Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бастауышпен қоштасуға арналған сценарий
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бастауышпен қоштасу
Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге және де өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы, слайдтар , гүлдер және шарлар.Үлкен самалет макеті, Аэрапорт бекеті. Билет сатып тұрған қыздар тұрады
Басталуы
Көрініс: Ұшақтардың дауысы естіліп тұрады. Оқушылар көңілсіз апайларын күтіп аэрапортта отырады.
Мирас Оқушы: Қыздар жігіттер біздің мұғаліміміз кассадан билет алуға кетті. Біздің отырысымыз мынау?
Айкөркем Оқушы: Ия Достар 1 жыл білім берген, бойымызға өнер мен білімді ұштастыра білген мұғалімге алғысымызды айтпай қалай орта буынға ұшып кетеміз?
Кәне бәріміз мұғалімге билетті кейінге қалдыруын өтініп сұрап көрейік .
Мұғалім билеттерді қолына алып кіріп келеді.
Алима Оқушы: мұғалім біз сізді қимаймыз, сізден кеткіміз келмейді. Кейінірек ұшсақ болама?
Мұғалім: Балалар кейінге кешіктіруге болмайды, біздерге қоштасар уақыт жетті. Мен сендерге орта буынға ұшатын билет алдым, қоштасуымызға бірнеше сағатымыз бар.
Айдар Оқушы: Мұғалім, балалар ендеше уақытымызды босқа кетірмей, өз өнерімізді, ұстазымызға деген алғысымызды айтып үлгерейік.
Мұғалім:Қайырлы күн, қадірлі де құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бұл мерекенің негізгі мақсаты- бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Мерекемізге қош келдіңіздер!Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «Д» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес білген шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын.
Сахнаға шақыру!
Армысыздар сәлем бердім текті елім, Сенің арқаң осы күнге жеткенім. Абайымның айбыны, Семейімнің байлығы, Нөмір 19 абыройлы мектебім!
Бастауышпен әр оқушы дос болар, Білім жинап биіктерге рас барар. Балаларым ертеңім, Көзайымым, көркемім, Болашақ та бала шақтан басталар!
Төртінші “Д” сынып менің жүрегім, Оқушылар сәтті сапар тіледім. Әсем әнмен шақырам, Нұрға толсын сахнам, Шәкірттерді қарсы алыңдар ұлы елім!
Айару, Гаухар, Адия, Айзере қыздарым, Үздік болып жайнап жатыр жүз жаның. Сыныбымның гүлісің, Озаттардың бірісің, Жүрегіммен жолданады ізгі әнім!
Абылай, Аблайхан, Мансұр батырым, Жанасыл, Нұрали мол ақылың. Тектілердің ұрпағы, Жігіттердің сұлтаны, Сендерсіңдер жақыннан да жақыным!
Зере, Дамина, Алина,Тасним әдемі, Көрінетін салт-дәстүрдің әдебі. Қызғалдағым өздерің, Биіктерді көздедің. Сұлулықтың боп жүрсіңдер дәлелі!
Қарақат, Кәусар, Саянұр,Даяна, Еркежан үлгілі, Сыныбымның мақтанышы бұл күні. Инабатты, ибалы, Тәлім, білім жинады, Тең келмейді табиғаттың мың гүлі!
Айкөркем, Зере, Алима, Аяжанмен мақтаным, Үздік болып үмітімді ақтадың. Алды болып қатардың, Жеңімпазым атандың, Тектілікті тереңінен жаттадың!
Жасұлан, Ерсұлтан, Жігер ұланым, Ақжүрек, Мади, Мұқан қыраным. Мирас, Айдар білімді, Оқушылар бүгінгі, Сендер үшін шырқалады бұл әнім!
Мұғалім деп барлығың атадың, Төртінші “Д” арта берсін атағың. Бастауышың қимайды, Көп естелік сыйлайды, Сәтті болсын шәкірттерім сапарың!
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Би: «Қазақстаным»
Жиынымыз өткелі тұр салтанатты
Төгілген күн нұрының шапағаты
Ортаға шақырдық түлектерді
Халайық қол соғыңдар мархабатты.
Жанасыл Жүргізуші :
Жас жүректің өмірінің құштары
гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Зере Жүргізуші :
Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауыш сыныппен қоштасып, тағы бір баспалдақты аттағалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Ақжүрек:
Балашақтан болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
Айзере :
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткенғой Абай, Ыбырай бабалар.
Дамина :
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгінміне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
Зере Жүргізуші :
«Ұстаздық еткен жалықпас
үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға
қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып,
42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз –
ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын
айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің
Жанасыл?
Жанасыл Жүргізуші :
Әр шәкіртін өз баласынан кем
көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім –
мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер
айтпаған.
Зере Жүргізуші
:Дұрыс айтасың Жанасыл, ғылым
иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын
да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған
ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие
алған.
Жанасыл
Жүргізуші: Ия , бұл туралы батыр
Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын
да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген
екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға
арнаймыз.
Хор: “Бастауышым балбұлағым”
Композиция
Даяна:
Шәкірттердің тыңдар жауап сұрағын
Жас санаға төгіп білім шуағын
Хат танытып жол сілтеген өмірге
Барша жанға құрметті жан мұғалім.
Кәусар:
Жүрегімде ұстаз берген сабағы
Өң бойымда тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын ақылын
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
Тасним:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға
Ұқсатып ек біз сізді анамызға
Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық
Жүргеніңді ұнаттық арамызда
Абылайхан:
Мол өнеге ұрпаққа мол дәрісін,
Қанаттандыр қатайтып қолдан ұшыр.
Сізге деген алғыстың шегі де жоқ,
Әр бірінің азамат болған үшін.
Мұқан:
Басса бұрыс, жол сілтеп қате дейсіз,
Әр балаға сіз ана, әкедейсіз.
Болашақтың көктеген жас шыбығын
Бағбанындай аялап мәпелейсіз,
Абылай:
Тек үйреттің әділдікті ,
адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Мансұр:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді
Хормен :
Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз сіздерге !
Жанасыл Жүргізуші:
Зере білесің бе? Мен билеуге ұяламын қатты. Сен биді қатыратын шығарсың ия?
Зере Жүргізуші:
Қойшы 8 наурыз кешінде керемет билейтін едің ғой, міне қара біздің жігіттердің керемет биіне куә бол!
Жанасыл Жүргізуші
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Бимен мен шашу шашайық.
Би : «Алаш биі»
Жанасыл жүргізуші:
Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер.
Зере-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.
Жанасыл жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.
Зере жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.
Құндыздыева Айарудың орындауында «Ата, әже»
Жанасыл-жүргізуші: Ата-аналар атынан сөз кезегі Бақыт Елеукеноваға беріледі.
Зере Жүргізуші:
Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар,
Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар.
Сол пәндердің құпиясын жеткізген
Әр ұстаздың жадымызда үні бар. Дей отырып, ұстаздарымызға арнаған өлең жолдарымызды қабыл алыңыздар!
Зере Т.
Сынып жетекшіге
Ұл-қызын мәпелеп аялаған,
Досынан қол көмегін аямаған.
Бүгінде ортамызда Бибигуль апай,
Мектеп үшін еңбегін аямаған.
Білім, өнер, бәріне бар талабы,
Әрқашанда ашық-жарқын қабағы.
Бастауышта әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде
қалады.
Мың алғыс сізге біздей түлектерден
Мың алғыс мына отты жүректерден
Айкөркем
Музыка
Қашанда шәкірт жанын ұға алады,
Көңілден әр уақытта шыға алады.
Арай апай, ризамыз өзіңізге,
Бізге ұнады әрқашан ән сабағы. Сізге алғыс білдіреміз.
Еркежан
Информатика
Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Компьютер тілін бізге үйреткен
Үміт апай, Саят аға сіздердей қайда бар адам?! Сіздерге алғыс
білдіреміз
Жасұлан
Дене шынықтыру:
Денсаулыққа пайдалы,
Секірген әрі жүгірген.
Жаттықтырған біздерді
Саят ағай жан неткен. Сізге алғыс білдіреміз
Алина:
Орыс тілі:
Русскому языку от нас поклон
кто из нас В вас не влюблен?
Вы душевный и добры , и при этом так умны
Знайте , не забудет вас
Выпускной четвертый класс.
Блогадарим вас«Самая обаятельная и привлекательная»учительница
Данара Сержановна
Ерсұлтан
Ағылшын:
Ағылшын тілі әр кезде керек
ертең
Шыңғыс
ағаныңың көңілі өте
көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен.
Ұстазымыз, Назымгуль апайға мың алғыс!
Жанасыл жүргізуші: Айдар Айзере «Батыр»биі
Зере : «Біз не үйрендік?» слайд –шоу (сабақтардан үзінді) балалар сөздері:
Гаухар:
Бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Біздің әрбір өткен күнімізге, аузымыздан шыққан сөзімізге, сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әрбір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйретуге тырысты, өз асыл уақытын бізбен бірге өткізді.
Мирас:
Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, біз де есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсені білдік, үйрендік. Сұлулықты, мейірімділікті, жақсы көруді, қадірлей білуді, кішіпейіл болуды, бәрін де тең көруді, кішіпейіл болуды – міне осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін осы мектептен үйрендік.