400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Батыр Баян. Буклет 6 бет

Материал туралы қысқаша түсінік
Батыр Баян. Буклет 6 бет
Материалдың қысқаша нұсқасы
Баян Қасаболатұлы (шамамен
1710/15 – 1757) – батыр.

Батыр Баян
.

Бүкіл өмірін қазақ жұртының
тәуелсіздігі жолындағы күреске
арнаған ержүрек ардагерлердің
бірі — батыр Баян
Қасаболатұлы. Батырлығымен,
тапқырлығымен Абылай ханның
ерекше құрметіне бөленген.
Қазақ-жоңғар шайқастарына
қатысып, "Батыр Баян" атанған.
Батыр Баян жөнінде деректерді
Мағжан Жұмабаевтың "Батыр
Баян" поэмасынан, жыраулар
шығармаларынан, Шоқан
Уәлихановтың еңбектерінен
кездестіруге болады. Тарихи
деректерде Баян жоңғар
шапқыншылығына қарсы күрескен
қазақ батырларының ішіндегі
шоқтығы биік болып көрсетіледі.

Мағжан Жұмабаевтың
"Батыр Баян" поэмасы.
.

Поэма аса көркем деңгейде, ерекше
шабытпен жазылған. Сезім де, махаббат
та, батырлық та, жан күйзелісі де
дастанда жыр болып өріледі. Поэмадағы
батыр Баян тағдыры ешкімді де бейжай қалдыра алмайды. Шоқтығы биік
Баянның бейнесі поэмада былай
суреттеледі: - Қанайым, ойың удай, тілің
шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр
Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның әруақты құр атынан Көп
қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян?
Наркескен, өрттей ескен қайтпас болат,
Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би
Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалақ батыр Баян, —
деген Абылай сөзінен батырдың хан
ордасындағы орны мен беделін
байқайсыз. Баян батыр ел рухы мен
батыр рухының биіктігін барлық
құндылықтан жоғары қояды. Елдің
мүддесі Баян үшін қымбат, халқының
тағдыры жау табанына басылмауы
жолында жан аямай күрескен Баян
батыр ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.

Бұл ескерткіш Батыр
Баянның (1710/15-1757) 300
жылдығын тойлау мақсатында
Павлодарда ашылып отыр.
Қоладан жасалған бұл туынды
жерін жаудан қорғаған
ержүрек батырға деген
халықтың алғысын білдіреді.

Шығарма кейіпкерлері
.

Батыр Баян - поэманың бас
кейіпкері. Ол қазақ халқының
батыры және Абылай ханның ең
жақын жауынгері. Оның мінезі
отаншыл және өте намысқой.
Поэманың соңында соғыста қайтыс
болады.
Ноян - Батыр Баянның інісі. Ол
өз отанының сатқыны,өйткені Ноян
қалмақ қызымен қашып кетті.
Поэманың соңында ол Батыр
Баянның қолынан қайтыс болады.
Құралай - қалмақ жауынгердің
қызы. Батыр Баян оның ауылына
шабуыл жасағанда, оны тұтқынға
алып, оған бірден ғашық болады,
бірақ Құралай Баянға ғашық болған
жоқ. Ол - өте сұлу және әдемі қыз.
Ноянмен бірге өз отанына қашқанда,
Батыр Баян оларды өлтіреді.
Абылай Хан - Қазақ халқының
Ұлы ханы. Қалмақтармен соғысқан.
Хан Батыр Баянға соғысқа
қатысуына тиым салды.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.02.2024
325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі