Кіріспе
сөз:
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны
ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы ,
тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы
мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен
өткізілгелі отырған «Қош бол, бастауышым –
балбұлағым!» мерекесін бастауға рұқсат
етіңіздер!
Мұғалім:
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер,
оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның
ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне
аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім
алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы
отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сыныптарды
ортамызға!
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.)
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары
Армандасаң да , қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан , өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Омар: Бала шаққа болашақты
жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Зере: Армысыздар әжелер мен
аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Омар: Армысыздар өр тұлғалы
әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Зере:Армысың сен , алтын ұя
мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Омар: Дұрыс айтасың,Зере! Мектептен
қаншама адам тәлім адам десеңші. Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді
мен де мектептен тәлім алудамын.
Зере: Иә, Омар!Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады.
Омар:
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.
Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді
Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.
Күй : «Попурри»
Мұқағали Мақатаев «Отан»
Омар:
Мен оның түнін сүйем, күнін
сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін
сүйем,
Мен оның қасиетті тілін
сүйем,
Мен оның құдіретті үнін
сүйем.
Бар жәндігін сүйемін
қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп
сыбырлаған
Жаным
менің,
Кеудемді жарып шық
та,
Бозторғайы бол оның
шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік
екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп
өтем.
Отанды сүймеуің де күйік
екен,
Отанды сүйгенің де күйік
екен...
Ильяс:
Ең бірінші бақытым – Халқым
менің,
Соған берем ойымның алтын
кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор
болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым
менің.
Ал екінші бақытым – Тілім
менің,
Тас жүректі тіліммен
тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем
де,
Қасиетті тілімнен
түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан
деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер
ем!
...
Оты сөнген
жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ
кел дағы от ал менен.
Мансур:
Түтін
түтет,
Өс, өрбі,
көгере бер,
Немерелер
көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста
:
Жақсылық
күтпегейсің!
От емес, оқ
сұрасаң менен егер!
Үш бірдей
бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай
бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын
төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай,
Арқа, Алатауға!!!
Омар:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей келе биші қыздарымды қарсы алыңыздар!
Көрініс:
«Дала қоңырауы» көрініс
Ыбырай( Жандәулет): Ассалаумағалейкум, Степан Степанович!
Степан(Ильяс): Уағалейкумассалам, Ыбырай! Иә, келген жөнің не?
Ыбырай (Жандәулет): Қазақтардың менен күтіп жүрген үміті зор. Әсіресе жақсы адамдары балаларын мектепке беруге ынталы. Қазақ халқы қарапайым. Жастар оқып білім алуға тиіс. Ауыл балаларын жинап мектеп ашпақ ниетім бар. Соған сіздің қолыңыздың қажет болып тұрғаны.
Степан (Ильяс): хе, қазақтарға оқу оқудың не керегі бар? Оданда үйлеріміздің қызыл төбелерін бояп, ақ қабырғаларын ақтағаны дұрыс емес пе?
Ыбырай(Жандәулет): еее, мен мұныңызбен келіспеймін. Қазақ халқы дарынды, талантты халық. Жастар білім алуға тиіс. Сауатты болып хат тануға тиіс.
Степан(Ильяс) жоқ, қазақтарға оқу оқып, мектеп ашқаннан гөрі одан да жайланып алып малын бақсын. Мен мектеп ашуға рұқсатымды бермеймін.
Ыбырай(Жандәулет) мен қайтсемде мектеп ашуым керек.
Ақсақал:(Алинур) әй ләй, ләй , ләй. Чө, чө е.
Ыбырай: (Жандәулет) Ассалаумағалейкум, ақсақал!
Ақсақал:(Алинур) уағалейкумассалам амансың ба, Ыбырай!
Ыбырай: (Жандәулет)Аманмын ақсақал, аманмын.
Ақсақал:(Алинур) жәй жүрсің бе?
Ыбырай: (Жандәулет) үйді аралап, оқуға бала жинап жүрген едім. Күзде қазақ мектебін ашпақ ниеттемін. Немереңізді беріңіз. Оқуға жазып қояйын.
Ақсақал: (Алинур)қойшы ей, қайдағы оқу. Не пайдасы бар оның маған. Оданда қойын бақсын, малын көбейтсін. Жесе тамақ, кисе киімі бар оқуыңнан не пайда? Жо, жоқ. Бермеймін баламды.
Ыбырай: (Жандәулет)ееееее, ақсақал. Қазақ жастары оқып білім алса оның несі айып. Әййййй,ақсақал. Аман болыңыз, аман болыңыз!
Отағасы: (Асия)бүгін күн суық қой дейім. Күз ерте түсе ме, кемпір?
Апа: иә, солай ғой деймін.
Ыбырай:(Жандәулет) ассалаумағалейкум, ақсақал!
Отағасы: (Асия)ееее, амансың ба, Ыбырай!
Ыбырай:(Жандәулет) амансыз ба, апа! Күйлі -қуаттысыз ба?
Апа: (Фатима) ммммм, Балқожаның немересі сен екенсің ғой.
Отағасы: (Омар)келген жөніңді айт.
Ыбырай: (Жандәулет)еееее, ақсақал. Үй-үйді аралап оқуға бала жинап жүрген жайым бар. Немерелеріңізді беріңіздер. Жазып қояйын. Күзде ашылатын мектепке келіп, сауатын ашсын,білім алсын.
Отағасы: (Омар) жастарға сауапты істі бастапсың. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген қазағым. Менің екі немеремді жаз. Сымағұл мен Жиенбайды. Күнұзақ асық ойнағанша оқысын, сауатын ашсын.
Ыбырай(Жандәулет) жаздым ата, жаздым.
Апа: (Фатима) берер едім баламды. Көктемде Сұраншы байдан екі қозы алып, балам бір жыл қойды бағады деп келісіп қойғанмын . Қааап, мына қу кедейлік жетер-жетпестік ай. Келесі жылғы мектебіңе жазып қойшы шырағым. Міндетті түрде келемін.
Ыбырай: (Жандәулет)жаздым апа, жаздым. Міндетті түрде жазып қоямын. Ееееееее жақсы ондеше. Әлі үй-үйді аралайтын жұмыс көп.
Қария:(Омар) ал Ыбырай, батамды берейін. « Ал, Ыбырайым! Бүкіл қазақ баласының ұстазы бол, бастаған ісіңе Алла сәтін салсын, әумин!»
Апа:(Фатима) әумин.
Ыбырай:(Жандәулет) әумин, айтқаныңыз келсін!
Ыбырай:(Жандәулет) Аса қайырымды Николай Ильменский! Осы жылы яғни 1864 жылы январдың 8-і күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. Бұл балалар оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды. Сәлеммен Ыбырай Алтынсарин. ( Ыбырай хат жазып отырады)
Бір қолымен қоңырау соғып, бір қолымен шам ұстап :
Бір Аллаға
сиынып,
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды
көңілге,
Ықыласпен
тоқылық.
Оқысаңыз,
балалар,
Шамнан шырақ
жағылар,
Тілегенің
алдыңнан
Іздемей-ақ
табылар.
Сиса көйлек
үстіңде
Тоқуменен
табылған.
Сауысқанның
тамағы
Шоқуменен
табылған.
Өнер-білім бәрі
де
Оқуменен
табылған.
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен
тоқылық.
Әлпештеген
ата–ана
Қартаятын күн
болар.
Қартайғанда
жабығып,
Мал таятын күн
болар.
Ата–енең қартайса
-
Тіреу болар бұл
оқу,
Қартайғанда мал
тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық!
Пошта қызметкері: (Ильяс)Ассалаумағалейкум! Сізге Орынбордан сәлемдеме бар.
Ыбырай: (Жандәулет) уалейкумассалам. Еее , жөн екен. Үстелге қоя қой.
Ыбырай сәлемдемені ашып жатып: ееееее, бисмиллаһ. Ооо, мен бұл сәтті қаншама жыл күттім. Тұңғыш қазақ хрестоматиясы. Міне, балалар. Алдарыңа тұңғыш қазақ хрестоматиясын ұсынып отырмын. Іші толған білім. Зейіндерің ашылсын. Қане ішін ашып оқиық.Орынбордан келген сәлемдеме.
Ал, балалар! Кітаптың алғашқа мұқабасын ашыңдар. Осы уақытқа дейін берген білімдерімді кітаптан оқиық. Қане, оқи ғой.
Оқушы : Құралай
Өзен
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілімнің суын ішсең ашылады,
Денеңнен бар дертіңді қашырады.
Ыбырай:(Жандәулет) бәрекелді, жарайсың! Қане тағы кім оқиды. Оқи ғой,Күлиза.
Күлиза: (Асудеазра) мен бір үзінді оқиын. « Түлкі мен ешкі»
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
— Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? — депті.
— Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, — депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», — деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.
Ыбырай: (Жандәулет) бәрекелді. Бұдан шығар түйін қандай? Қандай ғибрат алуға болады?
Оқушы:(Сара) ұстаз, ұстаз мен айтайыншы.
Ыбырай:(Жандәулет) айта ғой.
Оқушы: (Сара)өтірікке алданбау керек.
Ыбырай: жарайсың! Тағы кім оқиды қане. Келесі мұқабасын ашып танысайық.
Оқушы: (Алима)
Оқығанның көңілі жарық,
Ақымақтың беті көне шарық.
Түйедей бой бергенше,
Түймедей ой берсін.
Өнерінің өнері өлмес,
Өнерсіз күн көрмес.
Ыбырай: жақсы, тағы кім оқиды?
Оқушы:(Мариям) Ашу –дұшпан, ақыл-дос.
Ақылыңа ақыл қос.
Сөздің көркі мақал,
Беттің көркі сақал.
Ыбырай :(Жандәулет) жарайсыңдар, мен осы сәтті қаншама күттім.қазақ балалары дарынды ғой шеттерінен. Қане, тағы кім оқиды?
Оқушы: (Әмина)
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын
Жаманның жамандығын айт , құты қашсын.
Ағасы бардың, жағасы бар.
Ыбырай :(Жандәулет)<
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бастауышпен қоштасу" тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз