
4.Дауыссыз дыбыс түрлері нешеу?-3

5.Түбір дегеніміз? - Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі.
6.Жалғау дегеніміз?– Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша 
7.Жұрнақ дегеніміз?– Сөз мағынасын өзгертетін қосымша
 

Түбір сөзге жұрнақ жалғап туынды зат есім жаса

Күй-

Егін-

Балық-

Ас-


Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де – есеп, 
Айырсаң ішетұғын дәрі де – есеп. 
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау, 
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек. 


Келесі математикааралына саяхаттайық.
Салыстыр:
I. 200•3 >450 + 50
II. 670 + 6 > 2•300
III. 742 + 8 < 400•2
Есепте:
I. (20 + 30) • 4=200
II.
(30 + 60) • 5=450
III.(90 + 10) • 5=500
Теңдеушеш.
I.х+20=8*5
20
=х
II. 52-х=64:2
20
=х
III. х-27=100:2
77
=х


Логика аралына саяхат


«Сергіту тапсырмалар »

1.Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

2. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1) 

4. 6 аяқ,екі арқа,бір бас.Бұл не? (Адам орындықта отыр) 

5.Құмырсқаның туған күні болды.1-ші жыбырлап 2 қоңыз келеді,асығып 2 көбелек ұшып келіп есік қағады.Секіріп 2 шегіртке келеді,шәй ішіп отырғанда кешігіп жұлдызқұрт келіп дастарханға отырады.
Сұрақ: Құмырсқаның туған күніне неше қонақ келді? 
7
6.Дүкеннен мен сабын алдым, 
Оның және қабын алдым, 
Екі дәптер, бір қарындаш, 
Тіс ысқышты тағы да алдым 
Есептеші сонда бәрі, 
Қанша болды, қолда бары. 
6
7.Сауысқан ормандағы жануарларға: “- Асығындар аралар бәріне бал таратады”- дейді.
1-ші бөшкені көтеріп Аю келеді. 2- ші кесе алып Ақтиын келеді. 3- ші келген Қоян табақ көтеріп келеді. 4-ші Түлкі құмыра ұстап келеді.5-ші Қасқыр кострюл әкелді.
Сұрақ: Қоян нешінші келді? Ең кіші ыдыс кімдікі? Ең үлкен ыдыс кімдікі? 

Үшінші,Ақтиіндікі,Аюдікі

«Сиқырлы квадрат» толтыру 
I топ 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарын шаршыға орналастырғанда тігінен де көлденең де, диогоналынан да цифрлар қосындысы 15 болуы керек 
4 9 2 
3 5 7 
8 1 6 
II топ Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 2,4,6,8,10,12,14,16,18, сандарынан қай бағытта алсақ та қосындысы 30 болатындай етіп орналастыр. 
8 18 4 
6 10 14 
16 2 12 

3. «Ойымды жалғастыр» сайысы.

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл) 2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) 5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ) 6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын) 7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) 8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді) 

4.2санын 5рет жаза отырып, және : , + амалдарын пайдалану арқылы 7 санын шығарып алу. (2 : 2 + 2+ 2+ 2 =7) 



Дүниетану аралына сяхат

1.Адамдардың күтіп –баптауымен өсетін өсімдіктер қандай өсімдіктер? Мәдени өсімдіктер
2..Көптеген шөптесін өсімдіктер бір маусым ғана өседі. Олар гүлдейді,тұқым береді,содан кейін қурайды. Бұлар – қандай өсімдіктер? біржылдық өсімдіктер 
3. Топырағында ылғал аз ,ыстық ,шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктерді қандай өсімдіктер деп атайды? Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
4..Жердің өсімдік өсетін үстіңгі борпылдақ қабаты? Топырақ
5. Түсі қоңыр ,май сияқты сұйық? Мұнай
6..Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар Құм,саз,тұз
7. Өрмекші ,қарақұрт,кене қандай топқа жатады? Өрмекшітәрізділер
8. Ұлу,шырышты ұлу,кальмар,сегізаяқ қандай топқа жатады? Былқылдақденелілер
III.Жауынқұрты,сүлік қандай топқа жатады? Құрттар

Әдебиеттік оқу аралы
Сөздерге түсінік бер: 
1..Жытыру- Тығу,жасыру
2.Көзайымына айналу- Қуанышты болу
3..Басына іс түсу - Қиындыққа тап болу
4.Оқымысты бала әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? Әлкей
5. Өзін – өзі жеңген бала мәтініндегі басты кейіпкер кім? Арман
6.Диалог дегеніміз… Екі немесе бірнеше адамның бір – бірімен тікелей сөйлескен сөздерін диалог деп атайды
7 Монолог дегеніміз... Әдеби шығармада кейіпкердің өзіне – өзі қарата айтылған,ішкі сырын білдіретін ойы
8. Мысал дегеніміз... Аң,хайуанат,заттарды кейіпкер етіп,солардың әрекеті арқылы адам бойындағы мін,кемшілікті келеке етеді.

Білімнің теңізінде әрдайым осындай белсенділікте, ізденімпаздықпен еш кедергісіз жүзе беріндер.



Туған жер- алтын бесігім,

Тербеттің мені төсінде.

Жүреді сенің есімің

Мәнгі де бақи есімде.

Би.»Сарбаздар»

Ән».Төрешім»

Ата-аналармен ойындар ойнау.

1.“Кім мәреге бірінші жетеді?” 

Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты.. (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір мүшесі тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады).


2.«Кім жылдам жауап береді»

1. Адам тамақ істерде, ең бірінші не салады? (көз)

2. Тауық 1 аяқпен тұрғанда 3 кг, ал 2 аяқ пен неше кг болады?

3. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет, 4 жұмыртқа пісіру үшін неше минут кетеді?

4. Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді

Жел соқса да үзіліп

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның үзіліп

Түсті тағы біреуі

Тұр әлі де үзіліп

Жапырақтың нешеуі? (4)

5. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын екі алма

Біреуін бер Мұратқа

Сонда қалмақ неше алма? (0)

6.Білім күні қай күні? – (1 қыркүйек)


7.Мектептегі ең жоғарғы баға – (бес)

8.Жеті күн – (апта)

9.2-ні үш рет қосқанда қанша болады? – (8)

10.Екі сабақтың ортасында не болады? (үзіліс)

11.нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат (күнделік)

12.сабақбілмейтінбалаларғажаймен не беругеболады? (подсказка)

13.мектептегібастыадам (оқушы)

14.мұғалімдеркүнітойланатын ай  (қазан)

15.Мектепөміріндедиректордыңөзіоғанбағынады, ол не?(қоңырау)

16.Қалам  мен  карындаштың  үйі (пенал)

17.Әріптеріжиыны (алфавит)

18.Балаларбілімалатынжер (мектеп)

19.Бұрышсыз фигура (шеңбер)

20.Түнгі жарық (ай)

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

21-оқушы.
Ыстық- ау кім- кімге де әке деген, 
Суыққа шалындырмай, мәпелеген. 
Өмірдің соқпағымен өрге тартып, 
Алдымен адам бол деп жетелеген. 


Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың, 
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. 
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, 
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым! 

22-оқушы.
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, 
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. 
Білім алып, тер төгем , еңбек етем, 
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән.«Мама»

Би.«Аналар мен балалар»

Мұғалім. Бибігүл – Біз нені үйрендік? 

Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді. 

Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды. 

Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрендік. 

Біз кім боламыз? 
Хормен: – Адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам. 

Бізді болашаққа не бастайды? 
Хормен: – Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы, болашаққа деген берік сезім. 

Біз нені сүйеміз? 
Хормен: – Ата- ананы, халқымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты,

ұстаздарымсызды, алтын ұя мектебімізді.

Мұғалім.»Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» дегенсөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі,үлкенжүрегі, мейірімі,уыстап жұтқызған өмір шербеті-тіршілік зәмзәмі.Ал, олай болса ұстаздарымызға рахмет айтайық.

Слайд.

Би. «Шашу»

Породия»Ало»



Ұстаз сөзі:Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.

Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Балаларға арналсын тілегіңіз.Мектеп директорының құттықтау сөзі.

Бастауыш сынып оқу меңгерушісіне сөз кезегі.

Оқушыларға диплом тапсыру.


Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан ,ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.Ата-аналарға сөз кезегі.


Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.









«Мектеп – білім» кемесін

Басқарып бүгін келесіз.

Ата-ана, ұстаз, балаға

Ақ жарқын сәлем етесіз.

Шақырып едік, келдіңіз,

Сөз кезегін береміз.

Келген қонақтарға сөз береміз


Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман есен болыңдар

Қанаттарың қатайды

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы – сара жол

Ізденіңдер, талмаңдар.- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтайм









Shape1 Picture 10


















































































































































































































































































































































































































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
5535
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12