Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауышым балбұлағым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауышпен қоштасуға сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бастауышым балбұлағым!


Қазақстан Республикасының гимні орындалады

1 — жүргізуші:  

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар!  Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!
Бастауышпен қоштасу тойымызға.

2 — жүргізуші:

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

1 — жүргізуші:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!

2— жүргізуші:  

«Мектеп — білім» кемесін
Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана, ұстаз, балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,

Исабекова Нұржамал апайға,сөз кезегін береміз.

.





1 — жүргізуші:

Мектeп деген –  білім кені жыр кені,
Мектеп деген –  ғылымның ең үлкені.
Мeктеп деген –  тәрбиеші адамға,
Мектeп деген –  
даналардың мекені-дей отырып кезекті оқушылардың тақпақтарына береміз.

1-жүргізуші:    Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің  ?


2-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз ғой.  «Мұғалім — мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

1-жүргізуші:    Ия,  « Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, 42 әріпті танытқан , оңымыз бен солымызды айырып, білім нәрімен

2-жүргізуші:  Олай болса келесі жырымызды қолымызға қалам ұстатып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз –  ұстазымызға арнаймыз! Алдарыңызда 4Ә сынып қыздарының «Мен қазақтың қызымын» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Қағылды, міне, әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша 4 жыл тез өтіп кеткен
Шындық па осы, япыр-ау !-
деп кезекті 4Ә сыныптың ұлдарының орындауындағы әнге береміз.



2-жүргізуші: Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгін соңғы қоңыраудың  сыңғыры-
деп біздің сыныптағы қыздардың орындауында «Стюардесса» биі

1-жүргізуші: Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің, Ұша білсек болмас – ау, қону қиын

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін.


Бастауыштың билейміз соңғы биін – деп кезекті ұлдарымыздың биіне береміз

2 — жүргізуші:

 Мың алғыс сізге біздей түлектерден,  Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ән: «Ұстаз-Ана!»  орындайтын Зейнеп және Аружан

1— жүргізуші:

Мына біздей бірге жүрген құрдастар

Алдыменен әуелетіп жыр тастар.

Оқулықтар қатарына сөз бердік,

Білімдерін шертіп өтсін сырластар – деп келесі кезекті ___________________ берейік.

2 — жүргізуші:

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің-деп кезекті____________________ береміз.








Кезекті оқушылардың марапаттауларына (мадақтама)

2 — жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.

Ата-аналардың құттықтау сөзі

















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2021
563
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12