жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Батыр аналар
«Аялайық ананы»
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгәләган шарана тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі - алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар.. Біз сіздерді гиннестің рекордтар кітабына енген алтын құрсақты аналармен таныстыра кетсек артық болмас деп ойлаймыз.
1782 жылы жасалған статистика бойынша (1725-1765 жылдар аралығы) дүниеге ең көп сәби әкелген Федор Васильев атты орыс шаруасының жұбайы екен. Ол 27 рет босанған: 16 рет егіз, 7 рет үшем, 4 рет төртем. Олардың ішінде екеуі ғана шақалақ кезінде қайтыс болған.
Одан кейінгі жылдары, яғни 1943-81 жылдары шығарылған статистика бойынша, ең көп құрсақ көтерген ана Сан-Антонионың (Чили) тұрғыны Леонтина Альбина болып отыр. Ол өмірге 55 бала әкелген. Алғашқы бес жүктілігінде қатарынан үшемдерді дүниеге әкелген көрінеді. Тағы бір таңқаларлығы он бесі де ұл бала екен.
Ұлыбританиялық Элизабет Гринхилл 38 рет босанған. Оның 39 перзенті болған: отыз екісі қыз бала, жетеуі ұл бала.
Ең кәрі ана алпыс үш жаста екен. Италиялық Розанна Далла алпыс үш жасқа қараған шағында ұл баланы дүниеге әкеліп, бедеулікке алып баратын ем қабылдайды. Оңтүстік Калифорния Университетінің хабарлауы бойынша, 1996 жылы Арсели Кех есімді алпыс үш жастағы ана құрсақ көтерген.
1955 жылы италиялық Кармелина Феделе 10,2 келі ұл баланы дүниеге әкелген. Таңқаларлығы, шақалақ та, ана да аман-есен қалған.
1992 жылы Ұлыбритания тұрғыны Гай Уорвик Карр 7 келі перзентін құшқан.
1989 жылы АҚШ-тың Иллинойс штатында 281 грамм қыз бала тіркелген.Осындай аналардан кем емес біздің аналарымызды мақтан тұтамыз.
Ел арасында «Құдайдан кейінгі құдірет - Ана» деген сөз бар. Аналардың күйбің тірлікте дүниеге сәби әкеліп, сол баланы тәрбиелеу жолында еткен еңбектерін ештеңемен теңгере алмайсың. Асыл аналарымыздың еңбектерін бағалап, ел алдында абыроймен орден тағып марапатқа ие етіп, аналарымызды марқайтқан ел басының кемел саясатына айтар алғысымыз шексіз. Қазіргі таңда Қызыларық ауылы өңірімізде 15 ке жуық алтын алқа таққан аналар бар. Кеңес үкіметі кезінде 10 бала тапқан аналарға алтын алқа тақса,
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының наградалар туралы N 2676 Заңы бойынша 7 құрсақ көтеріп аман есен дүниеге әкелген аналарға алтын алқа тағу туралы жарлық шыққан болатын .
Біз сіздерді ауылымыздағы алтын құрсақты аналармен таныстыра кетсек
Исмаилова Ақыш апа 1924-жылы қаңтар айының 1-жұлдызында дүниеге келген.Исмаилов Сатар ата мен Исмаилова Ақыш апа 15 ұл-қыз тәрбиелер өсірген.Бүгінде 3 бала 4 қызына 28 немересі 58 шөбересі 6 шөбшек бар.Совхоз бен колхоздың әр түрлі жұмысын жасасған:шым ойған,қырманда жұмыс жасаған,тас тасыған.
Нұрымбетова Ұмытшақ 1926 жылы Жетісай қаласы Мақтарал ауылында шілде айының 26 жұлдызында дүниеге келген.5 жасында анасынан айырылған Ұмытшақ апа 9 жасынан бастап Колхозда жұмыс жасаған.Соғыс кезінде тылда да жұмыс жасаған.Түнімен қызылша мен мақта шапқан.Айдың жарығымен бидай орған.Онымен қоса мақта терген.Аз ұйықтап түннің бір уағына дейін тыным таппай еңбек еткен.Соғыс аяқталғанннан кейінгі жылдары осы Қызыларық ауылына қоныс тепкен.Ол жылдары бұл ауыл болмаған.Ауылдың ашылуына зор үлес қосқан.Ауылда қой баққан,қой қырыққан,жүгері мен қызылша суарған және осы сынды жұмыстар жасаған.3ұлы мен 5 қызынан 37немересі мен 52 шөбересі бар.
Елекбаева Ұлбике Орынбайқызы-1943жылы сәуір айының 15 жұлдызында Бұрынғы Андреевка қазіргі Алатау ауылында дүниеге келген.Елекбаев Орынбасар ата мен Елекбаева Ұлбике апа 1962 жылы отау құрған.10ұл-қыз тәрбиелеп өсірген.Бүгінде 6 ұл бала мен 4 қыз баладан 45 немересі 10 шөбересі бар.Совхоздың әр түрлі жұмысын жасаған:сауыншы болған,картоп суарған,Совхоздың көп жұмыстарына атсалысып 1992 жылы зейнетке шыққан.2001 жылы « Алтын алқа иегері»атанған.Жеңіс күні қарсаңында 2001 жылы Мәскеуде берілген атақ.
Елекбаева Жақсықыз 1941 жылы қаңтар айының жұлдызында дүниеге келген.Елекбаев Ұлтарақ ата мен Елекбаев Жақсықыз апа 8 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген.Бүгінде 5 бала 3қызынан30 немересі 18 шөбересі бар.Совхоздың әр түрлі жұмысын жасаған:қызылша мен картоп суарған.
Сыздықбаева Айымжамал апа 1942 жылы қараша айының 20 жұлдызында дүниеге келген.Сыздықбаев Тұрғынбай ата мен Сыздықбаева Айымжамал апа 10 ұл қыз тәрбиелеп өсірген.5 қыз 5 баладан 23 немере мен 6 шөбересі бар.
Сыздықбаева Ермеккүль Жаркимбаевна 1948 жылы қараша айының 18 жұлдызында Қостөбе ауылында дүниеге келген.Ермеккүл апа мен Лес ата 6 ұл мен 1 қыз тәрбиелеп өсірген.Бүгінде 24 немересі бар.Совхоздың әр түрлі жұмысын жасаған:сауыншы,еден жуушы,аспазшы болған.
Сабырова Күлзада.1948 жылы сәуір айының 30 жұлдызында дүниеге келген.Күлзада апа 4 қыз және 3 бала тәрбиелеп өсірген.Бүгінде Күлзада апаның 21 немересі мен 4 шөбересі бар.Совхоздың әр түрлі жұмысын жасаған:картоп мен қызылша суарған
Сыздықбаева Балжан.19 жылы Бірлесу-Еңбекте дүниеге келген.1991 жылы келін болып түскен.1992 жылы балалы болды.Балжан апа үй шаруасындағы 7 балалы ана болған.2013 жыл дүниеден озған.
Сұрымбаева Шәмсия Субалиевна.1946 жылы қараша айының 18 жұлдызында дүниеге келген.Шәмсия апаның 5 баласы мен 2қызынан 27 немересі және 2 шөбересі бар.Колхозда сауыншы және 10-12 жылдай еден жуушы болган.
Абдіраманова Үрпиан Маханқызы.1931 жылы 8 наурызда дүниеге келген.3қызы мен 8 баласынан 44 немересі мен 65 шөбересі бар.Совхозда әр түрлі жұмыстар жасаған.1999 жылы 27 қарашада дүниеден өткен
Абдіраманова Кенжнкул.1936 жылы 8 наурызда дүниеге келген.7қыз бен 3 баласынан 29 немересі мен 56 шөбересі бар.Совхозда әр түрлі жұмыс жасаған.2010 жылы 8 қаңтарда дүниеден өткен
Молдакеева Рахима.1941 жылы шілде айының21 жұлдызында дүниеге келген.Рахима апаның 5 баласы мен 3 қызынан 30 немересі мен 20 шөбересі бар.Совхозда әр түрлі жұмыс жасаган:картоп пен қызылша суарған.
Маханова Зиякул.1942 жылы дүниеге келген.3 қызы мен 3 ұл баласынан 19 немересі мен 1 шөбересі бар.Совхозда жұмыс жасаған:тас тасыған,картоп терген,шөп жұлган.
Қырқынбаева Әтіркүл.1941 жылы шілде айының 21 жұлдызында дүниеге келген.Бүгінде3 баласы мен 4 қызынан 21 немересі мен 12 шөбересі бар.Совхоздың әр түрлі жұмыстарын жасаған:қой қырыққан,шым ойған,қырманда жұмыс жасаған.
Исаева Орынкүль Маждатовна.1973 жылы дүниеге келген.Бүгінде Орынкүл анамыздың 5ұлы мен 2қызы бар.Жұмыс жасап жатқан жері «Қызыл-арық» балабақшасы.
Ана...
Ана керек,о,адамдар,ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы.
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
Төлеген Айбергенов атамыз айтқандай аналарды қадірлейік ағайын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген