жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауышым-балбұлағым.
«Бастауышым – бал бұлағым »
Мақсаты : Білімнің
сара жолы бастауыштан
басталатынын,
бастауышта алған білімнің
негіз болып қаланатынына
көз жеткізу.
Мектепті , ұстаздарды құрметтеп,
еңбектерін бағалай білуге
тәрбиелеу. Өз
Отанының адал ұлы
мен қызы
болуға тәриелеу.
Мұғалім
: Қайырлы
күн
, қадірлі
де құрметті ұстаздар ,
ата-аналар! Бұл мерекенің
негізгі мақсаты –
бастауыш сыныппен қоштасу
екендігі барлығымызға аян.
Бүгінгі үлкен қуаныш
иегерлері 4 – сынып оқушылар.
Жас жүректің
өмірінің
құштары
гүл,
Бағбан
– ұстаз
баулыған құстары
бұл,
Қоштасып
бүгінгі
күн
бастауышпен ,
Сол құстардың
бір тобы ұшқалы
тұр.
Әдемі әрі ақылды таңқалдырған талайын
Ислам менің сыныбымның басшысы
Талапты да талантты бұл ұлымыз.
Оқуменен спорттан да жан салмас.
Жігіттердің төресіндей бұл –Рафик
Данил менен Аружаным өнерпаз.
Отегали мен Аринам бар әсемпаз.
Жақсылыққа ұмтылады Алишер
Дильназ біздің жай қыз емес білімпаз.
Ақнұр менен Салиха жүрер сызылып,
Асылжан менТемірлан озар сызылып
Отегали мен Алихан сынды батырға
Жұрт қарайды әрқашан да қызығып.
Ән салады сары алтындай Нұрлы қыз
Бекзат отыр,жалт қарайды бұрыла
Және біздің Ернарымыз бар дарынды
Көрінеді асқар таудың шыңынан
4Ә ден асыл текті жан бар ма?
Айгөлектей айналады қыздарым
Таудың мөлдір суындай боп тап-таза
Ортамызға Динара келді таңдана
Көрдіңдер ме күннің шуақ шашқанын
Жылуымен әрбір гүлді ашқанын
Мектептегі әрбір ұстаз күндей боп
Әр балаға жүрегіңді аш кәне!
Әдепті де, адалдықты сүйетін,
Білімді және батыр бола білетін.
Қайырымды, тазалықты сүйетін,
Міне, осылай мақтаймыз 4Ә сыныпты
Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда
Қол соғып қошеметпен шақырайық
4-сынып оқушыларын ортамызға.
Әсем әуенмен сахна
ашылады.
Мұғалім : Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл
бұрын 6 жасар бала болса,
бүгін міне, ес біліп, етек
жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне,
бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш
сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше
қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан , өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына ,
ата-аналарына да
өнерлерін көрсетуге дайын. Олай
болса, кезекті түлектерге
берейік.
Ислам:
Ассалаумағалейкум , ағайын !
Дильназ : Армысыздар , аяулы
ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер
Ислам: Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !
Дильназ: Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
Ислам : Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды
дамытқан , адамгершілікке,
адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Дильназ: Қолға қалам ұстатып,
Білім құйған санаға
Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой»
1 Аружан Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар
, ұстаздарым қымбатты !
2 асылжан Армысыздар
әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел
дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай
бабалар
3 Алихан
Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр – алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады
бұл әнім !
2 Дұрыс айтасың Айбек ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші . Менің
атам да , әжем
де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен
тәлім
алудамын.
Олай болса , алтын ұя
мектебімізге арнап «Мектебім» әнін
шырқайық
!
Ән
«Мектебім»
Ислам : Ия
, мектебімізге қандай жыр
арнасаң да жарасады. Ендеше
сыныптарымыздың
мектепке арнаған жырларын
тыңдайық.
4 Нурлы : Әлі есімде мектепке
алғаш
келгеніміз
Ұстаздарды ең
алғаш
көргеніміз
Жасқаншақтап
тосырқап тұрған
шақта
Өзің
болдың
ұстазым
сенгенімі
5 Динара :
Мектебіміз осы ма ? -деп
он жеті шәкірт
келіпті.
Жылы жүзді ұстазын
Алғаш рет
көріпті.
Іңкәрді Серік
жетектеп
Ұстазына еріпті.
Болашағы нұрлы деп
Ата-аналар сеніпті.
6 Ернар :
Оң иығына
Алтынбектің отырып,
Оң қолында жез қоңырау соғылып
Жадырадай
шәкірт келді
мектепке
Тұлым шашы , ақ
бантигі
желбіреп
7Данил:
Кітап, қалам қолға
алдық
Бір сыныпқа
жиналдық.
Ажырамай арамыз
Болашаққа барамыз.
8 Алишер :
Мектеп деген білім кені , жыр кені ,
Мектеп деген ғылымның
ең
үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші
адамға
Мектеп деген даналардың
мекен.
9 Арина: Ұлылықты
ардақ тұтар үнемі,
Атын ұя, ақ
босаға
киелі.
Қанат қаққан білім
алып өзіңнен ,
Күллі
шәкірт
саған басын
иеді.
10 Салиха :
Мектебім, алтын ұям,
нұрың
жарық,
Жайнаттың
үмітімнің
гүлін
жарып.
Сүйкімді сенің
күміс қоңырауың
,
Тұрады құлағымда
сыңғыр қағып.
11 Темирлан
: Мектеп - үйім
, ұстазым ,
менің ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана
нәр
аламын.
Саяң ыстық
, сен мәуелі
бәйтерек
Тамырланып
, сан
тарапқа тараған.
12 Бекзат:
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар
жерге тез жетеміз.
Төрт жыл
алған білім
нәрін ,
Азық етіп ер
жетеміз. »
Рафик: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар Динара ?
Динара: Әр шәкіртін өз баласынан
кем көрмей, оқуға,
жазуға үйреткен
мұғалім
еңбегі
шексіз. «Мұғалім – мектептің
жүрегі» - деп
Ыбырай атамыз бекер айтпаған
Рафик : Дұрыс айтасың Динара, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Динара : Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
13
Салиха :
Алғашқы ұстазымыз
анамызбен тең келеді,
Бар
асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су
себелеп асыл жан
Әр шәкіртін
баласынан кем көрмейді.
14 Отегали
: Тек үйреттің
әділдікті ,
адалдықты,
Жирендік, ажыраттық
жамандықты.
Жалғастырар ақ
жолың
сенің
салған,
Бар
деп ұққын әрқашан
балаң мықты.
15
Акнур Қоңыр үнді
даусың әсем
таңдардай,
Ұстазымның
жүзіндегі
нұр қандай !
Мейірлене қарап қойып
біздерге
Күн астынан сабақ
беріп тұрғандай.
16 Алихан Ұстазым ! Ұстазым өзің
едің
асқақ
әнім
Басталған
ақ батаңнан жас
талабым.
Ұғындым ұлылықтың
, даналықтың
Ұстаздың
ұлағатынан
басталарын.
17Аружан Нұр құйған санасына
зейіндінің
Нұрлы шам
сәулесіндей
мейірімің.
Дарыттың
адамдықты
шәкіртіңе ,
Дамыттың
дарын отын
бейімдінің.
Бәрі :
Мың
алғыс сізге
біздей түлектерден,
Мың алғыс мына
отты жүректерден
!
«
Достарым»әні
1 8 Данил Жетекші боп
жүрдіңіз
түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз
жүдеді
де,
Шәкірттер
тыңдаңыздар ұстаз
сөзін
Сіздерге
арнап айтатын тілегін де – дей отырып
сөз
кезегін ұстаздарымызға береміз
!
Сөз
кезегі ұстаздарда.
Аружан : Олай болса шәкірттерінің
ұстаздарына
арналған «Ұстазым» әнін қабыл
алыңыздар.
Ән : «Ұстазым» .Данил
Ернар : Біздің жамандығымызды
жасырып, жақсылығымызды
асырып жүрген біздің
ата-анамыз.
Қатарымыздың
теңі болып,
тамағымыз тоқ,
көйлегіміздің
көк болып
жүруі де сол
кісілердің арқасы
.
19 рафик Әкешім тілеуімді тілеп
жүрген,
Аумайсың жарығы мол
ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп
біздер үшін
Ақылды
балаларың оны
білген.
Ән «Аяулы
мектебім»
Ислам : Әр ана өз баласын мейірімді болса екен,
жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді.
Халқымызда мынадай бір
нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Абайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін
!
Дильназ: Ия , дұрыс айтасың Ислам. Біз
болашақта саналы да , ақылды бала болып
өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе ?
20 Динара : Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл
алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
Мәпелеген баласын аман болсын анашым
!
Рафик: Осындай ана туралы жыр жолдарынан кейін
ата-аналарымызға сөз кезегін береміз.
Сөз кезегін
ата-аналарға береміз.
Динара : Ата-аналарға арнап «Ару ана» әнін қабыл алыңыздар.
Ән «Учат в
школе»
Ислам : Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп
табалдырығын жасқана аттаған едік.
Дильназ: Енді міне сауатымызды ашып, білім
негізін қалаған бастауыш сыныппен
қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Вальс биі «Қош бол енди бастауыш мектеп»
Рафик : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа
22Асылжан:
Жасқана кіріп
жарық сыныпқа біз ,
Әр
бетін Әліппенің
күле
ашқанбыз.
Мұғалім сабақ
өтіп
жатқан
кезде,
Қайталап
атымызды сұрасқанбыз.
23Темирлан Әр үйдің
ерке өскен
тентегі едік,
Ақылға келе
алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік
біз.
24Нурлы :
Бастауышым – бал бұлағым ,
Алдым
сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын
25Алишер:
Бастауышым – балбұлағым ,
Лаулап жанған шам
шырағым.
Өзің
берген
біліміңмен ,
Самғап ұшар
тау қыраның.
Хормен Ән «Мектебім»
Динара: Біздер бастауышта жоғары
сыныптарда өтілетін әдебиет,
тарих, биолгия, алгебра, физика ,
химия , т.б.
пәндерге
негіз болатын ана тілі, математика,
дүниетану,
орыс тілі пәндерін зер салып
үйрендік.
26
Дильназ : Анашымдай
сыр шерткен,
Ақыл білім үйреткен.
Ана тілін
оқыдық,
Ерекше зор
құрметпен.
Ана тілін
сүйеміз ,
Құрметпен бас иеміз.
Ана
тілмен қоштасамыз ,
Әдебиетпен
достасамыз.
2 7 Арина : Ойланып
есеп шығартып,
Төрт амалды
білдірген.
Ғылымдардың
патшасы ,
Математика данасы.
28 Ислам : Қазақ
тілі пәнінен,
Білім
алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын
,
Етістіктің шақтарын ,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадық
5 –
сыныпқа барған
соң,
Тіл
мамандары бағалар.
29 Ернар : Ой жіберсең
бәріне,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер
,
Пәннің
жақсы бірі
де.
Жер
байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін
білдірген ,
Дүниетану сабағы.
Ислам : Кане балалар,
сендердің негізгі пәндерді қалай
меңгергендеріңді
байқап қарайықшы.
Мен әр түрлі
тапсырмалар беремін. Кане кімнің
ойы жүйрік, ұшқыр екенін
сынап көрейік.
Дильназ: Уақыттың
маңызы неде
екендігін білеміз бе ?
Жауап :
Дильназ Бір жылдың
қадірін
, сынақтан өтпеген
оқушыдан
сұра.
Бір аптаның қадірін
апталық газеттің
редакторынан
сұра.
Бір сағаттың
қадірін ,
кездесуге асыққан ғашықтан
сұра.
Бір минуттың қадірін
сабақтан кешіккен оқушыдан
сұра.
Бір секундтың қадірін
апаттан аман қалған кісіден
сұра.
1: Жарайсыңдар балалар , талаптарың таси берсін ! Шығармашылық қабілеттерің өте жақсы деңгейде екен.
2: Олай болса сөз
соңында бізбен
бірге төрт жыл бойы ыстыққа
күйіп,
суыққа бірдей
тоңып, әрдайым қасымыздан
табылған ұстаздарымызға деген
шәкірттік
ризашылығымызды сөзбен айтып
жеткізу қиын екен. Бірақ
оқушылық
күндерімізбен
бірге олардың есімдері жүрегімізде
алтын әріппен сақталады.
Ислам Бастауышта
шырқалмаған жыр бар
ма ?
Бастауышта айтылмаған сыр бар
ма ?
Бастауышта алған білім,
жырларым ,
Азық болар мәңгі талай
жылдарға.
:
Өтті
сенде қызық
шағым ,
Бастауышым – бал бұлағым .
Қоштасар күн жетті
міне,
Қимастықпен қол
бұлғаймын.
Ән
«Қош
бастауыш»
Хормен :
Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз сіздерге
!
Ата -аналармен бірге флешмоб биі
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген