Бастырылған киізден 3D аппликация жасау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастырылған киізден 3D аппликация жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің баяндаманың тақырыбы:Бастырылғын киізден 3D аппликация жасау.Бұл жоспарда фетр мтериялынан әр түрлі гүлдер жасап, оны А3 форматқа 3D гүлдер етіп, орналастырдық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің баяндаманың тақырыбы: Фетр матадан сәнді сөмкелер дайындау

Жалпы мақсаты:

1.Фетр матасына қойылатын талаптарды өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

2.Жас ұрпаққа осы заман талабына сай өзгеріп келген жүнмен жұмысты үйрету негізінде ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелері:

1.Ой-өрістерін дамыту, шығармашылық қиялдарының дамуына себеп болу, сөздік қорларын молайту.

2.Оқушыларды тазалыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

1.Топты және өзін бағалау.

2.Шығармашылық іс-әрекетке баға беру.

3.Рефлексия арқылы бағалау.

Құндылықтарға баулу: Ынтымақтастық, жауапкершілік,шығармашылықты қалыптастыру

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Пәнаралық байланыстар: Бейнелеу өнері, Педагогика

АКТ қолдану дағдылары: Интернет, интерактивті тақта.

Ұйыдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеу, қауіпсіздік ережелерін қайталау

Сергіту сәті: Психологиялық көңіл-күй орнату.

Сені көргеніме қуаныштымын... ” ойыны. Студенттердің жағымды жақтарын анықтау. Студенттер шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне деген жылы лебіздерін арнайды.

Топтастыру:Үш түрлі маркер арқылы топқа бөлу.Оқушылар өздері таңдап алған маркер арқылы топтарға бөлінеді.

Өткен тақырыпқа шолу жасау:

Оқытушының қызметі: 1.Өткен тақырып бойынша бақылау сұрақтарын дайындау.

2.Үй жұмысын тексеру.

3.Жеке жұмыстарын аяқтап, бағалау.

Оқушының іс-әрекеті: 1.«Біліміңді сынап көр» әдісі бойынша бақылау сұрақтарына жауап алынады.

2.Үйге берілген жұмысты аяқтап, бағалау.

3.Өткен тақырыпты пысықтау.

Жаңа сабақты түсіндіру

«Фетр матадан сәнді сөмкелер дайындау»

Фетра –дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк.немесе талшықтан жасалған маталық емес материал. Фетра матасын өңдеу технологиясы жүнді өңдеу технологиясымен бірдей болып келеді. Фетраға көбіне синтетикалық маталар көп араластырылады. Фетрадан әр түрлі бұйымдар жасауға болады. Олардан: түйреуіш, алқалар, сырға, жилет, яғни қыздар аксессуарларын жасауға болады. Фетра әр түрлі болады: таза жүннен жасалған, жартылай жүннен, эко фетра, акрилді фетра, жасанды, синтетикалық қоспасы бар фетра..

Оқушының іс-әрекеті:

1.Оқушылар жаңа тақырыппен танысады.

2.Жаңа сабақ бойынша шағын лекция жазады.

3.Практикалық жұмыс жүргізеді.



Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Қағаздың өлшемі 50см х 20см болатын сөмкенің негізін қиып аламыз.

2.Оның дәл ортасын тауып, екіге бүктейміз.

3.Тағы да екіге бүктеп, тұтқасының енін 4 см етіп белгілеп аламыз. Белгі ізін қайшымен қиып, арасын ашамыз.

4.Бүйір бөлігіне көлемі 15 см х 8 см екі бөлік қиып алып, олардың төменгі жағына кертік белгілейміз.

5.Материалдың оң бетінен сөмкенің негізгі бөлігі мен бүйір бөліктерінің кертіктерін теңестіріп,жапсыру .

6. Оны фетр матасына тусіріп қиып аламыз

7. Іс машинасымен тігеміз

8. Сөмкені әшекейлеу үшін гүл жапсыруға және әр түрлі әшекейлер жапсырамыз өз қалауларынша.

«Кім тапқыр» әдісі мақалдар сайысы

1.Оқушылар алғырлығымен,тапқырлығымен мақал-мәтелдердің жалғасын табады.

2.Мақалдардың мағынасын ашып, ойларымен бөліседі.

Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)

Өз елім... (өлең төсегім)

Балапан ұядан не көрсе...(ұшқанда соны іледі)

Сөзің тәтті болсын...(ашуың қатты болсын)

Жақсы байкап сөйлер...(жаман кісі шайкап сөйлер)

Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)

Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)

Балалы үйдің...(ұрлығы жатпас)

Оқу- білім бұлағы...(білім-өмір шырағы)

Тіл тас жарады...(Тас жармаса ,бас жарады)

Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)

Тіліңмен жүгірме,..(Біліммен жүгір)

Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)

"Сұрақ ілмегі"әдісі

Оқушының ойын ашық білдіруге дағдыландыру. Оқушылар жаңа сабақтың қай бөлігін немесе тақырыпты түсінбеген болса сабақ төңірегінде ойланып жүрген сұрақтарын ашық айтады.

Үйге тапсырма: Шығармашылық жеке жұмыстарын аяқтап келу.

Бағалау Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі

Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.

Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.



Picture 15



Picture 4

Picture 13 Picture 11



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
557
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі